Қоғамдық ортада балалардың әлеуметтік бейімделуіне отбасындағы тәрбиенің түрі мен әсер етуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамдық ортада балалардың әлеуметтік бейімделуіне отбасындағы тәрбиенің түрі мен әсер етуі

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ Әлеуметтік бейімделу – адамның қоғамға сәтті енуі, қоғамдық нормаларды қабылдап, әлеуметтік дағдыларды меңгеруі. Бұл процесс тек мектепте немесе көшеде емес, ең алдымен отбасында басталады. Бала үшін әлеуметтік бейімделудің маңызды аспектілері:  Ата-анамен және жақындарымен қарым-қатынас;  Достармен өзара әрекеттесу дағдылары;  Қоғамдық ережелер мен нормаларды түсіну және сақтау;  Өзінің жеке пікірі мен көзқарасын білдіру қабілеті;  Өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіну. Егер бала отбасында дұрыс тәрбие алмаса, оның қоғамға бейімделуі қиынға соғады. Әлеуметтік дағдылары әлсіз қалыптасқан балалар мектепте, достарымен қарым-қатынаста және болашақ өмірінде қиындықтарға тап болуы мүмкін. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ Отбасындағы тәрбиенің бірнеше негізгі түрлері бар, олардың әрқайсысы баланың мінезіне және қоғамдағы орнына әсер етеді. 1. Авторитарлық тәрбие  Бала ата-ананың бұйрығына толық бағынуы тиіс;  Қатал талапт
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚОҒАМДЫҚ ОРТАДА БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНЕ ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҮРІ МЕН ӘСЕР ЕТУІ



Бозғұлова Құралай Нұрадинқызы

Қызылорда облысы, Арал ауданы №59 орта мектеп тәлімгері


КІРІСПЕ

Қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты көрсеткіштерінің бірі – оның жас ұрпағының әлеуметтік бейімделуі. Әлеуметтік бейімделу дегеніміз – баланың қоршаған ортаға үйлесімді еніп, қоғамның нормалары мен құндылықтарын меңгеруі. Бұл процесс көбіне баланың отбасында алған тәрбиесіне тікелей байланысты.

Отбасы – баланың алғашқы әлеуметтік институты. Баланың мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы, адамдармен қарым-қатынасы, өзін-өзі бағалауы отбасындағы тәрбие түріне байланысты қалыптасады. Бүгінгі таңда отбасылық тәрбиенің бірнеше түрі бар және олардың әрқайсысы баланың әлеуметтік бейімделуіне әртүрлі деңгейде әсер етеді.

Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз- ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер- жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.


Бұл баяндамада отбасының бала тәрбиесіндегі орны, тәрбиенің негізгі түрлері, олардың әлеуметтік бейімделуге ықпалы және бала тұлғасының қалыптасуына тигізетін әсері қарастырылады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ОТБАСЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ


Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі өте маңызды. Отбасы - бұл баланың алғашқы тәрбие ордасы. Бала ең алғашқы құндылықтарды, моральдық нормаларды, этикалық қағидаларды отбасынан алады. Ата-аналардың жүріс-тұрысы мен қарым-қатынасы балаға үлкен әсер етеді.


Махаббат және қолдау: Отбасы балаға сүйіспеншілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, бұл оның эмоционалды дамуына және сенімді тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.


Моральдық және этикалық құндылықтар: Отбасында бала жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты айыра бастайды. Ата-аналар балаларына адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік секілді маңызды құндылықтарды үйретеді.


Білім мен дағды: Бала отбасында оқу мен білімге деген қызығушылықты, дағдыларды қалыптастырады. Ата-аналар балаларын мектепке даярлап, оларға өмірдің түрлі салаларында алғашқы білімдерді береді.



Әлеуметтік қарым-қатынас: Отбасында бала алғашқы әлеуметтік дағдыларды үйренеді. Ол бір-бірімен тіл табысу, өз пікірін білдіру және қоғамда дұрыс әрекет ету жолдарын үйренеді.


Психологиялық қолдау: Отбасы баланың психологиялық жай-күйіне тікелей әсер етеді. Ата-аналар немесе отбасы мүшелері балаға тұрақты психологиялық қолдау көрсете отырып, оның сенімділік деңгейін арттырады. Мұндай қолдау баланың өзіне деген сенімін қалыптастырады.


Құндылықтарды үлгі көрсету арқылы үйрету: Бала өз өмірінде не жақсы, не жаман екенін түсіну үшін, ол көбінесе отбасы мүшелерінің үлгісіне қарап үйренеді. Ата-аналар мен басқа да үлкендер өз әрекеттерімен және қарым-қатынасымен балаға жақсы мінез-құлық үлгісін көрсетеді.


Құқықтар мен міндеттер туралы түсінік: Отбасында бала өзінің құқықтары мен міндеттерін түсініп өседі. Бұл оны жауапкершілікке үйретеді, әрі қоғамда өзінің орнын табуға көмектеседі. Сонымен қатар, ата-аналар мен балалар арасындағы дұрыс қатынас құқықтық негізде қалыптасады.


Тәрбие әдістері: Әр отбасы баланы тәрбиелеу әдісін әртүрлі қолданады, бірақ негізгі идея балаға дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Кейбір отбасылар дәстүрлі тәртіппен бала тәрбиелесе, ал басқа отбасы өзіндік әдістер мен еркін тәртіпке сүйенуі мүмкін. Алайда, тәрбие әдістері балаға әрқашан ескерту мен қолдау көрсететін, түсіністікке негізделген болуға тиіс.


Қоғамдық көзқарас: Отбасы сонымен қатар қоғамға пайдалы және қоғамда қабылданған мінез-құлық нормаларын үйретуге маңызды рөл атқарады. Бала өз отбасынан алған білім мен тәрбие негізінде, қоғамның бір бөлшегі ретінде, дұрыс әрекет етуге үйренеді.


Денсаулық пен салауатты өмір салты: Отбасы балаға денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Ата-аналар балаларын дұрыс тамақтандыруға, дене шынықтырумен айналысуға, дұрыс ұйықтауға және зиянды әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Бұл оның денсаулығының жақсаруы мен дұрыс өсуіне ықпал етеді.


Әлеуметтік дағдылар мен өзара қарым-қатынас: Отбасында бала өзара қарым-қатынас дағдыларын үйренеді. Ол үлкендермен, бауырларымен, және достарымен дұрыс сөйлесуді, тыңдай білуді, бірігіп жұмыс жасауды және келіспеушіліктерді шешуді үйренеді. Бұл дағдылар оның болашақта қоғамда табысты өмір сүруіне көмектеседі.


Балаға эмоционалдық қолдау көрсету: Бала қиындықтарды, қорқыныштар мен стрессті қалай жеңу керектігін отбасынан үйренеді. Әсіресе, ата-аналардың баланың сезімдеріне сезімтал болуы маңызды. Баланың эмоцияларын түсініп, оларды дұрыс жолмен реттеу оған өмірдегі қиын жағдайлармен күресуге көмектеседі.



Қаржылық сауаттылықты үйрету: Отбасында бала қаржыны дұрыс басқару туралы алғашқы сабақтарын алады. Ата-аналар балаларына ақша үнемдеу, жоспарлау, қажеттіліктер мен қалауларды ажырату сияқты қаржылық дағдыларды үйретеді. Бұл дағдылар баланың өмірінде маңызды рөл атқарады.


Рухани және діни тәрбие: Кейбір отбасылар өздерінің діни немесе рухани сенімдеріне сәйкес бала тәрбиелейді. Бала отбасынан өмірдің мәні мен мақсатын түсініп, жақсы мен жаман арасындағы шекараны анықтауға көмектесетін құндылықтар мен сенімдерге ие болады.


Әлеуметтік әділеттілік және адам құқықтары: Отбасы балаға әділдік, теңдік, әртүрлілік пен құрмет принциптерін үйретеді. Бұл балаға қоғамда өз орнын табуға, басқа адамдарды құрметтеуге және әділетсіздіктерге қарсы тұруға көмектеседі.


Тәртіп және шектеулер: Отбасында бала тәртіпті сақтауды үйренеді. Ата-аналар баласына жауапкершілікті сезінуге, үй шаруасына көмектесуге және өз уақытын дұрыс жоспарлауға үйретеді. Сонымен қатар, дұрыс шектеулер мен ережелер баланың өз әрекеттерінің салдарын түсінуіне көмектеседі.


ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ


Әлеуметтік бейімделу – адамның қоғамға сәтті енуі, қоғамдық нормаларды қабылдап, әлеуметтік дағдыларды меңгеруі. Бұл процесс тек мектепте немесе көшеде емес, ең алдымен отбасында басталады.


Бала үшін әлеуметтік бейімделудің маңызды аспектілері:


  • Ата-анамен және жақындарымен қарым-қатынас;

  • Достармен өзара әрекеттесу дағдылары;

  • Қоғамдық ережелер мен нормаларды түсіну және сақтау;

  • Өзінің жеке пікірі мен көзқарасын білдіру қабілеті;

  • Өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіну.


Егер бала отбасында дұрыс тәрбие алмаса, оның қоғамға бейімделуі қиынға соғады. Әлеуметтік дағдылары әлсіз қалыптасқан балалар мектепте, достарымен қарым-қатынаста және болашақ өмірінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.


ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ


Отбасындағы тәрбиенің бірнеше негізгі түрлері бар, олардың әрқайсысы

баланың мінезіне және қоғамдағы орнына әсер етеді.


1. Авторитарлық тәрбие


  • Бала ата-ананың бұйрығына толық бағынуы тиіс;

  • Қатал талаптар қойылады, жеке пікірге мән берілмейді;

  • Жаза мен бақылау басты құрал ретінде пайдаланылады.

Әсері: мұндай тәрбие алған балалар көбіне өздеріне сенімсіз, қорқақ немесе агрессивті болуы мүмкін. Олар өз бетінше шешім қабылдауда қиындық көреді.


2. Демократиялық тәрбие


  • Бала ата-анамен тең құқылы қарым-қатынаста болады;

  • Өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік беріледі;

  • Жауапкершілікке баулу басымдыққа ие.

Әсері: бұл тәрбиеде өскен балалар өз ойларын еркін жеткізе алады, қоғамда белсенді, жауапкершілікті сезінеді. Олар өзгелермен оңай тіл табысып, әлеуметтік бейімделуі жоғары болады.


3. Либералды тәрбие


  • Баланың толық еркіндігіне жол беріледі;

  • Ата-ана бақылауы әлсіз немесе мүлдем жоқ;

  • Баланың қалауы бірінші кезекте тұрады.

Әсері: мұндай отбасында тәрбиеленген балалар көбіне тәртіпке бағынғысы келмейді, өзіне тым сенімді немесе өзімшіл болып өседі.


4. Индифферентті (немқұрайлы) тәрбие


  • Ата-ана балаға аз уақыт бөледі немесе мүлде көңіл бөлмейді;

  • Материалдық қажеттіліктерін өтегенімен, эмоционалдық қолдау жоқ;

  • Бала өзін жалғыз сезінеді.

Әсері: мұндай тәрбиенің салдары ауыр болуы мүмкін: бала әлеуметтік ортаға бейімделуде үлкен қиындықтарға тап болып, қоғамнан шеттетілуі мүмкін.


БАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНЕ ОТБАСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ


Әлеуметтік бейімделу бала тәрбиесінде маңызды фактор болғандықтан, ата-аналар келесі аспектілерге назар аударуы керек:


Эмоционалдық қолдау: Баланың ішкі сезімдерін түсініп, оған көмек көрсету маңызды.

Өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру: Бала өзіне сенімді болу үшін оны жеке шешім қабылдауға үйрету керек.

Әлеуметтік дағдыларды үйрету: Басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату, жанжалдарды реттеу жолдарын көрсету қажет.

Қоғамдық ортаға қатысу: Баланы түрлі үйірмелерге, қоғамдық шараларға қатыстыру, ортада өзін еркін сезінуге дағдыландыру.


ОТБАСЫНДАҒЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕНІҢ ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ


Отбасында дұрыс тәрбие алған балалар:


  • Жауапкершілікті сезінеді;

  • Әлеуметтік белсенді, ұжыммен жұмыс істей алады;

  • Өзінің және өзгелердің құқықтарын құрметтейді;

  • Қоғамдық нормаларды түсініп, ұстанады.

Керісінше, отбасы тарапынан жеткілікті қолдау алмаған балалар қоғамға бейімделуде қиындықтарға ұшырайды, бұл олардың өмірдегі жетістіктеріне кері әсерін тигізуі мүмкін.


Балаларды тәрбиелеуде, әлеуметтендіруде тиімді әдіс пен тәсілдермен ата-аналар қарулануы керек. Ата-ана беделінің түсу-түспеуіне қарамай, кез-келген балаға оның әкесі мен шешесінің жеке үлгісі зор әсерін тигізеді. Бірге өмір сүргендіктен, үнемі олармен араласып, әңгімелерін тыңдағандықтан, әр түрлі жағдайлардағы олардың өзін-өзі ұстауының куәсі болғандықтан балалары саналы түрде ата-аналарының дүниеге көзқарасын, бойларына сіңіреді, соларға ұқсауға тырысады. Көркем әдебиеттерді оқу, кинофильмдерді, театр қойылымдарын, радио және телебағдарламаларды бірлесіп көру, соңынан талдау ата-ана мен жасөспірімдерді жақындата, рухани байланыстыра түседі. Егер балаларыңызға «Ата-анаңыздың қандай жақсы, үлгі алатын қасиеттерін қалар едіңіз?» деген сауал қойсақ, жауабы еңбексүйгіштік, қайырымдылық, шыншылдық, еңбектегі өз ісіне жауапкершілігі болуы, бастаған ісін тиянақты аяқтауы, өзін-өзі ұстау мәдениетінің болуы, ішімдік пен темекіге жиіркенішті көзқарасы болар еді. Жас адамдар ақыл айтуға құрылмаған ашық, өз пікірін айтуға жол ашатын әңгімелерді жақсы көреді. Ата-ана мүндай ашық әңгімелерде моральдық, ақыл айтушылықтан аулақ болып, сөзінде дәлелдемені, мысалды келтіріп, баланы сендіре білуі керек. Ондай әңгімелердің тақырыбы саяси, әлеуметтік, жанұялық бірлескен еңбек пен демалысты ұйымдастыру туралы болуы мүмкін. Жақын адамдар мен таныстардың өмірінен тағылым алатын фактілер, көркем фильмдегі кейіпкердің жағымды, жағымсыз әрекеттері бала жүрегінен орын алады, байсалды талдау кезінде бала өз пікірін айтуга, өзгенің пікірін тыңдай білуге үйренеді.


ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келе, бала тәрбиесінде отбасының рөлі өте маңызды. Отбасы- баланың тұлға ретінде дамуы мен өмірдегі жолын анықтайтын ең алғашқы және негізгі факторлардың бірі. Отбасы тәрбиесі тек бала үшін емес, қоғам үшін де аса маңызды. Отбасы – қоғамның шағын моделі, ал онда қалыптасқан қарым-қатынас үлгілері баланың болашақ өміріне тікелей әсер етеді. Ата-аналар мен отбасы мүшелері баланың жеке басын дамытуға оның әлеуметтік және рухани өмірін қолдауға және болашақта қоғамға пайдалы азамат болуына септігін тигізеді. Демократиялық және қолдаушы тәрбие беру арқылы ата-аналар балаларының қоғамға сәтті бейімделуіне көмектесе алады. Баланың тұлға болып қалыптасуында ата-ананың қолдауы, тәрбиесі, махаббаты мен түсіністігі – ең басты факторлар. Сондықтан әрбір ата-ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Абай атамыздың жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі «жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген үлкен пәлсапалық ой жатыр. Яғни, балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата-ана да әсте естен шығармағандары жөн.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Абдрахманова, Ш. Қ. (2018). Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі. Алматы: «Білім» баспасы.

2. Жұмабаева, Г. А. (2020). Әлеуметтік бейімделу психологиясы: теория және практика. Нұр-Сұлтан: «Қазақ университеті» баспасы.

3. Қалиев, С. (2015). Қазақ отбасы тәрбиесінің негіздері. Алматы: «Мектеп» баспасы.

4. Сейітбекова, А. (2019). Бала тұлғасының қалыптасуындағы отбасының тәрбиелік ықпалы. Қазақстан педагогика ғылымдарының журналы, №2, 45-53.

5. Юнеско. (2021). Балалардың әлеуметтік дамуы және білім беру жүйесіндегі отбасының рөлі. ЮНЕСКО баяндамасы.

6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. (2022). Баланың әлеуметтік бейімделуіне отбасының әсері туралы әдістемелік нұсқаулар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2025
221
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі