ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ АРТТЕРАПИЯ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ АРТТЕРАПИЯ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қолөнер - арттерапияның құрамдас негізгі бөлігі ретінде сипатталынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ АРТТЕРАПИЯ
Байтелекова Б.Т.
Қаскелен мәдениет колледжі
Қазақстан, Қаскелен қ., Baytelekova87@mail.ru
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия
болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа
түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен
жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат,
ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі
кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапия адамның
шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы
ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген
мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген
Адриан Хилл болды. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән
жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру.
Арт-терапияны қолөнер сабақтарында жүргізу барысында мүшелер саны
15 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да,
сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге, яғни психотерапевткеде оңайға
соқпайды. Топтық мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған
жұмыстарға талдау, қортынды шығаруда қиынға соғады.
Қолөнер шығармаларының қайсысы болса да, арттерапияның негізі
болып табылады. Арт-терапияда жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін
бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ
мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін
әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті
қарындаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра.
Түрлі түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б.
Кейбір сабақтарда, маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция
жасау үшін табиғи және басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.
Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші)
таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап,
таңдап алуға болады. Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға
болады. Осы жайында педагогикалық практикада осы салада еңбек сіңірген М.
Либманның классификациясы көбіне және бізге танымал:
Көркемсурет материалдарын игеруге болады;
Топ мүшелеріне толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша
зерттеу жүргізу;
“мен” бейнесі, қарым-қатынас жүйесін зерттеуге байланысты;
жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы;
топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет;
Сонымен қатар, кейбір арт-терапиялық (күн мен түн) жаттығулар топ
арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және

жеке адамның топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа да көптеген көмек
береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің
бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер, топ мүшелерінің біреуіне
ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп, топ
мүшелері келіссе, ол тақырып сол күйінше, ұнамаса басқа тақырыпты алу
керек.
Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалар мен жүйке жүйесіндегі
бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі
бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолдану аясы
едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психо-аналитикалық негізінен жаймен
алыстауда.
Арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын
көрсету емес, спонтанды пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын,
бұрынғыдан қалған елестерін сурет арқылы жеткізу.
Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы
“өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан
Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет
енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық
денсаулықтың орталықтарда жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық
түріне қолданыла бастады. Бірақ, көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және
нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы
құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу
арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске
асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және
кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз
символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін
айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрінісі болып
табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы
моральдік, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды.
Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш
қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол
Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында
мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет
Наубург Нью-Йорк штатында арт-терапия саласында мамандар дайындау үшін
психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наубург жұмыстары
психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З. Фрейдтің
көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлар мен қобалжулар, санадан
тыс вербальды емес түрде пайда болады, бейне мен символдар формасында
көрініс береді. Арт-терапия терапевтпен емделушінің арасындағы
символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады.
Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық үрдістер
қорқыныш, ішкі шиеленістер, балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру
және тағы басқа көріністер, психотерапевтермен З. Фрейдтік бағдарлар
талданады. Ал З. Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны
қолданбайды, оған болса да, ол өзіне жоғарғы баға бергенді қалады.

Қазіргі кезде арт-терапия өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде
психотерапиялық мақсаттарға қолданылып келеді.
Психотерапиядағы көптеген әдістемелердің арасында салыстырмалы
түрде жаңа, бірақ жеткілікті түрде ықпалды тәсіл ретінде арт-терапияны атауға
болады. «Арт-терапия қазіргі замандағы адамның арта түсетін қажеттілігінде
оның проблемаларына, өмірдегі сәтсіздіктеріне немесе өзін толық емес жүзеге
асыруындағы мәселелерге жұмсақ, экологиялық тұрғыда келуіне байланысты
толығымен сәйкес келеді» (Макаров В.В, 2001).
Арт-терапияны жүргізу барысында творчестволық өзін білдіру кезінде
күшті эмоциялардың сыртқа бұрқ етіп шығу қауіпі бар. Бұл кезде ұстамды және
тәжірибелі жетекші болмаса, топ мүшелерінің кейбіреуі өз сезімдеріне
тұншығып қалуы мүмкін. Психотикалық ауытқулары бар жеке тұлғалар
(индивидтер) әркезде өзінің бұрынғы жарақаттаушы тәжірибесіне қайтып
оралуға әзір: көбіне көркемсуреттік творчество процесі кезінде символикалық
түрде өздерінің санадан төменгі бөліктегі күйзелістерін интегрирлеуге және
санамен түсінуге шамасы жетпейді Сhampernowne, 1970-1971).
Қазіргі кезде топтық тәсілдер барынша кең тараған, өйткені барынша
«үнемді», құнды социалдық ептіліктерді дамытуға мүмкіндік береді және
топтық психотерапияға тән көптеген жетістіктерді иеленеді.
Топтық арттерапияның бірнеше нұсқалары бар:
1. Ашық студиялық (көбіне құрылымға бөлінбеген);
2. Талдаулық (аналитикалық);
3. Тақырыптық – бағытталған.
Арт-терапевтік сессиялар тек тақырыптар бойынша ғана емес, өткізу
кезеңі бойынша да құрылымға жіктеледі.
Мынадай кезеңдер ажыратылады:
1. Кіріспе және «қыздыру» (сессия уақытының 10-25%-і);
2. Бейнелеу жұмысының кезеңі (сессияның жалпы уақытының 30-40%-і);
3. Сессияны талқылау және аяқтау (сессияның жалпы уақытының 3540%-і).
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Анисимов В. П. Артпедагогика нравственности в системе детских школ
искусств // Детское художественное образование – стратегический ресурс

духовно-нравственного развития России (сб. научных трудов). Казань : Изд-во
КГУ, 2006. С. 8-19.
2. Сметанина А. Ю. Художественная деятельность как способ духовнонравственного развития учащихся // Вестник НовГУ. 2008. № 3. С. 18-22.
3. Булатова О. С. Педагогический артистизм. М. : Академия, 2001. 240 с.
4. Медведева Е.А. Артпедагогика и арттерапия в специальном образовании.
М. : Академия, 2001. 248 с.
5. Артпедагогика и арттерапия в специальном образовании / Е.А. Медведева,
И.Ю. Левченко, Л.Н. Комиссарова, Т.А. Добровольская. М.: Издательский
центр «Академия», 2001. 248 с.
6. Таранова Е. В. Артпедагогика: решение педагогических задач средствами
искусства // Педагогический потенциал искусства: Мат-лы Международной
научно-педагогической конференции. Чебоксары : ЧГПУ, 2009. С. 50-57.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
01.03.2023
228
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі