жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ 5-сынып қазақ тілі "Аңызға толы сұлу Көкше"
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Саяхат және демалыс» |
Мектеп: Белогор негізгі орта білім беретін мектебі |
||
|
Күні: 15.05.2018 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Ажгалиева Камила Аликовна |
||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар: 7 |
Қатыспағандар: - |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Аңызға толы сұлу Көкше. Сан есімді қайталау. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
5.1.4.1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 5.3.2.1. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды, тірек сөздерді анықтап, сұрақтарға жауап бере алады, мәтін ішінен сан есімдерді таба алады. |
||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақ құрап жазады, сан есімдерді ажырата алады. |
|||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіннен ой қорытындысын шығара алады, сан есімдерді пайдаланып демалыс орындарына байланысты хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жаза алады. |
|||
|
Жетістік критерийлері |
|
||
|
Тілдік мақсаттар |
Пəнге тән лексика мен терминология: Сөз табы, сан есім, дара және күрделі сан есім, сан есімнің мағыналық түрлері. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Саяхат, Көкшетау, Бурабай табиғаты, Шортанды шоқылары, Оқжетпес, Жұмбақтас. Талқылауға арналған сұрақтар: - Неге сұлу Көкше жері аңызға айналған деп ойлайсың? - Аңыз әңгімелердің шығу тарихы туралы не білесіңдер? - Бурабай туралы не білесіңдер? - Сан есім дегеніміз не, құрамына және мағынасына қарай қалай бөлінеді? |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, өмір бойы білім алу. |
||
|
Пəнаралық байланыстар |
Әдебиет – аңыздардың шығуы, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы аңыздарды оқып, талдау. География – Бурабайдағы көлдерді, Оқжетпес пен Жұмбақтастың орналасқан жерін, биіктігін айту, Көкшетау өңірін картадан көрсету. |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Компьютер, презентация, аудио мәтіннен үзінді https://www.youtube. com/watch?v=eWZJy7AdO34 |
||
|
Бастапқы білім |
Көкше аңыздары туралы мәліметтермен таныс. Сан есім туралы біледі, оның құрамдық және мағыналық түрлерін ажырата алады. |
||
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасамын. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын. Психологиялық тренинг
М (қимылмен көрсетеді) Топқа бөлу (оқушыларды түске байланысты екі топқа бөлу)
І топ «Оқжетпес» ІІ топ «Жұмбақтас» Үй тапсырмасын тексеру. Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазу, сан есімдерді талдау. Тыңдалым-айтылым. «Ой қозғау» әдісі. «Менің елім осындай» бейнебаянынан үзінді көрсетіледі. (оқушылар тірек сөздерді теріп жазады, тақырыпты болжайды) - Балалар, сіздер не көрдіңіздер, қандай тірек сөздер жаздыңыздар? - Бүгінгі өтетін тақырыбыз не туралы деп ойлайсыңдар? - Балалар, сұлу Көкше, Бурабай туралы не білесіздер?
Бурабай
- Картадан Бурабай орналасқан Көкшетау өңірін кім көрсетеді?
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады. |
Сары және қызыл түсті жүрек, бас, қол суреттері https://www.youtube. com/watch?v=eWZJy7AdO34 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Оқылым. 1-тапсырма. Топтық жұмыс. А) «Жарлық» әдісі (оқушылар белгілі бір уақыт ішінде мәтінді оқиды) Ә) «Еркін микрафон» әдісі (мәтін бойынша екі топ-бір-біріне сұрақ қояды, сұрақтарға жауап береді) Саралау. Сұрақ құрастыруда қиындық туғызып отырған оқушыға жауабы жазылған топшама беру. (дайын жауапқа сұрақ құрастырады) Б) Тақтамен жұмыс (мәтіндегі цифрмен берілген сан есімдерді әріптік таңбамен жазып, құрамына қарай талдайды)
ҚБ: мұғалімнің «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!» т.б. қолпаштау сөздері арқылы бағалау.
Оқылым. Топтық жұмыс 2-тапсырма. А) Мәтінмен жұмыс І топ «Оқжетпес» аңызы ІІтоп «Жұмбақтас» аңызы (екі топ берілген аңызды оқып, бір-біріне аңызды түсіндіреді) Ә) «Сөйлемді толықтыр» әдісі (Екі топ бір-бірінің тыңдаған мәтіндері бойынша көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады )
Саралау: көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазуға қиындық тудырып отырған оқушыға мәтіннің толық нұсқасын беру ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағалау. (топ бір-бірінің жұмысын бағалайды)
3-тапсырма. Жазылым. Жеке жұмыс. (кестеде берілген қысқаша ақпаратқа қарап, сан есімнің мағыналық түрлерін табады)
Саралау: ереже дәптерімен жұмыстану. ҚБ: «Мадақтау» әдісі бойынша өзін-өзі бағалау (слайдтан жауабы көрсетіледі, оқушылар өздерінің жауабын тексереді) 4-тапсырма. Жазылым. Топтық жұмыс. «Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен» тақырыбында жарнама немесе хабарландыру жазу.
Саралау: Хабарландыру, жарнама үлгілерін беру.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалау. (екі ұнаған нәрсе және бір жақсартуды қажет ететін нәрсені айтады)
|
Мәтін («Қазақ тілі» оқулығы, 207 бет)
жауаптары жазылған топшама
«Оқжетпес», «Жұмбақтас» аңыздары
топшама
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Оқу мақсаты мен жетістік критерийлеріне кері ораламын. - Сонымен, оқушылар біздің сабақтағы мақсатымыз бен жетістік критерийлеріміз қандай еді? Есімізге түсірейік. - Сабақ соңында мақсатымызға жеттік пе?
Үйге тапсырма: 5-6 тапсырма, 209 бет. Берілген суреттер негізінде сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау және сөзжұмбақты шешу. (үй тапсырмасын орындау туралы түсінік беріледі)
Кері байланыс -Балалар, осымен біздің сабағымыз аяқталды. Барлығыңыз жақсы жұмыс жасадыңыздар. Енді алдыңыздағы стикерлерге байланысты сабағымызды қорытындылаймыз.
(әр оқушы таңдаған суреттері бойынша сұраққа жауап береді)
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздікжәне еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тапсырмалар сараланып оқушы деңгейіне сай берілді. Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылды. Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша артық дәлелдер мен мысалдар келтіреді. |
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін ашық сұрақтар арқылы тексердім. Сабақта әр тапсырма сайын білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын қалыптастырушы бағалау әдістерін пайдалана отырып, мұғалім бағалауы, оқушының өзін-өзі бағалауы және өзара бағалау жұмыстары жүргізілді. |
Аңыздарды талдай отырып әдебиетпен, Бурабайдағы көлдер, Оқжетпес пен Жұмбақтастың орналасқан жерін, биіктігін айта отырып, картадан көрсетіп географиямен байланыс болды. Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт қолданылды. Интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаттары дұрыс қойылды, сабақ мақсаттары сабақ тақырыбына сәйкес, оқушылардың деңгейіне сай жіктелінді.
Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті.
Сабақта жоспарланған саралау жұмыстары жүргізілді. Тыңдалым мәтіндері оқушы алдына беріліп, ережемен жұмыс жүргізілді.
Сабақтың уақыт кезеңдері сақталынды. Барлық тапсырмалар уақытымен орындалды.
Жоспар бойынша айтылуы қажет оқу мақсаттары мен сабақ критерийлері сабақ басында оқушыларға айтылмай кетті. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Қандай екі нəрсе ойдағыдай сəтті шықты. (оқытуды да,оқуды да есепке алыңыз) 1. Тапсырмалардың мазмұндылығы, тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың ынтасы мен қызығушылығы. 2. Қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, оқушылардың өздігінен жұмыс жасауы, кері байланыс.
Қандай екі нəрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз) 1. Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырма дайындау. 2. Сұрақтардың деңгейін жақсарту.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. Оқушылардың сұраққа толық жауап беруін қадағалау. 2. Өз ойын ашық айтуға дағдыландыру.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ынау менің
жүрегім,





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген