Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚМЖ. "Уақытты қалай анықтаймыз?" 3 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: Уақыт
Сабақтың тақырыбы: Уақытты қалай анықтаймыз? |
Мектеп: «Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Суюндиков Н.М. |
||
СЫНЫП: 3 |
Қатысқан оқушылар саны - 15 |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Ой-өрістерін кеңейту, сағаттың, күнтізбенің пайда болу тарихымен танысу. |
||
Бағдарламалық міндеті |
3.1.3.2 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: адамдар уақытты қалай анықтайтынын, уақытты анықтау бірліктерін айту. Күнтізбе жасау тәсілдерін көрсету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №1 жұмыс дәптерінің 20– 21-беттеріндегі тапсырманы орындау. |
||
Оқушылардың міндеті |
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, адам өміріндегі сағаттың маңызы туралы әңгіме құрау. Ғаламтоp мен өзге де ақпарат құралдарынан сағат пен күнтізбенің тарихы туралы мәліметтерді тауып, жақындары және достарымен бөлісу. Тірек сөздер: уақыт, сағат, уақытты анықтау, секунд, минут, сағат, тәулік, апта, жыл, жыл мезгілдері, маусым, күнтізбе. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Жауап. Сағат күн тәртібіңді жоспарлау үшін, бәріне уақытында үлгеруге, уақытты біліп, не істеуді білу үшін керек.
Жауап. Қолсағат, қабырға, үстелдің үстіне қоятын сағат, механикалық сағат, электронды сағат, құмсағат, күнсағат.
Жауап. Күнсағат.
|
|
Жауап. Көктемде жерді егіске дайындайды, тұқым себеді, көшет отырғызады. Жазда егінді күтеді, суғарады, арамшөбін тазартады. Күзде егінді жинап, қысқа дайындайды.
|
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: адам өміріндегі сағаттың маңызын, сағаттың даму тарихын, уақытты анықтау жолдарын біледі. Сағат түрлерін, уақытты дұрыс айтуды, жыл мезгілдерін суреттеуді біледі. Сағаттардың суретін салады. |
||
Оқушылардың көпшілігі: сағаттың даму тарихын айта алады. Сағаттарды сала алады. |
|||
Кейбір оқушылар: сағаттың адам өміріндегі маңызын дәлелдеп айта алады. Сағат дизайнын жасай алады. |
|||
Бұрын алған білімдері |
Жаратылыстану сабақтарынан, жыл мезгілдері туралы энциклопедиялардан алған білімдері, уақытты анықтау туралы білетіндері. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу, математика, музыка, қазақ тілі. Оқушылар тақырыпты талдау барысында, жұмысты суреттегенде, әдеби шығармаларды тыңдағанда сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, дұрыс сөйлеуге тырысады. Жыл мезгілдері, уақытты анықтау туралы білетіндерімен бөліседі. Жаратылыстану, математика сабақтарындағы білімдері сағат минуттарын, тәулік уақытын анықтауға қажет болады. Оқушыларға жұмбақтар жасырады, №2 қосымшадағы музыкалық үзінділерді тыңдайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабақ тақыры- бына кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында оқушыларға сағат және әртүрлі тәулік мезгілдері туралы жұмбақтарды оқып, сағат туралы ән тыңдатуға болады (сайттар дереккөздерде берілген). |
Уақыт туралы өлеңдер. https://www.youtube. |
Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу |
Оқушыларға өмірді сағатсыз елестетулерін сұрайды. Оның аяғы қалай болар еді? Тоқтап қалған сағат туралы бірнеше жағдаят туралы ойланып, сағаттың адам өміріндегі маңызы туралы шағын әңгімеқұрауды ұсынады. Е. Шварцтың балалар уақытты бағаламай, шалға айналғаны, уақыт пен жастық шақтарын қайтару үшін қандай қиындықтардыбастан кешкендері туралы «Жоғалған уақыт туралы ерте- гісін» айтуға болады. Сағаттың адам өміріндегі маңызын түсінуге ынталандыру қажет. Уақытты қалай анықтауға болатынын айтуға болады. Оның бір жолы – күнтізбе. Күнтізбе жасау – қызықты жұмыс. Жай күнтізбелер дүкенде де сатылатын болғандықтан, балалар өзінің ерекше күнтізбесін ойлап таба алады. Мысалы, ұмытуға болмайтын күндердің күнтізбесін жасайды. Онда жақындарыңның туған күндері мен белгілі бір даталар белгіленеді. Маңызды жұмыстар күнтізбесін жасауға болады, онда бір жылдың ішіндегі маңызды жұмыстарды жоспарлауға болады. Біз сендермен бірге күнтізбе туралы әлі де көп нәрсе біліп, өз күнтізбемізді жасаймыз. |
Е. Шварц. «Жоғалған уақыт туралы ертегі» http://books.rusf.ru/u nzip/add- on/xussr_ty/shvare15. htm?1/2 Әртүрлі күнтізбелер. |
Материал- ды түсіндіру |
Адам сағатсыз тұра алмайтынына көзіміз жетті. Алғашқы сағаттар қашан пайда болды, олар қандай болды? Білетіндер бар ма? Оқушылардың жауабын тыңдайды. Күн сағаттары, олардың қызметі туралы айтып береді. Басқа сағат түрлері туралы қысқаша айтады (сағат туралы әңгімелегеннен кейін№1 жұмыс дәптерінің 20– 21-бетіндегі тапсырманы орындайды). Сендер ұзақ уақыт бөлігі күнтізбемен есептелетінін білесіңдер. Қазіргі күнтізбелерге назар аударайықшы. Онда әдетте жыл мезгілдері бейнеленген табиғат көрінісін байқаймыз (оқулықтағы фотосуреттерді қарап шығып, жыл мезгілдерінің белгілерін атайды). Оқушылар маусымдық жұмыстар туралы айтып береді. Оқушылар №1 жұмыс дәптерінің 21-бетіндегі суреттерге қарап, сұрақтарға ауызша не жазбаша жауап береді. Суреттердің әсемдігіне, композициялар мен түс үйлесіміне назар аудару керек. Әрбір жыл мезгілі несімен ерекшеленетінін суреттейді. |
Оқулық, 34–35- беттер. Жыл мезгілдері бейнеленген пейзаждар. Әсем табиғат көрінісі бар қабырғаға ілетін күнтізбелер. Тамаша сағатшы http://www.bibliotekar.ru/k108-Limburg/index.htm №1, 2 қосымша- дағы материалдар. |
Өздік жұмысты орындау |
№1 жұмыс дәптерінің 20, 21 (таңдаулары бойынша) және 22-беттеріндегі тапсырмаларды орындау. Мұғалім жеке-дара кеңес береді, оқушыларға қажет жерінде көмектеседі, қателері болса түзетеді. |
Жұмыс дәптері, жіңішке қара фломастер немесе жай қарындаш, түсті фломастерлер. |
Сабақтың қорытын- дысы |
Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды. Оқушылар сабақтағы жұмыстарын бағалайды. |
|
|
Оқушыларға келесі сабаққа алыстағы ағаш (үйлер, шам және өлшемі бірдей заттар), жол қалай көрінетінін бақылып, қорытынды жасауды тапсырады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тақырыпты талқылауға қатысады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. №1 жұмыс дәптерінің 21-бе- тіндегі тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың көпшілігі 20- беттегі тапсырманы орындайды. Кейбір оқушылар 21-беттегі тапсырманы орындайды, әрбір жыл мезгілінің өзіне тән белгілерін сипаттайды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?
жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны да қолданады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қауіпсіздік ережесін салады. |
||
Сіз оқушыларға қолдау көрсету үшін не істейсіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б. |
Бағалау Сабақтаоқушыларды бағалау:
бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Суретшілердің туындылары көрсетіледі. Табиғат пен туған өлкеге сүйіспеншіліктері мен эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында №2 қосымшадағы материалдар мен тақпақтар пайдаланылады. |
||
Ойлану. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады. |