Материалдар / қмж ҚАЗАҚ ТІЛІ 7-СЫНЫП 1-ТОҚСАН
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қмж ҚАЗАҚ ТІЛІ 7-СЫНЫП 1-ТОҚСАН

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Шілде 2024
716
2 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітілді:

Бөлім

Денсаулық – зор байлық.Лексика

Педагогтің аты-жөні

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні

19.10 2022

Сынып

7«Г »

Сабақтың тақырыбы

Денсаулықты сақтау – үлкен өнер 7-8-сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жазу;

Сабақтың мақсаты


- мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды

- жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жазады

Құндылықтарды дарыту


- Рухани құндылық

- Қазақ халқының даналығы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(5минут)

Ұйымдастыру кезеңі:

амандасу;

оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

Өткенді еске түсіруге арналған сұрақтар


Сұрақтарға жауап береді.



Сабақтың басы

10 минут

Миға шабуыл

Сыныптағы барлық оқушылар қатысып, оқуға және сабақ мақсатына қолжеткізуге ынталандырылады.

Оқушылар кестені толтыра отырып,

оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. Сабақ мақсаты оқушылармен бірге анықталады.


Берілген сұрақтарға жауап береді.

Берілген ақпараттарды дәптерге жазып алады.

Ойшақыру:

Көп нүкт нің орнындағы сөздерді сөзжұмбаққа түсіріп, ерекшеленген қатардан шыққан сөзді басты денсаулық кепілі ретінде алып

1. Көзің ауырса қолың ды ...

2. ... қайда, сұлулық сонда.

3. Денсау лық – ... байлық.

4. ... батпандап кіріп, мысқылдап шығады.

5. Бас аманда ... тәтті, Бас ауырса, жан тәтті.

6. Ыдыс таза болса, ... дәмді.

7. ... – саулық негізі.

2 балл



Сабақтың ортасы 30








































Слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.



Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін тыңдатылады. Оқушылардың жұмыс жасау дағдыларын бақылау

Көшпенділіктің пайдасы мен зияны туралы материалдарды оқушылар өздері жинақтауы керек. Олар таба алмай жатқан жағдайда мұғалім жол көрсетіп жібереді

Теориялық бөлім.


Нұсқаулық 1. Оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын әзірлеу

1.1. Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін құру. Әр мектепте оқушыларды сауықтыру бойынша Кеңес құру ұсынылады. Кеңес - оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын құруға жауапты топ. Кеңеске мектептің түрлі сегменттерінің өкілдері кіруі тиіс, оның ішінде, денсаулық сақтау саласының және дене шынықтыру мұғалімдері, тамақтану қызметінің қызметкерлері, оқушылар, оқушылардың ата-аналары, мектеп басшылығы, және мектеп мейірбикелері. Мектеп Кеңесі ай сайын жиналуы тиіс.

Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесі оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасының саясатын, тәжірибелік қызметін және қорын басқару үшін Үйлестірушіні сайлауы тиіс. Кеңес Үйлестірушісінің қызметі:

Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты мектеп қызметкерлерінің бірлескен жұмысына септестік ету;

Аудандарда және басқа мектептерде денсаулық сақтау және қауіпсіздік бағдарламасына жауапты тұлғалар мен мектептің арасындағы байланыс құралы ретінде болу;

денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы басымдылықтар туралы мектеп директорына, қызметкерлерге, ата-аналарға және оқушыларға хабарлау;

мектептегі денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы қызметті қолдау үшін сенімді қаржыландыруда (субсидия алу) немесе басқа қормен қамтамасыз етуге көмектесу;

сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасының материалдық қорын басқару;

мектептегі денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласының материалдарын дамытуда, сондай-ақ, оқу материалдарын таңдауда септестік ету;

Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін ұйымдастыру және өткізу;

Мектеп қызмектерлері үшін кәсіптік даму бағдарламасын енгізуге септестік ету.

Дарынды оқушылар мұғалімнің көмегінсіз толық орындайды.

ЕББҚ ететін оқушыға тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер дайын күйде беріледі.


2-тапсырма. «Аурудың себептері және одан сақтану» деген тақырыпта төменгі сынып оқушысына нұсқаулық жазыңдар.

­Үлгі:

Ауырмау үшін мына қағидаларды есте „сақтаған жөн:

Көп қозғалыс жасамаған бала жиі ауырады. Сондықтантаңертең дене жаттыуларын жасаған дұрыс.

Тымырсық жерде көп отырсаң, басыңауырады. Сондықтан...


Дескриптор:

Жанрлық ерекшелігін сақтай алады;

Көркемдегіш құралдарды орынды қолданады; Жұмыстың сауаттылығы;

ҚБ. Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі

2-тапсырма. Кестеде берілген мәліметтер бойынша мәтін құрастырыңдар.

Дескриптор:

-берілген ақпараттарды жинақтайды

-мәтін құрастырып жазады.

Оқу тапсырмасы:5-тапсырма, 35-бет





Дескриптор арқылы

4 балл

















Дескриптор арқылы

4 балл

7-класқа арналған Қазақ тілі оқулығы


«Атамұра» баспасы









Сабақтың соңы 5 мин

Кері байланыс «БББ» әдісі









Бөлім:

Денсаулық- зор байлық.Лексика

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні: 17.10.2022

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Денсаулық кепілі 4,5-сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.2.1 публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

Сабақтың мақсаты

публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау

Сабақтың ортасы

Тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, салстырыңыз.

1-мәтін


Басты байлық -денсаулық

Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ, қазіргі заманда адам ағзасына тиер залал да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге түскен сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.
Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез -келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың спортпен айналысудың маңызы зор.

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей, «Бірінші байлық – денсаулық»- демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет.

https://multiurok.ru/files/basty-bailyk-diensaulyk.html

Авторы: Байтуреева Айгерим Шарипбековна


2-мәтін

2023 жылдың 20 наурызында 7-сынып оқушылары арасындағы тоғызқұмалақ өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты -Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету.  Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық  ойындарға  деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.Сайысқа қатысушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломадармен марапатталады.

Ұйымдастырушы: дене шынықтыру бірлестігі

Өтетін орны: Ақтөбе қаласы,Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Басталуы: сағат 10:00-де

Байқау талаптары бойынша толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы алуға болады: +77172569142, +77017894563


Екі мәтіннің ұқсастығы


Екі мәтіннің айырмашылығы


1-мәтін

2-мәтін



Идеясы



Стилі



Мазмұны



Тілі











Мәтіндерді оқып , ұқсастығы мен ерекшілігін ажыратады.

  • мәтіндерді салыстырады;

- ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

  • идеясы мен стилін анықтайды;

-тілдік құралдарды ажыратады.




Мәтін жазылған таратпа материалдары

Сабақтың соңы



Кері байланыс береді

1-10 балл аралығында бағалау


     

























Бөлім:

Денсаулық- зор байлық.Лексика

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні: 12.10.2022 ж.

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Рухани денсаулық-өмірдің мәні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Сабақтың мақсаты

мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды;

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазады (дискуссивті эссе)

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау

Сабақтың ортасы

Дискуссивті эссе (келісу/келіспеу эссесі)


Дискуссивті (келісу/ келіспеу эссесінің) эссесінің құрылымы

І. Кіріспе

Тақырып /проблема, сұрақ, қарастыратын мәселе:

  • сұрақтан бастаңыз немесе цитата келтіріңіз

  • мәселенің себебіне тоқталыңыз

  • қарама-қайшы пікірлер келтіріңіз.

  • Ежелден ... түсінік бар, ата-бабамыздан келе жатқан... ғасырлар бойы қалыптасқан түсінік бойынша ... адамзат екі түрлі пікірде / даулы мәселе туралы толғанған, ... әлі күнге дейін...

  • Адамзат қашанда .... армандаған

  • Кейбір адамдар ... ойлайды. Ал кей адамдар ... деген тұжырым жасайды. Оған түрлі себептер бар... Біз әлі күнге еш қорытындыға келе алмай отырмыз...

  • Әдетте ... халық түсінігі бойынша... бұл ой жиі алдымыздан шығада...

  • Біз бәріміз білетіндей, ...

  • Осыған қалай қарайсыз? Осылай болса қайтер едік? Бұл ғажап емес пе?! Сіз осы туралы ойлап көрдіңіз бе?! Бұл, шынында, таңқаларлық жайт мес пе?

  • Бұл мәселенің артықшылықтармен бірге кемшіліктері де жоқ емес. . Біз ... мәселеден бастап көрейік.

ІІ. Негізгі бөлім

«Қарсы» және «қосыламын» деген пікірді дәлелдейтін аргументтер жеке-жеке абзац болады.

  • Пункттерді енгізу:

  • ең бастысы /ең маңыздысы/ ең үлкен артықшылығы ...

  • тағы бір артықшылығы / кемшілігі ... тағы бір артықшылығы .../ кемшілігі...

  • қолдаушы тағы бір көзқарас /қарсы ... Ең күшті/ бұл туралы ең ...

  • Пункттерді санамалдау:

  • біріншіден ... ең бастысы ...

  • екіншіден... үшіншіден... ең соңғысы... ақырында...

  • Тақырыпқа өң беру:

  • сонымен қоса ... сондай-ақ... тағы бір артықшылығы...

  • осыған қоса... бұдан басқа...

  • Контрастық нүкте қою:

  • басқаша айтқанда... /бір жағынан алсақ.../ соған қарамастан...

  • әзірше .../ сонда да болса.../ сөйтсе де... деп тұжырымдауға болады...

  • Контрастық көзқарастар енгізу:

  • ... деген көзқарас бар / адамдардың көпшілігінің көзқарасы бойынша .../ бұл көзқарасқа қарсы келушілердің пікірінше.../ бұл пікірді қолдаушы адамдар .../ көпшіліктің пікіріне қарамастан ...

  • Мысалдар келтіру

  • мысалы... мәселен... сондай ... қалай ...

Негізгі бөлімде екі түрлі көзқарас сарапталып, дәлелдемелер арқылы тақырып ашылады. Екі көзқарастың біреуіне де басымдық берілмей, тең дәрежеде қарастырылады.

ІІІ. Қорытынды:

ойды, пікірді ашық айту немесе талқыланған мәселенің екі жақты шешімін ұсыну. Оқырманға ой тастау.

қорытындылай келе.../ қорытынды жасасақ.../ тұтас алғанда/ жалпы.../сөз соңында айтарым.../ барлық келтірілген пікірлерді саралай келе.../ жоғарыда айтылғандай.../

.

1-тапсырма

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. Денсаулық туралы, тазалық туралы 100 сөзден тұратын эссе жазыңыз.




Дескриптор:

  • эссе құрылымын сақтайды;

  • тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады;

  • өзіндік көзқарасы бар;

  • мәселенің шешу жолын ұсынған

  • сауатты жазады;




Эссе жазуға қатысты таратпа материалдары

Сабақтың соңы



Кері байланыс береді

1-10 балл аралығында бағалау


     

























Бөлім:

Денсаулық – зор байлық. Лексика

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні: 10.10.2022 ж

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Денсаулық және қоршаған орта 1-сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;

7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаты

тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі;

фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады

Құндылықтарға баулу

Өз ойын еркін білдіруге дағдыланады. Өмір бойы білім алу.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын айтады

Ауызша мадақтау


Сабақтың ортасы

1-тапсырма. Сұраққа жауап бер

Денсаулыққа қоршаған ортаның әсері бар ма?

Тақырыпқа қатысты видео көреді


2-тапсырма. Мәтінді үнтаспадан тыңдап, сөйлеудің қай түріне жататын ажырат.



Тыңдалғаннан кейін оқушылар дәптерлеріне факт мен көзқарастарды екі бөлікке бөліп қысқаша жазады.

Көзқарастар

фактілер




3-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер

Мақала қандай тақырыптарға арналған?

Қандай мәселелер көтерілген?



Сұраққа жауап береді




Диалог, монолог, полилог екенін ажыратады.


Факт (лат.factum – істелгенжүзеге асқан) - әдеттегі мағынада факт «оқиға», «құбылыс» ұғымдарының синонимі боладыФакт – бұл адам қызметінің немесе танымының объектісі болатын реалдылықтың (шындықтыңфрагменті (бөлшегі).


Көзқарас - 1)метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының, құндылықтық бағыттарының жүйесі;2)адамдардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамдағы, кезеңдегі немесе бұрын болған оқиғалар мен құбылыстарға, жеке тұлғаларға, идеяларға, т.б. қарым-қатынасы және содан туындайтын иланымы, тіршілікте, түрлі қызметте басшылыққа алатын ұстанымы.




Екі жұлдыз, бір тілек

Оқулық


Анықтама үшін:


Көзқарас


https://kk.warbletoncouncil.org/diferencias-hecho-opinion-2616


Факт

https://philosophy_kaz.academic.ru/247/Факт




Сабақтың соңы



3 «Қ»

Қызық..

Қажет..

Қиын..



Кері байланыс береді

1-10 балл аралығында бағалау





















Бөлім:

Көшпенділер мәдениеті. Орфография

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні:05.10.2022

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көшпенділер ұрпағы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу

Сабақтың мақсаты

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазады

Құндылықтарға баулу

Сабақта қолданылған мәтін арқылы оқушылардың бойынша патриотизм сезімі қалыптасады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой шақыру. Оқушыларға сыни ойланатын сұрақтар қою арқылы тақырыпты анықтату.

  • Өркениет дегеніміз не?

  • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?

  • Мал шаруашылығы дамуының қандай кезеңдерін білесіңдер?

  • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар?

  • Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

  • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?


Тақырып анықталғаннан соң оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Сұрақтарға жауап береді

Жарайсың!





Тамаша!





Керемет!


Сабақтың ортасы

1- тапсырма. Берілген суреттер арқылы ақпаратты болжау, суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып айту.



2-тапсырма

Төмендегі тақырып бойынша шағын мақала жазыңыз.


«Көшпенділер мен байланыстар»



Дескриптор

Білім алушы

- мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;

- көркемдегіш құралдарды қолданады;

- мақаланы тақырыпқа сай жазады.








Суреттер







Сабақтың соңы



3 «Қ»

Қызық...

Қиын...

Қажет...


Үйге тапсырманы күнделіктері жазып алады және сабаққа кері байланыс береді

1-10 балл аралығында бағалау







Бөлім:

Көшпенділер мәдениеті. Орфография

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні: 03.10.2022 ж

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көшпелілер салтанаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;

Сабақтың мақсаты

идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды және әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрады

Құндылықтарға баулу

Сабақта қолданылған мәтін арқылы оқушылардың бойынша патриотизм сезімі қалыптасады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу;

Оқушылардың назарын сабаққа аударту;

Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша әр оқушы берілген сұрақтарға сөз тіркесімен немесе бір сөйлеммен жауап беруі тиіс.


  1. Көшпенділер өркениеті дегенді қалай түсінесің?


  1. Көшпенділер мен отырықшы халық мәдениетінің арасында қандай айырмашылықтар бар?


  1. Көшпенділер өркениетінің әлем мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесі қандай?


  1. Қазақ тарихындағы көшпенділер өркениетінің қандай маңызы бар?


Сабақтың ортасы

Анықтама бұрышы:

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Негізгі белгісі - тіл байлығы.

1-тапсырма.

Оқылым тапсырмасы: Оқуға бір тақырыптағы екі түрлі стильдегі (публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі) мәтіндер ұсынылады. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады


2-тапсырма. Оқылым материалы негізінде жоспар құрады.



Ррр

Ұқсастықтары

1-мәтін

2-мәтін



Айырмашықлықтары

1-мәтін

2-мәтін



Мақсатты аудиториясы, тілі.




Дескриптор:

Екі мәтіннің ұқсастық белгілерін таба алады.

Екі мәтіннің айырмашылық белгілерін таба алады.

Ұқсастықтары мен айырмашылықтарына мысалдар мен дәлелдер келтіре алуы.

жоспар құрады.





Публицистикалық стиль материалы: http://ehistory.kz/kz/content s/view/540 Көркем әдебиет стиліндегі http://kitap.kz/reade r/koshpendiler_i_kit ap

Сабақтың соңы



3 «Қ»

Қызық...

Қиын...

Қажет...


Үйге тапсырманы күнделіктері жазып алады және сабаққа кері байланыс береді

1-10 балл аралығында бағалау


     


















Бөлім

Көшпенділер мәдениеті. Орфография

Педагогтің аты-жөні

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні

28 09 2022

Сынып

7« Г»

Сабақтың тақырыбы

Көшпелілердің киіну мәдениеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу;

7.4.1.1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу;

Сабақтың мақсаты


коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі

жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады

Құндылықтарды дарыту


- Рухани құндылық

- Қазақ халқының даналығы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(5минут)

Ұйымдастыру кезеңі:

амандасу;

оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

Өткенді еске түсіруге арналған сұрақтар


Сұрақтарға жауап береді.



Сабақтың басы

10 минут

Миға шабуыл

Сыныптағы барлық оқушылар қатысып, оқуға және сабақ мақсатына қолжеткізуге ынталандырылады.

Оқушылар кестені толтыра отырып,

оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. Сабақ мақсаты оқушылармен бірге анықталады.


Берілген сұрақтарға жауап береді.

Берілген ақпараттарды дәптерге жазып алады.

Миға шабуыл

Мына үш сурет сендерге қандай ой салады? деп ассоциация тудыру керек. (Мына суреттің шаш қою стилі екенін таба алуы керек. )

- Шаш қою стилі сияқты жазуда да түрлі стильдер болатынын айтып, төмендегі ережелерді жаздыру.

2 балл



Сабақтың ортасы 30








































Слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.



Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін тыңдатылады. Оқушылардың жұмыс жасау дағдыларын бақылау

Көшпенділіктің пайдасы мен зияны туралы материалдарды оқушылар өздері жинақтауы керек. Олар таба алмай жатқан жағдайда мұғалім жол көрсетіп жібереді

Теориялық бөлім.








Дарынды оқушылар мұғалімнің көмегінсіз толық орындайды.

ЕББҚ ететін оқушыға тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер дайын күйде беріледі.




Тыңдалым тапсырмасы

Оқушыларға аудио тыңдатылады.

1-ТАПСЫРМА. Көшпелі мәдениет туралы көркем бейнелеуіш, эмоционалдыэкспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестері бар бірнеше мақалалар мен репортаждар тыңдайды. Керек сөздерді теріп, іріктеп жазып алады. Мысалы: «Аты — алаш, керегесі — ағаш.»

«Біз -қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Жылқы қылын найзасына таққан елміз. т.б.

Дескриптор:

-Түрлі көзқарастар айта алуы;

-Нақты фактілер келтіруі;

- тілдік байлықтарының молдығы (көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді), тіл тазалағы

ҚБ. Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі

2-тапсырма. Мектебіңізге қалаңыздағы «Тарих және өлкетану мұражайынан» көрме ұйымдастырғыңыз келеді. Мұражай директоры сізге арнайы қызметтік хат жазу арқылы ғана көрмені сұрата алатыныңызды айтты. Сіз не істейсіз? Жалғаулар мен жалғаулық шылауларды қатыстырып жазыңыз.

Дескриптор:

-хат жаза алады

-орфографиялық норманы сақтайды

-шылауларды қатыстырады және тұріне қарай ажыратады



Оқу тапсырмасы:5-тапсырма, 35-бет








Дескриптор арқылы

4 балл

















Дескриптор арқылы

4 балл

7-класқа арналған Қазақ тілі оқулығы


«Атамұра» баспасы









Сабақтың соңы 5 мин

Кері байланыс «БББ» әдісі











Бөлім

Көшпенділер мәдениеті. Орфография

Педагогтің аты-жөні

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні

26.09.2022 ж

Сынып

7«Г »

Сабақтың тақырыбы

Көшпелілердің жазуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу

Сабақтың мақсаты


- идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды

- жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазады

Құндылықтарды дарыту


- Рухани құндылық

- Қазақ халқының даналығы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(5минут)

Ұйымдастыру кезеңі:

амандасу;

оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

Өткенді еске түсіруге арналған сұрақтар


Сұрақтарға жауап береді.



Сабақтың басы

10 минут

Миға шабуыл

Сыныптағы барлық оқушылар қатысып, оқуға және сабақ мақсатына қолжеткізуге ынталандырылады.

Оқушылар кестені толтыра отырып,

оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. Сабақ мақсаты оқушылармен бірге анықталады.


Берілген сұрақтарға жауап береді.

Берілген ақпараттарды дәптерге жазып алады.

Миға шабуыл

Мына үш сурет сендерге қандай ой салады? деп ассоциация тудыру керек. (Мына суреттің шаш қою стилі екенін таба алуы керек. ) - Шаш қою стилі сияқты жазуда да түрлі стильдер болатынын айтып, төмендегі ережелерді жаздыру.

2 балл



Сабақтың ортасы 30








































Слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.



Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін тыңдатылады. Оқушылардың жұмыс жасау дағдыларын бақылау

Теориялық бөлім.

«Анықтама бұрышы»

Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Негізгі белгісі - тіл байлығы.





Дарынды оқушылар мұғалімнің көмегінсіз толық орындайды.

ЕББҚ ететін оқушыға тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер дайын күйде беріледі.




1-ТАПСЫРМА.

Оқылым тапсырмасы: Оқуға бір тақырыптағы екі түрлі стильдегі (публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі) мәтіндер ұсынылады.


Ұқсастықтары

1-мәтін

2-мәтін

Айырмашылығы

1-мәтін

2-мәтін

Мақсаты,аудиториясы,тілі




Дескриптор:

Екі мәтіннің ұқсастық белгілерін таба алады.

Екі мәтіннің айырмашылық белгілерін таба алады.

Ұқсастықтары мен айырмашылықтарына мысалдар мен дәлелдер келтіре алуы.

ҚБ. Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі

2-тапсырма. Сіздерге көшпелі мәдениет көрмесіне шақырылған журналистер. Көрмеден соң газеттеріңізге мақала жазу тапсырылды. Не жазасыз? Көрме ретінде көшпелілер мәдениеті туралы суреттер топтамасы ұсынылады.

Дескриптор:

-берілген тақырыпқа қатысты 5 сөйлем жазады

- шылауларды қатыстырады

-орфографиялық норманы сақтайды













Дескриптор арқылы

4 балл

















Дескриптор арқылы

4 балл

7-класқа арналған Қазақ тілі оқулығы


«Атамұра» баспасы









Сабақтың соңы 5 мин

Кері байланыс «БББ» әдісі
















Бекітілді:

Бөлім

Көшпенділер мәдениеті. Орфография

Педагогтің аты-жөні

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні

2022.09.21

Сынып

7« Г »

Сабақтың тақырыбы

Көшпелілер мәдениеті – өрекениеттің бастауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай тілдік құралдарды (көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді) еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста шешім қабылдай білу

7.4.1.1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты


-коммуникативтік жағдаятқа сай тілдік құралдарды (көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді) еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста шешім қабылдай біледі

- жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады

Құндылықтарды дарыту


- Рухани құндылық

- Қазақ халқының даналығы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(5минут)

Ұйымдастыру кезеңі:

амандасу;

оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

Өткенді еске түсіруге арналған сұрақтар


Сұрақтарға жауап береді.



Сабақтың басы

10 минут

Миға шабуыл

Сыныптағы барлық оқушылар қатысып, оқуға және сабақ мақсатына қолжеткізуге ынталандырылады.

Оқушылар кестені толтыра отырып,

оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. Сабақ мақсаты оқушылармен бірге анықталады.


Берілген сұрақтарға жауап береді.

Берілген ақпараттарды дәптерге жазып алады.

Миға шабуыл

Ж. «Көшпенділер деген кімдер?», «Мәдениет дегенді қалай түсінесің?», «Көшпенділер мәдениеті деген не?» деген сұрақ төңірегінде оқушылар нені білетінін және нені білгісі келетінін жазады. Білгім келеді бөлігіне жазылған сұрақтардың ішінен оқушылардың білетіндері болса жауап беруге мұғалім тарапынан рұқсат етіледі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім







2 балл



Сабақтың ортасы 30








































Слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.



Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін тыңдатылады. Оқушылардың жұмыс жасау дағдыларын бақылау

Теориялық бөлім.

Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:

1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;

2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.


Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.



Мәтінмен танысып, эмоционалды-экпрессивті сөздер мен мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді қатыстырып диалог құрады.



Дарынды оқушылар мұғалімнің көмегінсіз толық орындайды.

ЕББҚ ететін оқушыға тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер дайын күйде беріледі.



Тыңдалым алды

Бейнелеуіш сөздер, эмоционалды-экспрессивті сөздер және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер туралы не білесің?

Тыңдалым тапсырмасы

Оқушыларға аудио тыңдатылады.

1-ТАПСЫРМА. «Көшпелі өмір салты» тақырыбына байланысты сұхбат (диалог) құрастыру. Жазба жұмыста бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолдану.

Дескриптор:

-сұхбатты тақырыптан ауытқымай жазады

-жазба жұмыста бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады.

-тапсырманы грамматикалық норма бойынша сауатты жазады

ҚБ. Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі

2-тапсырма. Шылаулар орфографиялық нормаға сай жазылған көшпелі мәдениетке қатысты 5 сөйлем жаз. Шылаулардың астын сызып көрсет

Дескриптор:

-берілген тақырыпқа қатысты 5 сөйлем жазады

- шылауларды қатыстырады

-орфографиялық норманы сақтайды













Дескриптор арқылы

4 балл

















Дескриптор арқылы

4 балл

7-класқа арналған Қазақ тілі оқулығы


«Атамұра» баспасы









Сабақтың соңы 5 мин

Кері байланыс «БББ» әдісі








Бөлім:

Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні:19 09 2022

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғат және адам

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;

7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады; оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады

Құндылықтарға баулу

Табиғат пен адамның егіз ұғым екенін, адам табиғаттың ажырамс бөлігі екенін оқылым матриалдары арқылы ұғады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру




Сабақтың ортасы

1-тапсырма. Өлеңді оқушының мәнерлеп оқығанынан тыңдап, дауыс ырғағы мен кідірістің дұрыс жасалғандығына назар аудару.

2-тапсырма.

Өлеңдегі ақпаратты «Төрт сөйлем тәсілін» пайдаланып жазады


Дескриптор:

-оқыған өлең бойынша пікірін бір сөйлеммен жазады;

-өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдейды;

-пікірін өмірмен байланысытырып, дәлелдейді;

-тақырып бойынша қорытынды жазады.


3-тапсырма. Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің түсініктемесін «Қос жазба» күнделігіне толтыру


4-тапсырма. Өлең мазмұнына қатысты проблемалық сұрақтар құрастыру

Ақынның идеясын тақырыппен байланыстырады.




Жинақы мәтінді «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жазады





Дескриптор арқылы бағаланады


Оқулық


Сабақтың соңы



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


     







Бекітілді


Бөлім:

Ауа райы және климаттық өзгерістер

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні: 14.09.2022

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ауасыз тіршілік жоқ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

Сабақтың мақсаты

Оқылым және тыңдалым матриалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып жинақы мәтін жазады

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу


Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады



Сабақтың ортасы

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, атмосферадағы элементтердің пайызын диаграмма салдыру


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап ізде

  1. Құрлықты құрайтын қанша континентті білесің?

  2. Жеті құрылықтағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік етуіне ауа мен климат қалай әсер етеді?

  3. «Тіршілік бастапқыда суда басталып, біртіндеп жер бетіне көшті» дегенді қалай түсінесің?


3-тапсырма. «Ауадағы тіршілік көздері» тақырыпта кластер құрау


7-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрау


Ауа, жел, азот, оттегі, көміртегі


Мәтінді мұқият оқиды, диаграмма салады






Сұрақтарға жауап береді







Кластер құрайды, ойларын дәлелді жеткізеді


Екі жұлдыз, бір тілек



Жарайсың!

Тамаша!

Керемет!


Оқулық


Сабақтың соңы



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


     




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!