Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды психологиялық ахуал. Оқушылар шеңберге тұрып
бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін көтеруге әрекет
етеді.

Қызығушылықты
ояту.
Суреттер «Не болды?» әдісі.
Суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және
түсіндіріп берулері
сұралады.

Жетекші сұрақтар
қойылады:
- Бауыр деген
кім?
Жауап: Бір әкеден туған және жақын
туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден туған ағайын
адамдарды туған бауыр, ал әкелері ағалы-інілі болса төте бауыр
дейді.
-Бауыр мен достың айырмашылығы
қандай?
Жауап: Ағайын-бауырларда бірге тумақ
— бар да, бірге жүрмек жоқ. Достарда бірге тумақ жоқ та, бірге
жүрмек — бар. Сондықтан, кейде жақын достарың бауырдың орнын
басады.
- «Ағасы бардың жағасы
бар,
Інісі бардың тынысы бар» деген
мақалды қалай түсінесіңдер?
- Бауырларыңмен
қарым-қатынастарың қандай?
Мұғалім
сөзі:
Бауыр деген —
досың, Бауыр деген —
сүйенішің, Бауыр деген —
ақылшың, Бауыр деген —
қорғанышың, Бауыр деген —
сыбайласың, Бауыр деген —
ағайының, Бауыр деген — өміріңнің бір
бөлігі.
Оқушылар бауырдың дос,
сүйеніш, ақылшы, қорғаныш, сыбайлас, ағайын, өмірдің бір бөлігі
екеніне дәлел келтіре отырып, өз өмірімен байланыстырып жауап
береді.
Сабақтың тақырыбы мен
мақсаты
айқындалады.
|
Оқушылар назарын сабаққа
аудару.
Оқушылар сурет бойынша
сұрақтарға жауап беріп, сабақ тақырыбын
айтындайды.
|
ҚБ
«Жүрек» 
|
суреттер
М.
Қабанбай
«Бауыр»
әңгімесі
|
Сабақтың
ортасы
|
Мағынаны
тану. «Жүзіп шығу»
әдісі арқылы мәтін мазмұнын еске
түсіру.
1.Әңгіме
кейіпкері Манаптың балалар үйіне келу себебі
неде?
2. Не
себепті Қали Манапты суық қарсы алды деп
ойлайсыз?
3.Қали
бала күнінде Манап деп айтуға тілі келмей кім деп атаушы еді?
Мака
4.Әскери
ұшқыш болуды армандап отырған кім?
5.
Дипломатын қолына алған Манап ішінен не алып
шықты?
6.
Ағайынды екі жігіт не себепті ажырасып қалған
еді?
7. Тығыз
қара шашы бұйра-бұйра, кішірек көзді ақ сұр бала. Кімнің
портреті?
8.Қалидің осындай тік мінезін қандай мақалмен беруге
болады? «Жетім қозы-тас бауыр»
Дескриптор:
ҚБ
2-тапсырма. «Ойлаудың алты
қалпағы» стратегиясы бойынша кейіпкер
бейнесіне талдау
жасайды.

Ақ
қалпақ -Тақырып туралы түсінік
беру.
Сары
қалпақ - Қалидың іс-әрекеттерін
қолдау.
Қызыл
қалпақ –Манаптың іс- әрекетін, өз
эмоциясын жеткізу.
Қара
қалпақ – Қалидың іс-әрекетінің
жағымсыз жақтарын
айту.
Жасыл
қалпақ – Жетімдер үйін жауып тастау
жолдарын ұсыну.
Көк
қалпақ - шолу. Шығарманы өмірмен
байланыстырып қорытынды
жасау.
Дескриптор:
- Тақырып туралы толық түсінік
береді;
- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне
талдау жасайды;
- Креативті ой
ұсынады;
- Өмірмен байланыстырып,
қорытынды жасайды.
ҚБ
3-тапсырма.
Шығармадан кейіпкерлер арасындағы суреттеулерді табыңыз. Олардың
суреттеудің қай түріне жататындығын
дәлелдеңіз.
Шығармадағы
суреттеулер
|
Суреттеулердің
түрлері
|
|
|
|
|
Дескриптор:
ҚБ
|
Оқушылар сұраққа
жауап беру арқылы шығарма мазмұнын еске
түсіреді.
«Ойлаудың алты
қалпағы» стратегиясы бойынша кейіпкер бейнесіне талдау
жасайды.
Тапсырманы топпен
орындайды.
Шығармадан
кейіпкерлер арасындағы суреттеулерді табыңыз. Олардың суреттеудің
қай түріне жататындығын
дәлелдеңіз.
Жеке
жұмыс
|
ҚБ

ҚБ

ҚБ

|
М.
Қабанбай
«Бауыр»
әңгімесі
|