Материалдар / Қолданбалы курс жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолданбалы курс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларына арналған қолданбалы курс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
1402
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара Сагындыковна


Түсінік хат


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуына жәрдемдесу және психологиялық жеке ерекшеліктеріне қарай әсер ету» сияқты өзекті мәселелеріне қарай әрбір мектепте баланың жеке психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның әлеуметтік ортаға қалыпты дамуына психологиялық ыңғайлы жағдай тудыра алатын, психологиялық білімі жан-жақты педагог-психологтар жұмыс жасап жатқаны белгілі.

Қазіргі заманғы жаңа білім беру технологияларын енгізуде психологиялық қолдау бағдарламасы өте қажет.

Психолог оқушы жөнінде көп мәліметтер білуі қажет, әсіресе оқушының іс-әрекеттерінен хабардар болып отыруы керек. Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде психикалық дамуы ерекше орын алады. Міне, осы орайда мектеп психологының оқушыларымен кездесіп тұруы үшін және жұмысының жүйелі болуы үшін психология сияқты факультативтік сабақтар болуы қажет деп ойлаймын.

Ұсынылып отырған «Психология» факультативтік сабағының бағдарламасы

8-сыныптарға арналған. Себебі 8-сыныпта, яғни 13-15 жас аралығындағы балалардың психологиялық жас ерекшеліктерінде көп дағдарыстар кездеседі. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.

Сабақта өткізілетін тренингттік жатттығулар балалар арасындағы қарым-қатынас психологиясын меңгеруіне, іскерлік сапаларын шындауға, ұжым мүшелерінің арасында бірін-бірі түсіну арқылы жағымды психологиялық ахуалды құруға көмектеседі.

Бағдарламада 34 сағаттық нұсқада тақырыптар кеңінен қамтылады, 2 сағат коррекциялық-талдау жұмыстарына арналады. Қолданылған әдебиеттер нұсқасы берілген.











Бағдарламаға түсініктеме

Мақсаты:

  • Психология ғылымын таныстыру;

  • Адам бойындағы психикалық құбылыстар жайлы, олардың ғылыми анықтамаларын ұғындыру;

  • Өзін тану арқылы өзгені тануға бағыттау.

  • Өз көңіл-күйін басқара білуге, өзіңді сыни тұрғыдан бағалай алуға, өз сөзі мен ісіңе жауапкершілікпен қарай білуге үйрету.


Міндеті:

  • Адам бойындағы психикалық құбылыстардың арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтау;

  • Ұлтымыздың этнопсихологиясын ескере отырып, адамның психикалық қасиеттеріне, іс-әрекеттеріне қарай бағыттала айтылған нақыл сөздерге көңіл аударту;

  • Әлеуметтік ортада кездесетін әр түрлі жағдайларға байланысты өзін бірқалыпты ұстауына дағдыландыру;

  • Өз бойындағы еріксіз мінез-құлық ерекшеліктеріне өз бетімен баға бере алуына, өз ойын тұжырымдауға үйрету.


Күтілетін нәтиже:

Психологиялық тақырыптар бойынша оқушылар:

  • анкета, тест жұмыстарына жауап бере алуға үйренеді;

  • дебат, пікір-талас өткізеді;

  • кері байланыс (обратный связь) жасай біледі;

  • өзекті психологиялық тақырыптарда ғылыми-ізденіс жұмыстарын жазады;

  • өзін де, өзгені де танып біледі және өзін өзгенің орнына қоя біледі;

  • адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін яғни қарым-қатынас психологиясын толық меңгереді.

  • Өзінің эмоциялық және психикалық жай-күйін басқара алады, жағымсыз эмоция мен әрекеттерді тежей алады.
















Психология факультативін оқыту бағдарламасы

34 сағат (аптасына 1 рет)

Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін уақыты

I

Психология ғылымы

2


1


Психология - жан туралы ғылым.

Психологиялық таным процесстері.

Пәннің мақсатымен таныстыру.

1




2

Әлеуметтік карта құру.

Мақсаты: Сыныптардағы оқушылардың әлеуметтік картасымен танысу.

1


II

Өзіңді тану - өзгені тану

3


3

«Мен және басқалар» пікір алмасу.

1


4

«Менің отбасым» суреттік тест

1


5

Суреттік тест бойынша қорытынды талдау.

1


III

Қарым-қатынас психологиясы

9


6

Социограмма - оқушылардың бір-бірімен лидерлік, эмоциональдық, іскерлік қарым-қатынасын анықтау.

1


7

Социограмма бойынша қорытынды талдау.

Шеттеп қалған оқушылар себебін анықтау.

1


8

Анкета

Оқушылардың пәнмен қарым-қатынасын анықтау.

Қорытынды талдау.

1


9

Дөңгелек үстел.

«Мен және ұстаз»

1


10

Іскерлік ойын.

Мақсаты: Оқушылардың сынып жетекшімен қарым-қатынасын анықтай отырып, сынып жетекшіге мінездеме беру.

1


11

Сен кіммен доссың? Достарың жайлы... Пікір алмасу.

1


12

Рене Жиль.

Отбасымен қарым-қатынасын зерттеу.

1


13

Пікір алмасу.

Әкенің бала өміріндегі рөлі.

1


14

Ата-анамен кездесу (нақты жағдайларға б/ты)

Жыл бойы


15

Ата-аналар жиналысы «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі»Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде отбасының жауапкершілігін арттыру.

1


16

Тест.

«Кімнен не үйренуге болады?» әдістемесі бойынша оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты анықтау.

1





IV

Темперамент

2


17

Сауалнама - Пікір алмасу

«Қандай темперамент типіне жатамын?»

1


18

Темперамент анықтамасы. (Аралас тип)

Темпераментпен мінез-құлық айырмашылығын білу.

Жұмсақ ойыншықтарға мінездеме беру.

1


VI

Психологиялық қасиеттерге арналған психотренинг элементтері

15


19

Дембо әдістемесі

«Өзін-өзі бағалау»

1


20

Топты өзіне бағыттауға дағдыландыру.

«Менен саған»

1


21

Сезіміміз қандай?

«Үнсіз телефон» «Чемодан»

Пікіралмасу.

2


22

«Мен басқаны қалай қабылдаймын?» Құрбыларын түсіне білуге бағыттау.

1


23

«Жүрек қалауымен» «Жақсы тілек - жарым ырыс» Басқаның жақсылығын көре білу.

1


24

«Бәріміз бірімізге керекпіз» «Біз біргеміз » «Менен саған» психотренинг.

2


25

«5 құндылық»

1


26

«Кешіре білу» Психотренинг элементтері араласқан ойын.

2


27

«Мен және басқалар» «Басқалар мені қалай қабылдайды?»

1


28

Жеке жағдайларға байланысты психотренинг жаттығулары.

Маќсаты: Оқушыларға өзін-өзі реттеуге көмектесу, белсенділіктерін арттыру.

1



29

Психологиялық карта жасау.

Мақс: Әр оќушының жеке бас дамуындағы психологиялық ерекшеліктері бойынша сараптама жасау.

1


30

Анкета «Менің сүйікті пәндерім»

Мақс: Пәндерге деген көзқарастарын анықтай отырып, қызығушылығын арттыру.

1


31

Талдау жұмыстары.

Мақс: Сыныптармен жүргізілген педагогикалық-психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша коррекциялық жұмыстар .

2


Барлығы:

34



Ескерту: Сабақтарда тақырыптарға байланысты адам сезімін оятатын әндер қолданады, бейнетаспалар пайдалынады. Әр сабақта көрнекі құралдар оқушылардың өзінің қолымен жасалады.


Пайдаланған әдебиеттер:


Практикалық психология

«Личность и общение» Бодалев А.А. М.1983г№

Практическая психология в действии. Алматы 2000 г

«Дарын» Республикалық журнал басылымдарының 2002-2005 жылғы жинақтары

Психология и педагогика. М. 1999г.

Сборник психол. тестов. М.2005г.

Методические тренингы. М.2003-2004 г.

Мектептегі психология журналы 2010,2011,2012, 2013,2014,2015ж

Әдептану Алматы «Мектеп» 2003ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!