Материалдар / ҚМЖ "Теңдеуді шешу" Математика 1сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ "Теңдеуді шешу" Математика 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ "Теңдеуді шешу" Математика 1сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2024
210
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Математика

Ортақ тақырып: «Саяхат». «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3С Теңдік және теңсіздік. Теңдеу.

Күні:

Сынып: 1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Теңдеуді шешу

Оқу мақсаты

1.2.2.2.теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде анықтайды.

Көптеген оқушылар: теңдеуді іріктейді және қосу, азайту байланысының негізінде шешеді.

Кейбір оқушылар: теңдеуді іріктейді және қосу, азайту байланысының негізінде күрделі теңдеуді құрып, шешеді, түрлендіреді.

Бағалау критерийі

Теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешеді

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: Теңдеуді шешеді, белгісіз қосылғышты табады. Белгісіз азайғыш пен азайтқыштың мәнін табады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Теңдеу – белгісіз бөлігі бар теңдік.

Теңдеуді шешу – осы теңдіктегі белгісіздің мәнін табу.

Теңдеуді шешу тәсілін. Белгісіз бөлікті табу үшін белгілі бөлікті бүтінге дейін толықтырып, қанша сан қосқаныңды санау керек.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Теңдеу деген не? Теңдеуді қалай шешеміз? Белгісіз қосылғышын қалай табамыз? Белгісіз азайтқышы мен азайғышын ше? Бүтін, бөлік дегенді қалай түсінесің? Теңдеу мен әріпті өрнектің ұқсастығы неде? Мәтіннен теңдеуді қалай құрастырамыз?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының төртінші құндылығы «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» біздің өндірісті, білім мен ғылымды біріктіруге, білімге деген құштарлығын арттыруға қалыптастыру.

Пән аралық байланыс

Сауат ашу, дүниетану,жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=njhKp0uloRg

Бастапқы білім

Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шеше алады. Белгісіз азайтқышы және азайғышы бар теңдеуді орындайды. Әріпті өрнектен теңдеу құра алады. Теңдеуді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


1 минут






2 минут



Психологиялық ахуал

Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрағал. (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық сыйлайық (айналады)


«Өз тобыңды тап!» ойыны арқылы 4 топқа бөлінеді. Бала санына, топқа байланыста 4 қала атауы алынады, Астана қаласы - 1 шапалақ, Бурабай көлі– 2 шапалақ, Семей қаласы- алдыға, артқа 1/1 шапалақ, Алматы қаласы – аяқты еденге соғу арқылы бөлінеді.

1-топ: Астана қаласы

2-топ: Бурабай көлі

3-топ: Семей қаласы

4-топ: Алматы қаласы


Музыкалық сүйемелдеу







Сабақтың ортасы



3 минут
















8минут



















10 минут











1 минут









10минут

1-тапсырма:

(Ө) «Жасырынған тапсырма»

Әр топтағы оқушыға жеке тапсырма беріледі, (оқушылардың күнделігінің алғашқы бетіне теңдеу жасырынады).

Дескриптор:

  • Амал ретін таңдайды;

  • Белгісіз санды анықтайды;

  • Теңдеуді тексереді;

ҚБ: «Ойын-сауық орталығына саяхат»

«Апрель» ойын-сауық орталығы- толық меңгердім

«Қазына» ойын-сауық орталығы - жартылай меңгердім

«Айдана» ойын-сауық орталығы - көмек керек

2 – тапсырма:

(Т ) «Теңдеу құр»

Әр топқа сандар, латын әріптерін, « + »,

« - », « = », таңбалары таратылады, осы сандармен оқушылар теңдеу құрастырып, оны шешеді.

Дескриптор:

  • Белгілі (қосылғыш, азайғыш, азайтқыш) таңбасын таңдап алады;

  • Шешу жолының амалын таңдайды;

  • Теңдеудегі белгісіз санды анықтайды;

  • Теңдеуді тексереді;

ҚБ: «Әуе шарымен саяхат»

Биікке ұшса – толық меңгердім;

Алысқа ұшса –жартылай меңгердім;

Жақынға ұшса – көмек керек.


3- тапсырма:

( Ж ) «Орнын тап!»

Әр жұпқа «теңдік, теңсіздік, теңдеу» таратылып, оны 3 топқа бөледі.

Дескриптор:

  • Теңдікті табады;

  • Теңсіздікті табады;

  • Теңдеуді табады;

ҚБ:«Тамаша!» «Жақсы!» «Талпын!»

«Тамаша!» - толық орындаған.

«Жақсы!» - жартылай орындаған.

«Талпын!» - әлі де көмек керек.


Сергіту сәті: Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмай жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ!


4-тапсырма:

(Т) «Ойды жинақтау»

Әр топқа қысқаша мәтін беріледі. Сол мәтіннен теңдеу құрастырады. Бірнеше бала Астана қаласына, 5 бала Бурабай көліне саяхатқа шықты. Барлығы 10 бала болды. Астанаға неше бала саяхаттады?

Дескриптор:

  • Мәтінді түсінеді;

  • Белгісіз санды анықтайды;

  • Белгілі санды анықтайды;

  • Амалды таңдайды;

  • Теңдеуді шешеді;

ҚБ:«Сувенир»әдісі. Астана қаласының суреті

салынған магнитті сувенирлер беру арқылы бағаланады.


Карточкалар тізбегі











Үлестірме тапсырма









Үлестірме тапсырма























Мәтін берілген үлестірме

Сабақтың соңы


5минут

Кері байланыс: «Айға саяхат» (әр оқушыға тапсырма жазылған зымыран суретін тарату) жылдам, дұрыс шығарған оқушылар өз зымырандарын Айдың суретіне жақынырақ жапсырады.

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз? Барлық оқушылар: Тапсырма тәсілі бойынша деңгейі әртүрлі оқушыларға тапсырмалар, жаттығулар беріледі.

Көптеген оқушылар: Тапсырманы қарқынмен беремін себебі оқушылар тапсырмалар-ды жылдам орындайды.

Кейбір оқушылар: Дереккөздер тәсілі арқылы анағұрлым күрделі тапсырмалар-ды орындай алып, мәтінмен жұмыс істей отырып, теңдеу құрып және мәнін табады. Тапсырма орындалса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс жүргізіледі. Барлық тапсырма кезінде оқушылар үнемі бағаланып отырады.

Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

ҚБ: «Ойын-сауық орталығына саяхат»

«Апрель» ойын-сауық орталығы- толық меңгердім

«Қазына» ойын-сауық орталығы - жартылай меңгердім

«Айдана» ойын-сауық орталығы - көмек керек

ҚБ: «Әуе шарымен саяхат»

Толық орындалса-меңгердім;

Жартылай орындалса-орташа;

Орындалмаса-көмек керек.

ҚБ:«Тамаша!» «Жақсы!» «Талпын!»

«Тамаша!» - толық орындаған.

«Жақсы!» - жартылай орындаған.

«Талпын!» - әлі де көмек керек.

ҚБ: «Сувенир»әдісі. Астана қаласының суреті

салынған магнитті сувенирлер беру арқылы бағаланады.

Кері байланыс: «Айға саяхат»

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Топқа бөлінгенде, сергіту сәтінде қауіпсіздік ережесін сақтау. Партада түзу отыру.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!