Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен амандасып,
сыныптың тазалығын тексеріп, оқушыларды түгелдеу, зейіндерін
сабаққа аударып, психологиялық ахуал орнату, сабаққа мұқият
қатысуын бақылау.
Мысалы, бүгінгі көңіл-күй
қалай? Бүгін күннен қандай жаңалық
күтеміз?
Жұптастыру
«Мозайка» әдісі арқылы қиылған
суреттерді араластырып, парта үстіне қоямыз.Соны оқушылар жұбын
құрастыру үшін бірігеді.Сол сөздерді құрастыру арқылы оқушылар
жұпқа біріге алады.
Үй тапсырмасын
тексеру:
Оқушыларға мысалдар ұсынамын.
Өткен сабақта түсінбеген сұрақтарды меңгергені туралы оқушылардың
білімін тексеремін.
«Миға шабуыл»
әдісі арқылы (өткен білімді қайталау
сұрақтары) Миға шабуыл – топ
мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей
отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ
келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Бұл әрекет
жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы
шарт.
-
Алғашқы программаны қалай
құрады?
-
Программа құру деген
не?
-
Скрипт деген
не?
-
Спрайт деген
не?
-
Скретч деген
не?
Оқушыларды смайликтермен
бағалау
Алдын ала дайындалған слайд
арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
Программалау тілінде шартқа
байланысты программаны орындау тармақталған деп
аталады.
Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар
келтіріледі, алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл
тармақтардың орындалуы шартқа байланысты болады. Тармақталу
командасы логикалық шартты тексере отырып, алгоритмнің тармақтала
орындалуын сипаттайды.
Т
армақталған алгоритм:
Тармақталған алгоритмнің
орындалуы.
«Сурет салу»
ойыны
Мақсаты:Оқушылар екі-екеуден отырып,парақтарды
бастарына қойып бір-бірінің суреттерін
салдыру
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар
беріледі.
І деңгей (Жұптық
жұмыс)
1-тапсырма:
Қоршаған жағдайларға
байланысты Sprite өзгерту мысалдарын
қарастырайық.
1.Сахна- фондар қолдана
отырып,түрлі шамалар арқылы қызыл және сары түсті дөңгелектермен
сахнаның жаңа фонын орнатыңдар.
2.Құралдар батырмасы арқылы
Sprite өлшемін кішірейтіңдер.
3. Sprite шағылысу бейнесі
қозғалысының қабырғаларда беретін скрипт құрыңдар.Егер қозғалыс
кезінде Sprite қызыл түсте жақындаса, онда қандай да бір нәтиже
пайда болады.Мысалы, мозайка.
6. Sprite қызыл түске
жақындамайтындай жағдай болса,скрипті
өзгертіңдер.
7.Жобаға тінтуірді жылжыту
арқылы жаңа нысанды қосыңдар.Егер Sprite қызыл дөңгелекке
жақындаса,қандай да бір нәтижеге өзгертіңдер,ал егер сары
дөңгелекке жақындаса, онда басқа нәтижеге өзгертіңдер.Егер ешбір
түске жақындамаса, онда Sprite бағыттауышына бұрылуы
қажет.
Оқушыларды смайликтермен
бағалау
Дискриптор:
1. Спрайтқа түстер фонын
бере алады;;
2. Спрайт өлшемін өзгерте
алады;
3.Жаңа нысандар қоса
алады.
ІІ деңгей (Жұптық
жұмыс)
2-тапсырма
1.Scratch ойын бағдарламалық
ортасында қолданылатын тармақталу командаларын
белгілеңіз.
Дескриптор:
-Ойын программасында
тармақталу командаларын көрсете алады;
-Тармақталу пәрмендерін
ажырата алады;
Оқушыларды смайликтермен
бағалау.
3-тапсырма(Жеке
жұмыс)
А йман интерактивті ашық хат құрды. Тармақталу
командасын қолданып әріптерді жандандыру үшін бағдарлама
жазыңыз.
Дескриптор
-шарт ақиқат болған кездегі
команданы жазады;
-шарт жалған болған кездегі
команданы жазады;
-бағдарламаны іске
қосады.
Оқушылар смайликтермен
бағаланады
Сабақты
қорытындылау
Сабақты қаншалықты меңгергенін
анықтау мақсатында «Фишбоун» әдісін қолданып сабақты талдап
бекіту(
«Фишбоун» әдісі бойынша жұмыс жүргізу.
«Оқытуға әсер ететін
факторлар» үлестірме
таратылады.
«Фишбоун» сызбасы арқылы
оқытудағы кедергілер мен шешу жолдарын, содан шыққан шешімді
бейнелейді)
Сабақ соңындағы оқушылардың
рефлексиясы:
- нені білді, нені
үйренді;
- не
түсініксіз;
- қандай бағытта жұмыс
жүргізілуі
Оқушылар өз жұмысын және
сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша
бағалайды.
5.3.3.1-тармақталу пәрменін
және ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану. Тақырыбын
оқып келу
Бақылау сұрақтарына дәптерге
жауап жазып келу
Үміт ағашы
арқылы жасалады
|