Материалдар / Қиын балалармен жұмыс жасау жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қиын балалармен жұмыс жасау жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қиын балалармен жұмыс жасау жолдары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
602
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттық тәлім-тәрбие – мәдени мұрамыз

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Өйткені халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезегін жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтық өз туған халқының рухани құндылықтарынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан ажырап қалуына әкеп соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы - біздің бүгінгі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты халыққа арнаған өткен жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айырықша атады. Бұл орайда, әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен бірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.

Тәуелсіз елімізде жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім -тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын , педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да, сауатты, ұлтжанды, мәдени - ғылыми ой өрістері кең ұрпақ өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп 127 пайдаланып отырған.Сондықтан ғылыми педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ойшылдар Әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, М. Х. Дулати т.б. тарихи - педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақтарды ел жандылыққа, имандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар ХІХ ғасырда Ыбырай, Шоқан, Абай сынды ағартушылардың ойлары мен қазақ халқының тәлім- тәрбиелік құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді.

Халқымыздың бүкіл рухани әлемінен, тәрбиелік ой-пікірлері тарихының аса көрнекті ағартушы , қоғам қайраткері, демократ, ғалым Ы. Алтынсарин есімінің алар орны ерекше. Ы. Алтынсарин - өз дәуірінің әдеби - мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы педагог, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай, әдебиетіміздің «алыптар тобының» өкілі. Ы. Алтынсарин-өзінің бұкіл жарқын талантын, күш жігерін, халқына еліне, әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесіне жұмсаған қаламгер. Оның әдеби шығармалары қазақ әдиебетінің қалыптасып дамуына, ал-оқу саласындағы көзқарастары- республикамыздағы педагогикалық-психалогиялық ой-пікірдің өсіп-жетілуіне, оқулықтарымен оқу құралдары-төлтума мектеп оқулықтарын жасау өндірісіне орасан зор ықпал етті. Қазіргі таңда білім саласының қызметкерлері, ұстаздар, тәрбиешілер оқу- тәрбие ісіне ұлттық сипат беруге, оны бүгінгі күн талабына орай барынша мазмұнды жүргізуге күш салуда. Білім беру туралы Заңда: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр- салтын оқып үйрету үшін жағдайлар жасау - негізгі міндеттердің бірі» делінген. Көне тарихымызға көз жүгіртер болсақ, ұрпақ тәрбиесіне ежелден таңғажайып ғибратнамаға толы ауыз әдебиетінің, бесік жырларының, қисса-дастандардың, шешендік сөздердің, ұлттық рәсімдердің ықпалы аз болмаған. Осылайша бала кішкентай кезінен бастап ғылымның әр саласынан мол мағлұмат алып, ибалы, инабатты, елгезек, ұлтжанды болып өскен. Тоқырау кезеңінің сыныбынан сүрінбей өткен халықтық тәрбие, қазір жаңарып, жаңғырып, бізге толыққанды боп жеткен баға жетпес бай қазына. Онда халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті көрініс тапқан.

Осыдан он ғасыр бұрын ғұмыр кешкен қасиетті бабамыз, аруақты ақынымыз Жүсіп Баласағұн: «Рухани жағынан жаңару мен тазарудың екі жолы бар: «бірі - діни тәрбие де, екіншісі - ұлттық тәрбие» - деп жазған, шәкірттерімізді ұлттық тәрбие тағылымдарымен мол сусындатып, XXI ғасырдың білімдар да, салауатты, елгезек жандарын тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Тәрбие табалдырықтан басталады демекші, біздің бабаларымыз кезінде баласын немесе немерелерін қазыналы қарттар отырған жерлерге апарып, жүріс-тұрысты үйренуге, аңыз-әңгімелерді естіртуге, одан тәлім алуға баулып келген. Үлкенді қадір тұтып, ерекше сыйлап өткен қазақ ауылының өмірінде қарттарға деген ықылас, ілтипат, сый-құрмет ерекше болған. Көпті көрген қариялар отбасында оқушылық, тәрбиелік қызмет атқарған, үлкенді сыйлау, құрметтеу, солардан жақсылықты, ізеттілікті үйренуге баулып отырған.Қазіргі таңда сый-сияпат, ізгілік дегенді жас жеткіншекке үйрету маңызды мәселелердің бірі деп ойлаймын. Ол үшін мектеп қабырғасынан бастап, тәлім-тәрбиелік маңызы зор түрлі іс-шаралар, ұлттық тәрбиеге байланысты мерекелік немесе жүздесу кештерін өткізіп отыру керек. Мектеп қабырғасында болсын, жоғары оқу орындарында болсын, танымал тұлғалармен, елімізге еңбегі сіңген білгір азаматтармен кездесу кештері жиі ұйымдастырылады. Мұндай кештердің негізгі мақсаты - үлкенді құрметтеу, оларға қамқорлық жасау, аға ұрпақ пен арманы асқақ жас ұрпақ жарастығын, ынтымағын нығайту, үлкендердің ғибратты әңгімелерінен өнеге алу. Бұрын халқымыз зерделі қарияны бір үйдің ғана емес, бүкіл ауылдың, елдің қамқоршысы, ақылшысы тұтқанын ескере келе, оқушыларды бүгінгі күн тұлғаларымен, білікті азаматтарымен салыстыра отырып пікір алмастыру қажет. Осыдан кейін оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерін олардың шығармашылық жұмыстарынан байқайды. Ұстаздар қауымы өз тәжірибелерінде дәстүрлердің озығы мен тозығына зер салып, әдеби мұралардың жақсарған құбылыстарын зерттеп пайдалануды еңбасты міндет ретінде алға қою керек. Ертеңгі елдің барлық шаруашылығын жүргізіп, қолында ұстаушы - бүгінгі сәбилер, балалар, жастар. Өркениетті елдің көзі ашық азаматтарын, экономикасы мен саясатын басқа елдермен тепе-тең жүргізе алатын, ата- бабаларымыздың қолының күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалдырып кеткен жерімізді, мекенімізді сақтай алатын, айтысса, айтысса алатын, сайысса, сайыса алатын, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттерді, инабатты, икемді, бойынан ақыл-ой, мейірімділік, әсемдік, сұлулық лебі есіп тұратын бойжеткендерді тәрбиелеу - негізгі міндетіміз дер едім. Халық педагогикасында оқушыларға имандылық, адамгершілік, ізгілік туралы мағлұматтар кеңінен насихатталады. Оны пайдалану, өз тәжірибесінде қолдану - бүгінгі ұстаз еншісінде.

Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы көшпейтіндей етіп,артына із қалдыруы көрегенділіктің көрнісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген-білгенін, тоқып-түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны-табиғи заңдылық. Адам бойында қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға болады. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы-Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын, стратегия, Президентіміз Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір Қазақстандықтың, әр отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел!» деп елбасымыз нақты атап өтті. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру,баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді. Қазіргі қоғамда бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір сүруімізбен шығыстық дүние танымдағы ұлтттық мектебімізді құру. Қазақылық дүние танымның өзегі- адамшылдық. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін,тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, ұлттық рухымызды сақтап қалу - алдымызда тұрған үлкен міндет.

 

Әдебиеттер

  1. Қ.И.Қалдарова. Ұстаздың кәсіби іс — әрекетіндегі педагогикалық техника.Алматы, 2010.

  2. «Қазақстан — 2030» стратегиялық жоспар.

  3. Назарбаев Н. «Қазақстан -2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл — ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім,1997.

  4. Демеуова Ләззат.Ғаламдық ойлауға бейімдеу. «Қазақстан мектебі» №12 Алматы,2003.

  5. Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп ел еңсесі. «Қазақстан мектебі» №12 2003.

  6. Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. «Қазақстан мектебі» №6 2003.

Адамгершілік – рухани тәрбие мен психологиялық денсаулықты жасөспірімдерде қалыптастыру.

Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры.

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының мақсаты – жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.

Жаһандану процесінде жастар арасында әлеуметтік тоқырау, яғни саяси және қоғамдық өмірден алшақтау, отбасылық өзімшілдік мінез көрсету, адамгершілік құндылықтар дағдарысы, шындықтан, адалдықтан бас тарту, зорлық-зомбылық сияқты құбылыстар, дәстүрлі емес діни ұйымдардың жастарымыздың санасына әсер етуі, жастардың маскүнемдік, нашақорлық секілді залал дүниелерге құмар болуы, ауыр қылмыстар жасау, адамгершілікке жатпайтын қылықтар кеңінен етек жаюда. Міне, сол себептен де жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үрдісіне табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» деп көрсетеді. Бұл жас ұрпақ бойына рухани құндылықтарды дарыту мақсатында тәрбие процесін жүргізуді қажет етеді. Сондықтан да рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына жеткізу, олардың бойына сіңіру – еліміздің келешегі үшін шынайы жүрегі ауыратын әр ұстаз үшін парыз.

Тәрбие дегенде бірінші ойға келетін ұғымдар – адамгершілік, тазалық, жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасы және мәдениет пен жауапкершілік. Әрбір адам өз мінез-құлық сипаттарын, дүниетанымын, рухани-адамгершілік қасиеттерін, қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы үйлесімділікті, өз ойтаным, іскерлік дағдыларын, мүмкіндіктер мен қабілеттерін танып, олардың деңгейін білу, бағалау, салыстыру, түзеу және одан әрі дамыту үшін әрекет етуге бағыттау керек.

Қазіргі уақытта жас ұрпаққа білім беруде – адамгершілік рухани тәрбие беру өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру нәресте туған кезінен басталуы керек. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани адамгершілік тәрбие екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым қатынастарынан көрінеді.

Рухани адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты.

Адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеуметтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын, екiншiден, философиялық, тарихи, әлеуметтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеуметтiк жаңа орта жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын орнының маңызы зор.

Адамгершілік тәрбиесі негізінде шыдамдылық, жомарттық, əдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара сыйластық, өзара жəрдем жəне жолдастық, үлкенге сый, кішіге қамқорлық, əйел жəне ер арасындағы құрметтеу қатынасы; өзіндік тəртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері қалыптасады. Əр адам өзі қалаған əдет қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.

Кішкентайым ыздан ата анамыздың ауыл ақсақалдарын құрметтеп, әрқашан төрден орын беріп, бірінші барып амандасып жатқанын көріп жүрміз.

Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жанжақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеубіздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы-балаға үлкен сабақ. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, ұстаздардан насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырылады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Адамгершілік бастауы неде?

  • Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

  • Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

  • Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

  • Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.

  • Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

  • Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

  • Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

  • Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу

  • бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

  • Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне, қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

  • Рұқсат сұрау – адамдар қарымқатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

  • Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

  • Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

  • Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

  • Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті рухани бай, жан жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.

Қазіргі таңда мұғалім болу, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес.

Я.А. Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес». Балалардың санасы мен мінез құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор. Бұл әсерді өзінің күші жағынан еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К. Ушинский «Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс. Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес» деп жазды. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Ф.М. Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл» дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А. Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады. Демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады» деп айтқанындай, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Мен адам бойындағы рухани құндылықты, адамгершілік, адалдық, кішіпейілділік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді жоғары бағалаймын. Бойынан осындай қасиет табылған адамды рухани жағынан бай адам деп есептеймін.

 







































ҚИЫН» БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ


«
Тағдыр таразысының қайда қарап ауатыны, бесіктің қалай тербетілетініне байланысты»
Станислав Ежи Лец.
«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын»
Халық мақалы.



Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі  дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және  отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмысты қажет етеді. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтырылуда. Осының себебіне үңілсек әр түрлі пікірлер айтуға болады.
“Қиын” оқушы ұғымына ғылыми  әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі: “өмірі ауыр жағдайдағы балалар”, “ата-анасының қарауынсыз қалған  балалар”, “қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар”, “мемлекеттік  көмекті қажет ететін балалар”, “қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар” және т.б.
“Ауыр жағдайдағы балалар”  қатарына мынадай  критерийдегі  балаларды жатқызуға болады: ата-анасының қарауынсыз қалған балалар: мүгедектер, физикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалар, зорлық- зомбылық көрген балалар, бас бостандығынан айырылып өз кінәсін тәрбиелеу колонияларында өтеген балалар, “қиын” балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу арнайы мекемелердегі, аз қамтылған отбасындағы балалар, әр түрлі жағдайлардан бұзылған, оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын отбасындағы  балалар.

Осындай жағдайдағы балалар біздің мектебімізге келіп түсіп жатыр.
Жалпы, мінез-құлықтағы  қиындық және “қиын” балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастаған. Психолог-педагог ғалымдар А.Макаренко, С.Шацкий, А.Выготский, П.Блонский “қиын” балалар мәселелерін жан-жақты зерттеген.
В.Трифанов  зерттеулеріндегі  “қиын” бала анықтамасы – күнделікті  педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, қажырлы  педагогикалық  еңбекті қажетсінетін бала.
Ал,  А. Фортунов “қиын” бала ұғымына үлгірмеушілер  мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызған.
Көріп отырғанымыздай  “қиын” топтағы балалар тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер қажет.

Қиын балалардың туындауы әртүрлі себептерге байланысты қалыптасып, жүре пайда болатын құбылыс.
В.А.Сухомлинский
«Қиын бала» адамгершілік дамуында ауытқушылығы бар балалар. Осы тұрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын анықтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!