Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ "Джек Лондон "Мексика ұлы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Cабақтың тақырыбы: Джек Лондон “Мексиға ұлы» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қалыптасқан білім –білік дағдылары арқылы Ривера бейнесін ашу, шығарманың идеялық мәнін түсіну, өздігінен білім алуға баулу. Күтілетін нәтиже: Шығарманың мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау, жүйелеу, салыстыру қабілеттері жетіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:5

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер

Сабақтың мақсаты: Көнерген сөздер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту.Көнерген сөздер түрлерін ажырата білу және қолдана білуге үйрету,оқушыларды бірлесе отырып білім алуына дағдыландыру. Оқулықтан негізгі идеяны табуға үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар көнерген сөз түрлерін ажыратады, мағынасын түсінеді. Деңгейіне сәйкес топтаса тапсырма орындайды. Лексика саласы бойынша білімдерін жетілдіреді. Ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренеді.

 

Сабақта қолданылатын материалдар:Интерактивті  тақта,слайд-презентация, үлестірме материал, бағалау парағы

Оқыту әдістері: Сұрақ- жауап, жеке, жұптық, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері» Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Сынып оқушылары топқа бөлінеді:

1-топ: Мақал- мәтел

2-топ: Табу

3-топ: Архаизмдер

4-топ: Тарихи сөздер

5-топ: Тұрақты тіркестер

Үй тапсырмасы:

Тест жұмысы

1.Мырза жігіт, шырайлым, ұлымы... сөздері қандай қатарға жатады?

А) эвфемизм

Ә)табу

Б) тұрақты сөз тіркестері

В) дисфемизм

2.Ойды сыпайы жеткізу қалай аталады?

А)эвфемизм

Ә)дисфемизм

Б) мақал-мәтел

В) табу

3.Дөрекі ,әдепсіз сөздер қалай аталады?

А) табу

Ә) мақал-мәтел

Б) эвфемизм

В) дисфемизм

4.Тайға таңба басқандай сөзінің мағынасы қандай?

А) алыс жер

Ә) тағалау

Б) анық

В) үндемеу

5.Мақалды анықтаңыз

А) қас пен көздің арасында

Ә) Отан - оттан да ыстық

Б) ит өлген жер

В) қыздың жиған жүгіндей

Жаңа сабақты

Ой қозғау

Көнерген сөздер туралы не білеміз?( Әр топ ақылдаса отырып өз ойларын айтады.

Кітаппен жұмыс

Оқушылар жекелей отырып оқиды. Топта талдайды. Слайд көрсетіледі.

Тақырыпты бекіту

151-жаттығу. Мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың мәнін ашыңдар. Шағын мәтін құраңдар. Топтаса отырып мақалдың мәнін ашады. Жекелей мәтін құрайды.

152-жаттығу. Барлық топ мәтіннің мазмұнымен танысады.

Мақал-мәтел тобы: мәтінге ат қояды. Мәтіннің мазмұнын айтады.

Табу тобы: «Киелі»сөзінің мәнін түсіндіреді. Қазақ ұғымында қандай сөздерді киелі деп атайды.

Архаизмдер тобы: «Көн ыдыс»сөзінің мағынасын түсіндіреді. Сөздік қордың қай тобына жатады.

Тарихи сөздер тобы: «Піспек»сөзінің мағынасын түсіндіреді. Сөздік қордың қай тобына жатады.

Тұрақты тіркестер тобы: «Саба»сөзінің мағынасын түсіндіреді. Сөздік қордың қай тобына жатады.

Барлық топқа сұрақ: Қымыз туралы не білеміз? Қымыздың пайдасы.

Сергіту сәті «Жанды етістіктер »

153- жаттығу. Оқып шығып тағамдардың қалай жасалатынын айтыңдар. Қандай тағам атаулары көнерген? Қазір олар қалай аталады?

154-жаттығу. Тақтадағы суреттерге қараймыз.Мәтінді іштей оқимыз.

Табу тобы: Мәтіндегі көнерген сөздерді табамыз.

Мақал –мәтел тобы: Мәтіннің мазмұнын айтады.

Тарихи сөздер тобы: Бес қару туралы не білеміз? Бес қаруды таратып айтып беріңдер.

Архаизмдер тобы: 157-жаттығу.Ұлттық киім атауларын теріп жазады.

Тұрақты тіркестер тобы: Ұлттық әшекей бұйымдар дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

Қорытынды бөлім (бір адым алға ойыны)

Үйге тапсырма беру

155,156-жаттығу.

Оқушылардың білімін бағалау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3626
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12