Материалдар / ҚМЖ 9 сынып

ҚМЖ 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныптың ҚМЖ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

   136 МГ

Қысқа мерзімді жоспар

Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары №14


Бөлім:

1-бөлім. Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту

Педагогтің аты-жөні

Абдрахманов Ержан Слямович

Күні:

10.10.2024

Сынып: 9 «Ә»

Қатысушылар саны: 20

Қатыспағандар саны: 3

Сабақтың тақырыбы

Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Сабақтың мақсаты

Басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, уақыт өлшеуіш, бор, конустар. «Игры для метателей» интернет ресурсына сілтеме: http://avangardsport.at.ua/blog/igry_v_zanjatijakh_s_metateljami/2012-06-19-107#.V2zXaPmLTDc

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш, 150гр лақтыруға арналған доптар.

«Подвижные игры и эстафеты с элементами лёгкой атлетики» интернет ресурсына сілтеме :http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html

Сабақтың

ортасы

28 минут

Шеңбердің ішінде, доптарды алдын-ала белгілеп(бояп немесе команданың номерін жазып), бір уақытта лақтыруға болады.

Сұраңыз: Лақтыру кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді? Ұсынылған ойындағы орындалған жұмысты талдаңыз.

(Ж, Т, ҚБ) Сыныпты екі командаға бөлу. Оқушылар диаметрі 10-12м болатын шеңбердің бойына орналасады. Бірінші бір команданың ойыншысы, одан кейін екінші команданың ойыншысы кезекпен ортаға шығып, теннис добын барынша жоғарыға лақтырады. Ойынды басқарушы қолдан шыққаннан бастап, жерге түскенге дейінгі доптың ұщу уақытын өлшейді. Лақтыру неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның ұшу уақыты көбірек болады. Кімнің добы ауада көбірек болса, сол ойыншыға бір ұпай беріледі.

Сабақта қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалаңыз. Мұғалімнің ауызша белгісі бойынша ғана лақтыруды орындау және ұпайлар санын жазу қажет. Лақтыруды алдын-ала келіскен әдіспен орындауды және лақтыруды орындау техникасын қадағалаңыз.

Нұсқасы: Бірнеше шеңберлермен белгіленген (3-2-1), қалқанша-нысанаға лақтыру. Нысанаға дейінгі арақашықтық 8-10 м, биіктігі 2,5-3м.

(Ж, Т, К) Сыныпты бірнеше командаларға бөліп, келесі тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Лақтырушылар лақтыру межесіне әр командадан кезекпен шығып, белгіленген аймақтарға лақтыруды орындайды:

1-ші аймақ лақтыру сызығынан 20м, 2-ші-25м, 3-ші-30м қашықтықта орналасады. Әрбір аймақ келесідей белгіленген: 1-2-3 ұпай. Әр аймаққа тигізгені үшін, оқушыға, әртүрлі ұпайлар беріледі. Барлық ойыншылары жинаған ұпайлардың жиынтығы бойынша жеңімпаз команда анықталады.

Тең екі топқа бөлініп, боулинг ойынының ережесін талқылап, екі топ арасында ойнаңыз. Бірінші топтың ойыншылары жинаулы тұрған кеглилерді белгіленген сызықтан нығыздалған доппен жерлете лақтырып, кеглилерді құлату қажет. Егерде кеглилерді құлатса, сол команда мүшелері қайта жинап, тұрғызуы керек. Ал, қарсы топтың мүшелері қайта тұрғызып, жинауға кедергі жасайды. Жеңіл доппен ойыншыларды ұрып, ойыннан шығарады. Ойын осылай жалғасады.

Дескриптор

- боулинг ойынының баламасын түсініп ойнайды;

- мақсатқа жету үшін командыда да белсенділік танытады.


Сабақтың

соңы

7 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.



     Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 28 минут, қортынды 7 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ