ҚМЖ: барлығы да оқу мақсаттарынан туындайды
Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» (2, 6).
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.
Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру
Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (40 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (40 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды (оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін) таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс (алайда барлығы да мұнда КТЖ-ға байланысты: күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады). Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндірууге болады.
Мысал келтірейік. 1-сынып математикасының «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі» 3.1 бөлімшесі бойынша келтірілген «1.3.1.1. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау» деген оқу мақсатын тура сол қалпында қайталамай, оқушының оқу нәтижелері тұрғысынан түрлендіріп, ықшамдап, былайша сабақ мақсаты етіп келтіруге болады: «Оқушылар геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар) атай алып, бір бірінен ажыратады, суретін салады». Алынбаған «кесінді», «сәуле», «бұрыш» ұғымдарын келесі сабақта қарастыруға болады.
Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс деп есептелінеді. Алайда сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмайды. Дегенмен оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз да керек.
«Оқушылардың басым бөлігі» мен «кейбір оқушылардың» сабақта қандай нәтижеге жететіндігін көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін «ҚМЖ құрастыру ережесі» қабылданып, ереже педагогикалық кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай жасалынатындығы хақ.
Бұл ережеде «Сабақ мақсаттарында тек «Барлық оқушылар» бөлімі міндетті болып, «Оқушылардың басым бөлігі» мен «Кейбір оқушылар» бөлімі міндетті емес: оларды жазу-жазбауды мұғалімнің өзі шешеді» деп жазылса, мұғалімдер үшін сабақ мақсаттарын құрастыру сатылап, біртіндеп жүзеге асырылар еді: алдымен олар «Барлық оқушылар» бөлімінде не жазу керектігін толығымен үйреніп, содан кейін ақырындап «Оқушылардың басым бөлігі» мен «Кейбір оқушылар» бөлімдерін құрастыруға кірісер еді.
Әйтпесе, біз бүгін нендей жағдай көріп жүрміз? Мұғаліімдерге «Барлық оқушылар» бөлімінің өзі қиынға тиіп жүргенін байқаймын.
Мысал үшін мұғалімдердің маған жіберген ҚМЖ-да оқу мақсаттарын қалайша сабақ мақсаттарына қалай айналдырылғанына тоқталып кетейін.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша «5.1.1.1 - Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау» деген оқу мақсатын бір мектептегі әріптесіміз (нақтылап атамай-ақ қояйын, өйткені ол маңызды емес қой) сабақ мақсаттарына былайша аударыпты:
«Барлық оқушылар: Повесті оқып, сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.
Оқушылардың басым бөлігі: Мәтін мазмұны мен идеясына сүйене отырып, оқиға желісі бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді.
Кейбір оқушылар: Повестегі кейіпкер бейнесін ашып, кейіпкерлерге гуманистік тұрғыдан талдау жасай алады».
Бұл жерде қандай қателер жіберілген?
Біріншіден, оқу мақсаты барлық оқушылар үшін міндетті болатындықтан оны былайша түрлендіру керек еді: «Барлық оқушылар Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесін жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады». «Сипаттау» тапсырмасы «Білу және түсіну» деңгейінде, сондықтан да барлық оқушыларға талдау тапсырмасын («сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды») ұсынуға болмайды. Бұған қоса оқу мақсаты оқушылардың повесть мәтінін білетіндігін меңзейді, сондықтан да сабақта оқушыларға мәтінді оқу (Оқылым) тапсырмасын беруге болмас.
Үшіншіден, оқу мақсаты «Білу және түсіну» деңгейінде, сондықтан да оқушылардың басым бөлігі мен кейбір оқушылардың оқу нәтижелері «Қолдану» немесе ойлаудың жоғарғы деңгейлерінде болу керек. Ал мұнда олар негізінен сол «Білу және түсіну» деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды: «өзіндік көзқарасын білдіреді», «кейіпкер бейнесін ашады». Тек «кейіпкерлерге гуманистік тұрғыдан талдау жасай алады» нәтижесі ғана дұрыс келтірілген.
Төртіншіден, барлық оқушылар «Повесті оқып, сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды» тапсырмасын орындауда делік. Онда оқушылардың басым бөлігі «Мәтін мазмұны мен идеясына сүйене отырып, оқиға желісі бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді», ал кейбір оқушылар «Повестегі кейіпкер бейнесін ашып, кейіпкерлерге гуманистік тұрғыдан талдау жасай алады» тапсырмаларын қалайша орындайды? Оқушыларды 3 топқа бөлу керек пе ол үшін? Ал топтардың тапсырмаларды қалай орындаағанын қалай білеміз? Бір топ өздерінің жұмыс нәтижелерін туралы сөйлегенде, қалған топтар оларды түсіне қояр ма екен, өйткені олар тіпті де басқа тапсырма орындады емес пе?
Тағы да бір мысал. Химия пәні. «7.1.2.12 - химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу» деген оқу мақсаты сабақ мақсаттарына былайша айналдырылған: «Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: химиялық қосылыстың валенттілік бойынша формуласын құрады. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: формула бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептейді», ал кейбір оқушылардың оқу нәтижелері көрсетілмепті.
Шынтуайтқа келгенде, сабақ мақсаты барлық оқушылар үшін мынандай болуы керек еді: «Оқушылардың барлығы химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептей алады». Бұл әрекет – «Қолдану» деңгейінде, демек оқушылардың көбісі мен кейбіреулері «Ойлаудың жоғарғы деңгейлеріндегі» әрекеттермен шұғылдануы керек, яғни не «Талдау» («Шығарған есептерді қалай шығарғанын талдап береді»), не «Жинақтау» («Жаңа есептер құрастырады»), не «Бағалау» (есептерді шығарудың ең тиімді 3 жолын таңдап, оларды дәлелдеп береді).
Биология пәнінде «8.1.5.1 - адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау» деген оқу мақсаты сабақ мақсатына былайша түрлендірілген: «Барлық оқушылар: Адамның зәр шығару мүшелерін атайды. Оқушылардың басым бөлігі: Адамның зәр шығару мүшелерінің құрылысын біледі. Кейбір оқушылар: Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметін толық талдайды».
Мұнда барлық оқушылардың оқу нәтижесі оқу мақсатына сәйкес «Адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттай алады» болуы тиіс. Кейбіір оқушылардың оқу нәтижесі жақсырақ құрастырылған, алайда мұнда да «толық талдайды» деген тіркесті түсіндіріп кеткен жөн болар еді.
Сонымен сабақ мақсаттарын саралауда не жазу керек?
Барлық оқушылар. Мұнда негізінен оқу мақсаттары қайталанады. Әрине, тура сол қалпында емес, өйткені оқу мақсаты ҰМЖ-на сәйкес бір емес бірнеше сабаққа жоспарланған болуы ықтимал, сол себепті бұл сабақта оның тек бір бөлігі ғана (бір мәселесі, сұрағы, аспектісі) көрініс табуы мүмкін.
Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
Оқушылардың басым бөлігі (ҚМЖ-да бұны көрсетпесе де болады). Мұнда оқу нәтижелері оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай күрделендіріледі. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу және түсіну» деңгейінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Ойлаудың жоғарғы деңгейлеріндегі» мақсаттарға қол жеткізуі керек.
Кейбір оқушылар (ҚМЖ-да бұны көрсетпесе де болады). Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.
Сабақ мақсаттарынан бағалау критерийлері туындайды.
Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.
Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз? Оқушылар не жасай алса, олардың сабақ мақсаттарына жеткендігін көруге болады?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым (табыс критерийі)» (3).
Бағалау критерийлері сабақ мақсаттарымен тығыз байланысты және солардан туындайды. Ал сабақ мақсаттарының өз кезегінде оқу мақсаттарынан туындайтындығын ұмытпаған абзал.
Мұнда мына мәселеге назар аудару керек. Бағалау критерийлері бірінші кезекте оқушылардың сабақ мақсаттарына емес, оқу мақсаттарына жеткен-жетпегендігін өлшеуі керек, яғни бұл жерде барлық оқушылардың үйрену нәтижелері қарастырылады. Яғни, бағалау критерийлері үшін «оқушылардың басым бөлігі» не «оқушылардың кейбіреулері» деген ұғымдар аса маңызды емес, мұнда тек барлық оқушылардың әрекеттерін ғана көрсету керек.
Мысал келтірейік. Жоғарыда қарастырылған «5.1.1.1 - Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау» деген оқу мақсатын «Барлық оқушылар Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесін жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады» деп сабақ мақсатына айналдырамыз. Бұл – оқушылардың 40 минутта не үйрену керектігін көрсететін шама.
Енді оқушылардың «Менің атым - Қожа» повесін жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алатындығын қайдан көреміз? Оның дәлелі қандай болмақ?
Сабақта қолдануға қажетті тілдік дағдылар «Айтылым» мен «Жазылым», ал ойлау деңгейі «Білу және түсіну» екендігін ұмытпалық. Осыған сәйкес бағалау критерийлерін (күтілетін нәтижелерді) былай құрастыруға болады:
1. Оқушылар повестің кемінде 3 жанрлық ерекшеліктерін атайды.
2. Повестің фабуласын 5 сөйлеммен жазып келтіреді.
3. Повестің сюжеттік дамуын 5 элемент тұрғысынан (экспозиция, оқиғалардың байламы, оқиғалардың дамуы, кульминация, оқиғалардың шешімі) 2 минут ішінде сипаттайды (Бұл бағалау критерийін былай да келтірсе болады: «Повестің кемінде 3 негізгі оқиғалары мен 3 кейіпкерлерін 2 минутта сипаттап береді»).
Осы әрекеттерді жасай алғанда ғана, орындай алғанда ғана оқушылардың сабақ мақсатына жеткендігін мойындауға болады. Бұл әрекеттер – олардың үйренгендігінің дәлелдері.
Оқушылар повестің кемінде 3 жанрлық ерекшеліктерін атай алса, біз олардың повестің жанрлық ерекшеліктерін біледі деп шешеміз. Оқушылар повестің фабуласын 5 сөйлеммен жазып келтірсе, олар повестің фабуласын сипаттай алатындығын дәлелдейді. Ал егерде олар повестің сюжеттік дамуын 5 элемент тұрғысынан (экспозиция, оқиғалардың байламы, оқиғалардың дамуы, кульминация, оқиғалардың шешімі) 2 минут ішінде сипаттап бересе, олар повестің сюжеттік дамуын сипаттай алатындығын көрсетеді.
«Бағалау критерийлері - оқушының үйренгендігінің дәлелі» деген осы.
Оқу мақсаттары сабақ мақсаттарының қандай болу керектігін міндеттейді. Сабақ мақсаттары бағалау критерийлерінің қандай болу керектігін айқындайды. Ал бағалау критерийлері тапсырмалардың қандай болу керектігін көрсетеді.
Олай болса, бұл сабақта оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар мынандай болу керек:
1. Повестің кемінде 3 жанрлық ерекшеліктерін атаңыздар (Айтылым).
2. Повестің фабуласын 5 сөйлеммен жазып келтіріңіздер (Жазылым).
3. Повестің сюжеттік дамуын 5 элемент тұрғысынан (экспозиция, оқиғалардың байламы, оқиғалардың дамуы, кульминация, оқиғалардың шешімі) 2 минут ішінде сипаттаңыздар (Айтылым).
Осыған орай мұғалім сабақта оқушыларға осы 3 тапсырманы орындауды ұсынады.
Немесе бірінші және екінші тапсырмаларды біріктіріп, «Повестің кемінде 3 жанрлық ерекшеліктерін атап, фабуласын 5 сөйлеммен жазып келтіріңіздер» деп те беруіне болады. Ал екінші тапсырма сол қалпында қалады.
Енді мұғалім тек осы тапсырмаларға дескрипторлар құрастыруы керек.
Екінші мысал. Жоғарыдағы «7.1.2.12 - химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу» деген оқу мақсатын сабақ мақсатына былай айналдыруға болады: «Оқушылардың барлығы химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептей алады» (ойлаудың «Қолдану» деңгейі).
Бұл мақсаттың бағалау критерийін былайша келтіруге болады: «Оқушылар 10 минут ішінде химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге берілген 8 есептің кемінде 4-ін шығара алады» («Қолдану»). Яғни, оқушылардың барлығы осы тапсырманы орындағанда ғана олардың сабақ мақсатына (және де оқу мақсатына да) жеткендігін көруге болады (мен химик емеспін, сондықтан да мұнда уақыт пен есептер санын мөлшерлеп бердім).
Бұл бағалау критерийіне сәйкес оқушылар бұл сабақта тек химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге берілген есептерді шығарумен айналысады. Алдымен топпен не жұппен. Оларға осындай 1-2 тапсырма беру керек. Бірақ сабақтың соңына таман оларға жеке орындайтын тапсырманың берілуі мүмкін: «Сіздерге әрқайсыңызға жеке 8 (немесе 4, немесе 6 – сынып деңгейіне, тапсырманың күрделігіне қарап, оны мұғалімнің өзі шешер) есеп беремін. 10 минут (немесе 8, не 5 минут) ішінде солардың кемінде 4-ін (не бесеуін, не үшеуін, не екеуін) шығаруларыңыз керек».
Әрине, тапсырма орындалар алдында оның мақсаты мен критерилерін (бар болса) және де дескрипторларын оқушылармен талдап алған орынды (топта, жұппен не сыныппен). Сонда оқушылар тапсырманы табысты түрде орындайды. Ал тапсырма орындалғаннан кейін оның орындалу сапасын талқылаған орынды (топ, жұп не сынып), оқушылардың өзін-өзі не бірін-бірі бағалағаны дұрыс. Талқылау барысында жетістіктер, кедергілер мен оларды жеңу жолдарын айқындаған абзал.
Тағы да бір мысал. «8.1.5.1 - адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау» деген оқу мақсатын сабақ мақсатына былайша түрлендірген жөн: «Барлық оқушылар адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттай алады» («Білу және түсіну»).
Бұл сабақ мақсатынан мынандай бағалау критерийлерін шығаруға болады:
1. Оқушылар адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің кемінде бесеуінің құрылысын суретте көрсетіп, 2 минут ішінде сипаттай алады.
2. Оқушылар адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің кемінде бесеуінің қызметін 2 минут ішінде сипаттай алады.
Демек, сабақтағы тапсырмалар да осы екі критерийден туындайды:
1-тапсырма. Адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің кемінде бесеуінің құрылысын суретте көрсетіп, 2 минут ішінде сипаттаңыздар».
2-тапсырма. Адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің кемінде бесеуінің қызметін 2 минут ішінде сипаттаңыздар».
Мұғалім осы 2 тапсырмаға критерийлер құрастыруы керек.
Байқап отырғаныңыздай, сабақ мақсаты қандай болу керектігін оқу мақсаты айқындап беріп тұрады. Сабақ мақсаттары өз кезегінде бағалау критерийлерін айқындайды. Ал бағалау критерийлері сабақта оқушыларға қандай тапсырмаларды ұсыну керектігін анықтайды. Мұғалім тек тапсырмаларға дескрипторларды ғана құрастыруы керек.
ҚМЖ құрастыру - оп-оңай шаруа. Тек оқу мақсаттарын дұрыс түсініп, барлығын да содан суырып алсақ болғаны.
Қолданылған әдебиет тізімі
1. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 340 б.
2. Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016, 80 б.
3. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ

шағым қалдыра аласыз