Материалдар / Қимылды ойындар картотекасы

Қимылды ойындар картотекасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған дайын қимылды ойындар картотекасы. Балалардың қимыл қозғалысын дамытуға арналған ойындар. Әр А4 парағында төрт картотекадан жасадым. Тек қиып алып пайдалануға болады. Ойынның мазмұнына сай бірнеше суреттерді орналастырдым. Әріптестеріме пайдаға асып жатса тек қуанышты болар едім.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Картотека № 5

Қимылды ойын: «Күн мен түн»

Ойын мақсаты: балаларды әртүрлі қимыл-қозғалысын үйрету. Ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Ойын барысы: ұзындығы 40-60 метрлік алаңның ортасында арасы 2м параллель екі сызық сызылады. Балалар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы екі сызықтың бойына тұрады. Топтың біріне «түн», екіншісіне «күн» деп ат қояды. Тәрбиеші «күн» десе күн тобындағылар, түн тобындағыларды алаң шетіне қуып барады. Ұстап алғандарды өз тобына қосып алады. Және керісінше болып ойын жалғаса береді.



Картотека № 6

Қимылды ойын: «Қаздар мен аққулар»

Ойын мақсаты: топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Ойын барысы: ойыншылардың ішінен қасқыр, бақташы таңдап алынады. Басқа балалар қаздар болады. Ортадан бір сызық сызылады. Ол қаздардың тұратын жері. Қсына шығыршық қойылады. Ол қасқырдың үйі болады. Бақташы қаздарды жайып шығады. Олар далада жайылып жүреді.

Бақташы: Қаздар-қаздар.

Қаздар: Га,га,га

Бақташы: Тамақ жейсіндерме?

Қаздар: Иа,иа,иа

Бақташы. Ендеше ұшыңдар!

Қаздар: Жоқ,аш қасқыр бар

Жібермейді ол жолда.

Бақташы: Тез, ұшыңдар қалайда.

Осы кезде қанаттарын қағып ұшып, бақташыға қарай жүгіреді. Қасқыр ұстағандарын шығыршықтың ішіне кіргізіп қояды. 2 рет ойнағандар ауысып, басқа балаларға кезек береді.

Керекті құралдар: шығыршық, атрибуттар.























Картотека № 8

Қимылды ойын: «Итеріспек»

Ойын мақсаты: балалардың қимыл-әрекеттерін бір аяқпен секіре алу шеберліктерін жаттықтыру, ептілік, жылдамдық, сезімталдық, табандылық сияқты қасиеттермен дамыту.

Ойын барысы: ойын көгалда өткізіледі. Үлкен шеңбер сызылады, ортаға екі ойыншы шығады. егер бір аяқпен секіріп жүріп, екі баланың біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен қарсыласын шеңберден итеріп шығарса жеңгені. Аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені. ойын жалғаса береді.

Керекті құралдар: шығыршық.

Картотека № 7

Қимылды ойын: «Тату-тәтті отбасы»

Ойын мақсаты: үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету.

Ойын барысы: Бөлме ішінде әсем әуен ырғағымен жеңіл билеп жүреді. Тәрбиеші әуенді тоқтатып, хабарлама жасайды: «Тату-тәтті жанұяда» 3 адам тұрады. Балалар үштен, екіден, төрттен бірігеді. Ойын осылайша жалғаса береді.



























Картотека № 9

Қимылды ойын: «Соқыртеке»

Ойын мақсаты: бірлесіп ойнауға шақыру. Балалардың көңілдерін көтеру.Шапшаңдыққа баулу.

Ойын барысы: Балалар белгіленген жерге орналасады. Олардың біреуінің көзін байлайды, бұл-соқыртеке. Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар ептеп алақандарын шапалақтап жүгіреді. Соқыртеке ұстайды. Соқыртеке біреуін ұстап алса, ойын тоқтатылады да жаңа соқыртеке сайланады.

Егер соқыртеке көпке дейін ұстай алмаса ауыстырылады. ойында балалар шеңбер бойымен тұрады, ортада екі ойыншы-соқыртеке мен қолында кішкене қоңырауы бар бала, бала шеңберді айнала қоңырауын сылдырлата жүгіреді,, ал соқыртеке оны қуып ұстайды.

Керекті құралдар: орамал, қоңырау.




Картотека № 12

Қимылды ойын: «Қарлығаш»

Ойын мақсаты: балалардың бойындағы зейінділік сезімталдық, ұйымшылдық, ептілік сияқты қабілеттерін дамыту.

Ойын барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын жасырынуға болатын жерде далада өтеді. Балалар бір жерді меже етіп белгілейді. екі топтың өзінің кезегін қаламақ айтып анықтайды. Кезегін бірінші алған топ аулағырақ барып жасырынады. Екінші топ оларды іздеп келе жатып, «Қарлығаш орныңнан тұра қаш» деп үздіксіз дауыстайды. Олар жақындап қалғанда жасырынған топтың балалары межеге қарай жүгіреді. Іздеген топ жасырынған топтың ойыншыларының біреуін ұстап алса, онда қашушылар қуушыларды межеге дейін арқалап апаратын болған. Ойыншылар арасында қыз балалар болса, айып орнына өлең айтып, би билейтін болған.














нші











Картотека № 11

Қимылды ойын: «Не жүреді және ұшады?»

Мақсаты: Әртүрлі қимылдар жасауға машықтану, қимылдардың үйлесімділігін дамыту, зейін және есту анализаторларын, қол мен аяқ-қимылдарын дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: Әртүрлі жануарлар, құстар,жәндіктерді суреттері бейнеленген карточкалар.

Барысы: Жүргізуші әртүрлі суреттерді көрсетіп, ненің қалай жүретінін талқылайды. Кейін ойынды бастайды. Карточканы көрсетіп сұрайды: «Ол қалай қозғалады?» Бала қимылдарымен жауап береді:жорғалайды, секіреді және басқа да тәсілдермен кілем үстінде қимыл жасайды.



Картотека № 10

Қимылды ойын: «Кімнің шары алысқа ұшады?»

Мақсаты: Дөңгелек жақ бұлшық етін дамыту, тыныш тұрған еріндер кезінде мұрынмен дұрыс тыныс алуын жаттықтыру.

Көрнекіліктер: үстел, екі дөңгелек шар(әртүрлі түстен), екі текше (немесе түйме) шардың түстерімен сәйкес лента

Барысы: Балалар жұпқа бөлінеді. Әр балаға шар беріледі. Үстел үстіне лента қойылады және оның үстіне шарларды қояды.Балалар жүргізушінің бұйрығы бойынша мұрын арқылы тыныс алып, шарды үрлеуі тиіс. Шарды үрген кезде жеткен жеріне лента түсіне сәйкес текше немесе түйме қойылады. Кімнің шары үш мүмкіндікте ең ұзақ жылжыса сол жеңімпаз болады.





















Картотека № 2

Қимылды ойын: «Марғаулар мен күшіктер»

Ойын мақсаты :балаларды шапшаңдыққа, ептілікке үйрету.

Ойын барысы:Ойнаушы балалар «марғаулар мен күшіктер» болып екі топқа бөлінеді. «Марғаулар» өздерінің отырғыштарының қасында, ал «күшіктер» бөлменің екінші жағында болады.Тәрбиеші белгі берген кезде мысықтар жаймен жүгіріп, «мияу» деп дыбыстайды. Ал күшіктер мысықтардың соңынан қуып «ав-ав-ав» деп дыбыстайды. Мысықтар болса олардан қашып, өздерінің орындықтарының қасына барып тығылуы қажет. Күшіктерде өз орындарына қайтады.

2-3 рет қайталағаннан кейін балалар рөлдерін ауыстырады. Ойын аяқталарда тәрбиеші балаларға мысық секілді жай жүруді ұсынады.Олардың дұрыс жүруін қадағалайды.

Картотека № 1

Қимылды ойын: «Шарларды жина»

Ойын мақсаты :балалардың шарлардың түсін, формасын айыра білуге үйрету.

Ойын барысы:Тәрбиеші жерге әртүрлі түсті шарлар мен доптарды шашып тастап, балаларға оларды жинап, қорапшаға салуды ұсынады. Ойынды қиындату үшін шашылып жатқан шарлардың алдына бірнеше бөген( мысалы, отырғыш, скамейка) қою керек, балалар олардан өтіп шарларды жинау керек. Балаларға тек қана қызыл немесе жасыл шарларды жинаттыруға болады.Керекті құралдар: әртүрлі түсті шарлар.























Картотека № 4

Қимылды ойын: «Қабырғалы тақтайдан өт»

Ойын мақсаты :балалардың денелерін тік ұстауын, тепе- теңдікті сақтауын, дұрыс дем алуын дамыту.

Ойын барысы:Балалар орындықта отырады. Тәрбиеші белгі берген кезде ол қабырғалы тақтайдан өтіп,оның арғы жағындағы ойыншықты тәрбиешіге әкелу керек. Тәрбиеші олардың кеуделерінтік ұстап,мұрынмен демалуын қадағалау қажет.

Керекті құралдар:қабырғалы тақтай,әртүрлі ойыншықтар.

Картотека № 3

Қимылды ойын: «Кім түсіреді?»

Ойын мақсаты :балаларды ептілікке, дәлдікке, доппен ойнай білуге үйрету.

Ойын барысы:Тәрбиешінің белгісімен бала қорапқа 50 см арақашықтықта тұру керек. Бала тәрбиешіден допты алып оны қорапқа қос қолмен немесе оң, сол қолмен лақтыру қажет.

Керекті құралдар: кішкене қорапша немесе кәрзеңке, доп.























Картотека № 14

Қимылды ойын: «Жүгір де, ұста!»

Ойын мақсаты :балаларды ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Ойын барысы:Тәрбиеші қолына үлкен әрі әдемі допты алып, баланың алдында 1,5 арақашықтықта тұру қажет.Допты жоғары лақтырып қағып алады да,тәрбиеші бірнеше қадам артқа жүреді де былай дейді: «бір лақтырдым,екі лақтырдым,үш лақтырдым – жүгүір де қағып ал!».Бала жүгіріп келіп допты ұстап алуға тырысады,бірақ тәрбиеші допты өзі қағып алады да былай дейді: «ұстай алмадың-кері қарай жүгір!».Бала өз орнына қайтып келеді.Ойын 2-3 рет қайталанады да, тәрбиеші балаға допты қағып алуына мүмкіндік береді. Бала шеңбер бойымен допты басынан асыра ұстап жүреді.

Керекті құралдар: доп.

Картотека № 13

Қимылды ойын: «Алманы жұл»

Ойын мақсаты :балаларды секіруге үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші алма ағашы болып тұрады, оның екі қолында алма немесе шар ұстап тұрады. Қолдарын баланың басына дейін созу- бұл желден қозғалған бұтақтар.Балаға алманы үзіп алуын ұсынады. Ол қолдарын оған созады, бірақ алма ағашы оған ырық бермейді: «бұтақтар» әрлі- берлі жоғары –төмен қозғалады.Бала секіріп алманы ұстап алғысы келеді. Соңында ол алма ағашын ұстайды. Жинаған алмалар балада қалады. Ал тәрбиеші басқа алмаларды алып, оларды жұлуды ұсынады.

Керекті құралдар: алмалар немесе шарлар.























Картотека № 15

Қимылды ойын: «Доп қақпаға»

Мақсаты:балаларды анық қимылдауға жаттықтыру.

Ойын барысы:Тәрбиеші кубиктардан қақпа жасап,оның үстіне тақтайша қояды.Одан бірнеше «қақпа» пайда болады. Қақпадан 1,5 метр ара қашықтықта доп жатады. Бала допты қолына алып, қақпаға лақтырады және оның артынан жүгіреді.Бала қақпадан өтіп допты ұстап алып, бұрыңғы орнына қояды, өзінің келесі кезегін күтіп демалып отырады.

Керекті құралдар: ұзындығы 10-20 см 6 кубик, ұзындығы 1,5 м тақтайша, доп.

Картотека № 16

Қимылды ойын: «Маған қарай лақтыр»


Мақсаты: балалардың қимыл дағдыларын қалыптастыру.

Ойын барысы: бала тәрбиешіге қарама- қарсы еденде отырады.Тәрбиеші допты балаға домалатады және айтады: «Допты ұстап алып маған қарай лақтыр». Бала допты ұстап алып тәрбиешіге береді.

Керекті құралдар: доп.
























Картотека № 18

Қимылды ойын: «Жіп айналады»

Мақсаты: балаларды бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Ойын барысы: Балаларға тәрбиеші жіпті көрсетіп, оның қалай оралатынын көрсетеді. Балаларға осыны бейнелеуді ұсынады. Барлығы қолдарынан ұстап, бірінші тұрған бала жіптің рөлін атқарады.Ол бөлменің ортасында тұрып екінші баланың қолынан ұстайды, ал ол үшіншісін ұстайды. Содан жіп пайда болады.

Тәрбиеші соңғы баланың қолынан ұстап , бірінші балаға қарай жіпке ұқсап айналады.Балалар «Жіп-жіп-жіп айналады!»- дейді.Сонан кейін жіп тарқатылғандай болып, балалар қолдарын жібермей кейін жүреді. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Керекті құралдар: жіп.

Картотека № 17

Қимылды ойын: «Мекиен және балапандар»


Мақсаты:балаларды ептілікке, жылдамдыққа, зейін аударуға тәрбиелеу.

Ойын барысы: Балалар отырады немесе тұрады. Екінші жағында жіппен бөлінген бөлігінде балапандар мен мекиендер жүреді.Бір жағында үлкен тауық (балалардың біреуі) болады. Мекиен жіптің бері жағына шығып, өзіне тамақ іздеуге шығады. Мекиен балапандарды өзіне шақырады: «Ко-ко-ко». Жіптің бер жағына олар серуендеуге шығады. Тәрбиеші белгі берген кезде: « үлкен құс ұшып келеді!», балапандар үйлеріне қарай жүгіреді. Ұсталған балапандар ойыннан шығады. Керекті құралдар: жіп немесе скамейка.
























Картотека № 20

Қимылды ойын: «Қарлы әткеншек»

Мақсаты: балаларды әрбір ортаға бейімделуге жаттықтыру.

Ойын барысы: Балалар аққаланың жанында қолдарынан ұстап шеңбер болып тұрады.Тәрбиешінің белгісімен балалар жай, одан кейін қаттырақ, ақырында жүгіреді.Балалар бірнеше рет айналғаннан кейін тәрбиеші айтады: «Жел өзгерді,қарлар басқа бағытқа ұша бастады.» Балалар тоқтап кері қарай жай жүреді және қаттырақ, ақырында жүгіреді.Бірнеше рет айналған соң тәрбиеші: «Жел басылды, қарлар жерге жаймен жауып жатыр.»Қарлы әткеншектің қимылдары жайлап балалар тоқтап қолдарын жібереді. Кішкене дем алғаннан кейін ойын қайталанады.

Картотека № 19

Қимылды ойын: «Алға жылдам жүр, тек жүгірме»

Ойынның мақсаты:Өкпені тыныс алуын, жалпы дене қимылын,ептілігін дамыту.

Ойынның барысы: Балалар бірінің артынан бірі екі қатарға түзіледі. Әр қатардың алдында тұрған баланың алдына старт сызығын сызады. 20-30 м қашықтықта мәре сызығы сызылады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар мәре сызығына жылдам жетулері керек. Жүгіруге болмайды: домалануға, айналуға, тіземен және төрт аяқтап жүруге болады және т.б. Мәреге жеткен соң балалар дағдылы жүріспен орындарына қайтып келеді.























Картотека № 25

Қимылды ойын: «Поезд»

Ойынның мақсаты: тыныс алуын жақсартып, ұжымда әрекет жасауға, дыбысқа жауап беруіне дағдыландыру.

Ойынның барысы: Балалар бірінің артына бірі тұрады. Алдында тұрған бала паравоз болады. Бұл ролді ең бірінші жүргізушінің көрсетуіне болады. Ол ысқырып, жолға шығады. Балалар қолдарын бүгеді. Ысқырықты бейнелеп, олар ең алдымен ақырын қозғалып, кейін жылдамдықтарын үдетеді. Жүргізушінің « Поезд станцияға келді» деген сөзінен кейін балалар жүрістерін ақырындатып, «келді» деп айтқанға дейін артқа қарай жүреді.


Картотека № 26

Қимылды ойын: «Тышқан мен қонжық»

Мақсаты:Терең ырғақты дем алып шығаруға жаттықтыру,қимылдың дұрыстығын дамыту,омыртқа бұлшық етін дамыту.

Барысы:Жүргізуші қимылдар көрсетіп, сөздер айтады:

Қонжықтың үйі үлкен.(тіктеліп, аяқ ұшына тұру,қолдарды жоғары көтеріп, созу, қолдың ұшына қарап, дем алу)

Тышқанның үйі өте кішкентай.(тізені құшақтап отыру, басты төмен қарай түсіріп, «шшш» деген дыбыс шығару)

Тышқан қонжықтың үйіне қонаққа барады. Ал қонжық тышқанның үйіне кіре алмайды, себебі сыймайы.(залды айнала жүру)Өлең қимылдармен 4-6 рет қайталанады. Жүргізуші әр қимылдыңанық және дұрыс болуын мұқият қадағалайды.

.
























Картотека № 24

Қимылды ойын: «Жел»

Мақсаты: қимылдардың үйлесімділігі, оң, сол, жоғары, төмен түсініктерін қалыптастыру.Терең ырғақты дем алуын дамыту.

Барысы: Жүргізуші «Жел» ойынын ұсынады. Өлең оқиды және оған қимылдар жасайды:

Мен күшті желмін,мен ұшамын

Ұшамын қайда болсада

Ұшамын солға,

Оңға қарай соғамын,

Жоғары қарай бұлтқа үрлеп,

Оларды жан-жаққа көшіремін.

Картотека № 23

Қимылды ойын:«Үкі»

Мақсаты: Өкпеден шыққан ауамен тыныстап, қолдың дұрыс қимыл жасауын дамыту, дұрыс тыныс алуды жақсарту.

Барысы: Балалар жүргізуші алдында жарты шеңбер болып тұрады. Жүргізуші белгісі бойынша «Үкілер» «Күн» деген кезде бастарын оң және солға айналдырады. «Түн» белгісі бойынша балалар алға қарап, қолдарын «Қанаттарын» сермейді. Қоларын ақырын төменге түсірген кезде «0020у......у......ффф» деген дыбыс шығарады. 2-4 рет қайталайды.

























Картотека № 21

Қимылды ойын: «Әртүрлі доптарды лақтыру»

Мақсаты:Иық бұлшық етін, зейінін тұрақтылығын дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар:Кішкентай және әртүрлі доптар.

Барысы:Жүргізуші еденге баланың алдына доптарды қояды, кейін оларды қалай лақтыру керектігін көрсетеді: біртүсті кішкене доптарды(мысалы, қызыл)-сол қолмен, ал басқаларын- оң қолмен. Кейін «әртүрлі доптарды лақтырамыз» деген бұйрықпен балалар доптарды лақтыруды бастайды. Жүргізуші алысқа лақтыруды және тапсырманы дұрыс орындауын бағалайды. Балалар доптарды кезек-кезекпен лақтырады.

Картотека № 22

Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»

Мақсаты: балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мысық рөлін ойнайтын бала тандалады.Қалған ойыншылар- «тышқан» болады. Мысық серуендеп жүргенде, тышқандар үйшікте отырады. Ал мысық ұйықтаған кезде,тышқандар серуенге шығады.Тышқандар ойын алаңында еркін ойнап жүреді. Осы уақытта мысық оянып, мяулап тышқандарды ұстайды. Тышқандар үйшіктеріне қашады. Егер мысық тышқандарды ұстаса, ойындағы ойышылардың рөлі ауысады.

Керекті құралдар:үйшік, ойын алаңы.























Картотека № 27

Қимылды ойын: «Қолшатыр»

Мақсаты: балаларды ептілікке, жылдамдыққа баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты: Күн деген кезде балалар ойынға шығады, ал жаңбыр жауды деген кезде балалар қолшатырдың астына тығылады.

Керекті құрал-жабдықтар: қолшатыр.


Картотека № 28

Қимылды ойын: «Көбелегім, ұш!»


Ойын мақсаты :балаларды ауыз арқылы ұзақ дем шығаруға үйрету.

Ойын барысы:Балалар отырғышта отырады, ал тәрбиеші оларға:

«Қараңдаршы қандай әдемі көбелектер: қызыл, сары, көк! Олар қандай көп. Біздің көбелектер ұша ала ма екен(көбелектерге үреді). Қара, ұшты! Сенде үріп көрші! Қай көбелек көбірек ұшады екен?)Балалар көбелектің қасында тұрып, үреді. Баланың тік тұруын, үрген кезде иығын көтермеуін, ернін алға шығарып, бірқалыпты дем шығаруын қадағалау керек. Баланың басы айналмауы үшін үрлеген кезде демі 10 секундтан аспауы керек

Керекті құралдар: 3-4 боялған көбелектер.

























Картотека № 31

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Мақсаты: балаларды ептілікке, жылдадыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның барысы: Балалар шеңбер жасап тұрады, ал бір бала ортада «Қоян» болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.

Ақ қоян-ау, ақ қоян

Ұйқыдан тұрсаңшы

Бетіңді жусаңшы

Шашыңды тарасаішы.

Әй-әй көйлек кисеңші

Біреудің қолын үзсенші-дегенде, қоян болған бала тақпақтағы қимылды түгел істеп, өлең бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердің оң жағындағы бала «қоян» болады.



Картотека № 32

Қимылды ойын: «Кім шапшаң?»


Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, тез қимылдауға тәрбиелеу.

Ойын барысы: Ортаға отырғыштар қойылады. Музыка әуені ойнап тұрады. Музыка тоқтағанда балалар отырғышқа отырып қалулары керек. Отырғышқа отырып үлгермеген бала ойыннан шығады. Ойын сайын бір отырғыштан кемітіп отырады. ең соңында бір отырғыш қалады. Отырғышқа отырған бала жеңімпаз болады.



Картотека № 30

Қимылды ойын: «Шар жарылды»

Мақсаты: Мұрын арқылы тыныс алуын жақсарту, демнің дұрыс шығуын қадағалау. Еріннің дұрыс ырғақты беттесуін дамыту.

Көрнекіліктер: суреттер

Барысы: Балалар жарты шеңберге отырады.Жүргізуші шарды үрлеуді ұсынады.Балалар шарды үрлеуі тиіс: қолдарын екі жаққа жайып және мұрын арқылы терең тыныстау, Демді ауыз арқылы шарға «ффф...» деп жібереді, шар астындағы алақандарын беттестіру. Кейін жүргізушінің шапалақ ұру бойынша шар жарылады-балалар алақандарын соғады.Шардан дыбыс шығады:балалар «шшш...»деп дыбыстайды, еріндерін алшақтатып және қолдарын тізеге қояды. Шарды 2-5 рет үрлейді.Кім ең жақсы үрледі, соған суреттер сыйға тартады.Жүргізуші демнің терең болуын, ал ойын кезінде балада ешқандай төтенше кері әсер болмауын бақылайды.

Картотека № 29

Қимылды ойын: «Лақтыр және ұтып ал»

Мақсаты: балаларға допты лақтыруды және ұтып алуды жаттықтыру.

Ойын барысы: Бала тәрбиешіге қарама- қарсы тұрады. Тәрбиеші допты балаға лақтырады, бала ұтып алады және қайтадан тәрбиешіге лақтырады. Тәрбиеші допты беріп жатып айтады: «Қалай ойнағын келсе,ойна, бірақ жоғалтып алма. Бала доппен еркін ойнайды: жерге соғады, ұтып алады, лақтырады.Тәрбиеші: «Жоғары көтер» дегенде, бала тоқтап, допты жоғары көтереді. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Керекті құралдар: доп.













































Картотека № 36

Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Ойынның барысы: Ойын бастаушы ұша алатын затты атап, ұшты деп қолын көтереді, сонда бәрі тез қолдарын көтеріп «ұшты-ұшты» деп қолдарын көтеріп қалықтап тұрады. Ал ұша алмайтын затты атап «ұшты» деп қолды көтергенде, онда сендер «ұшпайсыңдар». Ал егер ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы тақпақ айтып береді.

Картотека № 35

Қимылды ойын: «Торғайлар мен автомобиль»

Мақсаты: балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Ойынның шарты: Бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып отырдықтарда отырады. Тәрбиеші торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.


Картотека № 34

Қимылды ойын: «Жер, су, ауа»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін жетілдіру.

Ойынның шарты: балалар екі жаққа тең бөлініп тұрады. Бастаушы ортаға шығады. ол ойынға қатысушылардың кез-келгеніне допты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген үш сөздің біреуін айтады. Егер бастаушы «жер» десе,допты қағып алған бала жерже өсетін өсімдіктің немесе жер бетінде тіршілік ететін тіршілік иесін тез айтуы керек. Ал «су» сөзі айтылса, суда мекендейтін тіршілік иелерінің аты айтылады. «ауа» дегенде ауада жүретін көлік түрлерін немесе құстың атауын айтылуы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Картотека № 33

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Мақсаты: балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.

Ойынның шарты: Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «Күн» деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып тығылады. Ойын осылай жалғаса береді.















































Картотека № 40

Қимылды ойын: «Айгөлек»


Мақсаты: жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу, көңілдерін көтеру. Ойынның шарты: балалар теңдей екі топқа бөлінеді. Аралары 20-30 қадамдай аралықта бір-бірлеріне қарама-қарсы қарап, қол ұстасып тұрады.

Бірінші топ: Айгөлек-ау, айгөлек Екінші топ: Айгөлек-ау, айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек. Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ терек пен көк терек, Ақ терек пен көк терек,

Шауып алдым бәйтерек, Шауып алдым бәйтерек,

Ақ терек, көк терек Бізден сізге кім керек? -деп хормен сұрайды.

Ақ терек, көк терек

Анау тұрған...........-деп хормен жауап береді.

Аты аталған бала жүгірген күйі барып, қарсы топтың ұстап тұрған қолдарын үзуі керек. Егер үзіп өтсе, сол балалардың бірін өзімен бірге алып қайтады, ал егер үзе алмаса өзі сол топта қалады. Ойынның соңында қай топтың балалары көп болса, сол топ жеңімпаз болып есептеледі.




Картотека № 39

Қимылды ойын: «Қуыспақ»

Мақсаты: балалардың көңл-күйін көтеру.

Ойынның барысы: ойын 2-3 баламен ойналады. Тәрбиеші топтағы ойыншықты қолданады. Ол ойыншықтың олармен ойнағысы келетінін айтады. Тәрбиеші балаларға сендерді қазір қуыршақ немесе қонжық қуады, сендер тығылыңдар деп айтады. Балалар тығылады. Ойыншық болса тауып алып балаларды құшақтап «Міне менің досымды таптым» деп өз сезімін білдіреді.

Картотека № 38

Қимылды ойын: «Сақина салу»

Мақсаты: балаларды байқағыштыққа, жылдамдыққа, ұжыммен тату, қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Ойынның барысы: балалар дөңгеленіп екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы бала ортаға шығады, оның қолында сақинасы болуға тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салуы керек. Алақанына сақина түскен бала мұны жанындағы көршісіне сездірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып,

Алтын сақинам жоғалды, Алыстан ешкім келген жоқ

Жоғалғанда кім алды Осы топтан бірі алды-дейді.

Сонда сақинасы бар бала көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұруы керек. Егер ол тұра алмай көршісіне өзін ұстатып қойса, айып төлейді.

Картотека № 37

Қимылды ойын: «Қарақұс пен балапандар»

Мақсаты: жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу, көңілдерін көтеру.

Ойынның барысы: Педагог тауық болып, балалар балапан болып жем теруге шығады. Бір бала қарақұс болады. Жем теріп жүргенді қарақұс ұшып келеді. Барлық балапандар тауықтың ақанатының астына жасырынады.















































ЖИ арқылы жасау
01 Қырқүйек 2018
33434
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі