Материалдар / қолданбалы курс "Өсімдіктерді күтіп баптау және зиянкестерімен күресу" 10-11сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қолданбалы курс "Өсімдіктерді күтіп баптау және зиянкестерімен күресу" 10-11сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдік ауруларына, зиянкестеріне, арамшөптеріне қарсы қолданылатын химиялық препараттармен танысып, оларды қалай пайдалану керектігімен және қауіпсіздік ережелерін толықтай біле отырып өз денсаулықтарын қорғай білуге үйренеді. Ауыл және орман шаруашылығы салаларында қолданып жатқан пестицидтер қоршаған орта мен адам организміне қаншалықты қауіпті екенін қарастырып, зиянкес организмдермен күресудің химиялық тәсілден басқа жолдары жөнінде ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
996
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ақтоғай ауданы. Еңбекші орта мектебі.














Қолданбалы курс



Өсімдіктерді күту, баптау және зиянкестерімен күресу.



Бағыты: Жаратылыстану-математика.

Бағдары: химия-биология


(10-11сыныптарға биология пәні бойынша)









Құрастырған:

І-санатты химия және биология пәні мұғалімі

Атейхан К












Түсінік хат


(10сынып, аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат)

(11сынып, аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат)


Курсты оқушылар 10сыныпта бастап 11 сыныпта одан әрі жалғастырады.

Бұл курста меңгерілетін ауыл шаруашылығына қажетті химиялық препараттар, тыңайтқыштар туралы білім болашақ маман таңдауға (яғни ауылшаруашылық қызметкерлеріне, жеке шаруашылық қожалықтарына т.б) көмектеседі. Мұндағы берілетін білім тіпті тұрмыс жағдайында көкеністер отырғызуда, оларда пайда болатын зиянкестермен күресуде үлкен көмек болады. Мәселен тыңайтқыштар туралы бөлімінде топырақтың және өсімдіктің құрамына тоқталып, минералды және органикалық тыңайтқыштарға толық сипаттама беріледі.


Өсімдік ауруларына, зиянкестеріне, арамшөптеріне қарсы қолданылатын химиялық препараттармен танысып, оларды қалай пайдалану керектігімен және қауіпсіздік ережелерін толықтай біле отырып өз денсаулықтарын қорғай білуге үйренеді.


Ауыл және орман шаруашылығы салаларында қолданып жатқан пестицидтер қоршаған орта мен адам организміне қаншалықты қауіпті екенін қарастырып, зиянкес организмдермен күресудің химиялық тәсілден басқа жолдары жөнінде ізденіс жұмыстарын жүргізеді.


Сонымен бірге минералды тыңайтқыштар тақырыбына байланысты есептер шығаралы. Тыңайтқыштар туралы білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикамен ұштастыра білу дағдысын қалыптастырады. Алған білімдерін практика арқылы көру (мәселен, сынып бөлмелеріндегі гүлдерге тыңайтқыштарды қолданып көру, топырақ таңдай алу) оқушылардың қызығушылықтарын арттырады.


Өз жұмысының жемісін көру оқушыларды нақтылыққа, жауапкершілікке, алға қойған мақсатқа жетуге деген сенімділікке, еңбексүйгіштікке, жігерлілікке баулиды.


















Курстың мақсаты: тыңайтқыштарды ауылшаруашылығында қолдану шарттарымен танысып білу, топырақ құрамы мен өсімдік зиянкестері, аурулары жөнінде толық мәлімет ала отырып, олармен күресу жолдарын меңгеру, алған білімдерін практика жүзінде қолдану, мамандық таңдауға баулу.




Курстың міндеттері:

  • Оқушылардың теория мен практиканың өзара байланысын дәлелдеуіне көз жеткізу;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығуын танымдық белсенділігін арттыратын қызықты тәжірибе арқылы қалыптастыру;

  • Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой салып, әсер ету;

  • Оқушыларды табандылыққа, жауапкершілікке, еңбек сүйгіштікке және жігерлілікке үйрету;

  • Оқушыларға экологиялық білім, экологиялық сана, экологиялықтәрбие, экологиялық мәдениеттілік қалыптастырып дамыту;

  • Ақыл-ой мен таным белсенділігін арттыру;

  • Жаңа аұпараттық технолгия әдістерін (электрондық оқулық, интербелсенді тақты, интернет) қолдану арқылы білімдерін тереңдету.























Қолданбалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы.

Тараулар

Сағат саны

Оның ішінде

Теориялық сабақ

Практикалық сабақ

І

Кіріспе

1

1


ІІ

Өсімдіктердің химиялық құрамы, қоректенуі

7

5

2

ІІІ

Өсімдік қорғау құралдары

4

3

1

ІҮ

Топырақтың құрамы

3

2

1

Ү

Топырақ құрамындағы биогенді элементтер және олардың өсімдік тіршілігіне әсері


5

3

2

ҮІ

Антропогенді бұзылған топаырақтардың классификациясы мен критерийлері

8

6

2

ҮІІ

Минералды тыңайтқыштар тақырыбына есептер шығару

4

4


ҮІІІ

Қорытынды

2

1

1


11сынып




І

Топырақты химиялық мелиорациялау

10

8

2

ІІ

Өсімдік зиянкестері

4

2

2

ІІІ

Өсімдік аурулары

5

3

2

ІҮ

Өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық препараттар

13

11

2

Ү

Қорытынды

2

1

1





















(10сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34сағат)


Кіріспе (1 сағат)

Тыңайтқыштар туралы түсінік. Қауіпсіздік техникасының ережелері.

Өсімдіктің химиялық құрамы, қоректенуі (7 сағат)

Өсімдік құрамындағы химиялық элементтер. Ауылшаруашылық дақылдары өнімдеріндегі органикалық заттардың орташа мөлшері. Өсімдіктердің ауамен қоректенуі. Өсімдіктің тамыр арқылы қоректенуі.

Практикалық жұмыстар.

  1. Дәнді дақылдардың құрамындағы органикалық заттарды анықтау.

  2. Бейорганикалық және органикалық заттардың өсімдік тамырымен қозғалуы.

Өсімдікті қорғау құралдары (4 сағат)

Биологиялық әдістер. Химиялық әдістер.

Топсеруен: Жеке шаруа қожалықтарының егістік алқаптарына бару.


Топырақ құрамы (3 сағат)

Топырақ фазалары және олардың құрамы, өсімдік тіршілігіне маңызы. Топырақтағы жүретін микробиологиялық процестер. Топырақ реакциясы.

Практикалық сабақ

Әртүрлі жердің топырақтарын салыстыру, топырақ фазаларын қарау

Топырақ құрамындағы биогенді элементтер және олардың өсімдік тіршілігіне әсері. (5сағат)

Топырақ құрамындағы биогенді элементтер. Топырақ жабыны мен өсімдік жабынындағы биологиялық айналым. Қара-қоңыр топырақтың құрамы.

Практикалық сабақ

  1. Топырақ құрамындағы биогенді элементтерді анықтау

  2. Топырақтағы рН деңгейі

Антропогенді бұзылған топырақтардың классификациясы мен критерийлері

(8 сағат)

Топырақтың экологиялық функциялары. Антропогенді бұзылған топырақтардың классификациясы мен критерийлері. Топырақтың антропогенді бұзылуын бағалау критерийлері. Минералды тыңайтқыштар тақырыбына есептер шығару.

Практикалық сабақ

1. Топырақ қабаттары

2. Топырақтың антропогенді бұзылуын анықтау.











(11сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34сағат)


Топырақтың химиялық мелиорациялау (10сағат)

Тыңайтқыштармен жұмыс істеу ережелері. Ізбестеу. Ізбес тыңайтқыштары. Топырақты гипстеу. Азотты тыңайтқыштар.Фосфорлы тыңайтқыштар. Калийлі тыңайтқыштар. Калий тыңайтқыштарының ауыл шаруашылық дақылдарға әсері. Микроэлементтер мен макротыңайтқыштар. Аралас тыңайтқыштар. Көң.

Практикалық сабақтар.

1.Топырақ құрамындағы химиялық элементтер.

2. Топыраққа қажетті тыңайтқыштар.

Өсімдік зиянкестері (4сағат)

Зиянды кемірушілер. Кенелер. Арам шөптер.

Практикалық сабақтар

1.Зиянды кемірушілерге қарсы препараттарды қолдану схемасын жасау

2. Арам шөптерге қарсы химиялық препараттарды қарсы қолдану схемасын жасау

Өсімдік аурулары. (4 сағат)

Өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық препараттар

(13сағат)

Инсектицидтер. Зооцидтер. Фунгицидтер. Анорганикалық фунгицидтер. Сынапты препараттар. Органикалық фунгицидтер. Антибиотиктер. Аэрозольдер және оларды ауыл шаруашылығында қолдану. Гербицидтер. Анорганикалық және органикалық гербицидтер. Жаңа гербицидтер. Фосфорорганикалық гербицидтер. Дипиридильдік гербицидтер.

Практикалық сабақтар

  1. Анорганикалық және органикалық гербицидтер

  2. Жаңа гербицидтермен танысу

Қорытынды (2сағат)





















Күтілетін нәтижелер:

  1. Болашақта теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу;

  2. Бейімдік, бағдарлы оқытуда мамандық таңдауына ой салып, әсер ету;

  3. Оқушылардың пәнге қызығуын, танымдық, жан-жақты талдау белсенділігін арттыру;

  4. Оқушыларға ойлау әдістерін; пайымдау, жіктеу, жүйелеу, дәлелдеу әдістерін қалыптастыру.

  5. Оқушыларға ғылыми, логикалық және шығармашыл ойлауды үйрету;

  6. Оқушыларды өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету;

  7. Оқушылардың білімдері мен дағдыларын берік етіп қалыптастру;

  8. Химияны оқыту барысында кәсіптік бағдарлау мәселелерін шешу;

  9. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мәселесін қажеттілікке айналдыруға тәрбиелеу;
































Курс жобасын құрастырып, өткізу үшін пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ж.А.Шоқыбаев. Химиялық препараттар ауыл шаруашылығында. Алматы «Қайнар»

  2. М.Қазбеков. Химия тұрмыста. Алматы «Қазақстан» 1989ж

  3. Химия мектепте журналдары 2003-2009жж

  4. Биология оқулықтары 6-7с

  5. Табиғаттану 5 сынып

  6. Тюрин. И.В.Органическое вещество почвы и его роль в плодородии.

  7. И.К.Асанбаев. Антропогенные изменения почв и их экологические последствия –Алматы, 1998

  8. Журналдар. Педагогикалық кеңес

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!