Қобыз үні адамның жан–дүниесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қобыз үні адамның жан–дүниесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қобыз үні адамның жан–дүниесін басқа таза әлеммен байланыстырады. Рухани, таза сезімдерді адам жанына ұялатып, адалдық пен шындыққа баулиды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы

Аудандық балалар өнер мектебінің мұғалімі

Койсарина Акелик Комшабаевна


Қобыз үні адамның жан–дүниесі

Музыка – ерекше өнер түрі. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау, тереңдеу тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Ұлттық өнеріміздің шығу тарихы және даму кезеңдері. Қорқыттың қарағайдан қайырып, үйеңкіден үйіріп алған қобызы - дүниежүзіндегі ең көне аспап. Скрипканың арғы атасы саналатын қобыз жайлы дерек көздері бар болғанымен, оның адамзатқа әлі де беймәлім тылсымы жетерлік. Қорқыт ата бабамыздың есімімен тығыз байланысты. Қобыздың бойында он жеті ғаламның үні бар деп тегін айтпаған. Қобыз үні адамның жан–дүниесін басқа таза әлеммен байланыстырады. Рухани, таза сезімдерді адам жанына ұялатып, адалдық пен шындыққа баулиды.  Қобыз  –қиын–қыстау, тар жолда Қорқыттың талдырмас қорегі, ақыл–ойын өрбіткен, арып –шаршағанда шабыт берген, сергіткен өмір серігі. Сөз жоқ, бұл – музыкалық мәдениет тарихындағы құдіретті құбылыс. 

Ежелден қобыз аспабын кие дарыған адамдар ғана ойнай алған. Екінің бірі ойнап кете алмайтын сыр мен қыры мол аспапты жыраулар мен абыздар, ұзандар мен бақсылар ғана қолданған. Халқымызда қобыз аспабын музыкалық инструмент  емес, көбінесе бақсы-шамандардың құралы деген пікір қалыптасқан.

Аққу кейіпті бұл аспаптың ыңыранып шыққандағы үнінің адам бойын баурап, алпыс  екі тамырын идіріп әкететін тылсым күші ғалымдардың әлі күнге танданысын тудырып жатыр. Үніндегі ерекшелікті домбырадағы әнді қобызға салғанда байқауға болады. Мүлде басқаша дыбыспен, үнмен шығады. Қобызда созылыңқы дыбыс болған соң, ән өзгеріске ұшырайды.

Қобыздың бізге белгілі нарқобыз, қылқобыз, жезқобыз, сазген деген түрлері бар. Сандай-ақ осы қатарға оркестірлер мен ансамбльдерде ойналып жүрген альт, прима қобыздарын жатқызуға болады. Ішегі жылқының қылынан жасалатын бұл аспаптың екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілері бар. Бұл қобыздардың барлығы бір-бірінен өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді. 
Шеберлігі жоғары қобызшылар даярлауға, музыкалық аспаптарды жетілдіруге қосқан үлесі өте зор. Енді техникалық жағынан еркіндік туып, дыбыс ауқымы кеңейіп, кішігірім шығармалар ғана емес, үлкен классикалық туындыларды орындауға мүмкіншілік туды. Бірақ дәстүрлі көбемен орындау әдісі сақталды, әлі гриф болмағандықтан қобыздың техникалық мүмкіншілігін скрипкамен бірдей деуге болмайды. 
Халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының ішінде қобыз – құрылысы, ойналу тәсілі күрделі, қоңыр сазды тылсым үні адамның жан дүниесіне табиғи әсер қалдыратын ерекше аспап. 
Көне дәуірлерден, Қорқыт күйлерінен басталып, соңғы ғасырлардағы Ықылас шығармаларына дейін жалғасып, бізге жеткен қобыз сарыны – халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру – бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін  парыз десек,оны оқытып, үйрету –  білікті ұстаз–мамандардың міндеті. Кезінде қобыз тарту өнерінің мектебі қалыптасып, бұл дәстүр кәсіпқойлық өнер деңгейіне көтерілген еді. 
Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс–әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз.  Қабілет дегеніміз – білгілі бір немесе бірнеше істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттері, ал дарындылық дегеніміз – қабілеттердің өте жоғары деңгейі. «Бұлақ көрсең көзін аш», – дегендей, өнерлі өрендеріміздің өнегелі болуына үлес қосу  –  ұстаздық борышымыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2023
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі