Қол тігін жұмыстарын орындау кезіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру. Кейбір жұмыстың сапалылығы жұмыс орнынын ұйымдастыра білуде. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс орыны оқушының денсаулығын сақтауға, жоғары сападағы киім дайындауға дұрыс қалыпта отыруға келіп тіреледі.
Кейбір тігін жұмысына керекті құрал жабдықтары қоюға ыңғайланып жасалынған, беті жақсы ажарланған үстел қажет. Сондай- ақ жұмыс орыны, оқушының отыру биіктігін реттеуші бұраңдалы орындықпен жабдықталады.
Жұмысты орындау барысында қимыл- қозғалыс көп болмауы үшін, оң қолға қажетті жабдықтар- оң жақта, сол қолға қажеттілері- сол жақта немесе оқушының алдыңғы жағында орналасуы керек. Ине шаншығыш жастықшаның болғаны артық емес.

Машина жұмысының жұмыс орынында - тумбасыз тігін машинасын, өңделетін /тігілетін/ киім бөлшегін және оларға қажетті бейімдеу құралдары мен аспаптарды жайғап қоюға арналған үстел, оқушының отыру биіктігін реттейтін бұрандалы орындығы болуы тиіс. Ал, электрлі жетектегі тігін машиналар токпен қоректену көздерімен қамтамасыз етіледі.
Киімнің бөлшегі – тігін машинасының сол жақтағы /алдыңғы/ бөлігінде өңделетіндіктен жарық сәулесі де оқушыға, сол жағынан /өңделуші бөлшек жағынан/ немесе алдыңғы жағынан түскені жөн. Бұл кезде бөлшектің өңделуі, оқушыға анық көрініп тұрады. Тігістің сапалы болып шығуына, дұрыс отыру қалпының да әсері мол. Ол үшін, оқушының орындығы тігін машинасының ине бағыттағышына тұспа-тұс қойылады. Жұмыс істеу барысында оқушы, өзінің денесін үстелден 10-15 см қашықтықта тік ұстап отыруы қажет. Өңделуші бөлшек пен көздің аралығы 25-30 см шамасында болады. Тігу кезінде, қолдың саусақтары машина табанына, ал шынтақ үстел үстіне қойылады. Егер, тігін машинасы аяқ жетекті болса, онда оқушы, педальға оң аяғын сол аяғына қарағанда шамалы ілгері қояды. Қол жетектегі тігін машинасы мен жұмыс істегенде оқушы екі аяғында қатар қояды. Оқушының отыру қалыбы дұрыс қалыптасқан жағдайда, ол тез шаршамайды, жұмысы өнімді болады.
Қол тігін жұмыстарын орындау барысында мына шарттарды ескерген жөн.
1. Өңделген бөлшек анық көрініп тұруы үшін, жарық оқушының сол жағы немесе алдынан түскені жөн.
2.Жұмысты орындау кезінде, аяқты айқастырып отыруға болмайды. Дұрыс қалыпта қойылмаған аяқ оқушыны тез шаршатады.
3. Оқушыны өзінің денесін тік ұстап отыруы тиіс.
4. Оқушыны өңделетін бөлшек пен көздің арасын 25-35 см шамасында ұстағаны жөн.
Қол тігін жұмысы барысында қауіпсіз еңбек ету ережелері.
1. Жұмыс барысында сабақсыз инені, түйреуішті ауызда қысып ұстауға және киімге қадауға болмайды. Орта тұсынан қисайған, тот басқан ине және түйреуіш пен жұмысты бастауға болмайды.

2. Қол тігін жұмыстарын оймақ киіп орындаған дұрыс.
3. Сынған ине мен түйреуішті, жіп арбағыштың отырған жұмыс орнына тастауға болмайды. Оларды арнаулы қоқыс жәшіктеріне салу керек.
4. Қайшы жүздерін ашық күйде тастауға болмайды. Келесі адамға қайшыны тек сақиналы сабымен ұсынады.
Қол тігін жұмысына қолданылатын аспаптар мен бейімдеу құралдары. Қол тігін жұмысында әзірленетін киім сапасының жоғары болуына ықпалын тигізетін аспаптар мен бейімдеу құралдарды дұрыс таңдаудың да ролі үлкен. Қол тігін жұмысының аспаптарына:ине, оймақ, қайшы, сантиметрлі таспа, ал бейімдеу құралдарына: оқу манекені, бор лекало, тісті дөңгелекті кескіш, сызғыш, түйреуіш жатады.

Ине- қол тігін жұмысын орындаудағы бірден- бір қажетті аспап. Қол инесі ұзындығы мен диаметріне қарай нөмерленеді. Ең жіңішке ине нөмірі 1, ең жуан әрі ұзыны нөмірі 12. Нөмірі тақ санды ине жұп сандыларға қарағанда жіңішке әрі ұзын болады. Қолмен тігуде негізінен жуалдыз, жуан ине, жуандық ине, жіңішке және бәсең инелер қолданылады.
Оймақ- инені, адам қолына кіріп кетуінен сақтаушы металдан немесе пласмассадан, түбі бұдырланып жасалған қалпақша. Оны оң қолдың ортаңғы саусағына киеді. Оймақтың жеңіл киімді тігуде қолданылатын түпті, сыртқы киімді тігуде қолданылатын түпсіз түрлері болады.
Қайшылар- қол тігін жұмысына аса қажетті аспаптың бірі. Олар 1-8 аралығында нөмірленеді. Қалың матаға нөмірі 1-2; орташа қалыңдықтағы матаға нөмірі 3-5; жіптердің қалдығын қырқуға нөмірі 6-8 қайшылары қолданылады. Қайшының жүздері жақсы өткірленген болып жұмысқа дайын болуы керек.
Сантиметрлі таспа- резеңкеден әзірленген 100-150 см ұзындықтағы өлшеуіш аспап. Таспамен адам денесінің өлшемі алынады және дайын бұйымды өлшейді.
Бор мен сабын қырлары жұқа ұшталып, лекалоны айналдыра сызуда қолданылады.
Түйреуіш- киім бөлшегіндегі бор сызықтарын көшіруде, көктеу орынына қолданылатын бейімдеу құралы.
Манекен- адам тұлғасы тәрізді етіп жасалған бейімдеу құралы. Ол өз өсінен жеңіл айналатын темір металға бекітіледі. Манекенде киім бөлшегінің көктеулерінің дәлдігін және бөлшектің бірегей жайғасуын, бұйымның жалпы теңдігін тексереді.
Лекало- киім бөлшегінің формасын беруші, қатты қағаздан әзірленген бейімдеу құралы. Лекало жұмыстық және көмекші түрде болады. Жұмыстық лекалода бөлшектің майда бақылау белгілерін, ал көмекші лекалода- бүкпе, жаға, өңір, қалта орындарын белгілейді.
Дөңгелек тісті кескіш- лекалодағы сызықпен белгіні мата бетіне түсіреді. Бұл әдіс керсінше де жүргізіледі. Кескіштің тісті дөңгелегі мен ағаш сабы темір өзекшеге бекітіледі.
4. Жаңа тақырыпты бекіту, қолдану.
1. Киімнің өзара шамалас бөлшегін уақытша қосарлап біріктіруде қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
2. Жеңіл және сыртқы киімдерді өңдеу барысында бөлшектің қайырылатын шеттерін уақытша бекітуде қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
3. Тор көзді және жұқа мата киімдерін әзірлеуде машина жұмысы орындалғаннан кейін оңға аударылған бөлшектің тігістік шетін тікелей көмкеруде қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
4. Киімнің бірінші бөлшегіндегі бақылау белгілері мен сызықтарын екінші бөлшекке дәлме-дәл симметриялы етіп көшіру және оларды қажетті уақытқа дейін сақтау үшін қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
5. Әртүрлі желбіршекті, қос етекті бүре жинауда қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
6. Көбіне өрнексіз бір тұтас жұқа және қалың маталардан әзірленетін киімдерді өңдеу кезінде машина жұмысынан кейін оңға аударылған бөлшек шетін бекітуде қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
7. Киім әзірлеуде негізгі кеуделік бойға төсемені бекітуде және өңір қайырмасы мен жағаға серпімді форма жасауда қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
8. Жылдам сетінейтін матадан әзірленетін киім бөлшегінің ашық және жабық қиықты қайырмасын негізгі бөлшекке жасырын бекітуде қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
9. Қалың әрі сетінемейтін матадан дайындалған киімнің абайсызда кесілген немесе ілініп жыртылған орындарын білдірмей жалғауда қолданылатын тігіс түрін атаңыз?
10. Қалың сетінегіш матадан дайындалатын киім бөлшегінің қайырылған шетін негізгі бөлшекке нықтап, жапсырып бекіту және киімді сәндеу барысында қолданатын тігіс түрін атаңыз?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қол тігін жұмыстарын орындау кезіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру

шағым қалдыра аласыз