Материалдар / ҚМЖ.Тас көмір
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ.Тас көмір

Материал туралы қысқаша түсінік
Тас көмір
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2023
524
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


2022-2023 оқу жылы


Сабақ жоспары №49


Модуль/пән атауы

Химия

Сабақтың тақырыбы

Тас көмір кокстеу

Педагог

Билалова Нафасат Хикматовна

Курс

1

Топ

ЭНС

22-9-1

ЭНС

22-9-2

ПМ-22-9

Л-22-9-1

Л -22-9-2

В- 22-9

РЭТ

22-9

СЖД

22-9

Сабақтың өткізілетін күні









Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

1) Таскөмірді кокстеу жәйлі мағлумат алады

2) Таскөмірді кокстеу өнімдерінің қолданылуын үйренеді

3) Кокс пешінің сызбасын жәнеде кокс газының құрамын үйретеді


Бағалау критерийлері

Таскөмірдің кокстелүін сипаттау.

Қажетті ресурстар


Оқулық, жұмыс дәптері, кітап, дәптер, мультимедиялық тақта, компьютер жабдығымен, бейнематериал және т.б.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

А) Студенттермен амандасу.

Ә) кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай студенттердің отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ студенттерді белгілеу.

Б) Студенттердің назарын сабаққа аудару.

2 Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

(20 минут)

Миға шабул әдісін пайдаланып үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы тексеру кезеңі

1. Крекиң процесін зерттеген ғалым кім?

АShape2 Shape1 ) Владимир Григорьевич Шухов

Б) Кучеров Михаил Григорьевич

В) Әзірбаев Ердан Нығметұлы


2) Дүние жүзі бойынша Мұнайды тұтынатын ең жоғары және ең аз қолданылатын мемлекеттерді атаңыз олар қолданып жатқан мұнайлар жыл сайын қанша просент көлемді қамтып отыр ?

А) Африка Азия 3,5- 30,8 %

Ә) Африка Солтүстік Америка 3,3-30,1%

Б) Таяу Шығыс- ТМД 6,9- 26,8 %


3) Орыс химигі академик. Негізгі ғылыми жұмыстары қанықпаған көмірсутектердің полимерлену, изомерлену, гидрогендену реакцияларын зерттеуге арналған. Метал натрий қатысында бутадиен -1,3-ті полимерлеп синтездік көк сағыз алған ғалым кім?

А) Кучеров Михайил Григорьевич

Ә) Сергей Васильевич Лебедов

Б) Әзірбаев Ердан Нығметұлы


4 Көмірсутектердің формуласының атауларын ретімен табыңыз?

CnH2n+2. CnH2n. CnH2n-2. CnH2n-2. CnH2n.CnH2n-6.


А) Алкан, Алкен, Алкин,Алкадиен,Циклоалкан,Арендар

Ә) Алкан, Алке, Алкадиен, Алкин,Циклоалкан,Арендар

Б) Алкан,Алкин,Алкен Арендар, Алкадиен, Циклоалкан

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі (5 минут)

А) жаңа сабаққа студенттердің аударту.

Ә) жаңа сабақтың тақырбын жоспарын, мақсатын хабарлау.

Б) оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру

«Миға шабуыл» Студенттерге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін «Лездік сұрақтар» әдісін қолданамын. Талқыланатын сұрақтар:

1) Таскөмірді қыздырған кезде қанша өнім түзіледі

4 өнім түзіледі

2) Қанша градуқа дейін таскөмірді қыздырғанда көмір термиялық жолмен ыдырап ұшқыш өнімдер және қатты кокс қалдығы түзіледі

900- 1050 градуста

3) Қазақстанда жыл сайын қанша миллийон тонна таскөмір және қоңыр көмір өндіріледі

100 миллийон тонна


4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Кокс – көмірді немесе мұнайлы шикізаттарды кокстеу арқылы алынатын жасанды қатты отын. Тас көмір коксін пайдалану 18 ғ – дан белгілі. Алғаш рет кокспен шойын балқыту 1735 жылы Ұлыбританияда іске асырылды, ал алғашқы жабық камералы кокс пеші 19 ғасырдың 30 – жылдарында  өндіріске енгізілді. Тас көмірді кокстеудің кең тараған әдісі – 3 мм – ге дейін ұсақталған тас көмір түйірлерін  900 – 1050°С – та ауасыз қыздыру арқылы алу. Ал мұнай қалдықтарынан коксті ауа қатыстырмай жабық ыдыста 4 – 5 атмосфералық қысымда және 450 – 500°С температурада қыздырып өңдеу арқылы алады. Өндірісте процесс екі тәсілмен жүргізіледі: қыздырылмайтын реакторларда баяу кокстеу және көлденең орнатылған қыздырылған кубты қондырғыларда кокстеу. Кокс алуға жарамды мұнайлы қалдықтарға: айдау қондырғыларынан шыққан мазут пен гудрон, термиялық крекинг қалдықтары, пиролиз шайыры, катализдік крекингтің ауыр газойльдері және мұнай – битумды жыныстар жатады. Кокстің тығыздығы 1,4–1,5 г/см3, оның құрамындағы көміртектің мөлшері 96% - ке жетеді. Коксте сондай – ақ, күкірт және металдар жинақталады. Құрамындағы күкірттің мөлшері бойынша  кокс аз күкіртті (1,5% - ке дейін), күкіртті (1,5 – 4,0%) және көп күкіртті (4% - тен көп) болып бөлінеді. Кокс металлургияда тотықсыздандырғыш және отын ретінде, электродтар, алюминий, фосфор, кремний, ферроқұймалар, т.б. материалдар өндірісінде, авиация және ракета техникасында, электр және радиотехникада, ядролық энергетикада кең қолданылады. Қазақстанда кокс Испат – Кармет бірлескен кәсіпорнында бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинатында өндіріледі.

Кокстеу  – қатты және сұйық жанғыш қазбалардың ұшқыш заттар мен қатты қалдық – коксті түзе жүріп,  ауаның қатысынсыз жоғары температурада ыдырауы. Соңғысы халық шаруашылығының әр – түрлі саласында кең қолданысқа ие. Кокстеу үшін негізгі шикізат тас көмір болып табылады, аз масштабтарда басқа да жанғыш қазбаларды, әрі мұнай дистилляттары,  тас көмір пектері сияқты жоғары температурада қайнайтын қалдық өнімдерді өңдейді. Тас көмірді кокстеу – тас көмір коксын, кокс газын, тас көмір шайырын және т.б. өнімдерді алу мақсатында оны 900 - 1100°С температурада өңдеу. Алдын – ала байытылған (минералды қоспалардан бөлінген), 3 мм – дан кем емес мөлшердегі дәндерге дейін ұсақталған және мұқият араластырылған көмірді (шихтаны) мұнараға бағыттайды, одан арнайы люктар арқылы жүк вагондарының көмегімен көлденең орнатылған тесіктері бар -қатты қыздырылған кокс пештеріне жібереді (1 сурет). Пештің қыздырғыш кеңістіктері (тік каналдары) ыстыққа төзімді династы (динасового) кірпіштен қаланған. Камерасының  ені 400 – 500 мм, биіктігі 47 м, ұзындығы 12 – 16 м, пайдалы көлемі 20 – 50 м3  болатын пештер кең қолданыс тапты. Бірнеше оншақты пештерді (әдетте 60 – 70) машиналар мен механизмдердің (жүк және сөндіргіш вагондар, кокс итергіш, есігі алынатын машина және т.б) жалпы комплектімен сипатталатын, бірлескен жүйе – кокс батареясына біріктіреді.


5. Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

Сабаққа қатысып, дұрыс жауап беріп отырған топқа жұлдызша үлестіріліп отырылады.

1. Күш сынасу – «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады». Бұл жарыста әр топқа  плакаттар мен маркер үлестіріледі.

1. Кальций тобына магнийдің физикалық, химиялық қасиеттеріне сипаттама.

2. Магний тобына кальцийдың физикалық, химиялық қасиеттеріне сипаттама.

3. Натрий тобына кальций мен магнийдің табиғатта таралуы мен биологиялық рөліне сипаттама.  

«Кім жылдам?» ойыны. Бұл ойында әрбір топқа химиялық қосылыстардың аттары жазыған парақ таратылады. Парақтағы заттардың аттарын тауып, жазып басқа топқа жасырыды.

«Кім тапқыр?» ойыны. Бұл ойынның шартында әр топқа бір-бір парақ беріледі, сол параққа кальций мен магний туралы білгендерін тез-тез жазып қасында отырған келесі студентке ұсынылып отырады. Жеребе таңдау арқылы жауап береді: 

Мұғалімнің таңдауы. 2. Сенім. 3. Делегат. 4. Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін.         

4. «Шешімін тап» есеп сайысы.  Әр топтан бір студент шығып есеп шығарады.

1- тапсырма:    

Теңдеуді шығар:     CаО + Н2О =…;     Мg + O2 = …;     Na2O + H2O=….        

Жауабы: :  CаО + Н2О = Ca(OH)2 ;   g + O2 = 2MgO;   Na2O + H2O=2NaOH 

2- тапсырма: 

Мынадай айналымдардың реакция теңдеулерін жазыңдар: Са→СаО→Са(ОН)2→Са(NO3)2 

Жауабы:  

Ca + O= 2CaO;       CaO + H2O = Ca(OH)2;  

Ca(OH)2 + 2HNO3 = Ca(NO3)2+ 2H2O  

3- тапсырма:

Теңдеуді шығар:    MgO + H2O = ….;   MgO +HCI = …. + ….;     

Na2O + H2SO4 = Na2 SO4 + ….    

Жауабы:    MgO + H2O = Mg(OH)2;    MgO + 2HCI = MgCI2 + H2O;                          Na2O + H2SO4 = Na2SO4 + H2O                                                                                                                         «Ғажайып шеңбер». (егер уақыт артылып қалса)

Мұнда әр топ 2 минут ішінде мына төменде  келтірілген келесі суреттегі шеңберден элемент аттарын құрастыру керек. Қай топ  көп элемент аттарын тапса, сол топқа ұпай беріледі.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (5 минут)

1.Неліктен галогендер күшті тотықтырғыш қасиеттер көрсетеді?

2. Галогендердің тотықтығыш қасиеттері топ бойынша қалай өзгереді? Неге?

3.Тапсырма

1.Хлоридтің: а) екі жай заттан; ә) екі күрделі заттан; б) бір жай және бір күрделі заттан түзілуіне мысалдар келтіріңдер.

2. Егер калий йодиді бар ыдысқа хлор енгізсе қандай сыртқы белгілер білінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут)

Рефлекция:

  • не білдім, нені үйрендім

  • не түсініксіз болды

  • қандай қателіктермен жұмыс істеуім керек


Педагог: _________



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!