Материалдар / ҚМЖ жаратылыстану "Уақытты анықтау не үшін қажет?" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ жаратылыстану "Уақытты анықтау не үшін қажет?" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сыныпқа жаңа үлгідегі сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
4173
36 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Күні:12.12.16

Сынып: 1

Мектеп: Қаршы ОЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні:Султанова Ж.Т

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Уақытты анықтау не үшін қажет?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.3.1. Уақыттың маңыздылығын түсіндіру

1.4.3.2. Уақытты өлшеу құралдарын анықтау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Уақытты өлшеу құралдарын анықтап,айта алады.

Көптеген оқушылар: Уақыттың маңыздылығының себептерін атайды.



Кейбір оқушылар:Оқушыларға уақыттарын тиімді пайдалану үшін өз күн тәртібін құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Уақыт,сағат

Сыныптағы диалог:-Біз қандай уақытты өлшеу құралдарын білеміз?

-Сағаттың қандай түрлерін білеміз?

Сағат-часы-cloсk


Құндылықтарды дарыту




Оқушылардың бір-біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Оқушылардың бойында өмірге деген қызығушылықтары оянып, уақытты үнемді пайдалану керек екенін түсініп, сағатты тануға ынталандыру


Пәнаралық байланыстар

Математика,дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик «Уақытыңды құртпа» балалар мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v hAHw GbOhHw

Бастапқы білім


Оқушылар сағатты таниды және оның не үшін қажет екенін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут













5 минут



















2 минут

Ширату

Ұ.Оқушылар шеңбер бойымен жүреді.

Сағаттың тілімен иіліп оңға бір

Сағаттың тілімен иіліп солға бір

Оң аяқ,сол аяқ жаттығу оңай- ақ

Сағаттың түрлері бар суреттер арқылы топқа бөлемін.

Ойын: «Тауып көр» әрбір топ ишара арқылы сағаттың түрін жасырады,қалған топ жасырған сағат түрін табады.

Қ.Б: Мұғалімнің қолпаштауы «Жарайсың» «Бәрекелді»

(Ұ) «Сұрақты қағып ал» ойыны арқылы өткен сабақты бекіту.Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып доп лақтырады,оқушы жауабын айтып кейін қайтарады.

-Бұл не?

-Глобус ненің моделі?

-Глобустың пішіні қандай?

-Глобустың басым бөлігі қандай түске боялған?

-Ол түстер нені білдіреді?

ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы оқушыларды бағалау


Сабақ мақсатымен таныстыру Бүгін біз сабақта Уақытты анықтаймыз.

-Уақыт деген ойларыңа не келеді?

-Уақытты немен анықтаймыз?

-Сағатпен

-Сағаттың қандай түрлерін білеміз?

-Қол сағат,су сағат,құм сағат,жар сағат,электронды сағат.

Picture 2 Picture 6 Picture 4

Picture 2 Picture 8 Picture 10


(Ұ) Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма Суретке назар аударып,сұраққа жауап берейік

-Олар саяхатқа қалай дайындалған?

-Олардың қолында не бар?

-Олар қазір қай қалада тұр?

-Сапаржайда уақыт нешені көрсетіп тұр?

-Картаға назар аударыңдар олар қайда бара жатыр екен?

Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқан.Бурабайдың тау-тасы,көлі де,жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы.

-Негеш пен Эврика бірден Бурабайға бара ала ма? Неге?

-Олар қандай көлікпен барады?

-Онда жету үшін қанша уақыт алады деп ойлайсыңдар?

Талқылау жүргізіп,қажетті жерге жету үшін белгілі бір уақыт керек деген қорытынды жасаймыз.Баратын жер неғұрлым алыс болса соғұрлым көп уақыт жұмсалады.


ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы топтық бағалау.




Құмсағат,механикалық,электронды,қол сағат,жар сағаттың фото суреттері.













Глобус





















































Оқулық 60-бет

























Сабақтың ортасы

20 минут

















































































































7 минут




































(Ұ)-Балалар енді бейнероликке назар аударамыз.

2- тапсырма Гүлдің өсуіне қанша уақыт қажет?


(Ж) –Бірінші суретте не бейнеленген?(тұқым)

-Екіншіде?(Өскін)

) – Өскін қалай пайда болды?(Тұқымнан)

-Үшінші суретте не бейнеленген?(Өсімдік гүл жарды.)

-Сендер қалай ойлайсыңдар бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті?(Бір айға жуық)

-Уақытты тоқтатып қоюға бол ма?(жоқ)

-«Егер уақыт тоқтап қалса, онда....»(өз ойын айтқызу)

Уақыт көзге көрінбейді,қолға ұстауға болмайды деп қорытынды жасап жинақтаймыз.

Қ/Б: «Бағдаршам»әдісі арқылы бағалау

Сергіту сәті

Сағат түнгі бір (ұйықтайды)

Сағат таңертеңгі сегіз (оқушы болып отырады)

Сағат түскі он екі (тамақ ішіп жатқан сияқты қимыл көрсетеді)

Сағат түскайтадағы үш (теледидар көреді немесе ойнайды)

Қимылмен көрсетеді.


А-тобы Уақытты анықтайтын құралдар мен әдістерді атайды

В-тобы:Оқушылар сағаттар қай жерде,не үшін қажет екенін айтады.

С -тобы:Уақытты анықтайтын құралдар мен әдістерді атап,олардың ішіндегі ең дәл көрсететінін анықтайды.

Қ/Б: «Бағдаршам»әдісі арқылы бағалау

Бағалау критерийі: Білім алушы

-Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді.

-Уақытты өлшеу құралдарына қатысты өлшем бірліктерін ажыратады.

1-тапсырма Суреттен уақытты өлшеу құралдарын тауып,белгілеңіз.Оларды атаңыз.

Дескриптор:Білім алушы

-уақытты өлшеу құралдарын (құмсағат,секундомер,қол сағат,күнтізбе) белгілейді.





2- тапсырма Уақыттың өлшем бірліктерін ең кішісінен бастап өсу ретімен нөмірлеңіз.Олардың қайсысы сағаттың көмегімен анықталады?Қайсысы күнтізбенің көмегімен анықталады?Сызық арқылы косыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен нөмірлейді

-сағаттың көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін анықтайды

-күнтізбенің көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін анықтайды


Ө/Ж Дәптермен жұмыс

Кеш-ерте.Оқушылар суреттерді қарайды.

-Ағаш басында қандай болды?

-Ол бірден үлкен болып өстіме?Қалай өсті?

Ағаштар қанша жыл тіршілік ететіні туралы мәліметті ұсыну.Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып,нөмірлеп,бояйды

Қ/Б:өзін-өзі бағалау

Зерттейік Т/Ж

Осы зерттеуді холда жасаймыз.Сыныпты топқа бөлемін.Практикалық жұмысты жүргізу үшін бірінші топ-құмсағатты,екінші топ механикалық,үшінші топ-электронды сағатты алады.Мәренің орнын анықтап,аралығын қадаммен өлшеймін.Оқушылардың арасынан осы арақашықты кезекпен жүгіріп өтетін үш оқушыны таңдап аламыз.Әрбір жүгіру кезінде топтағы басқа оқушылар уақытты белгілеп,жазып тұрады.Содан кейін оқушылар сағаттарын алмастырып,тәжірибені қайталайды.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін

-Осы уақытты құмсағаттың көмегімен өлшеуге бола ма?

-Оқушылардан қай сағат бәрінен де нақты болды?

Оқушылар «Құмсағатта циферблат жоқ,сондықтан дәл уақытты анықтау қиын.Механикалық және электронды сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады,алайда электронды сағат ыңғайлы деген қорытынды жасай алады.

Қ/Б:Мұғалімнің қолпаштауы




Бейнеролик «Уақытыңды құртпа»





Оқулық 60- бет



























































43-бет






Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

«Желкенді кеме»әдісі арқылы оқушы кемені бояйды.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылар тақырыпты жетік меңгеру үшін тілдік мақсаттың диалогтік тармақтарын қолданамын. Саралау тәсілдерінің ішінен:тапсырма(деңгейлік тапсырмалар),диалог және қолдау көрсету, көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін.




Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданған әдіс-тәсілдер: «Сағаттың түрлері»ойынында мұғалімнің қолпаштауы,ұжымдық жұмыста «Бағдаршам»арқылы,жеке жұмыста өзін-өзі бағалау,тәжірибелік жұмыстан кейін «Басбармақ»арқылы,сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізуде «Желкенді кеме»әдісі арқылы өз-өздерін бағалауды пайдаландым.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Ширату,сергіту сәті кезінде топтық ережені сақтау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!