Материалдар / ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан ширығып, Біртұтас Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші әрі қозғаушысы Алаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау жолында жан аянбай еңбек етті. Бұл ел тарихындағы елеулі кезең турасында Президент Н.Ә.Назарбаев: «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр» - деп [1], әділ бағасын берді. Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен тәуелсіз мемлекет болудың идеялары туындап және сол идеялар тарихи қоғамдық кезеңдерде өзгеріп отырды. Ол идеялардың негізгі мәні тәуелсіз ел болу, еш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2024
178
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ


Ибаділда Саяжан Асхатқызы, 6В02211- «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.


Егемендікпен бірге қазақ халқының ұлттық сана-сезімі, намысы, ұлтты мәңгілік ел ететін ұлттық құндылықтары ояна бастады. Бұл ұлттық құндылықтардың оянуы тәуелсіздіктің арайлы таңының сый шуағы. Кешегі Кеңес үкіметі тұсындағы зобалаң репрессияға ұшыраған алаш қайраткерлерінің асыл мұралары қайта оралып, жаңа зерттеулерді талап етуде. Әсіресе, алаш қайраткерлерінің мемлекеттілік туралы идеялары - бүгінгі қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы өте зор және жас ұрпақты жан-жақты дамыған ұлттық тұлға етіп тәрбиелеудің негізі болып табылады.

ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан ширығып, Біртұтас Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші әрі қозғаушысы Алаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау жолында жан аянбай еңбек етті. Бұл ел тарихындағы елеулі кезең турасында Президент Н.Ә.Назарбаев: «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр» - деп [1], әділ бағасын берді. Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен тәуелсіз мемлекет болудың идеялары туындап және сол идеялар тарихи қоғамдық кезеңдерде өзгеріп отырды. Ол идеялардың негізгі мәні тәуелсіз ел болу, ешкімге мойынұсынбау, өз билігін өздері жүргізу. Тарихқа көз жіберсек түрлі қағанат, хандық дәуірлерде дербес ел болудың құпиясы әскери күште емес, сол халықты ұйыстыратын ортақ бір ұлттық идеологияда болды. Алаш қайраткерлері ұсынған Біртұтас Алаш идеясы мен Елбасы ұсынған Мәңгілік Ел идеясын салыстыра отырып зерттесек, екі идея да халықтың мүддесі үшін жасалғанын, оның өміршеңдігін көрсетеді. Бүгінгі қасиетті тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең -1905 жылдан 1930 жылға дейінгі ширек ғасырдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да тарихы терең ғасырға тең уақыт. Алаштың қайраткерлері - Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Жанша Досмұхамедов (Жаһанша), Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы, Танашев Уәлитхан Шарафиддинұлы, Тұрлыбаев Айдархан, Бірімжанов Ахмет, Аманжолов Садық Аюкеұлы, Құлманов Бақтыгерей Ахметұлы, Жақып Ақбаев, Мәметов Базарбай, Әлжанов Отыншы және т.б. Алаш қайраткерлерінің әрбірі мемлекетті және мемлекеттік құрылымдарды басқаруға қабілетті еді.

Еліміздің тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар қазақ халқының сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын төңкерістік әдіспен түбегейлі өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті дамыған мемлекеттердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім-ғылым арқылы басқа елмен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда аянбай күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-ғылым алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды. Қазақ зиялылары халықтың ұлт ретінде өмір сүру қасиетін сақтап қалу үшін алға ұмтылды.  Бұрынғыдай старшын, болыс болуға емес, Мемлекеттік Думадағы депутаттық мандатқа дейін үлкен аренадағы саяси істерге тартылып, жалпы ұлттық мәселелерді шешуге ұмтылды. Бұл кезеңдерде бақылаушы немесе бұйрықты бұлжытпай орындаудан, өз туған халықтарының мұң-мұқтажын айту, балаларының толыққанды білім алуын, мемлекеттік істерге белсене араласа бастады. Олар халықтың қамын тереңнен ойлап, елді өркениет көшінен қалдырмау жолын іздеді. Оның бірден бір дара жолы – білім-ғылым мен мәдениетті меңгеру екендігін айқындап айтты және осы жолда аянбай тер төкті. Алаш идеясының түпкі мақсатын Мәмбет Қойгелдиев былай ашып көрсетеді: «Алаш тәжірибесі нені көрсетті? Біріншіден, Алаш идеясы бұл белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс емес. Ол ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы.

Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды. Алаш идеясының өзегі - ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық. Кез келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды. Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамды халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн» [3].  Ұлт зиялыларының ақындық сөздері қалың қазаққа арналды, халқын ұйқыдан оянуға, елдің қазіргі күйіне көз салып, ілгері ұмтылуға, азаттық, бостандық жолына үндеді. Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін басқа өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол – ұлттық мемлекеттің құрылымының болуы еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде сол ұлттардың өз бостандығы мен теңдігі үшін күрес жолына шығуы заңдылық еді. Алаш қайраткерлері саналы түрде ұлттық мұраттарға қол жеткізу жолындағы күреске шықты және бұл құбылыс тарихи қажеттіліктен туып жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары тәуелсіздік жылдарында қайтадан жаңғырды.

Тарих сахнасына Алашорда –Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелигенция тұрғандығын, олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін басқа өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол – ұлттық мемлекеттің құрылымының болу керектігі жолында күрескендігін келер ұрпаққа жеткізу біздің міндет. Ежелгі түркі дәуірінен бастау алған тәуелсіз ұлттық мемлекет болу идеясы Алаш азаматтарының репрессияға ұшырауына байланысты көмескіленіп, оның орнына Кеңес үкіметінің коммунизм идеясының елесі келді. Себебі бұл идея ұлттық кодтан ажыратылған, жалаң догмаға сүйенген идея болып, ұзаққа бармады. Бірақ қазақ халқының бас көтерер азаматтарын ажал құштырған, қалғанын ашаршылыққа ұшыратқан, соғыс кезінде де біраз халықтың шығынын еселеткен ауыр кезеңдер болды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!