жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ. Атомдар мен молекулалар. 7 сынып.Химия
ҚМЖ. Атомдар мен молекулалар. 7 сынып.Химия
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім: 7.2.А. Атомдар. Молекулалар. Заттар. |
Ә.Жангелдин ЖОМ КММ |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: Сынып: 7 |
Мұғалім: Жаркинбаева Гульзира |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Атомдар мен молекулалар |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты: 7.1.2.1 -Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушы: Атом мен молекула ұғымдарына анықтама береді және айырмашылығын біледі |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Басым бөлігі: Атомдар мен молекуланың қасиеттерін ажырата алады |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбірі: Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын ажыратып, мысалдармен дәлелдейді |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Атом мен молекулалардың айырмашылығын түсіндіреді |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
- атом мен молекула ұғымына анықтама бере алады - ғалымдардың ойларымен танысады. - шарөзекті моделін құрастырады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: атом, молекула, жай заттар, күрделі заттар, анализ, химиялық қосылыстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сыныптағы диалог: 1.Барлық заттар......... тұрады. 2. Су молекуласы .................. және.............. тұрады 3. Бөлшектер......... және ........үнемі қозғалыста болады 4. Жай заттың молекулалары бірдей.........., ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі ....... тұрады |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Топтық жұмыс арқылы – белсенділікке, ұжымшылдыққа, ортақ істің нәтижесінде бірін – бірі толықтырып, сын тұрғысынан ойлауға үйретеді жеке жұмыс – өз бетімен жұмыс орындап, айтылым дағдылары, қарым- қатынас жасау қабілеті қалыптасады |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Заттар мен материалдар. 6.3.1.1 -атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру (5 мин) 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 5 минут
5 минут 5 минут Сабақтың соңы (5мин) |
Жағымды ахуал қалыптастыру. Сәлемдесу.Сынып оқушыларын «Атом мен молекула» әдісі арқылы топқа біріктіремін. Атом дегенде балалар жан-жаққа шашырайды, ал молекула дегенде 2,3,4 балалар жиналады. Оқушыларды екі топқа бөліп аламын. 1-топ. Атом 2- топ. Молекула Оқушылардан үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Кім көп біледі?» әдісін қолданамын. 1.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? Зат 2.Заттардың бір бірінен айырмашылыгын көрсететін белгілер? Қасиеттері 3.Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа? Біртекті 4. Шынының балкуы қай құбылысқа жатады? Физикалық 5. Темірдің тат басуы қандай құбылысқа жатады? Химиялық
Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі Атомдар — заттың химиялық бөлінбейтін ұсақ бөлшектері. атомдар өзара бірігіп молекула түзеді. Грекше “атом” — бөлінбейтін деген мағынаны білдіреді. Атомдардың моделі
Заттың қасиеттері мен құрамы сақталатын ұсақ бөлшектері молекулалар деп аталады. Молекулалар химиялық реакциялар кезінде ыдырайды. Яғни, олар — химиялық бөлінетін бөлшектер. Молекулалар атомдарға ыдырайды. Атомдар мен молекулалар көзге көрінбейді. Заттарды жай заттарға жіктеу арқылы олардың құрамын анықтау әдісі анализ (талдау) (грек. анализис — айырылу) деп аталады. Атомдардың бір түрінен түзілген заттар жай заттар деп аталады. Мысалы, мыс, темір, күкірт, оттек, сутек, т.б. Атомдардың әр түрінен түзілген заттар күрделі заттар деп аталады. Оларға қант, су, сода мысал бола алады. Күрделі заттар химиялық қосылыстар деп аталады.
1-тапсырма. «Борт журналы» әдісі Атом мен молекуланың айырмашылығын айтып, кестені толтырыңыз. (ҚБ- 21бет)
Дескриптор
2-тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі
Дескриптор
3 тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Суреттерге қарап, оқушылар белгісіз молекулаларды тауып, сөйлемдерді толықтырады.
в) CO2
Келесі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз: 1. Су молекуласы .................. және.............. тұрады 2. Озон молекуласы оттектің ......................... тұрады 3. Тұз қышқылы молекуласы.................. және ............... тұрады 4. Көмірқышқыл молекуласы ................... және.............тұрады
Дескриптор
4- тапсырма. «Көрсету және модельдеу» әдісі Молекулалардың модельдерін құрастыруға арналған жиынтықтарды пайдаланып суретке қарап, молекула модельдерін құрастырыңдар
1
аммиак NH3 оттек О2
2
Метан СН4 су H2O Дескриптор
Кері байланыс: «Плюс-минус-қызықты» әдісі «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “түсініксіз болып тұр” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келсе соны жазады. Үй тапсырмасы: §5. Атомдар мен молекулалар 1-5 тапсырма, 42 бет
|
Кеспе қағаздары АКТ
Оқулықпен жұмыс АКТ
Слайд, АКТ Кеспе қағаздары
АКТ, слайд, смайликтер
Молекула моделінің суреттері бар кеспе қағаздар, слайд, АКТ
Суреттер, слайд шарөзекті модельдер
«Бағдаршам» әдісі
АКТ, слайд Кеспе қағаздары,
Стикерлер
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Әртүрлі деңгейдегі оқушыларды түгел қамту үшін “жеңілден күрделіге қарай” бағытталған топтық тапсырмалар арқылы жұмыс жасай отырып, қолдау көрсету. 1. Келесі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз: а)Aya — қоспа, оның құрамына ... оттек кіреді. ә)Су ... сутек пен оттектің ... түзілген. б)Йод ... ауаға таралуына байланысты иісі білінеді. в) Құрамында қант ... болуына байланысты тосаптың дәмі тәтті болады.
|
Оқушылардың сабақ басындағы ауызша және жазбаша сұрақтарының жауаптарын бақылай отырып «бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы да оқушыларды Молекулалардың модельдерін жасауда белсенділік танытқан оқушыларды атап, мадақтау.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)? |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз

















