Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

ҚМЖ Мəтінмен жұмыс істеу 2 сынып Цифрлық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Мəтінмен жұмыс істеу 2 сынып Цифрлық сауаттылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі

III бөлім. «Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім».

Педагогтің аты-жөні

Абдуллина Э.С.

Күні


Сыныбы

2 Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мəтінмен жұмыс істеу

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты

Кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыру

Бағалау критерийлері

Ата мен немере диалогі. Отан, туған жер туралы əңгімелейді;

«Əке мен бала» жобасын жасайды;

Scratch-те кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыруды үйренеді.

Құндылықтар


Ұлттық құндылықты дәріптеу;

уақытты ұтымды жоспарлау;

өзара жауапкершілікті және өзара құрмет құндылықтарын дамыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны

Ойынның шарты: Бұл ойында барлық əрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің соңынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мəселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомəшине т.б.).

Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына əлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған оқушының арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.

Бұл ойын оқушыларға псиологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй орнатады.

Топтастыру

Топтастыру. «Төрттік» əдісі

Сыныптағы оқушыларға «əке», «ана», «бала», «ата» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар əке, ана, бала, ата туралы əннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.

Тиімділігі: оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтастығы артады.

(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.

Оқушылар

1-суретте ата мен немере диалогі бейнеленген.

Олар не туралы əңгімелесіп жатыр деп ойлайсың?

Отан, туған жер туралы отбасыңда кімдер əңгіме қозғайды?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.



ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып,

жауап береді.

Scratch-те кейіпкері сөйлейтін жобалар құрып көрдің бе?



Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде жеткізеді.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақта арқылы сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).

(МК, Т)

Оқулықпен жұмыс Оқушылар оқулықтағы

«Жаңа білім» айдарымен берілген ақпаратпен танысады. Оқу уақыты біткен соң топпен талқылау жүргізіледі.

Мұғалім топтық талқылауға қатысады.

Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылады, мұғалім сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор

  • Жаңа тақырыптың мəтінін оқиды, танысады.

  • Топтар арасында талқылайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.

Топтар бір-бірін сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай

«Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта


(МК, Ө)

Практикалық жұмыс Оқулықта берілген практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен компьютерде орындайды. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар өздігінен келесі тапсырманы орындауға

бейімделеді.

Тапсырма: Жобаның фонына даланың суретін, 1-кейіпкер ретінде баланың, 2- кейіпкер ретінде əкенің суретін дайындаймыз (2-сурет).

Оқушылар өзін- өзі «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.


Интерактивті тақта




(Ө) 1-

тапсырма

3 жəне 4- суреттегі жоба скриптілерін талда. Келбет (Внешность) блогына жататын командалардың тізімін жаса. Бұл командалардың жобадағы

қызметін ата.

Дескриптор

Суреттерде берілген жоба скриптісін талдайды.

Келбет (Внешность) командасының тізімін жасайды.

Команданың атқаратын қызметін атайды.

Оқушылар өзін- өзі «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.


Интерактивті тақта


(Ж) 2-тапсырма Əке мен баланың диалогіне тағы бір-бірден сөйлем қосу үшін жоба скриптісіне өзгеріс енгізіңдер.

  • Берілген тапсырманы өзара талқылайды.

  • Дайын жоба скриптісіне өзгеріс енгізеді.

  • Əке мен бала диалогіне сөйлем қосады.

Оқушылар бірін-бірі тапсырма орындау деңгейіне байланысты

«Отшашу»

əдісі бойынша бағалайды.


Интерактивті тақта


(Ж) 3-

тапсырма.

«Əке мен бала» жобасын «d» мен

«f» пернелері арқылы басқару үшін скриптілерге жасалатын өзгеріс алгоритмін ұсыныңдар.

Дескриптор

  • Жұптасып тапсырманы талқылайды.

  • Жобаға жасалатын өзгеріс алгоритмін ұсынады.

Оқушылар өзін- өзі «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.


Сабақтың соңы (6 мин.)


Сабақты бекіту.

Рефлексия

ІІІ. Ой

толғаныс. Рефлексия. (Ө) «Еркін

микрофон» əдісі бойынша бүгінгі сабақтан алған əсерін, нені оқып зерделегенін, нені үйренгенін айтады.

«Жоба кейіпкерлерін сөйлетудің қандай маңызы бар?»

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.


1 мин.

Үйге тапсырма беру. Қайталау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12