ҚМЖ 9-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Радио және теледидардың пайдасы мен зияны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Радио және теледидардың пайдасы мен зияны

16-сабақ.

Бөлім: 

5-бөлім. Синтаксис. Бұқаралық ақпарат құралдары


Педагогтің аты-жөні:

Кайрлиева А.Ж

Күні:

04.03.2025 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Радио және теледидардың пайдасы мен зияны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады және сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолданады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу 

Қазақстандағы радио желілері мен телеарналар атауы аталады.Білім алушылардың өздері ұнататын желілер мен арналар аталғанда үш рет қол соғады. Бұрын таныс емес немесе қызықпайтын желілер мен арналар аталғанда бір рет қол соғу арқылы көңілдерін көтеру.

10 мин



1-тапсырма. ЖЖ «Галереяға саяхат» әдісі

  • Суреттерге қарап бүгінгі тақырыпты болжау, қысқа әңгіме құру.

  • Төмендегі сұрақтарға жауап беру.

  1. Теледидар мен радио не үшін қажет?

  2. Қазіргі теледидар мен бұрыңғы теледидардың айырмашылығын білесіңдер ме?

  3. Теледидардан сүйіп қарайтын бағдарламаларды атаңдар.

  4. Радио тыңдайсыңдар ма?

Суреттерге қарап бүгінгі тақырыпты болжайды,

қысқа әңгіме құрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор:

3 балл

1.Суреттер бойынша қысқа әңгіме құрай алады.

2.Суреттер арқылы бүгінгі тақырыпты болжай алады.

3.Сұрақтарға еркін жауап бере алады.

ҚБ: Радио және теледидар суретіне «Тамаша», «Жарайсың!» «Талпын» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.  

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10 мин.

2-тапсырма:

Үнтаспадан 20-аудиомәтінді тыңдаңдар.

А) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мәтінде теледидардың қандай зиянды жақтарын баяндайды? (Санамалап айтып беріңдер.)

2. Теледидарды қай бөлмеге, қалай орналастырған жөн?

Ә) Мәтінде теледидардың зияны жөнінде ғана айтылғандықтан, оған қарсы пайдалы жақтары да бар екенін дәлелді пікірмен айтыңдар.

Б) Мәтін қай үлгіде жазылған (баяндау ма, сипаттау ма, әлде пайымдау ма?)


Үнтаспадан 20-аудиомәтінді тыңдайды.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің қай үлгіде жазылғандығын анықтайды және мәтінде теледидардың зияны жөнінде ғана айтылғандықтан, оған қарсы пайдалы жақтары да бар екенін дәлелдейді.

Дескриптор:   

4 балл

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Пікір білдіру арқылы дәлелдейді;

  • Мәтін үлгісін анықтайды;

  • Теледидардың пайдалы, зиянды жақтарын анықтайды.  

Оқулық, жұмыс дәптері

10 мин

3-тапсырма

Берілген сөйлемдерге құрылымдық талдау (сөйлем мүшелеріне талдау) жасаңдар. –ып формасы бірнеше қызмет атқаратынына назар аударыңдар. Сөйлем құрмалас па, жай сөйлем бе? Дәлелдеңдер.




1.Қызметтен оралып, жуынып-шайынып бір-екі кесе шайын ішкен ерлі-зайыптылар қалалы жерде театрға дайындала бастайтын-ды.

2.Бүгінде жұмыстан шаршап келіп, шешініп қойған адам қайта киінуге ерінеді.

3.Токио муниципалитеті жанындағы жастар тәрбиесімен шұғылданатын кеңес Астана губернаторына ресми хат жазып, әр отбасы өздері үшін бір күнді теледидар қарамайтын күн етіп тағайындаса деп ұсыныс жасаған.


Берілген сөйлемдерге құрылымдық талдау (сөйлем мүшелеріне талдау) жасайды. –ып формасы бірнеше қызмет атқаратынына назар аударып, сөйлем құрмалас па, жай сөйлем бе? дәлелдейді.


Дескриптор:   

3 балл

  • Сөйлемдерге құрылымдық талдау жасайды;

  • Сөйлемдердің құрмалас не жай сөйлем екендігін анықтайды;

  • Дәлелдер келтіреді.


Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

10 мин.



«Бір ауыз сөз» әдісі. 

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне  сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін  

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



с

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
201
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі