400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ "Қазақстандағы кітапханалар" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып "Қазақ тілі "пәнінен "Қазақстандағы кітапханалар" тақырыбында ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы кітапханалар


Бөлім:

9-бөлім:Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология

Үстеу. Үстеудің мағыналық түрлер

Педагогтің аты-жөні:

Баделова Шолпан

Күні:

12.04.2023 жыл

Сыныбы: 6 «Ә»

Қатысушылар саны: 21 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы кітапханалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ресми сөздер мен тіркестерді пайдаланып, диалогке қатысу.

  2. Үстеуге 5 мысал келтіріп, түрлеріне ажырату.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Сабаққа кіріспе


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

1. Біздің елімізде қандай кітапханалар бар?


2. Өзің қандай кітапхананың оқырманысың?


3. Балаларға арналған кітапханаларға бардың ба?

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1-тапсырма

Оқулықтағы 2-тапсырмаТөмендегі жауаптарға сұрақ қойып, диалог құраңдар.

Т/А

Сұрақ құрастырады.Диалог құрайды.

Дескриптор: Жалпы – 2 ұпай

-сұрақ құрайды;

-диалог құрастырады.

Оқулық, жұмыс дәптері

Жеке жұмыс

«Түртіп алу» әдісі.


2-тапсырма.


«Еркін микрофон» әдісі

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Жауап беру үшін микрофонды қолына алады.

  • Ең сүйікті кітабыңыз қайсысы?

  • Сүйікті жазушыңыз кім?

  • Соңғы бір жылда неше кітап оқыдыңыз? Қандай? Оқымасаңыз неге оқымадыңыз?

  • Сүйікті кейіпкеріңіз кім?

  • Сыныптастарыңызға қандай кітапты оқуға кеңес бересіз? Неге?

, аттіс, созан, тарақ балта.

Дескриптор: Жалпы - 5 ұпай.

-сұрақтарға жауап береді

Оқулық, жұмыс дәптері


3-тапсырма.

Сөйлемдер құрау. Құрамындағы үстеулерді ажырату.

Сөйлемдер құрайды. Үстеулерді ажыратады.


Дескриптор: 3 ұпай


Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі