Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ Пернетақтамен жұмыс. Жоба жасау 2 сынып Цифрлық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Пернетақтамен жұмыс. Жоба жасау 2 сынып Цифрлық сауаттылық
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлімі

III бөлім. Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні

Абдуллина Э.С.

Күні


Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Пернетақтамен жұмыс. Жоба жасау

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты

Пернетақтамен жұмыс

Бағалау критерийлері

Өзі оқитын мектебін ауызша сипаттап, оны пернетақтаның көмегімен тереді;

пернетақтада жылдам теруді үйрететін қандай программаның бар екенін айтады;

пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастырады.

Құндылықтарға баулу

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету. Сабақта практикалық жұмыс орындау кезінде жауапкершілікке баулу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс- əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту: «Айна» ойыны

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та орындауға болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-əлпетімен əртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна-қатесіз қайталайды: оңды сол, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен ауысады.

Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.

Топтастыру

Топтастыру: «Төрттік» əдіс.

Сыныптағы оқушыларға «əке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар əке, ана, бала, дос туралы əннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.

Тиімділігі: оқушылардың бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтасады.

(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша

Оқитын мектебіңді үш ауыз сөзбен сипаттай аласың ба?

(1-сурет)

Сипаттаған сөздеріңді пернетақтада қалай жылдам теруге болады?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Бас бармақ» əдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы! Талпын!



өз ойларын айтып, жауап береді.

Пернетақтада жылдам теруді үйрететін қандай программаны білесің?



Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ортаға салады.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).

(МК. Т) Оқулықпен жұмыс.

«ДЖИГСО» əдісі Көлемді мəтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1- ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың əрқайсысы өз нөміріне сəйкес мəтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар тобында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мəтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1- топқа, т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау

жүреді.

Дескриптор

  • Жаңа тақырыптың мəтінімен оқып, танысады.

  • Топтар арасында талқылайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.

Топтар бір-бірін сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай

«Басбармақ» əдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы! Талпын!


Мақсаты: берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, əртүрлі тəсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамытады.

Тиімділігі: ынтымақта, бірлікте жұмыс істеуге, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.

Интерактивті тақта


(МК. Ө) Практикалық жұмыс

Оқулықта берілген пернетақтамен жаттығу жасауға арналған тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындауға болады.

Интерактивті тақта


(Т) «Кластер» əдісі Тұжырымды ойларын плакатқа түсіріп, топтық жұмыс қорғалады

(постер).

Дескриптор

  • Пернетақтада жылдам жазу үшін не істеу керектігін айтады.

Топ мүшелері бір- бірін «Басбармақ» əдісі бойынша бағалайды.

Жарайсың! Жақсы!


Интерактивті тақта




«Ө» рубрикасымен берілген тапсырмаларды топпен, жұппен талқылай отырып орындайды.

1-тапсырма. Пернетақтада жылдам əрі қатесіз жазу үшін не істеу керек? Өз жаттығу ережелеріңді ұсыныңдар.

  • Пернетақтада қатесіз жазу үшін не істеу керектегін айтады.

  • Өздерінің жаттығу ережелерін ұсынады.

Талпын!


Мақсаты: идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтайды, тұжырымдайды.

Тиімділігі: тақырыптың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды

жинақтайды.



(Ж) 2-тапсырма. Пернетақта пернелерінің басылуы жайлы дерек берілген. Сол деректі пайдаланып терілген əріптер тізбегін тап.

Мысалы, 3А2р2а=АААрраа

Дескриптор

  • Жұптасып тапсырмамен танысады, талқылайды.

  • Берілген деректерді пайдаланып, терілген əріптер

тізбегін табады.

Жұптағы оқушылар бір-бірін тапсырма орындау деңгейіне байланысты

«Басбармақ» əдісі бойынша бағалайды. Жарайсың!

Жақсы! Талпын!


Интерактивті тақта


(Ө) 3- тапсырма Мына пернелер ретімен басылғанда қандай мəтін пайда болады?

  • 1-пернелердің дұрыс реттілігін табады.

  • 2-пернелердің дұрыс реттілігін табады.

Оқушылар тапсырма орындағанына қарай өзін-өзі

«Басбармақ» əдісі бойынша бағалайды. Жарайсың!

Жақсы! Талпын!


Сабақтың соңы

(7 мин.)


Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия (Ө) «Ұшақ» əдісі

Оқушылар қағаздан ұшақ жасап, ұшақтың бір қанатына өздерінің сабақтан алған жаңалықтары мен білімдерін жазады. Ал екінші қанатына: «Не үшін пернетақтада жылдам əрі қатесіз жазуымыз керек?» дегенге жауап жазады.

Ұшақты қалаған бағытқа ұшырады. Кімге келіп қонса, сол оқушы ұшақтағы мəтінді оқып, сыныптастарына таныстырады.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Басбармақ» əдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы!

Талпын!


Мақсаты: идеяларды жинақтап, жазбаша кері байланыс береді.

Тиімділігі: идеялар талқыланады, жинақталады.

Үй тапсырмасы

қайталау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12