Материалдар / ҚМЖ "Н дыбысы мен әрпі"

ҚМЖ "Н дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Н н» дыбысы мен әрпін ажыратады, әріпті дыбыспен сәйкестендіреді
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар



Мектеп:

Сабақ тақырыбы: Н дыбысы мен әрпі


Күні

Мұғалімнің есімі: Кусейнова Нурсауле

Сынып: 1

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.3.8.1 жазу жолын жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап әріп элементтерін каллиграфилық талаптарға сай жасау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: «Н н» дыбысы мен әрпін ажыратады, әріпті дыбыспен

сәйкестендіреді

Оқушылардың басым бөлігі:Берілген сөздерді буындап, тұтастай және түсініп оқу дағдысы дамиды

Кейбір оқушылар:Сурет бойынша әңгіме құрайды, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже

Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріп оқиды

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды

Каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Н н дыбысы, әрпі

Терминология: Негеш Неге? неліктен? не үшін? нан, ана, күн

Сөз тіркестері:

-Дүниедегі ең жақын адамың кім?

-Ең қажетті ас қалай аталады?

-Мектепте қандай бөлмелер болады? ( дүниетану, кітапхана, асхана)

-Мектеп ауласында қандай өсімдіктер өседі?

Неліктен екенін айта аласыз ба?

Талқылау:

-Жұмбақтың шешуіндегі алғашқы дыбыс қандай дыбыс?

-Бұл дыбыс қалай айтылып тұр?

Не себепті дауыссыз дыбыс деп ойлайсыз?

-Тағы кімде қандай ой бар?


Құндылықтарды дарыту

Ата-ананы сыйлауға, нанды қадірлеп, еңбек адамдарына деген ерекше құрметпен қарауға, ынтымақтаса жұмыс жасауға, зеректікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану («Мектепке саяхат»), жаратылыстану («Өсімдіктердің қандай түрлері болады?»)

АКТ қолдану дағдылары

Аудиотыңдалым, үнтаспа, слайд (ана туралы, нан туралы)

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы біледі, дыбыстық талдау жасай алады,сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан, оқуды, жазуды біледі


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

«Ширату» кезеңі

Кітап жатыр сөмкеде

Қалам жатыр үстелде

Дәптер жатырпартада

Бәрі –бәрі орнында

-Өз мектептерің туралы не айтар едіңдер? (ой қозғау)

-Мектеп ауласында қандай өсімдіктер өседі? (мәдени өсімдіктер)

-Мектепте қандай бөлмелер болады? ( дүниетану, кітапхана, асхана)

Осы сөздердегі ерекше белгімен тұрған әріпке көңіл бөлейік.

Әр оқушыға алдарына 3 таяқшадан беріп Н әрпін құрастыру

Бағалау «Үш шапалақ»

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Мектебіме саяхат Н н дыбысы және әрпі

Мақсатымыз: Н н әрпін танимыз, бас әрпі мен кіші әріптерді ажыратамыз және оны дыбыспен сәйкестендіреміз. Буындап оқып, тұтас оқып, түсініп оқи отырып сурет бойынша әңгіме құрайтын боламыз .


музыкасымен




Мәдени

өсімдіктер,

дүниетану

кітапхана,

асхана



3 таяқша

Ортасы

Топқа біріктіру

Сары, қызғылт сары, қоңыр түсті жапырақтар арқылы бірігеді

-Не себепті жапырақтың осы түсін таңдадық? (пікірлерін тыңдау)

-Күз мезгілімен байланыстыра айтады. Күзгі ерекшеліктерге тоқталу

(барлық көкөністер, егіндердің пісуі т.с.с)

Тыңдалым Оқулықтағы берілген тапсырманы тыңдату, оқушыны ізденуге жетелеу

-Негеш деген кім екен балалар?

-Біз оған көмектесе аламыз ба?

Досқа көмектесу өте қажетті қасиеттердің бірі.Ол сендерден мынa сұрақтардың жауабын сұрап тұр.

-Дүниедегі ең жақын адамың кім? (пікірлерін тыңдау)

-Ең қажетті ас қалай аталады? (пікірлерін тыңдау)

(ана, нан сөздері)

Бағалау «Бармақпен»

Жұмбақ шешу «Ойла да ойна»
Асты тас, үсті тас

Ортасында піскен ас

-Ол не?
-Нан
-Нан дегенде қандай дыбыс бірінші естіледі? 
-Н дыбысы

Н дыбысы тағы сөздің қай жерлерінде келіп тұр?

-Соңында келіп тұр

-Ана деген сөзде ше?

-Сөздің ортасында

-Н дыбысы сөздің қай буындарында келеді екен, ойланып көрейікші(өздеріне ойландыру арқылы ереже)

Н әрпінен келетін сөздер айттыру

-Н дыбысы құлағымызға қалай естіліп тұр?

-Қысқа болып естіледі.

Н дыбысын бәріміз айтып көрелікші, Н дыбысын айтқан кезде қандай дыбыстау мүшелеріміз қатысады екен?

-Тіл мен тіс, мұрын жолы арқылы шығады

-Демек, бұл-дауыссыз дыбыс (көк түсті дөңгелекті көрсету)

Н дыбысымен таныстыру(баспа және жазба түрі), ауада, тақтада жазу

«Сөзбен бағалау»

Дәптермен жұмыс

Н н (элементтерін сақтау)

Бағалау Фигуралар (бесбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш)

«Графикалық органейзер» әдісі арқылы кестемен жұптық жұмыс жасау.

Ана нан

а


а





а





Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»

Оқу мақсаты 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Бағалау критерийі Білім алушы

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды

  • Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріп оқиды

Ойлау дағдыларының деңгейі : Қолдану

«Жұбын тап» әдісі арқылы (Суреттерді сөздермен сәйкестендір

1-тапсырма

ша-на

Са-бын

қо-ша-қан

қант


(осы жерде суреттері бар)

Дескриптор

Білім алушы - сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;

- сөздерді буын санына қарай с суреттермен сәйкестендіреді.


2-тапсырма

Суреттегі заттың атын ата. Сөздің ішінен н әріпін қоршап сыз.

Балапан ананас қауын

Әткеншек тон әйнек

Дескриптор Білім алушы

- суреттегі заттың атын айтады;

- сөздің ішінен н әрпін қоршап сызады.

Бағалау «смайлик»


Сергіту сәті

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып,қастерлеп

Торғайларға тастаңдар


«Шашылған әріптер» ойыны

Ана, нан.

Күн сөзіне дыбыстық талдау жасау(тірек сигналдарды қолдана отырып жаздыру, тұсына әріптерін қойдыру)


Оқылым.

Ұжымдық жұмыс. Буындарды, сөздерді хормен жеке, тұтас түсіне отырып оқыту.

Бағалау. «Бағдаршам» түстері арқылы

Топтық жұмыс «Сурет бойынша әңгіме»

«Нан дастарханға қалай келеді?»

Тапсырма: Сұрақ құрастыра отырып, әрқайсысы жауабын әңгімелеп айтады. Ортадан бір оқушы шығып әңгімелейді.

«Өзара бағалау»








Аудио үнтаспа

Оқулық

Негеш суреті

http.//www.

balalaralemi/kz

https.//www.

googie.kz


Ана

нан суреттері











Тірек сигнал

Н баспа, жазба түрі










Қызыл, көк түсті дөңгелекшелер, әріптер



суреттер





кесте




смайлик












парақтар





















Шашылған әріптер





оқулық




суреттер

Аяқталуы



«Бір минуттық әңгіме» тәсілі

Бүгінгі өтілген сабақтан алған әсерлері туралы жұптарымен әңгімелеседі



Рефлексия

Бүгінгі сабақты қалай меңгердім?

Қолымнан Бәрін Қолымнан

бәрі үлгірмедім, ештеңе

келді бірақ... келмеді










суреттер

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Жалпы тапсырмалар мазмұнын оқушылардың білім деңгейіне қарай жлспарладым.

Барлық оқушыларға нұсқау бере отырып, өздерінің не түсінгеніне тапсырмаларды орындау барысында көз жеткізуге тырысамын. Суретбойынша әңгіме тапсырмасы оқушылардың қабілетіне қарай топтастыру арқылы сараланады.

Себебі: оқушылар әңгіме құрастыру кезінде оқушылар қабілеттерін толық көрсете алады.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Білім алушылардың жаңа сабақты меңгергендігін, оқу мақсатына жеткендігімді білу үшін критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрін қолданамын. Бағалаудың түрлерін қолдану арқылы әрбір тапсырмадан соң оқушы жұмыстары бағаланып отырады.

Басбармақ, геометриялық фигуралар, смайликтер, мақтау-мадақтау тәсілдері арқылы оқушы жұмыстарын бағалаймын.

09 Наурыз 2021
4640
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі