Материалдар / Қолөнер - зор өнер сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолөнер - зор өнер сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жаңартылған бағдарламамен жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
9717
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 27.09.2017 жыл


Сабақтың тақырыбы: Қолөнер – зор өнер

Мұғалімнің есімі: Шынтемирова Зәуре Пірманбекқызы

СЫНЫП: 7 «б,в»

Қатысқандар саны:24

Қатыспаған саны:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

7.4.2.1. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мәтінді түсінеді. Тақырыпқа сай тілдесімге түсе алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тірек сөздер мен жетекші сұрақтарды қолдана алады, негізгі ойды анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

  • Мәтіндегі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтайды.

Алдыңғы оқу

Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында, талқылау, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа түсіру.

Жоспар

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар


Басталуы

(Кіріспе)

( 3 мин)




Шаттық шеңбері

 Психологиялық даярлық
Күн көзіндей күлімдеп, 
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік!

Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер айтады


Топқа бөліну

1-топ: «Шеберлер» 
2-топ: «Тоқымашылар» 
3-топ: «Өнерпаздар»

 4-топ: «Ұсталар»




.Қазақ халқының  қолөнері - халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы

бар  ежелгі өнер. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің  бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қолөнері  түрлері көп. Жүннен, киізден жасалатын бұйымдар, өрмек тоқу, тері өңдеу,  ши тоқу,  кілем тоқу, ер- тұрман жасау, ағаш бұйымдары, кесте және көркем тігу, зергерлік өнер,

Шебер -ағаштан әр

түрлі бұйымдар жасайтын адам. Қазақ халқының шеберлері де өнерге өзіндік

үлестерін қосып келеді. Ағаш шеберлерінің ағаш бұйымдарын дайындаудағы өнері ең

жоғарғы дәрежеде дамыды

Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен

шұғылданатын адам.

Ұсталық пен зергерлік өнер әр түрлі металдардан сан алуан

үй бұйымдары, сәндік әшекейлер жасаумен байланысты.

Зергер – алтынмен

аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.

Қазақтың ұста, зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу,

қаптау, күмістеу, термелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген.


мәтін

Ортасы

(33 мин)




Оқылым . Мәтінді оқып, стиль түрін анықтау

Әдеби тіл нормалары. Логикалық екпін

1 – тапсырма:

Оқылым мәтінінен бірнеше сөйлемді логикалық екпінге түсіріп жазу









2 – тапсырма

Сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, логикалық екпінді сөздерді табу


3 – тапсырма (топтық жұмыс)

І - топ: Өлеңді көшіріп жазып, бастауышты тауып, астын сызу.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың - құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.


ІІ – топ:

1.Зат есім         ……….    маған   амандасты.
2.Есімдік       Ертең  ……….  он үшке келеміз.
3.Сын есім   ……….. –  ісімен  жақсы.
4.Сан есім    ………..  екіге де, үшке де бөлінеді.
5.Есімше  ………..  білер  бір  сөзді.
6.Тұйық  етістік     ………..  оңай, істеу  қиын.
7.Одағай         ………… – жекіру   одағайы.


ІІІ – топ:

«Адасқан сөздер»

Сөздерді ретімен орналастырып мақал- мәтелді  құрастыру(Тақтада  сөздер ретсіз орналасып, ілінеді. )

Шешенің сөзі мерген , ісіне сен, күшіңе сенбе , шебердің

көзі мерген.

Дұрыс жауабы: Шешенің сөзі мерген, шебердің көзі мерген

Күшіңе сенбе , ісіңе сен.

ІҮ – топ:

Талдау –табыс кілті.
Адам баласы ғасырлар бойы мәдениет байлығын жасап келеді. Бұл мұра қазақ елі үшін бағады. Кең байтақ қазақ жері бабаларымыздың өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы.




Рефлексия

( 2 мин)

Екі жұлдыз , бір тілек стикерлерді толтыру , оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазу, ББҮ кестесін толтыру

Аяқталуы

( 2 мин)

Қорытынды

Сабақты аяқтау үй тапсырмасын беру



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!