Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
қолданбалы курс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаратылыстану –математика бағыты
Түсінік хат
Еліміз елу елдің қатарына қосылуға ұмтылыс жасап жатқан кезде оқушылардың білім сапасы артып, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ете отырып, жан-жақты білім нәрімен сусындата отырып, химия саласының әр түрлі әдістері мен технологиясынан хабар ету мектептегі мұғалімдердің еншісіне тиесілі. Ендеше ұстаз қауымынан қазіргі кездегі технологиялық өзгерістер мен жаңа технологияның қарыштап өркендеуіндегі жетістіктері мен нанотехнологияның экономикалық және әлеуметтік жағдайды көтеруге тигізер пайдасы мол екенін түсіндіруді талап етеді. Сондықтан мектептегі химия пәнінін таңдаған оқушылар үшін 10 сыныптарға арнап «Химия пәнінен эксперименттік есептер шығару» атты курсы ұсынылып отыр.
Курстың бағдарламасы стандартты білімнен тыс оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына арналған материалдарды қамтып, теориялық білім мен практикалық білім алуға негізделіп жасалды. Оқушылар жеке жұмыс жасауға мүмкіндік ала отырып, химиядан лабораториялық , практикалық жұмыстар жасай алып, эксперименттік есептер шығарып, оның шығарылу әдісі мен жолын үйреніп, өзіндік жұмыс және шығармашылық жұмыс жасауға қалыптаса түседі. Мүмкіндігінше практикалық іскерлігінің артуына көп көңіл қойылды. Өйткені сабақ барысында білмеген, түйіткіл мен қалып қойған мәселелерін осындай таңдау курсында еркін орындап, өз бетімен жұмыс жасауға ұмтылыс жасай түседі. Химияның жаңа технологиялық әдістерін меңгеруге, ізденуге, сондай-ақ әртүрлі реактивтермен, құрылғылармен жұмыс жасап, оларды құрастырып, және де өзі де қарапайым құрылғыларды құрастырып, өзін толғандырған ізденістерін тәжірибе арқылы жасап көруге жол ашылады.
Бұл курста оқушының көбінесе өз бетімен ізденуіне, жаңа ашылуларға ғылыми дәйектемелерге қадам жасап, осы күнге дейін жинақтаған білім қорын қолдануға, электронды және ғылыми –көпшілік оқулықтармен жұмыс істеуге, оны іс-жүзінде нәтижесін көре отырып, тұжырымдар мен қорытынды жасауға ұмтылыстар жасайды. Өз елінің технологиясының өркендеуіндегі жетістіктер мен жаңалықтардан хабардар болып, оған өз үлесін қоса алады. Химиялық реактивтерді аз мөлшерде қолданып жұмыс істеуге, құрылғыларды танып-білуге, сандық және сапалық анализ нәтижесін көріп практикалық дағдыларын нақтылай түседі.
Жаратылыстану бағытындағы химия пәнін таңдаған оқушылар келешекте, инженер, инженер-технолог, фармацепт, жеңіл және ауыр өнеркәсіптегі мамандарды, органикалық және бейорганикалық химия саласының әр түрлі мамандарын таңдауына мүмкіндік алады.
Курстың мақсаты:
-
химиялық эксперименттік есептерді шығару жолын үйрету;
-
заттарды алуға арналған құрылғылар құрастырып, оларды практикада қолдана білу;
-
бейорганикалық және органикалық заттармен жұмыс істеуді меңгерту;
-
катиондар мен аниондарға сапалық реакция жасай білу;
-
әр түрлі эксперименттік есептерді шығару;
-
ғылыми ізденістер жасауға үйрету.
-2-
Курстың міндеті:
-
химиялық құрылғыларды құрастырып, жинап, лабораториялық, практикалық тәжірибелер жасай алуға үйрету;
-
ғылыми ізденістер жасап, оларды дәлелдей білуге дағдыландыру;
-
теориялық білім мен практикалық дағдыны ұштастыра білу;
-
химиялық қалдық заттармен жұмыс істей білуге үйрету;
-
қоршаған ортаны қорғай отырып, экологиялық білім алу;
-
ғылыми-көпшілік әдебиеттерді пайдаланып, оларды қолдана алуға үйрету
Курстың өзектілігі:
«Химиялық эксперименттік есептер» курсынан оқушылар мектеп бағдарламасынан тыс, есептер шығаруға, тәжірибелер жасап, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға және де олимпиадалық есептерді шығаруға дағдыланып, білімдерін кеңейте алады.Оқушының химия пәніне деген қазығушылығы артып, химиялық технологияның жаңалықтарын білуге, оның жұмыс принципімен танысып, оның тиімді әдістерін біліп, елімізге қаншалықты пайда келтіре алатынын, оның шығымын есептеуді үйрене отырып, оның қазіргі кездегі қарқынды дамуы жөнінде ізденістерге ұмтылыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
-
оқушылардың химия пәнінен алған теориялық және практикалық білімдерін дамыту;
-
газдарға арналған құрылғыларды құрастырып, тәжірибе жасай алу;
-
реактивтермен (ерітінділермен, газдармен, қатты заттармен, концентрлі, күйдіргіш заттармен) дұрыс жұмыс жасай алуы;
-
химиялық эксперименттік есептерді шеше алу;
-
заттарға сандық-сапалық анализ жасай алуы;
-
жаңа технологиялық құрылғылардың құрылысы мен шикізат. танып білу;
-
өзінің тұрған жері мен еліндегі орналасқан химиялық өндірістердің жұмыс принциптерін үйрену.
Курс бойынша жыл бойына 34 сағат өткізіледі. Оның бір сағаты кіріспеге, 15 сағаты –теориялық білімге, 8-сағаты өзіндік жұмысына, практикалық білімге 8 сағат, білімін тексеруге -2 сағат берілді. Мынадай әдістер қолданылды: интерактивті, талдап-қорыту, синтездеу, анализдеу, тұжырымдау, дамыта оқыту, логикалық.
«Химиялық эксперименттік есептер» курсы төрт тараудан тұрады.
І тарау «Химиялық экспериментке» арналып, 9 сағат берілді, эксперименттік есептердің түрлері мен шығару тәсілдері туралы үйрене отырып, сандық және сапалық есеп шығаруға дағдыланады. Заттардың қоспаға берілген есептердің шығарылу жолын және оларды анықтау іскерліктері қалыптасады. Шығымға арналған есеп түрлерінде, өндірістердегі тиімді экономика мен қалдық заттар туралы қосымша мәлімет ала алады. Ерітінділердің ортасын анықтау үшін, реактивтермен жұмыс істеуді меңгереді. Тарау соңында осы тараудан алған білімдерін практикамен ұштастырып, білімін тексереді.
ІІ тарауда «Сапалық және эксперименттік есептер» тарауына 13 сағат берілді. Ол екі бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім: Сапалық есептерге арналған эксперименттік есептер». Сапалық есептерді шығару тәсілдерін қолданып, есепті шығаруға, берілген заттарды анықтап, әр түрлі заттарға тән реакциялар жасап, олардың типтерін ажырата алуға, химиядағы заттардың: оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың жеке өкілдерімен жұмыс жасауға үйренеді.Соңында 1-бөлімнен алған білімін «заттардың классаралық өкілдеріне берілген эксперименттік» есептерді шешеді.
2-ші бөлім: «Титрлеу» бөлімінде титрлеу әдістерін біліп, онымен жұмыс жасауға үйренеді.Мектеп бағдарламасында тек айтылып кететін титрлеу мен оның әдісін таңдау курсында орындауға мүмкіндік туындайды.Титрлеу мен тұндыру әдістерінің химия пәнінде алатын орны мен практикалық маңызына тоқталады.Титрлеу арқылы көлемдік анализ жасап, алған білімдерін практикамен жалғастырады.
ІІІ тарау «Логикалық есептерге» 6 сағат бөлінді.Мұнда бейорганикалық химиядағы және органикалық химиядағы эксперименттік есептерді шешу жолдарын, оларға берілген есептерді шеше алуға, жұмысты практикалық тұрғыда өздігінен орындауға дағдыланса, ауыл шаруашылығы саласында топырақ құрамын, ондағы элементтердің мөлшері мен массасының қажеттілігі туралы біле алады. Алған білімдерін «аниондар» мен «катиондарға» және органикалық заттарды анықтап, табуға, приборларды өз бетімен құрастырып, оны лабораториялық жағдайда қолдана білуге үйрене алады.
ІV тарау «Олимпиадалық есептерге» арналып 5 сағат берілді. Олимпиадада кездесетін есептердің шығарылу жолы мен тәсілдерін үйреніп, өз бетімен қосымша ізденіп, алған білімін кең түрде қолданып, интернет материалдарымен, ғылыми журнал және оқулықтармен (оқу-әдістемелік және электронды) жұмыс істей білуге дағдылана түседі, сондай-ақ білімдерін тексере отырып, өзінің ізденістерін қорытып, тұжырымдай алады.Жыл бойғы жасалған жұмыстары қорытындыланып, нәтижесі шығарылады.
10 сыныптарға арналған «Химия пәнінен эксперименттік есептер шығару»
Қолданбалы курсынаа арналған
Күнтізбелік жоспары.
(Жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат өтіледі.)
№ |
Сбақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Практикалық жұмыс |
|
І тарау. Химиялық эксперимент- 11 сағат1 |
|||
1 |
Кіріспе. |
1 |
|
|
2 |
Қоспалар және олардың құрамын анықтау. |
2 |
|
|
3 |
Сандық эксперименттік есептер |
|
|
|
4-5 |
Қоспалар және олардың құрамын анықтау |
|
|
|
6,7 |
Теориялық мүмкіндігіне қарағанда реакция өнімінінің шығымын есептеу |
2 |
|
|
8 |
Газ алатын құрылғылар құру, онымен газды алып, олардың реакция орталарын анықтау |
1 |
|
|
9 |
Практикалық жұмыс №1 «Еріген заттың молярлық концентрациясын анықтау» |
1 |
|
Практикалық жұмыс №1 |
10 |
Бақылау жұмысы №1 |
1 |
|
|
11 |
Коррекциялық жұмыс№1 |
1 |
|
|
|
ІІ тарау. Сапалық және эксперименттік есептер-12 сағат |
|||
12,13 |
І бөлім. Сапалық есептер. Сапалық есептерді шығару жолдары |
2 |
|
|
14 |
Заттың сапалық құрамын анықтау |
1 |
|
|
15 |
Заттарға тән реакциялар жасау |
1 |
|
|
16 |
Практикалық жұмыс № 2 «Заттардың клас-саралық байланыстарына эксперименттік есептер шығару» |
1 |
|
Практикалық жұмыс №2 |
17 |
Коррекциялық жұмыс №2 |
1 |
|
|
18,19 |
ІІ бөлім. Титрлеу Тұндырып-титрлеу әдістері |
2 |
|
|
20 |
Практикалық жұмыс №3 « Ерітінділерді титрлеу» |
1 |
|
Практикалық жұмыс №3 |
21,22 |
Титриметриялық (көлемдік ) анализ |
2 |
|
|
23 |
Практикалық жұмыс №4 «Сілтілерді титрлеу әдісімен анықтау» |
1 |
|
Практикалық жұмыс №4 |
|
ІІІ тарау. Логикалық есептер -5 сағат |
|||
24 |
Бейорганикалық химиядағы эксперименттік есептер |
1 |
|
|
25 |
Практикалық жұмыс №5 «Аниондарды анықтай білу» |
1 |
|
Практикалық жұмыс №5 |
26 |
Практикалық жұмыс №6 «Катиондарға сапалық реакция жасау » |
1 |
|
Практикалық жұмыс №6 |
27 |
Органикалық химиядағы эксперименттік есептер |
1 |
|
|
28 |
Практикалық жұмыс№7 «Органикалық қосылыстарға тән реакциялар» |
1 |
|
Практикалық жұмыс№7 |
29,30 |
Олимпиадалық есептерді шығару |
2 |
|
|
31 |
Практикалық жұмыс №8 «Бейорганикалық заттардың сапалық анализ тақырыбына арналған есептер» |
1 |
|
Практикалық жұмыс№8 |
32 |
Бақылау жұмысы№2 |
1 |
|
|
33 |
Коррекциялық жұмыс №3 |
1 |
|
|
34 |
Қорытынды сабақ |
1 |
|
|
Курс бағдарламасының нормативтік бөлімі
Кіріспе бөлімі -1 сағат.
«Химиялық эксперименттік есептер» курсының қажеттігі сонда, мектептегі ескірген реактивтер мен құрылғының жетіспеушілігінен туындап отыр. Әрі химия пәніне қызығушылығы бар оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік туатын бірден –бір курс. Өз бетімен жұмыс жасауға мүмкін болатын тәжірибелерді өз көзімен көріп, іс жүзінде дәлелдесе, оның пәнге қызығушылығы мен ғылыми ізденістері артып, химияның технологиялық ашылуларын, оның қарапайым жұмыс принципін біледі.
І тарау. «Химиялық эксперимент» -10 сағат.
Эксперименттік есептердің түрлерін, сондай-ақ оларды шығару жолдары мен тәсілдерін меңгереді. Сандық және сапалық есептердің стантартты емес түрлерін шығарып, эксперименттік есептерді орындай алуға, оны іс жүзіне асыруға мүмкіндік ала алады.Қоспалардың түрлері мен оған берілген есептің түрлерін ажыратып, берілген заттардың массасын, көлемін, массалық және көлемдік үлестерін, шығымын есептей алуға үйренеді.
Газ алуға арналған құрылғыларды жинақтап құрастырып, олардан газ алып, ерітінділерін дайындап, газдың барын анықтауға арналған құрылғыны лабораторияда өзі пайдалана біледі стандартты білім беруде қарастырылмайтын газды алуға арналған құрылғыны пайдаланып, заттардың молярлық концентрациясын таба алады. Тараудан алған білімдерін практикамен байланыстыра отырып, оны тексереді.
Көрсетілім: электронды оқулық, химиялық тәжірибелер, интеракивті тақта, әр түрлі индикаторлар түсінің қышқылдық және сілтілер ерітінділері әсерінен өзгеруі кестесі.
Қажетті жабдықтар: әр түрлі пішінді және көлемді газ өткізгіш түтіктер, сынауықтар, тығын, тұрғылар, стақандар, колбалар, сынауықты қыздыратын құрылғы, спирт шам, қысқыштар, ұстағыштар, тамызғыштар.т.б. суреттер.
Тапсырма: әр оқушы газ алуға арналған құрылғы құрастырып келу. Суретін салып, оны жұмыс істеуге дайындау
Практикалық жұмыс №1 «Еріген заттың молярлық концентрациясын анықтау»-
1 сағат.
Бақылау жұмысын жазу-1 сағат.
ІІ тарау.«Сапалық және эксперименттік есептер»-13 сағат
Бұл тарау екі бөлімнен құралды:біріншісі- сапалық есептерді шығаруға арналса, екіншісі-титрлеуге арналды.
І-ші бөлімдегі сапалық есептерді шығару жолдарын білу арқылы, оқушылар өз бетімен есеп шығаруға ұмтылса, заттың сапалық құрамын анықтағанда және оларға тән реакцияларға тәжірибе жасау арқылы білімдерін нақтылай түседі, әрі практикалық дағды қалыптастырады.Заттар мен құбылыстардың типтерін ажырата отырып, классаралық өкілдерін лабораторияда ала алады, сөйтіп өзіндік зерттеулер мен эксперимент жасайды.
ІІ-ші бөлімде титрлеу әдісімен танысып, оны лабораторияда қолдануға, соған берілген есептерді шешуге мүмкіндік алады. Титрлеу –тұндыру арқылы стандартты бағдарламадан тыс тәжірибелерді орындап, титриметриялық анализді жасау әдісін үйреніп, көлемдік анализ жасайды. Соңында титрлеуге практикалық жұмыс орындайды
Көрсетілім: титрлеу құрылғысы, электронды оқулық, титрлеуді жасау химиялық тәжірибе, интерактивті тақта, суреттер.
Практикалық жұмыс № 2 «Заттардың класаралық байланыстарына эксперименттік есептер»-1 сағат.
Практикалық жұмыс №3 « Ерітінділерді титрлеу» -1 сағат.
Практикалық жұмыс №4 «Титрлеу қисығындағы титрлеу секірісін анықтау»-1 сағат.
-7-
ІІІ тарау. «Логикалық есептер» -6 сағат
Бұл тарауда оқушылардың химия пәніннен логикалық ой өрісінің кеңейіп, білімдерінің дамуын ескере отырып, бейорганикалық және органикалық химиядан берілген эксперименттік есептерді шешу мен түрлерімен танысады, әрі есептердің әр түрінен нақты берілген практикалық жұмыстарды орындайды.Айталық «аниондарға», «катиондарға» сапалық реакция мен органикалық заттарға тән реакцияны жасайды. Химиядан орындалуы мүмкін реакция теңдеулері мен тәжірибелерін орындап, білімдерін практикалық жұмыс арқылы бекіте түседі.
Көрсетілім: есептің шығарылу жолы көрсетілген интерактивті тақта, аниондарға, катиондарға сапалық реакция мен органикалық заттарды анықтауға арналған кестелер, әр түрлі индикаторлар түсінің қышқылдық және сілтілер ерітінділері әсерінен өзгеруі кестесі.
Практикалық жұмыс №5 «Аниондарды анықтай білу»-1 сағат.
Практикалық жұмыс №6 «Катиондарға сапалық реакция жасау»-1 сағат.
Практикалық жұмыс №7 «Органикалық заттарға тән реакция»-1 сағат.
ІV тарау. «Олимпиалалық есептер»-5 сағат
Оқушылар олимпиадалық жарыстарға қатысатын болғандықтан бұл тарау соған арналды. Оқушылар олимпиада кезінде кездесетін олимпиадада есептерінің шығарылу жолдары мен тәсілдерін үйренеді, оны шешіп, өз бетімен орындауға дағдыланады. Білімдерін практикалық жұмыстар арқылы бекіте түсіп, бақылау жасайды және жыл бойғы жүргізген ізденістері мен еңбегін талдап, қорытындылайды және жұмыстары бағаланып отырады.
Көрсетілім: негіздердің, қышқылдардың және тұздардың судағы ерігіштігі кестесі, қосымша оқу-құралы т.б.
Практикалық жұмыс №8 «Бейорганикалық заттардың сапалық анализ тақырыбына арналған есептер»-1 сағат.
Бақылау жұмысын жазу-1 сағат.
«Химиялық тәжірибе – білім көзі» атты зерттеу жұмысының қорытындысын жасау-1 сағат.
-4-
Пайдаланған негізгі әдебиеттер:
1. Қ.Бекішев «Химия есептері» Оқу құралы Алматы «Білім» 2005 жыл
2. М. Б.Усманова, К.Н. Сақариянова «Сандық есептер шығару әдістемесі» 8-11 Алматы «Атамұра» 2004 жыл
3. Ә.Темірболатова Н. Сағымбекова, С. Әлімжанова «Химия» тапсырмалар жинағы 11 Алматы «Мектеп» 2007 жыл
4.Ә. Темірболатова «Химия» 9 есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы «Мектеп» 2005жыл
5. К.Н. Шабдаров «Химияны оқыту тәжірибесі» Алматы «Мектеп» баспасы 1996 жыл
6. И.Н. Чертков, П.Н.Жуков «Химиический эксперимент» с малыми реактивов Москва «Просвещение» 1989 год
7. Т.С.Назарова, А.А.Грабецкий, В.Н.Лаврова «Химический эксперимент в школе» Москва «Просвещение» 1987 год
8. В.И.Сушко под редакцией М.А.Прокофьева, И.Н.Черткова «Химия в школе» Москва «Просвещение» 1987 год
9. Ж.Шоқыбаев, Ж.Бегалиев «Жалпы химия практикумы» Алматы «Рауан» 1994 жыл
10. Ә. Шолақтегі «Жалпы химиядан есептер шығару үлгілері және есептер жинағы» тараз 2003жыл
11. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова «Химия» 9 сынып Алматы «Атамұра» 2005 жыл
12. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова «Химия» дидактикалық материалдар 9 сынып. Алматы»Атамұра» 2005 жыл
13.А. Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. 2004ж.
14.Қ. Бекішев. Химия есептері. 2007 ж
15.Г. П Хмченко. Химия. Жоғары оқу орындарына түсіушілерге арналған 1998ж
16.Г.М.Байназарова, Б.М. Бутин, С.Ж. Жайлау, Қ.М. Қуатбеков. Жалпы химия.2006ж
17. Сарбаева Г.Т. Баешов А. Баешова А.Қ. «Аналитикалық химия пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар мен лабораториялық жұмыстардың» жинағы.Шымкент2003ж.
18. Сарбаева Г.Т. «Аналитикалық химия» Кентау-2007жыл.
Қосымша әдебиеттер:
1.Журнал «Химия мектепте» /№2, 2006 жыл, 33-34бет/
2. Журнал «Химия мектепте» /№3,2006 жыл, 24 бет/
3. Журнал «Химия мектепте»/№4,2006 жыл, 34-35 беттер/
4. Журнал «Химия мектепте»/№3, 2009 жыл, 48-56 беттер/
5. Журнал «Химия в школе» /№1-1988 год, 54-57 стр. И обложка/
6. Журнал «Химия в школе» /№6-1988 год, 40 срт./
7. Журнал «Химия в школе»/ №2-1990 год, 53 стр./
8. Журнал «Химия в школе» /№6-1990 год, 47, 54 стр./
9. Журнал «Химия в школе»/ №1-1991 год, 49 стр./
10.Журнал»Химия мектепте»/ №1- 2009 ж/
11.Журнал «Химия мектепте»/ №3- 2009 ж/
12.Журнал « Химия мектепте»/ №1- 2010 ж/
-9-
Мазмұны:
1. Түйіндеме................................................................................................................................1
2. Түсінік хат, мақсаты..............................................................................................................2
3. Курстың міндеті, өзектілігі, күтілетін нәтиже.....................................................................3
4. Тарауға сипаттама...................................................................................................................4
5. Күнтізбелік жоспар.............................................................................................................5-6
6. Курстың нормативті бөлімі................................................................................................7-8
7. Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................................................9
8. Мазмұны..................................................................................................................................10