қолданбалы курс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қолданбалы курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық этика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ә/Б отырысында қаралды Оқу ісінің меңгерушісі: Бекітемін:

Хаттама № __ Мектеп басшысы

ӘБ жетекшісі: Баткеева Ж.Б _______Ф.С. Байбекова ____ Қ.А.Буканов

«__»_____2023ж «__»____2023ж «__»______2023ж





«Үшарал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі




«Экологиялық этика»

қолданбалы курс бағдарламасы


2023-2024 оқу жылы



Пәні: ________________________________

Мұғалім:______________________________

Сыныбы______________________________

Оқулық_______________________________




«Экологиялық этика» курсының бағдарламасы

( 34 сағат )

Түсінік хат.

Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғаннан өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүреді.

Жер бетінде таралған барлық ағзалар бір-бірімен тығыз байланыста болады және олар өздерінің айналасындағы орта жағдайларымен де үнеиі қарым-қатынаста тіршілік етеді. Тіршіліктің осындай өзара байланысы ұзақ кезеңдер ішінде бірте-бірте қалыптасқан және ол белгілі бір табиғи заңдылықтарға бағынады. Осының нәтижесінде ғаламшарда күрделігі әр түрлі экологиялық жүйелер пайда болған.

Соңғы жылдары адамның бүкіл биосфераға әсері күшті байқалуда. Адам санының ұдайы өсуі, табиғатқа ғылыми-техникалық прогрестің ықпалының тездеуінен адамзат әрекетінің әсері ұлғайып отыр.

Қазақстандағы экологиялық проблемалар шиеленіуі жалпы әлемдік шиеленістен кем емес.

Табиғатты қорғау – бұл табиғи жер және су ресурстарын ұғымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, экономикалық заңды шаралар жүйесі.

Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдауында «Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны» туралы айтқан.Олай болса қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғатын аялайтын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу – қазіргі өмір талабы.

Экология бұл іс жүзіңде аса зор маңызы бар биология бөлімдерінің бірі. Адамзат жаһандық эволюциялық проблемалармен ХХ ғасырда кездесті. Экологиялық апат мүмкіндігінің жалғасы арта түсуде.

Экологиялық тәрбие – «Табиғат – адам – қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруі нәтижесінде қалыптасатын жалпы білімнің бөлшегі. Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, сапасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапкершілік қарым- қатынасын қалыптастыру.Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда, ақыл-ой мен сезімін тәрбиелеуде, сананы қалыптастыруда «экологиялық мәдениет» жетекші орын алады.

Экологиялық мәдениет – барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғангың ерекше қасиеті.




Курстың құрылымы және мазмұны (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

1 Тақырып. Экологиялық әдепке кіріспе. (6сағат)

Курстың мәні мен міндеттері. Экологияның туындауы мен даму кезеңдері. Экология кешенді ғылым саласы. Экология салалары: биоэкология, адам экологиясы, ғаламдық экология, синэкология.

Экологиялық әдептің әдістері, міндеттері. Табиғат құқықтары. Табиғи ресурстарының түрлері. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Қоршаған орта және адам денсаулығы.

Табиғи ресурстар адамның тұрмыс-тіршілігінің көзі, маңыздылығы. Адамның табиғатқа әсерінің салдары мен табиғат заңдылықтары. Жануарларды қорғаудағы заңнамалар негізі.

2 Тақырып. Экологиялық әдеп және мәдениет. (7 сағат)

Қазақ халқының экологиялық әдебі. Жан-жануарларды ғылымда және әр түрлі қызықтыру мақсатында пайдаланудың әдептілік проблемалары. Әлемдік халықтың мәдениетіндегі жануарлармен өсімдіктердің алалтын орны.

Экологиялық білім, экологиялық сана-сезім, экологиялық мәдениет ұғымдарының сипаты. Адам мен әлеуметтің қоршаған ортаға бейімделу процестері мен формалары. Экологиялық сана-сезім принциптерін қалыптастыру. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық өмір салты.

3 Тақырып. Жануарларға, өсімдіктерге және жабайы табиғатқа экоәдептілік қарым-қатынас. (5 сағат)

Ұлттық парктер және қорықтар. Қорықтардың пайда болу себептері. Табиғатты қорғаудағы қорықтардың маңызы. Қазақстанның қорықтары, табиғи ескерткіштері. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы мемлекеттік заңы.

4 Тақырып. Дүниежүзілік қазіргі экологиялық жағдайлар. (7 сағат)

Ғаламдық экологиялық дағдарыстың себептері мен зардаптары. Дүние жүзі бойынша негізгі экологиялық көрсеткіштерлер.

Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайлары. Экологиялық қауіп-қатер, экологиялық дағдарыс ұғымдары. Экологиялық қауіп-қатер түрлері. Экологиялық қорғаныс деңгейлері және қазіргі экологиялық қауіп-қатерді шешу жолдары. Экологиялық саясат. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа экологиялық тұрғыда кіруіндегі негізгі бағыттары.

5 Тақырып. Экологиялық қозғалыс түрлері (3 сағат)


Экологиялық қозғалыс түрлерінің сипаты, мақсаттары, міндеттері мен экологиялық қозғалыс іс-әрекет әдістері. Табиғат қорғау қозғалыстарының типологиясы. Қазақстандағы экологиялық қозғалыс түрлері. «Жасыл ел» бағдарламасы. Оның міндеттері, жүзеге асыру жолдары.


Сарамандық жұмыстар:


Қыста құстарға қамқорлық жасау (2 сағат)

Мектепшілік қабырға газетін даярлау (2 сағат)

Табиғаттың байлығы және құқығы. Ғаламдық экологиялық қозғалыстар және Қазақстан Республикасындағы экологиялық қозғалыстар.

Рефераттар дайындау және қорғау. (2 сағат).


Реферат тақырыптары:


1. Экологиялық қауіп-қатер және экологиялық дағдарыс.

2. Қоғам және табиғат ара-қатынастарының кезеңдері.

3. Адам мен табиғаттың өзара қатынас формалары.

4. Экологиялық қарама-қайшылықтар мен кикілжіндер

Бұл курстың негізгі мақсаты:


1. Жас ұрпақтың экология және экологиялық көзқарастың негізін білуі;

2. Экологиялық тепе-теңдікке және қоршаған ортамен қауіпсіз өмір сүруге қол жеткізу;

3. Табиғатқа деген экологиялық мәдениетің қалыптастыру;

4. Туған өлкеміздің табиғатын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Курстың міндеттері:


Тәрбиелік міндеттері:

оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу, табиғатты аялауға, сүйе білуге үйрету.

Білімділік міндеттері:

экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді білуді, табиғи ортамен қатынасқа байланысты заңдылықтарды ұғындыруға бағытталған.

Дамытушылық міндеттері:

оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге үйретуге, экологиялық сауаттылыққа бағдарлауға негізделген.


Бағдарламаның құрылымы:

Бұл бағдарламада 9-11 сынып оқушылары үшін экологиялық әдеп бойынша лекциялармен практикалық жұмыстар берілген. Оқыту көлемі жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан. Практикалық бөлімінде табиғатқа, кәсіпорындарға экскурсия, қыста үй маңындағы және ормандардағы құстарға қамқорлық жасау, табиғаттың құқығы, заңдары жайлы және қоғамдық экологиялық қозғалыстары туралы қабырға газетін даярлап шығару, рефераттар дайындап және оларды қорғау қарастырылған.






10- сыныпқа арналған биология пәнінен «Экологиялық этика» курсының жоспары.

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Экологиялық этикаға кіріспе

1



2

Табиғат байлықтары.

2



3

Табиғат құқығы.

1



4

Адамның табиғатқа әсерінің салдары мен табиғат заңдылықтары.

1



5

Табиғатпен қарым-қатынастағы этикалық қағидалар.

2



6

Қоршаған орта және адам денсаулығы

2



7

Экологиялық әдеп және мәдениет.

1



8

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

1



9

Қазақ халқының экологиялық әдебі.

2



10


Жан – жануарларды ғылымда және әр түрлі қызықтыру мақсатында пайдаланудың әдептілік проблемалары.


1



11

Әлемдік халықтың мәдениетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің алатын орны.

1



12

Ұлттық парктер және қорықтар

2



13

Жануарларды қорғаудағы заңнамалар негізі.

1



14

Экоәдептілік қарым-қатынас жануарларға, өсімдіктерге және жабайы табиғатқа.


1



15

Экологиялық әдеп және үй жануарларын күту.

2



16

Ұлтаралық қоғамдық қозғалыстар және экологиялық әдеп.

2



17


ҚР-ның экологиялық қозғалысы.


2



18

Экологиялық саясат

1



19

«Жасыл ел» бағдарламасы.

1



20

Экскурсия.

2



21

Қыста құстарға қамқорлық жасау.

2



22

Мектепішілік қабырға газетін даярлау.

2



23

Реферат дайындау және қорғау.

1




Барлығы

34




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2023
1003
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі