жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі 11-ынып
Түркістан облысы
Ордабасы ауданы
Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы
жалпы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кистауова Шынар Еркинбековна
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Т.Әлімқұлов өмірі мен шығармашы-лығы |
Мектебі: Мұхаметқұл исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты жөні: Кистауова Шынар Еркинбековна |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сыныбы: 11 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақы-рыбы: |
Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқы-лы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Жазушының қазақ әдебиетіндегі қадау-қадау тұлғаларды бейнелеуде-гі ерекшелігіне тоқталып, әңгіменің мазмұнымен таныстыру. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсатта-ры |
* Жалынды күрескер, дауылпаз ақын Махамбет тағдырынан хабар-дар болады. * Әңгіменің мазмұнын танысады. * Өз пікірін дәлелдеп, қорытынды жасай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: шығарманы оқып, мазмұнын баяндай-ды, тақырыпқа сай тапсырмаларды орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнге тән лексика мен терминология: * теңеу * эпитет * ақберен * ақын |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: * Махамбет өмірінің ең бір традегиялық тұсын ... * Азаттық жолында ешкімге бас имеген қайсар жан ... * Қайран ақынның өр тұлғасы ... * Ағайынның алауыздығы, сүйекке сінген күндестік ұлт қасреті дең-гейінде көрсетілгендігін ... |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: 1) Махамбеттің
Қараойда жалғыз үйде отыру себебі
неде? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау крийте-рилері |
* Тыңдалған оқылым тапсырмасының мазмұнын түсіндіреді; * Шығармашылыққа негізделген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп, талдайды; * Тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағыттау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық бай-ланыс |
Қазақстан тарихы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағ-дылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларына сүйе-не отырып, шығарманы фабуласы бойынша сипаттай алады, тақып жайлы ойын жеткізеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жос-парланған кезең-дер |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басталуы: 7 минут |
1.Топқа бөлу. 2.Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Сызба-кесте арқылы үй тапсырмасын пысық-тау.
|
Оқушыларды топқа бөлуге арналған су-реттер
Слайд
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы 10 минут
5 минут
6 минут
7 минут |
* Оқушыларды оқу мақсаттарымен, крийтери-мен таныстыру. * Оқылым мәтінін негізге ала отырып, тапсыр-маларды орындату.
«Миға
шабуыл» әдісі. Сабақтың кіріспе
сөзі. «Абай-даналықтың діңгегі
болса, Ф.Оңғарсынова. Тақтаға сабақ жоспары ілінеді. 1. «Махамбет – ерен ерліктің үлгісі». Ішкі Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі жайлы баяндау. 2. «Исатайдан айрылып, Жалғыздықпен болдым дос». «Қараой» әңгімесінің мазмұны. 3. «Махамбет – ақберен ақын». «Қараой» әңгімесі мен Махамбет үндестігін таныту.
«Пікір пирамидасы» әдісі. 1. 1836-1838 жылдары Ішкі Бөкей ордасы мен кіші жүздің батыс бөлігінде ұлт-азаттық көтеріліс болды.Көтерілісті Байұлы беріш руынан шыққан Тайман ұлы Исатай мен Өтеміс ұлы Махамбет басқарды.Олардың мақсаты – Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою,шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны,Балқы Құдайбергеновты биліктен тайдыру, жер мәсе-лесіндегі белгілі бір келісімге келу еді.Көтері-лістің басы – 1836 жылы 24 наурызда Қарауылқожаның 800 адамды бастап Манаш елдімекені маңындағы Исатай ауылын қоршауы болды. Алайда олар 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайға шабуыл жа-сауға бата алмай кейін қайтады.1837 жылы қыркүйек –қазан айларында Исатай бастаған көтерілісшілер Қарауылқожаның,Балқының ауыл-дарын шауып, қолға түскен мал, дүние-мүліктерді шаруаларға таратып береді.1837 жылы подполков-ник Геке басқарған патша әскері мен көтерілісшілер арасындағы ұрыс Тастөбе деген жерде өтеді.Зеңбіріктің зіркілі ме жарылған оғына шыдай алмай Исатай қолы шегінуге мәжбүр болады.1838 жылы 12 шілде-де 500 сарбазбен келе жатқан Исатай ойлама-ған жерде Геке мен Баймағамбет бастаған әс-кермен кездесіп қалады. Исатай осы шайқаста қаза табады. Көтеріліс жеңіліспен аяқталған-нан кейін Махамбет Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды.Махамбет өмірінің соңғы жылдарын Атырау облысы Индер ауда-нына қарасты Қараой жерінде өткізеді.1846 жылы хан, сұлтандарға сатылған жағымпаз қа-ныпезерлер қолынан қаза табады. Т.Әлімқұлов 1918 жылы 27 қыркүйекте Шымкент облысы Созақ ауданында дүниеге келген.1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі ектебінде оқиды.Одан кейін 1949 жылы Мәскеудегі Горкий атындағы әдебиет институтын-да оқиды. «Сапар» , «Жазғы жаңбыр» , «Бозжорға» өлеңдері, «Күрең өзен», «Кертолғау», «Тұлпарлар тағ-дыры» атты әңгімелер жинақтары бар.
2.«Қараой» әңгімесіне халқымыздың
қайта-ланбас,біртуар ақыны Махамбет өмірінің ең бір традегиялық
тұсы арқау болған.Азаттық жолында ешкімге бас имеген қайсар жан,
қай-ран ақынның өр тұлғасы сомдалған. Ағайын-ның алауыздығы,
сүйекке сінген күндестік ұлт қасреті деңгейінде көрсетілген. Жазушы
қан-ды қол жендеттердің қасиетті ақын шаңыра-ғын қасқағым сәтте
ойрандап, ортасына түсі-ріп, бір үйлі жанды сорлатып кеткенін
көзбен көріп, қолымен ұстағандай етіп, буы кеппеген күйінде
дірілдетіп алдына жайып
салған.
Әңгімені
мазмұндау жоспары:
Оқушылармен бірлесе отырып «Қараой» әңгімесі мен Махамбет өлеңдерінің үндес-тігін тапқызу.
«Қараой» әңгімесіндегі көркемдік арналар-ды табу.
|
Кеспе қағаз
Бейнебаян
Белсенді оқу тапсырмалары
Үлестірме материалдары
Белсенді оқу тапсырмалары
Кеспе қағаз
Слайд
Белсенді оқу тапсырмалары
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
«Мина алаңы»
әдісі. Қорытындылау сұрақтар
топтамасы. 1) Махамбеттің
Қараойда жалғыз үйде отыру себебі
неде? Үйге тапсырма беру: Әңгіменің мазмұнын баяндау. |
Үлестірме материалдары
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқу-шыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабі-леті жоғары оқу-шыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отыр-сыз? «Қараой» әңгіме-сіндегі көркемдік арналарды тау; Әңгімеде жазушы Махамбет өмірінің соңғы сәтінің шындығын психо-логиялық тұрғыда қалай шебер жи-нақтағандығын анықтау; Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйым-дастырушылардың бірі халықтың пат-шалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліс-ке шақырған ал-ғашқы қазақ жыр-шысы өмірін баян-дау; |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексе-руді қалай жоспарлайсыз? 1. Смайлик 2.«Социяметрия» әдісі.
|
Денсаулық және қауіпсіздіктехника-сының сақталуы Сынып бөлмесінің тазалығын сақтау, оқушылардың топ-тық, жұптық жұмыс барысында икемді қозғалуын және дұ-рыс отыруын қамта-масыз ету. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұ-рыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не-ліктен? Сабақтың уақыт-тық кезең дері сақталды ма? Сабақ жоспары-нан қандай ауыт-қулар болды, не-ліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланы-ңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақты өту мақсатым шынайы болды. Бүгін оқушылар «Қараой» әңгімесі арқылы жазушының өзіне тән жеке стильдік өрнегін байқа-ды. Жазушы халықтық тіл мәйегін, шешендік өнер үлгілерін кең пай-даланғандығын аңғарды. Әңгімедегі халықтың өмір-тағдыры мен та-рихы да назардан тыс қалмағандығын, Махамбет өмірінің соңғы сәті-нің шындығын, ақын бойындағы ауыр қасіреттін жазушы психоло-гиялық тұрғыдан бейнелегендігін білді.Сыныптағы ахуал өте жақсы. Оқушылар белсене қатысып, топпен жұмыс істеді. Ынтымақтастыққа бірлескен орта құра білді. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Тиімділігі барлық оқушылар түгел қамтылды. Диологтік оқу-ға түсіп, өз пікірлерімен бөлісті. Берілген уақытқа үлгердім,уақытты тиімді пайдалана білдім. Мен өз жоспарыма өзгеріс енгіземін. Деңгейлік тапсырмаларды беруді өзгертемін. Себебі, А деңгейдегі оқушымның берген тапсыр-малардан да күрделі тапсырма орындау мүмкіндігі бар екенін байқа-дым. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға: Сабақты жақсы өткеннің екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. Топтық жұмыстағы оқушылардың бірлесі тапсырмаларды орындағандығы. 2. Сызба-кесте арқылы өткен сабақты пысықтағаным. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды(оқыту туралы да, оқу туралы да) 1. . Тақырыпты ашуда қазақ халқының ақын қызы Фариза Оңғарсынованың Махамбет Өтемісұлына арнаған бір шумақ өлеңімен басталуы жаңа сабақтың мақсатымен байланыс-ты болғаны. 2. «Пікір пирамидасы» әдісі арқылы оқушылардың сатылай талдап,саралай алғандығы. Сабақтың барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сабақ барысында оқушылардың тапсырманы орындауы, нәтижеге жету үшін балама-лы шешімдер ұсынуды, топпен жұмыс істеу ережесін оқушылар жақсы түсінді. Сабақта оқушыларға тапсырмалар беру барысында оқушының күрделірек тапсырманы орындауға қызығатынын және орындай алатынын білдім. Әдістерді қолдану оқушының қызығушы-лығын, белсенділігін арттырып, өз оқуына өзінің жауапты болуына жол ашып түсіне бас-тағанын білдім. Сабақта оқушыларды топқа бөліп,топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушы-ның диалогқа түсіп, оқушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнатып, табысты оқуға қол жеткізгендігімді байқадым. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген