Қиын оқушылармен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қиын оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге аттестация өту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қиын оқушыларменжұмыс

Баяндама мақсаты:

  • Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы қиын оқушылармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.

  • Адамгершілік, сыйластық, инабаттылық тәрбиеге баулу.

Баяндама барысы:

Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар.

Алдымен осы«қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар. Сонымен қоса , білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, ұстаздардың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының яғни өзімнің алдыма қойғанмақсатым: «Қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім беру мен жоғары әлеуметтік-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу.Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн: «Қиын бала» бұл —  «тәрбиесі қиын бала»  әлеуметтік назардан тыс қалған бала, адамгершілікдамуында ауытқушылық бар бала.Баланың қиын мінез құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым — қатысына байланысты екені анықталды. Кей оқушылар ата  ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз тобындағы оқушы

лардың,мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмірге ызалы, тұйық қалыпқа түседі.Ата — ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көреді.«Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі — әке мен шешенің қарым -қатынасы» деп В.А.Сухомлинский айтқандай , «Ата – ана — өз баласының тәрбиесі үшін ел, халық алдында жауапкер».Осы тұрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын 

анықтаймыз. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей «қиын» балалармен жұмыста сынып жетекшілерінің қағидасына айналған мақалдар бар.Сондықтан мектепке дейінгі баланың отбасындағы 

мінез құлқыжайлы, кейбір ерекшеліктері жайлы мәліметтері болғаны жөн.Жас ерекшелігін ескере отырып,жеткіншектермен, жасөспірім балалармен олардың өз тілінде сөйлесу керек.

Қиын балалармен сен«қиынсың» деп кеудесінен нұқымай, жалпы балалар тобынан 

бөлудің қажеті жоқ. Бұл оларды одан әрі есіртіп жібереді. «Көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады» деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп бәрі бір мені ешқашан

 мақтамайды деп еті үйреніп кетеді.Оқушының мінез – құқының ерекшеліктерін анықтау барысында төмендегілерге көңіл бөлгеніміз жөн:—  Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;— Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерін, бақылау жұмыстары, шығармалары, т.б.);— Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;— Достарымен, ата анасымен әңгіме жүргізу.Жазалау мен көтермелеу әдістерін қатар қолдану – педогогтің негізгі құралы болуы тиіс.Таңдап алынған әдіс – тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып , мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған әдіс – тәсілдер оқу – тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын оқушы мен педагог қарым – қатынас жақсартатыны сөзсіз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.11.2020
485
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі