"Қобыланды батыр" жыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қобыланды батыр" жыры

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімге көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: "Қобыланды батыр" жыры

Мұғалімнің аты-жөні:Нығметжан Зейнұр Саламатқызы

Күні: 25.09.18

Сынып: 5

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

5Т\Ж1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мыныны орындай алады: Қобыланды батыр жырымен танысып,мазмұнын аша алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Жырдың мазмұнын, тақырыбын анықтайды.

Оқушылардың кейбірі мынаны орындай алады: Кейіпкерлерге салыстыру жасайды,жырдағы көркемдегіш құралдар арқылы ажыратып, талдау жасай біледі.

Ресурстар:

Оқулық, видео жазба,кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сөздік,көрнекілік әдіс.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы оқу

Батырлар жыры



Сабақ жоспары


Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Оқушының қызыметі

Сабақтың басы

10 минут












Сабақтың ортасы

25 минут










































Сабақтың соңы 5 минут


















Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді.

"Жүректен-жүрекке" тренинг өткізу.Оқушылар үлкен шеңбер бойына тұрып,бір-біріне жақсы тілектер мен оқуда сәттіліктер тілейді.


Үй тапсырмасын тексеру.

"Ыстық орындық" әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылаймын.Бүгінгі сабағымыз өткен сабағымыздың жалғасы болып табылады.



"Сиқырлы қорапша" әдісі арқылы балаларға тақырып бойынша сұрақтар таңдатамын.

1.Біз қандай жырды оқып жатырмыз?

2. "Қобыланды батыр" жыры- тарихи мұра ма?

3.Қазіргі ұрпақ Қобыланды батыр сияқты батыр болсам ,өз еліме қорған болсам деп армандай алады ма?

4.Қобыландының сүйген жарының есімі кім?

5."Қобыланды батыр" жырының негізгі тақырыбы қандай?

6.Батырдың жан серігі кім?

Осы сұрақтар төңірегінде сабақ тақырыбын ашамын.



Мағынаны тану.

"Қобыланды батыр" жыры- қазақ батырлар жырының ішіндегі ең көлемдісі және көп таралғаны."Қобыланды батыр" жырының негізгі тақырыбы-ел тәуелсіздігін қорғау,ел қорғаны -батырдың ерлік істерін мадақтау.Жырдағы батырдың батырлық бейнесін сүйген жары-Құртқа,батыр қыз- Қарлыға,батыр Қараман,жан серігі- Тайбурыл толықтырады.

Тоқтарбайұлы Қобыланды- аты аңызға айналған халық батыры.Шыққан тегі-Қыпшақ.Халық жадында сақталған әңгімелерде,халық шежірелерінде оны көбіне "Қара Қыпшақ Қобыланды" деп атайды.Шежіре деректеріне қарағанда,Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында өмір сүрген,ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам.


Оқулықпен жұмыс:Жырды оқи отырып,әр оқиғаның мәнін аша тоқталу.

Қызығушылықты ояту мақсатында Қобыланды батыр мультфильмінен үзінді көрсетемін. https://www.youtube.com/watch?v=f7V0HLMiM8g&t=113s


"Сөз маржан" сөздікпен жұмыс.

Қорасан-көне сөз.Бұл жерде:Құдайға жалыну,жалбарыну.

Қамқа-1) зерлі жіптен тоқылған жібек мата;2)қара түсті,терісі қымбат,суда өмір сүретін аң.

Енші-мағынасы көп.Бұл жерде өзімнің жеке затым болсын деген мағынады.

Пір-діни сөз.Бұл жерде:адамдарды желеп-жебеуші,әулие ұғымында қолданылып тұр.

Намазшам-кешкі намаз оқылатын кез,ақшам мезгілі.


Үйге тапсырма: "Қобыланды батыр" жырын оқу.

"Ерлігі еліне арналған..." эссе жазу.

Рефлексия: "Білім ағашы"

Мұғаліммен амандасып,сабаққа дайындалады.

Бір-біріне бүгінгі күнге жақсы тілектер айтып,оқуға сәттіліктер тілейді.



"Ыстық орындық" әдісі арқылы "Қобыланды батыр" жыры туралы сұраймын.




«Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап береді.

1. "Қобыланды батыр" жыры.

2. Ия,көнеден келе жатырған асыл мұрамыз.

3.Менің ойымша батыр болғысы келетін ұрпақ өте көп деп ойлаймын.Еліне қорған болсам дегем.

4.Құртқа.

5. "Қобыланды батыр" жырының негізгі тақырыбы-ел тәуелсіздігін қорғау,ел қорғаны -батырдың ерлік істерін мадақтау.

6. Жан серігі- Тайбурыл





Оқушылар Қобыланды батыр жыры туралы мәліметтерді тыңдап,дәптерлеріңе жазады.














Оқулықтағы жырды оқып,талдау жасайды."Қобыланды батыр" мультфильмінен үзінді қарап,өз ойларымен бөліседі.



"Сөз маржан" сөздікпен жұмыс.

Жырдағы таныс емес сөздермен танысып,мағынасын ашады.










Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы біоім ағашына өз пікірлерін білдіреді.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2018
910
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі