Авторы Хұсанов
Жұмағали Мамадиярұлы
Сабақ тақырыбы Қойларға арналған қоралар және оларға қойылатын
гигиеналық-санитариялық талаптар
Қой өсіру құрылыстардың
арнайы (қора-жайлардың) болуын талап етеді. Оларда қыста және ерте
көктемде төлдейтін саулықтарға арналған жылы күркесі бар бөліктер
(төлдеу бөлмесі), асыл тұқымды қошқарларға арналған бөлік, жынысы
мен жасына қарай әртүрлі қой бөліктері (қоралары)
болады.
Еліміздің орталық, солтүстік және батыс
аудандарында мал ұзақ уақыт қолда бағылып қыс мезгілінде есепті
температура-20°С төмен болғанда күрделі құрылыстар салынғаны
ыңғайлы. Оларда қошқарларды, саулықтарды, төлдерді бөлек-бөлек
орналастырған жөн. Шағындай фермаларда жынысы мен жасында қарай
топқа бөлінген мал басы үшін бір жалпы қора салады. Есепті
температурасы-10°С жоғары аудандарда жеңілдетілген жобадағы қой
қоралары салынады. Бұл құрылыстар малға пана болатын уақытша
түрінде (катондар); төбесі бір жағына қарай еңіс жабылған (оған
ашық азықтық алаңда жапсарлай салынған) үш қабырғалы база;
маусымдық және жиналмалы алаңдар; қолдан ұрықтандыру пункті (жеке
үй немесе қой қорасы бар блок); азық сақтайтын орын; шаруашылық
құрал-саймандарына арналған орындар және т.б.

Қой фермаларының құрылыстары негізгі (қой қора,
жылы күрке бастырма-база, карантин мен санитариялық бөлме) және
қосалқы (қой тоғытатын орын, изолятор, мал азығын сақтайтын орын
мен басқа да малды орналастыруға тікелей байланысы жоқ обьектілер)
бөлінеді.
Солтүстік аудандарда көлемі шағындау қой
қораларын «Г» әрпі тектес, оңтүстіктегілер «П» әрпі тектес үлгіде
салады. Қой қорасының жел өтінен ықтау жағына ашық база жасайды.
Оның биіктігі 2 метр қоршаумен тығыз қоршап, көліктің кіріп шығуына
қақпау орнатады. Қой қорасын салуға аз жылу өткізетін материалдарды
пайдаланады. Олардың жылу сақтау коэффициенті ең кемі 2-2,5
Вт/м²·°К /болуы тиіс.
Кеңес үкіметі заманында жобалау ұйымдары
тарапынан қой шаруашылығы практикасына көптеген жобалар жасалып
енгізілген. Ал енді қазіргі кезде қой басының азаюына және олардың
шағын жеке-меншік шаруашылық иелігінде болуына байланысты шағын әрі
жергілікті құрылыс материалдарынан салынған қора-жайлар
қолдануда.
Қой қораларының басым көпшілігін еденіне
тығыздалған саз топырақ пен қиыршық тастар, ал солтүстік
аудандардағы шаруашылықтарда ― тақтайлар пайдалынады.
Қой қораларындағы еденге жылына 1-2 мәрте
ауыстырып отыратын сабан төсеніш төселеді.
Әртүрлі жобадағы қораларда қойлардың әр басына
мынадай оптимальды алаң мөлшері белгіленген: жабық қораларда
көктемде төлдейтін саулықтарда 1-1,2м²; топтастырылып ұсталатын
қошқарларға 1,8-2м²; ал жеке ұсталатындарына 3-4м²; 1 жасқа дейінгі
төлдерге-0,7-0,8м². Бастырмалы базада ересек қойға
0,5м2 дейін, 1 жасқа дейінгі төлге
0,3-0,4м2 тұрақты қозы күркелердегі алаң (суық аудандарда)
2-2,5м2;.
Төлдейтін сауықтарға орынды қой қорасының ең
жылы жерін бөледі. Мал төлдету науқаны кезінде оларды жиналмалы
қалқандары бар торлармен қосымша жабдықтап, астаулар, суаттар,
қозыларды жылытатын термо сәулелер орнатады.
Ашық базадағы алаң қой қорадағыдан гөрі 2,5 есе
үлкен болуы тиіс. Оны ауа райы қолайлы болған күндері (жаңбырсыз,
борансыз, аязы жоқта) күн ұзақта сыртта серуендеп азықтануы және су
ішуі үшін пайдаланылады. Қойға арналған ашық база алаңына бетон,
асфальт немесе қиыршық таспен топырақ төселуі тиіс.
Ауа температурасы-200С төмен аудандарда
қаракөл, құйрықты және етті малды күтіп-ұстау үшін жеңілдетілген
жобадағы-төбесі бір жағына еңкіс үш қабырғалы бастырмалар
пайдаланылады. Сібір мен Қиыр Шығыс, Башқортостонда уақытша баспана
(катондар) құрылыстары салынады. Тор қалқандардың сыртына қалың
сабан салып, төбесінде диаметрі 2 м дейін саңылау қалдырады.
Тұсынан кеңдігі 2,5 м қақпа орнатады. Негізі кеңдігі жағынан 16 м
(диаметр) болатын катонға бір мезгілде 650 ересек қойлар сиып
кетеді. Әрбір ересек малға 0,4 м2 алаң бөлу белгіленген.
Катондардағы ауа әрдайым таза болады, зиянды газ жинақталмайды.
Тіпті қатты аяздың өзінде ондағы ауаның температурасы (қойлардың
арсында) +2+70С болады. Жалпы
микроклиматты қалыпты ұстау қой жүнінің өсуі мен сапасына игі
ықпалын тигізеді
Қошқарлар гигиенасы саулықтардың ұрықтануы және алынатын қозылар саны асыл
тұқымды қошқарлардың денсаулық жағдайына және олардан алынатын ұрық
сапасына байланысты болады.
Ұрыққа түсетін қошқарларды және сыналатын
қошқарларды уақытында індеті ауруларға, әсіресе жыныс жолы арқылы
таралатын (бруцеллез, инфекциялық эпидемид, вирустық түсік және
т.б.) ауруларға тексеріледі. Сырттан әкелінген асыл тұқымды
қошқарларды 30 тәулікке, ал шетелден әкелінген қошқарларды 60
тәулікке карантинге қояды. Карантин малды диагностикалық тексеруден
өткізеді. Жұқпалы ауру анықталған жағдайда ауру қошқарларды
оқшаулап, ветеринариялық нұсқауға сәйкес шаралар
қолданылады

.Ұрықтануға қошқарларды 12-15 айлық жасынан (тез
өсетін тұқым) және 1,5-2,5 жасында (кеш өсетін тұқым) пайдалана
бастайды. Қолдан шағылыстыру кезінде бір қошқар 50-70 саулықтық, ал
қолдан ұрықтандыру кезінде 300-700 саулықты ұрықтандыра алады. Ұрық
алар алдында күпекті жуады. Оның сыртын жылы сумен жуып, орамалмен
немесе бір рет қолданылатын сүлгімен сүртеді.
Жыныстық белсенділік кезінде қошқар рационында
протеин, миниралды заттар және витамин мөлшері жоғары болуы керек.
Ұрық сапасын протеиннің мөлшері және құрамы, фосфор мен карантиннің
жеткілікті болуы айтарлықтай әсер етеді. Қошқарларды интенсивті
пайдалану барысында рационына жануар тектес азық қосу қажет (көк
сүт, балық ұны, жұмыртқа және т.б.).
Аналық қойлар гигиенасы
толық құрамда азықтандыру ― жақсы қондылықта
ұстаудың қойдың төлдегіштігі мен сүттілігін, жүнділігін арттырудың
биологиялық негізі болып табылады. Қойлар әртүрлі мал азығын:
жоңышқаны бедені әртүрлі шөпті, сабанды, топанды, қант қызылшасын,
күнжараны, бұрышты, ұрпақты және басқа да азықты сүйсіне жейді.
Қоңдылығы орташа қой төлдегіштік пен өнімділік жөнінен жақсы
көрсеткішке қол жеткізеді.
Қойларды шомылдыру және қораларды
дезинфекциялау

Қорытынды қойға
берілетін азықтың бәрі сапалы әрі дұрыс өңделуі тиіс. Сапасы төмен
азықтан қой ауруға шалдығады. Қойды азықтандыру барысында қалқанды
дақыл топанын пайдалану асқазан-ішек жолының қабынуына әкеліп
соғатынын есте сақтаған жөн. Сусымалы тозанды азықты (ұрпақ, құрама
жем) қойға тамыр жемісті немесе күнжарамен қосып беру керек.
Соңғысы алдын-ала майдаланып, барлық азықтық қоспа жеңіл түрде
ылғалдандырылады. Мес қарынның қабынуынан сақтану үшін қара бидай
дәні мен ұрпағын қой рационына енгізбеген жөн. Зат алмасу бұзылмас
үшін және уланбау үшін ересек қойдың рационындағы ас тұзының
тәуліктік мөлшері 10-15г, ал төлдердің рационында 5-8г болып
белгіленуі тиіс.