Қиялды дамыту тапсырмалары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қиялды дамыту тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Қиялды дамыту тапсырмалары

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау, есептеу, қиял қабілеттерін, есептеу дағдыларын дамыту. Арифметикалық амалдарды орындай білуге дағдыландыру. Шығармашылық жұмыс істеуге тез ойлануға дағдыландыру,жетістігін бағалай білуге,қарым-қатынасты күшейтуге үйрету.

Көрнекілігі: АКТ

Пән аралық байланыс: математика, әдебиет.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, оларды топқа бөлу.

1 топ: Шеңбер

2 топ: Шаршы

3 топ Үшбұрыш

Бүгінгі сабағымыз 4 кезеңнен тұрады.

1-кезең. Сиқырлы дөңгелектер

2-кезең. «Қиял жалғасы»

3- кезең «Фигура санау»

4-кезең «Сіріңкемен есеп»

5 кезең «Математикалық эстафета»

Оқушылардың зейінін шоғырландыру.

1- кезең Сиқырлы дөңгелектер

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше фигуралардан беріледі, олардан балаларға жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: Құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.


2-кезең Қиял жалғасы


Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.


Сергіту сәті. Менің көңіл күйім қандай?


Балалар өз көңіл – күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, …т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл – күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл – күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.


3-кезең. Фигура санау. Тақтада белілген сурет бойынша фигураларды санау.


4 кезең. Сіріңкемен есеп. Сіріңкелердің орнын ауыстыру арқылы есеп құрастыру.


5кезең. Математикалық эстафета

1 топ

1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21)

3. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)

4. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)

5. Әтеш бір аяқта тұрып 3 келі тартады. Екі аяқта тұрып әтеш қанша келі тартады? (3 келі)


2 топ


1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

2. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

3. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше ер адам бар? (4)

4. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)

5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)


3 топ


1. Бір көпбалалы отбасыда әр 5 ұлда 3 қарындасы бар. Барлығы қанша бала бар? (8)

2. Камила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды. Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды? (10)

3. Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды? (38)

4. Бір үйде 100 пәтер бар. Үй нөмірі жазылған тақтайшада 9 цифры неше рет кездеседі?

(19 рет мыс:9,19,29,39,49,59,69,79,89,90,91,92,93,94,95,96,97,98,99)

1. Егер бұл сандарда цифрлар қайталанатын болса 2,7,9 цифрларын пайдаланып,үш таңбалы саннан әртүрлі неше сан жазуға болады?

(6 сан 279,729,792,297,972,927)


Қорытындылау.Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі арқылы сабақты бағалау.


Сабаққа белсене қатысқан топтарды марапаттау.














5кезең. Математикалық эстафета

1 топ Шеңбер


1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар?

3. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

4. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?

5. Әтеш бір аяқта тұрып 3 келі тартады. Екі аяқта тұрып әтеш қанша келі тартады?




2 топ: Шаршы


1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан?

2. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?

3. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше ер адам бар?

4. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?

5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар?








3 топ Үшбұрыш


1. Бір көпбалалы отбасыда әр 5 ұлда 3 қарындасы бар. Барлығы қанша бала бар?

2. Камила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды. Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?

3. Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?

4. Бір үйде 100 пәтер бар. Үй нөмірі жазылған тақтайшада 9 цифры неше рет кездеседі?

1. Егер бұл сандарда цифрлар қайталанатын болса 2,7,9 цифрларын пайдаланып,үш таңбалы саннан әртүрлі неше сан жазуға болады?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі