Материалдар / ҚМЖ Информатика 9 сынып Сұрыптау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ Информатика 9 сынып Сұрыптау

Материал туралы қысқаша түсінік
9сынып Информатика пәнінен Сұрыптау тақырыбына арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2023
450
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім:

PYTON тілінде алгоритмдерді программалау.

Педагогтың аты-жөні:

Шагансариева Айнур

Күні:


Сынып: 9

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Сұрыптау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Сұрыптау алгоритмдерін анықтау;

Көптеген оқушылар үшін:

Сұрыптау алгоритмдерін салыстыру;

Кейбір оқушылар үшін:

Сұрыптау алгоритмдерін қолдану.

Оқу мақсаты:

9.3.2.1- сұрыптау алгоритмдерін қолдану

Бағалау критерийі:

  • Сұрыптау алгоритмдерін анықтайды;

  • Сұрыптау алгоритмдерін салыстырады;

  • Сұрыптау алгоритмдерін қолданады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминология:

Сұрыптау-сортировка-sort, массивті сұрыптау-сортировка массива- sorting array, жылдам сұрыптау-быстрая сортировка-quick sort, көбік-пена-foam, таңдау-выбор-selection

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Сұрыптау деген не?

  • Массив элементтерін сұрыптау дегенді қалай түсінесің?

Осы тақырыпқа байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдарды келтіре аласың?

Жазу:

Сұрыптау алгоритмдерін жазыңдар.


Пәнаралық байланыс:

Математикалық амалдар, ағылшын тілінде сөздер қолданылады.

Тірек білім, білік, дағдылар

Массивті сұрыптау.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы:


Ой сергіту жаттығуы. «Титаник» ойыны Титаник кемесі апатқа ұшыраған, құтқарушылар адамдарды құтқару үшін келіп тұр. Бірақ барлығы қайыққа сыймайды. Сол үшін жағдайларына қарап құтқару керек. Үш құтқарушыға жасырын тапсырма берілген. Бірінші құтқарушы жағдайын айтып келген әрбір екінші адамды құтқарады, екінші құтқарушы жағдайын айтып келген әрбір үшінші адамды құтқаруы керек. Ал үшінші құтқарушы қанша жағдайын айтса да құтқармай тұрады.

Қайыққа отыру үшін оқушылар құтқарушыларға барынша жағдайларын айтады. Мысалы, үйде қарт әжем бар, анамды емдетуім керек деген секілді сылтау айтылады.

Бұл ойында адамдарды жағдайына қарап сұрыптау арқылы тақырып ашылады.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Өткен тақырып бойынша оқулықта берілген тапсырмалардың шығу жолын тақтада, топта талдайды.

Ауызша мадақтау, ынталандыру.















Сабақтың ортасы:






















































Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау

  • Сұрыптау деген не?

  • Массив элементтерін сұрыптау дегенде не түсінесің?

  • Осы тақырыпқа байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдарды келтіре аласың?


Оқулықпен жұмыс


Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім толықтырып отырады.

Компьютермен жұмыс

«Алма сыйлау» жобасы

Гүләселдің N алмасы бар (0<N<100). Алмаларының салмақтары ai массивін құрайды (ai<1000). Гүләсел сіңлісі Гауһарға сол алмалардың арасынан ең үлкен К алмасын сыйлағысы келеді (0<К < N). Python программалау тілінде Гүләселге сыйға тартатын алмаларын таңдауға көмектестін программа дайында.

Түсініктеме: Жобаның программасын дайындау кезеңінде алмалар салмағына арналған массивті кездейсоқ сандармен құраймыз. Алмалардың санының шегі үлкен болғандықтан, жылдам сұрыптау үшін Qsort әдісін қолданамыз. Жобаның программалық кодында (3-код) алмаларды салмағының кему ретімен орналастырамыз. Сый- лауға алғашқы К алманы нәтиже ретінде баспаға береміз

Топтық жұмыс

«Алма сыйлау» жобасының программасына талдау жүргіз. Жоба программасындағы әрбір оператордың қызметін және ұйымдастырылған әрбір циклдің қызметіне жеке-жеке талдау жасап, нақты қызметін айқындаңдар.

Жұптық жұмыс

Сыныптастарыңды көркем әдебиет оқуға шақыру мақсатында «100 кітап жобасы» аясында өздерің оқыған 10 кітаптың атауы мен шыққан жылы бойынша екі массив құрастырып, төмендегі шарттарды орындайтын жобаның жоспарын жасап, ұсын.

  1. Кітаптардың атауларын әліпби бойынша ретте.

  2. Кітаптарды шыққан жылы бойынша жаңасынан ескісіне қарай сұрыптау жүргізіңдер.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау.
































Сабақтың соңы







Рефлексия

  1. Массивті сұрыптау деген не?

  2. Массивтерді сұрыптайтын негізгі әдістер туралы не айтуға болады?

  3. Сұрыптау алгоритмдеріне қандай талаптар қойылады?

  4. Сұрыптауды қолданып, массивтің минималды элементін қалай табуға болады?

  5. Ең жылдам сұрыптау әдісі жайлы не айта аласың?

  6. Көпіршік әдісте сұрыптау қалай жүзеге асады?


Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Қандай тапсырма қызықты болды? Көңіл күйім қандай?







Үй тапсырмасы

Жинақтау бөлімінде «100 кітап жобасы» аясында өздерің оқыған 10 кітаптың атауы мен шыққан жылы бойынша құрастырған деректерің бойынша жоспарлаған жобаларыңның визуалды ортада жобасын дайында.

Оқулық, компьютер


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!