Материалдар / Қолбасшы Қойгелдінің өмірі мен саяси қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолбасшы Қойгелдінің өмірі мен саяси қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қойгелді батыр – қазақтың атақты батыры, әрбір қазақтың азаматы Қойгелді батырдың есімін естіді. Бірақ өкінішке орай, оның өмірбаянын және нақты ерліктерін көбісі атап өте алмайды. Әсіресе бұл кісінің ерліктері мен оның жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіндегі атқарған еңбегін еліміздің оңтүстік өңірінде аса бағалайды. Әз Төле бидің жетекшілігімен Ұлы жүз әскерінің қолын бастап, Аңырақай шайқасындағы қазақ әскерінің жеңісіне үлкен үлес қоса білді. Қолбасшы Қойгелдінің ерлігі тарих сахнасында мәңгілікке қалғанымен, қағаз бетінде оның ерліктері туралы деректер өте аз. Қойгелді батырдың өмірбаяны, қызықты тарихи фактілер мен оқиғаларға толы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
830
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖОСПАР

КІРІСПЕ............................................................................................................2

І ТАРАУ Қойгелді батырдың өмірбаяны және ерліктері

    1. Қойгелді батырдың жастық шағы және оның шыққан тегі .............................................................................................................4

    2. Қойгелді батырдың керуен дауына түсуі........................................9

ІІ ТАРАУ Қойгелді батырдың қазақ әдебиетіндегі бейнесі

2.1 Шойбек Орынбайдың Қайғы заман роман – дилогиясындағы Қойгелді батырдың бейнесі.....................................................................16

2.2 Қойгелді батыр және Жолбарыс ханның қазасы...........................17

2.3 Қойгелді батырдың ұрпағы..............................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................21

































КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қойгелді батыр – қазақтың атақты батыры, әрбір қазақтың азаматы Қойгелді батырдың есімін естіді. Бірақ өкінішке орай, оның өмірбаянын және нақты ерліктерін көбісі атап өте алмайды. Әсіресе бұл кісінің ерліктері мен оның жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіндегі атқарған еңбегін еліміздің оңтүстік өңірінде аса бағалайды. Әз Төле бидің жетекшілігімен Ұлы жүз әскерінің қолын бастап, Аңырақай шайқасындағы қазақ әскерінің жеңісіне үлкен үлес қоса білді. Қолбасшы Қойгелдінің ерлігі тарих сахнасында мәңгілікке қалғанымен, қағаз бетінде оның ерліктері туралы деректер өте аз. Қойгелді батырдың өмірбаяны, қызықты тарихи фактілер мен оқиғаларға толы.

Тақырыптың тарихнамасы. Жалпы, Қазақ Хандығы тәуелсіз ел ретінде өзінің дербес мемлекетін сақтап қала алу үшін күрескен батырлардың бірі бұл Қойгелді Сартұлы. Дипломдық жұмыс барысында Қолбасшы Қойгелдінің өмірбаяны, оның халық үшін сіңірген еңбегі және атқарған еңбегі қарастырылып, көрсетілді. Жоңғар басқыншыларына қарсы тәуелсіздік үшін күресте, асқан ерлікпен шайқасып, халықтың алдында зор құрметке ие болды. Қойгелді батыр өзінің өмірлік жолында жауынгер болуды армандамады, оның жас кезіндегі алғашқы арманы әрі мақсаты дін жолымен жүріп, халықты тура жолға салып имам болғысы келді. Бұхарада діни сауат ашып, хазірет атанды. Діни сауатты Қойгелді батыр халық арасында хазірет деп аталды. Жоңғар басқыншылары қазақ жеріне жорықтары басталғанда, Қойгелді батыр туған жерін қорғау үшін сауыт – сайман киіп, қолына қару ұстап соғысқа аттанды.

І Тарау Қойгелді батыр

1.1 Қойгелді батырдың жастық шағы және оның шыққан тегі

[1] Қойгелді Сартұлы (1702–1795) – жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің дулат тайпасы шымыр руынан. 1729/30 жылы Аңырақай шайқасына, 1734 жылы жоңғарлардың екінші шабуылына қарсы күресте оңт. қазақтарының әскербасы болған. 1740 – 50 жылы жоңғар қалмақтарымен болған шайқастарда, 1756–57 жылы Оңтүстік Қазақстанды қалмақтардан азат етуде ерлік, тапқырлық көрсеткен. [2]Әкесі Қойгелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға береді. Ол сонда он жыл білім алып, елге діни сауаты мол білікті азамат болып оралады. Оның ел ішінде əзірет немесе хазірет атануы да содан. Бірақ жаугершілік заман, ел басына түскен ауыр жағдай Қойгелдіні еріксіз əзіреттің(хазіреттің) сәлдесін тастап, дулыға, шапанын тастап, сауыт киюге, тәспиығын тастап, найза ұстауға мәжбүр етеді. Қойгелді батыр жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда өзінің батылдығы және көрегенділігімен халықтың көзіне түсті. Оның әскерлермен қолбасшылық етуде көшпенділердің соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын меңгеріп алған. [3]Қойгелді Сартұлы өмір сүрген жылдары, Жоңғар хандығының қазақ даласы бағытындағы соғыс экспансиясы жанданып тұрды. Жоңғар әскерлері ХХVIII ғасырда Орта Азиядағы нағыз соғыс машинасы болған деп атасақ та болады. Жоңғар хандығы 1635 жылы құрылған кезінен бастап әскери экспансия, милитаризм және басқыншылық соғыс әрекетіне әу бастан әуестеніп келді. Жоңғарлардың экспансиялық жоспарларының қатарына қазақ жерлері де болды. Жоңғар қонтайшыларын әсіресе Жетісу төңірегіндегі жайылымдық жерлері мен оңтүстік Қазақстанның сауда – қолөнер орталықтары қызықтырды. Қазақ және жоңғар хандықтары арасындағы күрес барған сайын кескілескен және қан төгісті сипат ала берді. Жоңғарлар Ұлы Жібек Жолы бойындағы маңызды сауда жолдары өтетін Оңтүстік Қазақстан өңірін басып алуға өршелене ұмтылды. 1711 – 1712, 1714, 1717 жылдары жоңғарлар және қазақтар арасындағы шайқастар мен ұрыстар толастамады. 1715(кейбір деректерде 1718) жылы Тәуке хан қайтыс болып, орнына ұлы Болат таққа отырды. Осы тарихи кезеңде Қойкелді Сартұлы 17 – 18 жасар діни сауатты, мол білікті азамат болып, Бұхара медресессін оқып бітірді. Орталық Азиядағы мұсылмандық діни сауат ашу мақсатында қазақтар өз балаларын Бұхара, Самарқан, Ташкент, Хиуа, Тараз, Түркістан, Сайрам қалаларындағы медресселерде оқытқызды. ХХVIII ғасырда қазақ даласында және Орталық Азиядағы мемлекеттерде діни сауат ерекше роль атқарды. Араб әліпбиін, Шариғат заңнамаларын және Құран сүрелерін жатқа білген азаматтар ерекше құрметке ие болған. Сол діни сауаты бар, көзі ашық азаматтардың қатарында Қойкелді Сартұлы да болған. Бұхара қаласында білім алған Қойкелді батыр Шейх Мир Арабтың Қаражатымен салынған медресседе білім алған. Бұхара қаласы өзінің медресселерімен тек орта ғасырларда ғана емес, ХХ ғасырға дейін діни білім беретін үздік медресселердің қатарына жатады. Бұхарадағы медресселер орта ғасыр архитектурасының ғажайып көрінестердің бірі. Қойгелдінің бүкіл өмірі, тағдыры Ұлы жүз елінің басшысы, қазақтың атақты биі — Төле бимен ажырата алмастай тығыз байланыста өтеді. Ұлы бидің сенімді серігі, жауға жұмсар батыры болған. Бұл ретте Төленің өмірін жазған Қазанғап: "Сол күндерде əзірет, Сарттың Ұлы Қойгелді, Төледен кейін бастаған, Ұлы жүзді сол еді" — дейді. Сондай-ақ "Төле би келмей жүріс жоқ, Қойгелді келмей ұрыс жоқ" деген ел аузында сақталып, мақалға айналған ескі сөз де сол бір аласапыран кезеңде айтулы екі тарихи тұлғаның ел тағдырын шешуде қандай орын алғанын айғақтап тұрғандай. Қойгелді әуелде батырлығымен аты шығады. Түрлі шайқаста жекпе-жек шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ қолын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Кейін сардар болып, кол басқарғанда да ол әскери соғыс төсілін жетік меңгерген басшы ретінде сарбаздарын жеңістен жеңіске ұмтылдырып, үлкен қолбасылық қабілетін танытады. Атақты Аңырақай шайқасына Қойгелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша және баласы Қарабатыр да қатысады. Осы соғыста Ақша бірнеше рет жекпе-жекке шығып, жаудың бірнеше батырын өлтірсе, Қожық Ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болады. Баласы 13 жасар Қарабатыр қаптама соғыста ауыр жараланып, аттан түсіп қалған ағасы Ақша батырды қашан әкесі Қойгелді келіп алып шыққанша жауға бермей қорғап тұрады. Қойгелді қолбасшы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Кейін елді жаудан тазартылған жерге орналастыруда да үлкен еңбек сіңіреді. Қойгелді батырдың туған екі інісі де Аңырақай шайқасында асқан ерлік көрсетті. Әкесі Сарт Шақанұлы Ташкент маңын қыстап, қазіргі Қаратау қаласының іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күздеуі еткен атақты бай болған. Ақша Сартұлы алғаш рет 1723 ж. жоңғар қалмақтарымен болған соғыста көзге ерлігімен түсіп, батыр атанған. Тараз қаласын талқандап, қазақ байларының ауылдарына лап қойған жоңғарлар Қаратаудағы Ұзынбұлақ түбінде Өтеген батыр бастаған қазақ қолының қатты қарсылығына ұшырайды. Қалмақ батыры Ботшихар Өтеген батырмен жекпе-жекте қаза тапқаннан кейін қалмақтар шегініп, көл маңындағы қамысқа тығылады. Ақша батыр қамысты өртеп, қашып құтылмақ болған жауды қыспаққа алады. Көлдің Күйгенкөл атануы да осыдан шықса керек. Ақша бұдан кейін де бірнеше шайқастарға қатысқан. Аңырақай шайқасынамыңбасы дәрежесінде қатысқан. Ол жекпе-жекте қалмақ батыры Дәржіні өлтірді. Осы шайқаста қаза тауып, Аңырақай даласында жерленген. Ақша батырдың балалары Өтеболат пен Қырғызбай — 1756-1758 ж. қазақ жерін жоңғарлардан азат ету соғысына қатысқан. Аңырақай соғысында Қойгелді батырдың кенже інісі Ақша батыр сілтеген қылышы, түйреген найзасы мүлт кетпей, жүрген жерін жапырап, жауын шетінен қашырап көзге түседі. Мықтылығын және шыдамдылығын сезінген жоңғар әскерлері өзінің мергендеріне де, найзагерлеріне де Ақша батырды дәлдеуіне бұйрық береді. Тұла бойын жауынгерлік сауыт – сайманынан садақтың оқтары өтпеген соң Ақша батырдың өндіршегін, аяғын көздейді. Жоңғар әскерлері Ақша батырдың аяғына шайқас барысында, оқ тигізеді. Ақша батыр аттан құлайды. Өндіршегінен қаны сорғалап тұрса да Ақша батыр жауын қасына жолатпайды. Көмекке Қойгелді батырдың тұңғыш ұлы он үш жасар Қарабатыр ұмтылады. Көкесі Ақша батырды барынша қорғауға тырысады. Інісі мен баласының жау қоршауында қалғанын естіген Қойгелді батыр серіктерімен бірге ұрандап жауға тиеді. Қойгелді батыр келіп жеткенде Ақша құлауға аз – ақ қалған екен. Бұл кезде баласы Қарабатыр ат үстінде болатын. Қойгелді табан астында Қарабатыр баласына аттан түс, Ақша бауырым, атқа мін! – деп бұйырады. Жаралы Ақша батырды сүйемелдеп әрең атқа мінгізіп қоршаудан шыға алды. Қансыраған Ақша батыр ағайын арасына жеткізілген соң Қойгелді батыр тұла бойы тұңғыш баласы Қарабатырды өз әмірімен жау қолына тастап кеткеніне мәжбүр болуға қатты қынжылады, жауға қайта тиіседі. Бозбала бір қалмақпен жаяу жағаласып жатыр екен. Жауды бір мезетте жауырынан найзамен түйреген Қойгелді батыр баласын Қарабатырды атының артына мінгізіп алады. Қойгелді батырдың жауынгерлерінің қаһарынан жоңғарлар жөңкіле қорқыныштан қашады.Қойгелді батыр баласы Қарабатырға иесі жоқ бір атты мінгізіп жау артынан қуады. Аңырақай шайқасының тағдыры осы жолы шешіліпті. Осы шайқаста Төле биден бата алып, есімі ел ұранына айналыпты. Ақша батыр қоршаудан шыққанымен көп ұзамай небәрі 22 жасында көз жұмады. Артында Өтеболат, Бекболат атты екі ұлы қалады. Бір жылдан соң асын беріп, Қойгелді батыр келінін ұлы Қарабатырға әмеңгерлік жолымен қосады. Қарабатырдан туған балаға азан шақырып Қырғызбай деп ат қойылады. Бұл да кейін сөзсіз батыр, қолмерген атаныпты. Қырғызбай Ақша батырдың баласы атанып кетеді. Өтеболат, Бекболат, Қырғызбай үшеуін ел – жұрты үш сары дейді екен. Бұлар да 1757 жылы жоңғарларды қазақ жерінен біржола қуу соғысына қатысыпты. Қойгелді батыр 1795 жылы 93 жасында қайтыс болғаннан кейін, ұлы жүзді Жаламырза деген ұлы билепті. Бірақ ұзаққа созыла қоймапты. Қоқандықтар ру таласын қоздырып, дулаттарды биліктен тайдырады. Кешегі Кеңес дәуірінде Қойгелдіні орыс керуенін тонаушы қарақшы ретінде көрсетіп келді. Соның салқыны оның кейінгі ұрпағына да тиіп, 1937 жылы олардың біразы "халық жауы" аталып, атылып, айдалып кетеді. Шындығына келгенде, Қойгелдінің керуен тонағаны да, кейін Төле би мен Шақшақұлы Жәнібек батырдың араласуымен орыс патшасының өкілі Карл Миллерге керуен шығынына мал беріп, төлегені де рас. Бірақ ол не қылған керуен еді. Мәселе осында. Ол — орыс патшасының қазақ жері арқылы жоңғар басқыншыларына жасырын қару-жарақ тиеп алып бара жатқан керуені еді. Кейін 1756-1758 жылдардагы атамекенді жоңғарлардан тазарту жолындағы ақтық айқастарда осы орыс мылтықтары қазақ жауынгерлерінің қолында "сөйлеп", жеңіс туының желбіреуіне үлес қосқаны белгілі. Қойкелді батыр 1758 жылы өзінің туған інісі Қожық батырды Пекинге, Цинь империясына елшілікке жібергені Қойшығара Салғарұлының 100 құжат және таным тармақтары деген деректер жинағында айтылды. [4]Қойкелді батыр ескерткіші – Тараз қаласының ортасында Төле би көш лген Шымыр ер жеткен соң іргелес ел Қоңыраттың бір байының қызына ғашық болып, үйленеді. Бұлардан Шынболат, Бекболат, Темірболат деген үш есімен Қойкелді батыр атындағы көшемен қиылыста орналасқан. 1998 жылы тұрғызылған. Мүсінші Ж.Молдабаев, Б.Тортаев. Қойгелді батырдың шыққан тегі(шежіресі). Алақаны ашық болып дүниеге ке ұл бала өмірге келеді. Бекболат есімді баланың мінезі – батырлау, Темірболат есімді баланың мінезі – шаруақор, ал Шынболат болса ғылым, білімге, дінге үйірлеу болыпты. Шынболатты әжесі, қожа қызы Бибіфатима өз бауырына салып, тәрбиелеп өсірді. Шынболат қожа еліне екі қайтара жиен болғандықтан және қатты бауырласып кеткеніне байланысты есімі Шынқожа болып атанып кетеді. Шынқожа есімді кісіде төрт ұл баласы болды. Шынқожадан Қобыланды(кейбір деректерде есімі Шоқай деп көрсетілген), Марсым, Босқозы, Бозан есімді ұл балалар дүниеге келді. Шынқожаның Марсым есімді баласынан Қырғызәлі, Қонақбай, Садыбай деген балалар дүниеге келді. Шынқожаның Марсымнан туған немересі – Қырғызәліден – Қазымбет пен Қалымбет бірге өсті. Бұлар ержеткенде ата – анасы екеуін қатар үйлендірмекші болады да болашақ келіндері үшін қалыңмалын түгел төлеп өтейді. Салт – дәстүр бойынша күйеу жігіттер қайын аталарының ауылына ұрын барып жүреді. Қалымбет қалыңдығының ауылында жүргенде кенет ауырып қалады да Қазымбет келіншегін бұрын түсіреді. Көп кешікпей Қалымбеттың ауруы асқынып, қайын ата ауылында көз жұмады. Қалыңдығы Тәттібике қара жамылады. Жыл өтеді. Ас беріледі. Асқа қатысу үшін ауылдың бас көтерлері жол жүріп кетеді. Осы бір кезеңді күтіп жүрген бірнеше ұры ауылдың жылқыларын айдап әкетіп, алдарына сап қуа жөнеледі. Мұны естіген қара жамылған қалыңдық үстіне үйіндегі Қалымбеттің сауыт – сайманын киіп, қолына желек найза ұстап, қарақшылардың соңынан қуады. Көп кешікпей ұрылардың қарасын көреді. Жаудың бірі Тәттібикенің қыз екенін білместен найза салады. Жасынан машықтанып, еркөкірек болып өскен қыз қас – қағым арасында әлгі ұрыны түйреп өлтіреді де екіншісін құлатып түсіреді. Басқа қалған жаулары алдындағы жылқыларды тастай қашады. Тірі қалған жауға өлігін өңгертіп, қол – аяғын байлап, ауылына алып келеді. Ауыл азаматтары бұл ерлікке таң қалады. Қаралы қалыңдықтың ендігі тағдыры не болмақ? Әменгерлік деген салт бар. Бұл ең алдымен құда болған жақтан шешілуі тиіс. Осы мәселе бойынша көп кешікпей Қырғызәлі Қазымбетті ертіп Тәттібикенің ауылына келеді.

Салт – дәстүр бойынша Тәттібике ел алдында әсіресе Қазымбеттің келіншегіне қарап былай дейді :

Аталарамыз құда түскенде, құйрық – бауыр жескенде, мен ата – анамның қалауына көнгенде тоқал болу ешкімнің ойында жоқ еді. Егер Қазымбетке ерге шыға қалсам тоқал атанамын, күндес атанамын. Ал, бір еркектен туса да екі әйелдің балалары екі рулы ел болып жүр. Менің тоқал атанып, Домалақ ананың тағдыры секілді бәйбішеден таяқ жегім келмейді. Құрбым, сен мені абысындай қабылдап, байыңды қызғанбасаң, тоқал демесең ғана ауылдарыңа барамын. Түскен үйімнің босағасы Қазымбеттің емес Қалымбеттің босағасы деп аттаймын. Өзің көрікті келіншек екенсің, Құдай қаласа сен де, екі ұл, мен де екі ұл табармыз. Төртеуі де жаман болмас. Араларынан би де, бек те, батыр да, бай да шығар. Ең соңғы айтарым, менің батырлығым да, билігім де өзіме жетеді. Сондықтан басымды қор етпей, болашақ ұрпақ қамымен күндес емес, абысын ғана болуды қалаймын. Егер осыған көнсең, - деп сөзін аяқтайды. Тәттібикенің бұл сөзіне ел риза болады. Екі абысын бір – біріне ант береді. Сөйтіп, Тәттібике Қырғызәлі ауылына келін болып түседі. Кейін осы Тәттібикеден әуелі Қаратеке, одан кейін Бәйімбет атты екі ұл туады.

Қаратекеден Шақан дүниеге келеді(Қойгелді батырдың атасы)

Шақаннан – Жақсылық, Балық, Таңатар, Сарт сияқты ұл балалар туады

Сарттан (Қойгелді батырдың әкесі) – үш бала Қойгелді, Қожық, Ақша туады

Қойгелдіден – Қарабатыр, Сарымырза, Ақмырза, Жалмырза, Шонды, Үмбетей, Қарабас дүниеге келді

Қарабатырдан – Қырғызбай

Сарымырзадан – Нарбота, Бекбота, Марқа, Байшуақ, Байарыстан, Жетібай, Қылышбай, Ноқай дүниеге келді.

Шондыдан – Есенкелді, Қырғызбай, Ұлпершек

Жалмырзадан – Өзберген, Құдайменді, Құдайберді, Абыл, Бөрібек, Дәуен, Қабыланбек

Ақмырзадан – Қарсыбай, Аманкелді, Тайшы, Боранбай, Мыңбай

Қарабастан – Ниязбек, Баймырза

Үмбетайдан – Сәйбек, Жұман, Сәдібек

Бұлар Қойгелдіден тараған ұрпақтар.

Сарттың екінші баласы Ақша

Ақшадан – Өтеболат, Бекболат

Сарттың үшінші баласы – Қожық

Қожықтан – Алатау, Шобан, Баян, Қанай дүниеге келді

Біздің бүгінгі тақырыбымыздың бас кейіпкері атақты қолбасшы Қойгелді батыр болғандықтан ендігі назарымызды солай қарай аударайық. Қолбасшы Қойгелдінің туғанына 290 жыл толуына байланысты сол кезде Талас ауданының әкімі болған Е.Дадабаев баяндама ретінде сөз сөйлеген еді, соны аздап қысқартып берілген нұсқасы :

[11]Тәуелсіздік алғалы қазақ халқы Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты ұлы батырларымыздың есімдерін еске алып, қастерлеп, ұланасыр той өткізді. Иісі қазақ баласы атын дұғадай айтып келген Абылай хан тойы да ел есінде қаларлықтай болды. Сөйтсе де әлі де айтылмай жабулы қазан күйінде қалған шындықтар аз емес. Сол жабулы қақпақ астынан шығарылмай келе жатқан Алатаудай асқақ, Қаратаудай қаһарлы бір батырымыз – қолбасшы Қойгелді есімі республикалық, облыстық баспасөзде, тиіп – қашып қана болмаса айтылмай – жазылмай келеді. Оңтүстік қазақтары тарихқа, энциклопедияға жазылмаса да Қойгелді батыр есімін әлі күнге дейін ұмытқан жоқ. Тіпті Ташкентте 250 жыл бойы Қойгелді көшесі, Қойгелді базары, Қойгелді қақпасы, Қойгелді арығы делінген атаулардың сақталуы неге тұрады? Бұл атауларды сол кезде де, кейін де ешқандай қалалық атқару комитеті берген емес, халықтың өзі атаған. Әттең, ізденушісі, сұраушысы болмағандықтан таяуда ғана – алпысыншы жылдары Ташкенттегі күшті жер сілкісінен кейін талай үйлер қирап, көше жаңғыртылғанда Генерал Сабыр Рахимовтың атымен аталып кетті.Көше де, базар орнындағы кинотеатр да... Тек көңілге демеу етерлік жай – қазақ, өзбек халықтарына ортақ Сабыр Рахымовтың есімі тұлпар тұяғын басқан тай сияқты. Тіпті ескі көз қариялар өзбектер де, қазақтар да, Ташкентте оқыған қандастарымыздың талайы Қойгелді көшесін, Қойгелді базарын әлі күнге дейін атап, түсін түстеп отырады. Бұған да шүкіршілік. Қазақстанның қай түпкірінде болса да әсіресе оңтүстігінде Қалмақ қырылған, Қалмақ обасы, Орда қотан, Төрткүл сияқты белгілі орындар көп. Барлығы да баяғы болып бара жатқан жоңғар басқыншыларынан қалған белгі. Әлі күнге дейін халық көп тұратын елді мекендерде, өзен – су жағаларында сақталған осы қалмақ шайқастарының белгілері сайрап жатыр.Бірақ, бұл жоңғарлықтар оба келіп, не басқа індет келіп өзді өзінен қырыла бермеген. Жат жерлік басқыншылармен туған елінің топырағы үшін жан алысып, жан берісіп қырқысқан қазақ батырлары көп болса солардың бәрін ұйымдастырып, басқа ағайындардың көмегінсіз – ақ жоңғарларды туған жерден қуып шығып, біржолата азат еткен бас батыр Қойгелді батыр туралы ел аузында да, ең бастысы Ресей архивтерінде де балталаса өшпейтін терең із сайрап жатыр. Қазіргі ұрпақ Саңырақ, Өтеген батырларды, Бұқар жыраудың Абылай жорықтарына байланысты жырларындағы Шойбек, Сеңкібай, Мәмбет батырларды, Қаңлы Құлан, Тілеуке, Сіргеліден шыққан Елшібек, Қаратай, Төлебай, Ыстыдан Төлек, Сиқымнан Шінет, Рысбек, Ботбайдан Сәмен, Шымырдан Қосы, Қоңырат Төлебай, Болат, Кіші жүз – Рамаданнан Алшынбай, құрама – Бүркітбей, қарақалпақ – Қылышбек батырларды біле бастады. Ал, кезінде солардың бәрі де ұрпақтары түгел білетін, есімдерін ардақтап атайтын аруақты жандар еді. Міне, сондай ұлы батырлардың басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларына қарсы 30 мың қолды бастаған Қойгелді батыр. Кейін Жетісу шекарасына жеткенде осы қол ішінен 17 мың жауынгерді таңдап Жоңғар қақпасыеа үш жыл бойы қарауылға әскер қойысқандардың бірі де сол қолбасшы Қойгелді. Міне, ұлы Төле бидің өзі ең сенімді серігі деп санап, оңтүстік қазақтарын қайтыс болғанға дейін қырық жыл бойы билеген Қойгелді батырдың аты аталмай келгендегі ең басты кінәсі – қазақ жерін басып алып, халқына қырғын салған жоңғарларға қару – жарағын әкеліп сатқан Ресей керуенін талап, сондағы елімізге өлім шашқан қаруларын тартып алғаны.[12] Қойгелді есімі, тіпті тағдыры ұлы Төле бидің есімімен тығыз байланысты. Екеуін бөле – жара айту мүмкін емес. Тіпті Қойгелдінің Бұқара медресесіне жеті жасында оқуға баруы да осы ұлы бидің батасымен болған. Қойгелді Сартұлы Төле бидің ұсынысынан кейін 17 жасқа шыққанша терең білім алып, тіпті Иран жұртына да барып қайтады. Ол өте сауатты болған. Төле бидің жанында жүріп хазірет те атанған. Бірақ тағдыр Қойгелді маңдайына хазірет емес, әуелі батыр, одан соң қолбасшы болуды жазған екен. Төле би мен Қойгелдінің ара қатысы, жастары алшақ жандардың өзара қимас ғажайып достығы, жас жігіттің шешендігі, билігі, тіпті Төле би Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер үшеуінің таласына берген төрелігі де елге белгілі. Мұның есесіне Қойгелді де әр сөзі нақыл болған осы үш бидің әсіресе Төле бидің талай сындарынан сүрінбей өткендігі жайлы әңгімелер де жеткен. Бұл жөнінде қаламгерлер Нысанбек Төреқұлов, Мамытбек Қалдыбайұлы, Хамза Амандықов жариялаған дүниелер баршылық. Сөйтсе де Қойгелдінің одан бұрын да жоңғардың небір сен тұр, мен атайын дейтін апайтөс алып батырлармен тоғыз рет жекпе – жекке шығып, бәрін де жеңіп шыққан Қойгелді батырдың аты иісі қазақ баласына Аңырақай шайқасында кеңінен таралады. Әбілқайыр хан басқарған қалың қолдың бір қанатын Төле бидің өзі соңынан ерткен еді. Оның ішінде Өтеген, Сәмен, Қосы, ол кезде 17 – 18 жасар Мәмбет, Сеңкібай, Шойбек, Шінет сияқты батырлар да бар еді. Шымыр елінің жасағында ту ұстаушы болып Қойгелдінің ортаншы інісі Қожық белгіленген. Қойгелді батырдың туған інісі Ақша осы Аңырақай шайқасында ауыр жараланып, қаза тапты. Тіпті Қойгелді хазрет сәлдесін орап, тәспісін ұстап жүрсе де ата жаумен айқасқа өзінің тұңғыш ұлы 13 жасар Қарабатырды да тастамай ертіп жүрген. Жараланған інісі мен баласы шайқас барысында, жау қоршауында қалып қалады. Қоршауда қалған інісі мен баласын құтқару үшін сәлдесін тастап – дулыға, шекпенін шешіп – сауыт киеді де, соғысқанда жоландағы жоңғарларды құрақтай жапырады. Жау қашып, шабуыл жеңіске жекізеде. Қалмақтар аңырап қалады. Міне, осы жеңістен кейін қол бастаған батырлар, ел ұйытқысы билер мен хандар жиналғанда Қойгелдінің асқан ерлігіне риза болған Төле би алқа топта былай толғап, батыр есімін ел ұранына айналдыру жөнінде ақ батасын берген екен :

Арғымақты мақтаймын,

Шапқанда ат жетпесе!

Ақсауытты мақтаймын,

Атқанда оқ өтпесе!

Биеден басқа сауын жоқ,

Сауғаныңды теппесе.

Аруаны мақтаймын,

Көп арттың деп шөкпесе!

Ер жігітті мақтаймын,

Бұзылған елді септесе!

Мынауың алыс, жақын деп,

Уәдеден кетпесе!

Ер ме ерлік етпесе?!

Армансызбын, дер едім,

Өзіңдей жастар көктесе!...

[5]Төле бидің ең сенімді серігі, бас қолбасшысы ретінде Қойгелді батыр ұлы бабамыз көз жұмғанша қасынан бір елі ажыраған емес. 1734 жылғы біраз ауыр тірлік оңтүстік қазақтарының басына түскен еді. Бұл кезде Орта жүз бен Кіші жүз Ресей бодандығына өтіп, азын – аулақ болса да қорғанышы бардай көрінетін. Ал ағайынды екі қабырғалы елінен айырылып, қыруар қалың жаумен жеке қалған. Оңтүстік қазақтары қырғын тапқаны соншалық, әр адамның жетеуі қаза тапты.Сондай бір жойқын шабуыл кезінде Төле бидің Қожабек атты ұлы тұтқында кетіп, Жолан атты жаңа үйленген ұлын, ақ үйді аманатқа беруі осындай шарасыздықтан туған еді. Жау тұтқыныдағы Қожабекті құтқару мақсатымен Қойгелді әскер жинағанда олардың саны үш мыңға жетер – жетпес болып, Төле бидің Түркістандағы Тәуке ханның моласын құшақтап жылайтыны сол жолы. Ұлы жүз халқынан тұқым сақтап қалу мақсатымен жақыны Өтеген батырды ат аяғы жететін жерден қоныс іздеуге аттандыратыныда сол жолы.Қалған елдің Жиделі – Байсынға, Қарақалпақстанға ауатыны сол жолы. Төле би келмей жүріс жоқ, Қойгелді келмей ұрыс жоқ деген мәтелдің шыққаны да сол жылдары. Міне, осындай қыстау шақта да Қойгелді Төле бидің қасынан табылып, болашақ азаттық үшін айқасқа күш жинап, Сеңкібай, Шойбек, Мәмбет, Ошақты Саңырақ, Сарымерген, Қалет батырларды алыстағы ағайынға Абылай қолына жіберетіні де сол жылдары.

Жиделі – Байсын, Қарақалпақстан жерінде біраз күш жинап, ел өз туған жерін іздей бастағанда Ташкентті жау қолынан босатудағы Қойгелді ерлігі қолбасшылық тапқырлығы өз алдына бір әңгіме. Бозсу өзенін басынан байлап алып, он екі қақпаның ең әлсізін таңдап қаланы жаудан азат еткендігі бір төбе. Төле би Ташкентке қайта оралған соң оңтүстік қазақтары шыңдап бірігіп соғысса жоңғарларды жеңе алатындығына, ата қоныстарын қайтара алатындығына, ата қоныстарын қайтара алатындығына сене бастаған еді. Ресейді арқалаған орта жүз, кіші жүз ағайындар еншіге жер бөлісу туралы әңгімеге шақырғанда Тәуке ханның кезінде қазақ елінің жұдырықтай жұмылған бір тұтастығын өз көзімен көрген, сол мемлекеттің Жеті – жарғы атты негізгі заңын жазысқан Төле би жер бөлісуге өзі бармай Қойгелдіні және басқа билерді жібереді. Қойгелді мен оңтүстік қазақтарының тағы бір биі, қорқақ атанған Тастемір, Қаз дауысты Қазыбек пен Әйтеке билердің алысты орағатып, тәмсілдеп сөйлеген шешендігі алдында тосылып, қазақ баласы енші – таңба алысқан Ұлытауды орта жүзде беруге келісіп қайтады. Бұған Төле би де, жұрттың басқа бас көтерелері де қатты наразы болып, Қойгелдіге тіл тиеді. Аңырақай соғысында бір елдің жауынгерлік ұранына айналған Қойгелді батыр нағашы әрі қайын – жұрты Қоңырат еліне көшіп келеді. Бұл жерде Қойгелдінің Аңырақай шайқасына дейінгі ұраны Алатау болғандығын айта кеткен жөн. Ал, Алатау – Қоңырат елінің жауынгерлік ұраны. Қойгелдінің де оның інілері Қожық пен Ақша батырларды да батырлыққа тәрбиелеген атақты Алатау батырдың ұрпақтары. Қойгелді кейін өз есімі ел ұранына айналғаннан кейін інісі Қожықтың бір баласына сол нағашы жұртының нағашы батыр баласының құрметіне Алатау деген атты азан шақырып, өзі қойған.

Қожық – Алатау ұрпақтары Жуалы,Талас аймақтарында көптеп тұрып жатыр. Қойгелдінің есімі ел ұранына айналғандығы жөнінде атақты тарихшы МұхамеджанТынышбаев 1925 жылы Ташкент қаласынан шыққан «Материалы к истории киргиз - казахский» атты еңбегінде бірнеше жерде атап көрсеткен. 1756 жылы Төле би қайтыс болғаннан кейін билік түгелдей Қойгелдіге көшеді. Көп ұзамай жоңғар қалмақтарына қарсы қазақ халқы жаппай көтерілгенде Қойгелді әруақ шақырып аттаңдап, оңтүстік қазақтарын ерге қонғызғанда қолына қару ұстауға жарайтыңдарды жинайды. Қалмақтарды жаппай қуу басталады. Шінетұлы Рысбек батыр жоңғар қонтайшысының Қаратаудағы жазғы ордасын ойраңдап, тас – талқанын шығарса, Садыбай батырдың ұрпағы Байтана Шоқан батыр өз жауынгерлері қырған жаудың басын жұрттың рухын көтеру үшін төбешік етіп үйіп тастайды. Қырғын соғыс әсіресе қазіргі Қаратау қаласының оңтүстік – шығыс жағындағы Қотырбұлақта болған. Осында қырылған қазақтар мен қалмақтардың обалары, молалары әлі күнге дейін жатыр. Осы жердегі Шолақтау совхозы Қолбасшы Қойгелді батырдың атындағы бірлестік аталып отыр. Сондай – ақ қазір Майтөбе атанған жердегі Майдан төбе қырғыны, Жамбыл облысының Талас ауданынының орталығы Ақкөл ауылындағы қырылған қалмақтардың төрткүл обасы да әлі бар. Бұлар тек Талас ауданының жерінде соғыстардан қалған белгілердің біразы ғана. Ал Ташкент пен Жетісу аралығындағы жоңғар қақпасына дейінгі Қолбасшы Қойгелді батырдың жауынгерлерінің жауды қуу жолындағы ерлік белгілері қаншама?! Жетісуға жеткен соң Қолбасшы Қойгелді батырдың әскерін қайта топтап, 17 мыңын ғана қалдырып, басқаларын елге қайтарады. Жетісу жерінде Абылай мен Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлармен қосылып, Жоңғар қақпасына жеңіс туын тіккен. Осы қолды басқарғандар арасында садақшылар жетекшілік еткен Саңырақ, ал жалпы әскер ішінде мыңдықтарды басқаратын Қосы, Оқын, Қортыс, Мәмбет, Шойбек, Сеңкібай, Өтеген, Сәмен, Қарақалпақ, Қылышбек Сіргелі Елшібек сияқты батырлар болған. Қолбасшы Қойгелді батырдың өзі де шамамен 1702 жылы Сарыағаш, Ташкент маңында дүниеге келіп, 93 – ке шыққан шағында, Меккеге қажылыққа барып келгеннен кейін дүние салады. Қолбасшы Қойгелді батыр өлгеннен кейін қоқандықтар қазақтардың өзара алауыздығынан пайдаланып, үш жылдан кейін, яғни 1798 жылы Төле би, Қойгелдінің ұрпақтарын биліктен қуып, талай батырларын өлтіреді. Осы жанжалда Қойгелдінің Қарабатырдан туған Қырғызбай атты немересі қаза табады. Үріккен ел жазғы жайлауы Қаратау, Ақкөл, Билікөл, Қамқалыкөл маңына келіп орналасады. Қазір Қолбасшы Қойгелді батырдың ұрпақтары көбейіп бірнеше шаруашылықта тұрып жатыр. Ал Ташкентте қалып, кейін өз туыстарына көп көмек көрсеткен немересі Қабыланбек ұрпақтары өзбек ағайындылардың арасына сіңіп кетті. Олар 1951 – 1952 жылға дейін Қаратаудағы, Билікөл жағалауындағы Қолбасшы Қойгелді батырдың ұрпақтарымен қатысып тұрған... Сонымен Қойгелді батыр жайында аздап мағлұмат алғандаймыз. Енді мүмкіндік болса тереңдете түсу жағын қарастырайық. Келтірілген деректер мүмкін қайталанып жатар, оған кешірім өтінеміз. Қайталанған сайын қыры – сыры ашыла түседі деген ойдамыз.

1.2 Қойгелді батырдың керуен дауына түсіу

[3], [5], [6] Жоңғар қонтайшысы Қалдан Церенге сату үшін орыс керуені 1739 жылы тамыз айында Орынбор қаласынан шығады. Орынбор қаласы мен Ташкент арасы 1546 шақырым жерге үш айдай жүріп Түркістанға таяу жерге келеді. Керуен иесі кіші жүз ханы Әбілқайыр дегенмен негізгі дүние – мүлік орыс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!