Материалдар / қмж Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қмж Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2024
176
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері. Тірі ағзаларды микроскопиялық зерттеу.»

Бөлім:

5.3 А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері. Тірі ағзаларды микроскопиялық зерттеу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.4.2.2 -тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау

5.4.2.3 -микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану

5.4.2.4 -уақытша микропрепарат дайындау

Сабақтың мақсаты:

Тірі организмдердің тіршілік ету деңгейі қалай өзара байланысты екенін біледі.

Микроскоптың құрылысын және мектепте қолданатын микроскоппен жұмыс істеу ережесін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

ДК экраны

Презентация

Бейне көрсетілім

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.




Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Жасуша дегеніміз не?


2. Биоценоз ұғымына сипаттама беріңдер?


3.Биосфера деген не?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді






Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Тақырып бойынша видеоролик көреді.



Оқулықта берілген тапсырманы орындатады

1-Тапсырма

Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін анықтаңыз және сипаттаңыз.


Атауы

Сипаттамасы











Дескриптор Білім алушы 2балл

-тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерінің атауын жазады;

-тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттайды.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, талдайды, түсіндіреді.

2-Тапсырма

А) Атқаратын қызметіне қарай микроскоп бөлімдерін кестеге толтырыңыз.

Айна

Табан

Тұтқа

Обьектив

Окуляр

Көру түтігі

Заттық үстелше

Бұранда



Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі

1

айна

Жарық түсіру

4

Окуляр

Затты қарау

2

Көру түтігі

Көзбен көру

3

Бұранда

Көру түтігін қозғау

5

Тұтқа

Көру түтігінің бекітілген жері

6

Заттық үстелше

Қарайтын затты орналастыру

7

Табан

Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі

8

Обектив

Үлкейтіп көрсететін айнектер орналасқан бөлімі



3. Төмендегі сөйлемдерді оқып, тұсындағы торкөздің ішіне сандарды препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңыз.


Зат шынысына йод ерітіндісін тамызу

4

Зат шынысына су тамызу

3

Пияз қабығын тазарту

1

Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзеу

5

Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алу

2

Препаратты жабын шынымен жабу

6

Препаратты зат үстелшесіне орналастыру

7



ДескрипторБілім алушы 3балл

-микроскоп бөлімдерінің атауын қызметімен сәйкестендіреді;























ДескрипторБілім алушы 3 балл

-микропрепарат дайындаудың ретін белгілейді













ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!