Күні:
Пәні:
Адам.Қоғам.Құқық
Сабақтың тақырыбы: «Қоғамның
рухани негізі»
Сабақтың мақсаты:а)білімділік:
оқушыларға руханияттың қоғам дамуымен байланысы, рухани дамудың
мәдениеттегі рөлі туралы оқушыларға түсіндіру.
ә)тәрбиелік: оқушыларды
адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге, рухани сұлулыққа
тәрбиелеу.
б)дамытушылық: оқушы бойына
жауапкершілік принципін қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: тірек
сызбалар.
Сабақты әдісі: топтық
жұмыс
Сабақтың түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың барысы:ІҰйымдастыру
кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа
аудару
Психологиялық дайындық. Түс таңдау арқылы
топқа бөлу
-
Үй тапсырмасын сұрау.§ 18
2.Үй
тапсырмасын бекіту«Ұшқыр ой»
сұрақтар
-
Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың
арасындағы ұстанымды айырманы атаңдар.
-
Саяси партияның негізгі
мақсаты?
-
Үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерге
сипаттама беріңдер.
-
Партия дегеніміз не?
4.Қазақстан Республикасында
қандай партиялар бар?
5.Мемлекет үш қандай функцияны
атқарады?
-
Оқушыларды жаңа сабаққа
дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын
баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа
аудару.
-
Жаңа сабақ: Негізгі бөлім
Сабақ жоспары мен
таныстыру
Ой түрткі: Руханият дегенді
қалай түсінесіңдар?
Мұғалімнің баяндауы
Адамдарды
моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар.
Оның аты – руханият. Руханият – адамның дүниетанымының кеңдігінен,
санасының жоғарылығынан, ізгілік үшін белсенділігінен, өзгелерге
сүйіспеншілікпенен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның
руханилығы жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті
құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді
қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды
ұстанады.
Рухани мәдениет адамның
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы, қадірі, адамшылығы,
ұяттылығы, тәрбиелілігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы
көрінеді.
Тіл – аса қадірлі рухани
байлық. Тілдің мәдениеттегі рөлі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін
білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі
керек.
Нағыз өнер туындысы жұмысшыны
да, ғалымды да, ұшқышты да, кәсіпкерді де бәрін толғандырады. Өнер
– әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор
өмірлік маңызы бар.
Оқулықпен
жұмыс. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
Топпен жұмыс.ДЖИК СО –
стратегиясы бойынша
-
– топ. Руханияттың қоғам
дамуымен байланысты. Көркемөнердің рухани жетілуге
ықпалы
-
– топ .Тұлғаның рухани
мәдениеті. Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы
-
– топ. Рухани дамудың
мәдениеттегі рөлі. Көркемөнердің рухани жетілуге
ықпалы
Болған соң қорғайды әр
топ.
-
Мақал – мәтел сайысы
-
Жаңа материалды бекіту:
-
Руханият адамға қалай келеді?
-
Адамның рухани дамуы үшін не қажетті
екенін атандар?
-
Руханият қоғам дамуымен қалай
байланысады?
-
Мәдениеттіңмәдениеттің рухани дамудағы
рөлі қандай?
-
Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал
етеді?
6. Үйге тапсырма:§ 19.
«Қоғамның рухани негізі» оқуға
7. Бағалау:
Бағалау парағымен бағалау, мұғалім қорытынды баға қою.
8.Рефлексия