Материалдар / қмж 7 сынып Химиялық элементтердің периодтық кестелерінің құру тарихы
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

қмж 7 сынып Химиялық элементтердің периодтық кестелерінің құру тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия ғылымында элементтердің жіктелуін түсіну – оқушылар үшін маңызды тақырыптардың бірі. Бұл сабақта оқушылар И.Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И.Менделеевтің еңбектерін талдап, олардың периодтық кестені құрудағы рөлін бағалайды. Сабақ барысында оқушыларға жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын сіңіру мақсат етіледі.
Авторы:
15 Ақпан 2025
75
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылу тарихы және оны оқыту әдістері

Мырзағали Айман Райысқызы, химия пәні мұғалімі

Кіріспе Химия ғылымында элементтердің жіктелуін түсіну – оқушылар үшін маңызды тақырыптардың бірі. Бұл сабақта оқушылар И.Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И.Менделеевтің еңбектерін талдап, олардың периодтық кестені құрудағы рөлін бағалайды. Сабақ барысында оқушыларға жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын сіңіру мақсат етіледі.

Негізгі бөлім

  1. Оқу мақсаты және күтілетін нәтиже Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың химиялық элементтердің жіктелуін түсінуін және салыстыра білуін дамыту. Бұл мақсатқа жету үшін оқушылар ғалымдардың еңбектерімен танысып, олардың ұсыныстарын салыстырады.

  2. Сабақ барысы және қолданылған әдістер

    • Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсаты түсіндіріледі.

    • «Миға шабуыл» әдісі: Оқушыларға өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыратын сұрақтар қойылады.

    • «Галереядағы серуен» әдісі: Оқушылар ғалымдардың элементтерді жіктеу үлгілерін постерге салып, сынып ішінде айналып, әр жұмысты талқылайды.

    • «Жұмбақ элемент» ойыны: Оқушыларға белгілі бір химиялық элементтің сипаттамасы беріледі, олар оны тауып, сипаттама береді.

    • «Сиқырлы қап» әдісі: Қапшық ішінен әртүрлі химиялық элементтердің аттары жазылған қағазды суырып алып, оларды қай категорияға жатқызуға болатынын дәлелдейді.

    • Жұптық жұмыс: «Егер бүгін периодтық жүйені жаңартуға мүмкіндік болса, сіз қандай жаңа формат ұсынар едіңіз?» деген сұрақ төңірегінде оқушылар өз ойларын ортаға салады.

    • Топтық талқылау: Ғалымдардың жіктеу әдістерін салыстырып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды.

    • Рефлексия: «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерін білдіреді.

  3. Бағалау және кері байланыс

    • Оқушылардың белсенділігі «Жарайсың!» деген мадақтау сөздерімен ынталандырылады.

    • Жұптық бағалау және 10 баллдық шкала бойынша бағалау жүргізіледі.

    • Сабақ соңында оқушылардың сабақ туралы көзқарастары тыңдалады.

Қорытынды Химиялық элементтердің периодтық жүйесін оқыту оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ғылыми көзқарастарын кеңейтеді. Сабақ барысында қолданылған белсенді оқыту әдістері олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға өз идеяларын ұсыну арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалды. Мұндай әдістерді жүйелі түрде қолдану химия пәнін терең әрі қызықты оқуға жол ашады.







Бекітемін:

Оқу ісінің орынбасары Жумабай Г.

Бөлім:

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

Педагогтің аты-жөні:

Мырзағали Айман Райысқызы

Күні:

07-10.02.2025

Сыныбы:

7А,Ә Қатысушылар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің периодтық кестелерінің құру тарихы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.1 -И.Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

И.Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін біледі және салыстырады

Сабақтың құндылығы:

Жасампаздық пен жаңашылдық

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Ұйымдасты-ру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме,оқушылар?

-Бүгін сабақта кім жоқ?

- Шармен сергіту сәті

Мақсаты: сынып арасындағы антымақтастықты арттыру

  • Оқушылар амандасады.


  • Кезекші сабақта жоқ оқушыларды баяндайды.





белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Дк экраны

Шар, қағаз стақандар

сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау тапсырмасын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық

Жеке тапсырмалар

Тапсырманы орындатады, бақылайды

"Егер бүгін периодтық жүйені жаңартуға мүмкіндік болса, сіз қандай жаңа формат ұсынар едіңіз?"
Бұл оқушылардың ғылыми көзқарасын дамытуға және жасампаз болуға ынталандырады.





Жалпы 10 балл


Жұптық бағалау


Презентация

Жеке тапсырмалар парағы


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі