«Қиын балаларды қалай тәрбиелейміз?»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қиын балаларды қалай тәрбиелейміз?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұжымға ұсынылған ақыл-кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қиын балаларды қалай тәрбиелейміз?»


Балалар агрессиясының әлеуметтік – мәдени аспектісі.

Агрессия – латын тілінен аударғанда бас салу деген мағынаны білдіреді. Агрессия бұл адамның қоғамда тіршілік ету қалыптары мен ережелеріне қарсы, мотивтелген, бұзушы мінез – құлық. Бағытталған объектісіне физикалық зиян келтіреді.

Балалар өзін ұстай білуді үш негізден алады.

Алғашқысы – бұл отбасы. Отбасы мүшелері агрессиялы мінез – құлық таныта отырып, оның бекітілуін қамтамасыз етеді.

Екіншіден, балалар агрессияны ойын барысында атлмыш мінез – құлықтың пайдасын бірте – бірте көре отырып, құрбы – құрдастарынан үйренеді. Балабақшаға баратын балалар, үйде отырған бүлдіршіндерге қарағанда, анағұрлым агрессиялы келетіні белгілі.

Үшіншіден, балалар агрессиялы мінез – құлықты тек шынайы өмірде ғана емес, символдық мысалдардан меңгереді. Қазіргі таңда, теледидардан зорлық – зомбылықтың көрсетілуі балалар бойындағы агрессия деңгейінің көтерілуіне ықпал ететіні даусыз.

Э.Фром агрессияны «сапалы» және «қатерлі» - деп екі түрге бөледі. Алғашқысын адам қауіпті жағдайда танытады және ол қорғанушы сипатта болады. Қауіпті жағдайдан шыққан сәтте, адам бойындағы бұл агрессия түрі де, жоғалады. «Қатерлі» агрессия деструктивті, қатыгез сипатта көрініс береді, кенеттен пайда болады. Агрессияның бұл түрі тұлға болмысымен байланысты келеді. Осыған байланысты ғалымдар «агрессия» және «адамның агрессияға бейім тұруынан көрінетін тұлға қасиеті агрессивтілік» деп айырады.

Балалармен жұмыс жасайтын батыс психологтары агрессивтілікті тұлға қасиеті ретінде қарастыра отырып, бала бойында аталмыш қасиеттің қандай деңгейде көрініс беретінін анықтауға мүмкіндік беретін келесі белгілерді тұжырымдады.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар бойындағы агрессивтілік белгілері:

  1. Жиі (өзінің айналасындағы балалармен салыстырғанда) өзін - өзі басқара алмайды.

  2. Жиі дау көтеріп, балалар және ересектермен ұрысады.

  3. Әдейі ересектер ашу – ызасына тиіп, олардың тілін алудан бас тартады.

  4. Өзінің «жағымсыз» мінез – құлығы, іс - әрекеті және қателіктері үшін өзгелерге кінә тағады.

  5. Қызғаншақ, күмәншіл.

  6. Тез ашуланады. Ұрысып төбелесуге бейім келеді.

Аталмыш алты белгінің төртеуі бала мінез - құлқығында тұрақты түрде көрініс беріп тұрса, онда агрессивтілік оның қасиетіне айналды деуге болады. Демек, осындай балалар агрессивті делінеді.

Агрессивтілік мәселесін агрессивті балалардың барлық ерекшеліктерін (аталмыш балалардың ішкі қарама – қайшылықтарын, мәселелі аймақтарын және шиеленістерін білдіретін ерекшеліктерін) анықтады. Осы мінез – құшықтық ерекшеліктерді анықтап – зерттеудің маңызы зор. Себебі бұл ерекшеліктер анықталмайынша түзету жұмыстары жүргізілмейді.Дәл қазіргі уақытқа керегі бар қағаздан басқасын жұмыс үстеліңізден жиып тастаңыз.

Себебі жұмыс үстелі түрлі мәселелерге қатысты құжаттарға толы үстелді аталғандай етіп жиыстырса, жұмысы жемісті болып, алға басқанын аңғарасыз. Бұны мен жұмывсты тиімді етіп жүргізу деп атаймын.

Тәртіп кез – келген істе бірінші заңдылық болуы тиіс. Алайда жиі жұмыс басты адамның үстелі бірнеше апта бойы қаралмаған құжаттарға, жауапсыз қалған хаттарға толы болады. Осындай ретсіздік адамды үрейлі тәрі мазасыз етеді. «40 жұмыстың» сол күйінде қозғалмай тұрғанын шашылып жатқан үстелдің үнемі еске салуы, адамды жәй ғана қобалжытып не шаршатып қоймайды. Сонымен бірге адамның қан қысымын көтеріп, жүрек және асқазан ауруларына шалдықтырады.

Американдық сот төрайымы былай деген екен: «Адам жұмыстың ауырлығынан өлмейді. Ол жинақсыздықтан жөн – жосықсыз күш – қайратын жұмсағандықтан және ешқашан бітіре алмайтындығы үшін адам күйзеліске ұшырайды.»






































МКҚК «Балауса «бөбекжай – балабақшасы»




Ұжымға ұсынылған ақыл-кеңес




Қиын балаларды қалай тәрбиелейміз?
































2018 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.11.2018
429
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі