Қолөнер шеберлерінің фестивалі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қолөнер шеберлерінің фестивалі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларымыздың жетістіктерін білсе екен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қолөнер шеберлерінің фестивалі


Өзің үміт күткен шәкіртің жүзі бал-бұл жанып, білім шыңынан қол бұлғаса, ұстаз жүрек бұлқына соғып, ыстық қан тамыр-тамырыңа қуалап, өн бойыңда сүйіншілеген бір сезімнің атой салатыны рас қой.

Оқушыларды қолөнер шеберлігіне үйрету ежелден келе жатқан дәстүр. Мектепте оқытылатын пәнінің барлығы жас жеткіншектердің болашағы үшін жасалынып жатқан дүниелер.Ол пәндердің әрқайсысының қосар үлесі қыруар.Әсіресе, оқушыларды іскерлікке, шеберлікке баулуда еңбек пәнінің алатын орны бар. Ал, еңбек пәнінен сабақ беретін мұғалім істің иінін білетін, он саусағынан өнері тамған шебер болса, шәкірттердің бағының жанғаны.

Толқын Мұхаметжанқызы- өз бақытын ұстаздық қызметінен тауып, оны отбасының ынтымағымен ұштастыра білген жайсаң жан. Өз ісіне аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын, жұмыс десе жанын салатын елгезек, мамандығын жан-жүрегімен сүйетін білімді ұстаз.

28 ақпан күні аудандық Мәдениет үйінде «Нан тағамдары» тақырыбында фестиваль өтті. Фестивальдің мақсаты- әр ұлт өкілдерінің ас атасы-нанның түрлерін таныстырып, оны презентация түрінде қорғады. Фестивальге аудан бойынша 5 мектептің технология пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.Біздің мектептен жетекшілік етіп барған технология пәнінің мұғалімі Толқын Мұхаметжанқызы оқушылардың өз қолдарынан пісірген тағам түрлерін ұсынды. Фестивальге ұн өнімінен жасалған тағам түрлері мол болды.Осыған орай орындар да белгіленді. Біздің мектептен барған 9-сынып оқушылары Жаңбырбай Ажар, Галиахметова Бақытгүл, Болатова Гүлзат жүлделі 3- орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды. Фестиваль концерттік бағдарламамен ұштасты.Жаңалыққа жаны құмар, адамдық болмысы, азаматтық тұлғасы кейінгі жастарға үлгі боларлықтай, қарапайым жүрегі кең, еңбексүйгіш Толқын Мұхаметжанқызы жетекшілік ететін қолөнер шеберлігі, адамгершілік құнды қасиеттері жас ұрпаққа тағылым болсын дегім келеді.

Раушангүл Шарипова

Р.Елебаев атындағы

Құдықағаш орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2018
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі