ҚМҰҚ сабағы: "4 саны мен цифры"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМҰҚ сабағы: "4 саны мен цифры"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшада математика сабағында өтілетін сабақ жоспары 4 санымен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы : Таным

Бөлім: ҚМҰҚ

Тақырып: «4 саны мен цифры»

Мақсаты: Балаларды 4 санымен және цифрымен таныстыру

Міндеттері:

1. Суреттер арқылы 4 санына есеп  құрастыруға үйрету. 

2. Ой-өрісін, есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 

3. Алғырлыққа, зеректікке тәрбиелеу. 

Полилингвальды компонент : сан- число

Сөздік жұмысы : сан- число

Технологиялық қамтамасыз ету:. Сандар, үлестірмелі сандар, таяқшалар ,жыл мезгілінің, төрт түліктің,шаршының т.б суреттер.

Технологиялар: Монтессори, Мнемо,ойын технологиясы


Кіріспе бөлім


Жылулық шеңберіне жиналу.

Күнге қарайық,

Қолымызды созайық.

Қуанайық,күлейік,

Күнен шуақ алайық.



Негізгі бөлім






















































































































Өткен тақырыпты пысықтау: 
-Балалар өткен оқу іс-әрекетінде танысқан сандарды тақпақтар арқылы еске түсірейік. 
-Сандар туралы кім тақпақ біледі? 
Тақпақтар: 
Лашын: «1»-ге ұқсайтын бұл не? 
Ол –кәдімгі ине 
Сабақтап жіп іл де, 
Қада онымен түйме (1 санын тақтаға ілу) 
Аңсар: Айдын көлдің бетінде 
Мойнын иіп жүзгенде, 
Бұл аққу ма, «2» ме? 
Деп қаламыз біз кейде. (2 санын тақтаға ілу) 
Арайлым: Бабалар қару- жарағы 
Жебесі мен садағы. 
Жауларын атса жусатқан. 
Садақты «3»-ке ұқсатам.(3санын тақтаға ілу) 
Дидактикалық ойын: «Заттың санын санмен сәйкестендіру» 
(Суреттегі заттың санына сәйкес үлестірмелі сандарды көрсетеді.) 
-Өткен оқу іс-әрекетінде қандай сандармен таныстық. Оларды тура және кері санайық. 
-Балалар мен , сендерге жұмбақ жасырайын. 
Жұмбақ: 
Жақсыменен тең көрген, 
Ата-ана да жөн көрген, 
Орындықпын төңкерген (төртік) 4 санын тақтаға ілу. 
-Бүгін 4 саны және цифрымен танысамыз.4 саны сандық қатарда 3 санынан кейін тұрады.4 санына байланысты4 түлік, 4жыл мезгілі, шаршының 4 қабырғасы, машинаның 4 дөңгелегі т.б бар екен. 
-Жыл мезгілін атаңдаршы? 
-Төрт түлікке нелер жатады? 
-4 санын тақтаға жазып көрсету.


-Санды ауаға жазамыз. 
-Сандарды тура және кері санайық.













-Санды ауаға жазамыз. 
-Сандарды тура және кері санайық. 
Суретпен жұмыс: 4 
-Орманда 3 қоян жүр еді, қасына тағы да бір қоян келіп қосылды. Неше қоян болды? 3 1 
-Төрт қоянның екеуі қашып кетті. Неше қоян қалды? 4 
2 2 сандарынан құралады. 
Ғажайып сәт: (Қоян қонаққа келеді) 
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар, Сәлеметсіздер ме қонақтар. Мен өзімнің жақсы көретін тағамымды іздеп келдім. 
-Балалар қоян нені жақсы көреді? 
-Сәбізді. 
-Олай болса ыдыстағы сәбіздерден қоянға берейік. 
-Мен жалғыз емеспін үйімде 3 көжегім бар. 
-Сонда қоян және көжектерін қосқанда нешеу болды? 
-Енді қанша сәбіз береміз? 
-Төртеу 
Дидактикалық ойын: «Сәбіз жинау» 
Қоян: Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, менімен бірге сергіп алыңдар 
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, 
Мойнымызды бұрамыз. 
Қолымызды көтеріп, 
Саусақты ашып- жұмамыз 
Сонаң соң, төмен түсіріп, 
Алақанды 1,2,3,4 соғамыз 
Иықты артқа ысырып, 
Басты төмен саламыз. 
Жаттығу жасап осылай, 
Үлкен боп ертең шығамыз. 
-Жарайсыңдар балалар, сендерге рақмет. «Сиқырлы сандықты» сендерге сыйлыққа беремін.Сау болыңдар. 
-Сау болыңыз.



-Қане, бәріміз төрт таяқша санап алайық. 
-4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық 
-Пішіндер неге ұқсайды? 
-Шаршыға,Ш дыбысына 
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетін «Санамақ» айту арқылы бекітейік. 
1 дегенім бөрік, 
2 дегенім етік. 
3 дегенім үтік, 
4 дегенім төсек. 
-Санамақтың қалғанын келесі оқу іс-әрекетінде жалғастырамыз. 
-Балалар қоянның берген «Сиқырлы сандықты» ашып көргім келіп тұр. Сендердің көргілерің келеме? 
-Иа 
- Ішінде жұлдызшалар бар екен. Осы жұлдызшаларды оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін беремін. Жарайсыңдар.























Қане, бәріміз төрт таяқша санап алайық. 
-4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық 
-Пішіндер неге ұқсайды? 
-Шаршыға,Ш дыбысына 
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетін «Санамақ» айту арқылы бекітейік. 
1 дегенім бөрік, 
2 дегенім етік. 
3 дегенім үтік, 
4 дегенім төсек. 
-Санамақтың қалғанын келесі оқу іс-әрекетінде жалғастырамыз. 
-Балалар қоянның берген «Сиқырлы сандықты» ашып көргім келіп тұр. Сендердің көргілерің келеме? 
-Иа 
- Ішінде жұлдызшалар бар екен. Осы жұлдызшаларды оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін беремін. Жарайсыңдар


Қорытынды

бөлім






-Қандай санмен таныстындар?

- Сабақ ұнады ма?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2018
1647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі