Материалдар / «Қоғамдағы педагог мәртебесі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қоғамдағы педагог мәртебесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
қоғамдағы педагог рөлі, педагог орны, педагог мәртебесі туралы баяндалады. Қазіргі заман талабына сай педагог болу үшін не істеу керектігі баяндалады.Ыбырай атамыз айтқандай, «Ұстаз –мектептің жүрегі». Сол жүрек дұрыс соқса, келешек ұрпағымыз да білімді, парасатты, сауатты, елін-жерін сүйетін адамгершілігі мол, патриот болатыны анық. Педагог-келешек ұрпаққа ата-бабалар ұрпақтарының жетістіктері мен қамқорлығын жеткізіп, әрқайсысына болашаққа есік ашатындар. Педагог мәртебесін көтерумен қатар, оған құрмет көрсетіп, оның қиын және асыл еңбегін тиісті биіктікке жеткізбейінше, біз маңызды мақсаттарға жете алмаймыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Тамыз 2022
2061
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қоғамдағы педагог мәртебесі» - эссе

"Ертегі" бөбекжайы МКҚК

балабақшасының тәрбиешісі

Иманғазиева Айман Тілекқызы


2019 жылдың желтоқсанның 27 жұлдызы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген болатын. Ұстаздардың мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты - білім беру ұйымдардың педагогтерінің  мәртебесін арттыру, оларды үздіксіз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық тұрғыда шешу болып табылады. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған.

Жаһандық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсатым-миллиондаған отандастарымның кең ауқымды реформалардан пайда көруіне, инклюзивті қоғамның, серпінді экономиканың, жоғары сапалы білім мен озық денсаулық сақтаудың жемісін көруіне жағдай жасау», - деп атап өтті. Енді мұндай дамуға жаңа серпін берілді, педагогтар жаңа құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуда.

Мұндай заң бізде ешқашан болған емес, педагог ұжымына мұндай шешім, мұндай заң септігін тигізеді.

Ыбырай атамыз айтқандай, «Ұстаз – мектептің жүрегі». Сол жүрек дұрыс соқса, келешек ұрпағымыз да білімді, парасатты, сауатты, елін-жерін сүйетін адамгершілігі мол, патриот болатыны анық.

Педагог-келешек ұрпаққа ата-бабалар ұрпақтарының жетістіктері мен қамқорлығын жеткізіп, әрқайсысына болашаққа есік ашатындар. Педагог мәртебесін көтерумен қатар, оған құрмет көрсетіп, оның қиын және асыл еңбегін тиісті биіктікке жеткізбейінше, біз маңызды мақсаттарға жете алмаймыз.

Ежелгі дәуірден бастап шығыста мұғалімге деген көзқарас ең құрметті болды, ол ең құрметті адамдардың бірі болды. Біздің басты байлығымыз – адам, ал ұлы Абай айтқандай: «адамдағы ең үздік нәрсе – мұғалімнен».

Шығыс әлемінің ұлы ұстаздары кеңінен танымал болды. Ғылыми әлем Әбу Насыр Әл-Фарабидің дарынын ерте ғасырларда жоғары бағалап, оны ежелгі дәуір ойшылы Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп атаған.

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог және қазақ даласының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсарин мұғалімді тағайындау туралы аса құрметтеп айтқан: «мұғалім болу – қызмет емес, Құдай болу деген осы борыш. Бұл үшін жоғары жан болуы керек, ол басқа адамдарға жалынды бере

Қазіргі уақытта білімге, мұғалімге қоғам көзқарасы жақсы жағынан өзгере бастады. Педагогтарға көрсетіліп жат­қан құрметті ескермеу мүмкін емес. Бұл – жақсылықтың нышаны. Бұл – қалыптасқан дәстүрді сыйлау мен қастерлеудің жолы деп білемін.

Педагог мәртебесіне байланысты мәселелерді шешуде негізгі үш жол ілгері басты. Оның біріншісі-жаңа деңгейде педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру, екінші жол – жалақыны арттыра отырып материалдық ынталандыру, үшінші жол-педагогтің беделін арттыру үшін имидждік жұмыс жүргізу, педгогтың оң имиджін қалыптастыру.

Елбасының: «Халықтың сені­мін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес» деген тамаша тағылымды сөзі бар. Бұл – ұстаз­дың ғана емес, кез келген ұстамды жанның бағдаршамы. Бұл ретте Президент Қ.К.Тоқаевтың: «Мұғалімнің еңбегі – адамзат игілігімен астасқан өлшеусіз еңбек» деп айтқаны да мәлім.

Педагог мәртебесі – фило­со­фия­лық, психологиялық, тарихи, әлеу­меттік астары бар қадірлі ұғым және қоғам жауапкершілігін анық­тай­тын өлшем. Педагог тұғыры – қоғам мен мемлекет тұғыры.

Қай мемлекет ұстаздарына қа­­тыс­ты қандай саясат ұстанса, мем­­­­лекеттің беделі де соған сай қа­­­лыптасады. Сондықтан ең бас­ты­­сы, Қазақ елінде педагогты қа­дірлеуге байланысты тамаша дәс­түр бар. Қызметтегі, биліктегі бү­гінгі толқын оны ұмыта қойған жоқ.

Педагог беделі заңмен емес, қоғамның ар-ұятымен, жауапкершілігімен белгіленеді. Қасиетті «Құранның» өзінде де, біздің мың жылдық дәстүрімізде де ұстазды сыйлау парыз екені ерекше айтылған. Ендеше «Педагог мәртебесі туралы» заңның қорғаушысы да, қолдаушысы да, дәйегі де, мәйегі де – қоғам.

Білім саласының өзіндік, кәсіби талай қиындықтары бар. Оқу мен оқытудың шын ма­ғы­­­насындағы еркіндігі мен дер­бес­тігі, бастамаларды қолдау­дың тетік-амалдары әлі де әлсіз­деу. Қағазбастылық пен жалаң есеп жұмысты көбейтіп жіберуде. Мұны Елбасы да, Президент те, сала басшылары да сынап жүр. Бірақ одан құтылудың тетігі – өз қолымызда.

Қазіргі уақытта сол педагогтарымыздың арқасында, біз білім беруде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Еліміздің оқушылары халықаралық пәндік олимпиадаларда көптеген медальдарды жеңіп алуды. Осының барлығы біздің талантты және креативті ұстаздарымыдың арқасы.

Әрине, басты тетік ұстаздың өзінде екені баршамызға мәлім. Үне­мі ізденісте жүрген, шеберлігін шыңдайтын, мәдениеті, адамгершілігі мол, бар бітім-болмысы жоғары азамат - шәкірттің ғана ұстазы емес, қоғамның ұстазы деп білемін. Отанымызда ұстаз мәртебесі артқан сайын, білім мен ілімнің, тәрбие мен мәдениеттің абыройы асқақтайтыны сөзсіз.

Дана ата-бабаларымыз балаға бі­лім­­нен бұрын тәрбие берілуі керек екенін бұдан мың жыл бұрын айтқан. Қазақстанның отаншыл ұл-қызын оқытудың мақсаты мен мазмұны жылдан-жылға айқындалуда. Ал оның мақсаты – бәсекеге қабілетті білімді, саналы ұрпақ қалыптастыру.

Бүгінгі педагог жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып тұрса, ешкім ол мұғалімге негізсіз мін таға алмайтыны да анық дегім келеді. Олай болса, қоғамдағы педагог мәртебесін арттыру, педагогтың өз қолында. Ал педагогтың мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген заманауи жетістіктерді елдің даму стратегиясымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздардың мәртебесі аса берсін!

Тоқсан ауыз сөздің,тобықтай түйіні Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - демекші, «ҰСТАЗ, ПЕДАГОГ, МҰҒАЛІМ» сөздерінің қадірі түспесе екен деп тілеймін. Педагогтың мәртебесін көтергеннен ешкім жаман болмайды, керісінше терезесі тең болар. Қазақ елі ұстазын ұлықтаған, тер еңбегін ұмытпаған елміз.

Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында.

Ендеше, қоғамдағы педагог мәртебесі» арта берсін!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!