Пәні: Технология қыздар
Күні: 10.02.2017ж
Тақырыбы: «Қолөнерден сыр ұққан шебер
қыздар»
Сайыстың
мақсаты: оқушылардың
технология пәнінен алған білімдерін іс-тәжірибемен
ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық
қабілетін ояту.Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау,өнерге
ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көнекіліктер:
слайд, еңбек құралдары,
бірнеше сұрақтар.
-Уа халайық,
халайық!
Бәріңе жар
салайық.
Бүгінгі кеш
төрінде
Шеберлердің елінде
Шеберлердің тілінде
Көңілді кеш
жасайық.
Ат салысып
аянбай
Бар өнерге
басайық.
Армысыздар құрметті ұстаздар
мен оқушылар және бүгінгі кешке қатысушы
сайыскерлер!
Бүгін Қоғамдық-гуманитарлық
пәндер бірлестігінің Технология (қыздар) пәнінен ұйымдастырылып
отырған «Қолөнерден сыр ұққан шебер
қыздар» сайысын өткізгелі отырмыз.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі
шеберлік және білім сайысын бастауға рұқсат
етіңіздер!
Технология
шеберліктің мектебі,
Бай мұрамыз,
халқымыздың өнері.
Ас әзірлеп, үйренеміз
іс тігіп,
Ынтаменен
әзірлейміз көрмені.
Бүгінгі сайысымызға
мектебіміздің қыздары өз білімдерін технология пәнінен
игерген білімдерін, шеберліктерін, өнерлерін ортаға
салады.
Шақырамыз келіңдер
жарысуға,
Білімменен шеберлікпен
алысуға.
Бар өнерді салайық
ортамызға,
Қанеки, кім шығады
сайысуға.
Біреуінің жүрегінің түгі
бар
Біреуінің арқалап жүрген
қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің әр нәрсеге ебі
бар
Бәрінің де жеңіске деген үміті
бар,-деп бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарымызыды таныстырып
өтейін,
1-топ: «Шебер
қыздар»
2-топ: «Жұлдызды
қыздар»
Жол сілтеген биікке
ұстаздарым
Ішімізден шығар әлі талай
дарын.
Әділдікті ең алға мақсат
еткен,
Таныстырайын әділқазы
алқаларын, - демекші сайыскерлердің білімдеріне баға беруші
әділқазылар мүшелерін таныстырып
өтейін.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сайыс 7 кезеңнен
тұрады:
1.Таныстыру (топ
атауы,ұраны,эмблемасы)
2. Кім жылдам? (сұрақ-жауап)
3. Ойлан тап (мақал-мәтелдер құрап
айту)
4. Сен білесің бе? (сұрақтар)
5. Тіл өнері (Кім көп тіл
біледі?)
6.
Тауып сөйлесең-күміссің (артық сөзді
табу)
7. Жүйелі сөз жүйесін
табар (сөйлемнен сөз
құрау)
Өнер қуып
шеберлер өтер
деймін.
Бір басына
өнері жетер
деймін,
Сайысқа түскен
шебер қыздар кезектесіп,
Таныстырып өздерін
өтер дейміз.
1-кезең:
«Таныстыру»
әр топ
өздерінің топ аттарымен, ұранымен, эмблемасымен
таныстырып өтеді. Таныстыру бойынша 10 ұпаймен
есептеледі.
Білім асқан
сел дейді,
Бірақ оңай
келмейді,
Ала білсең білім
көп,
Ақыл ойға
кел дейді.
Білім ой мен
арымыз.
Рухани ол
нәріміз.
Сайыскерлер
сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз- дей
келе ендігі кезекті шапшаңдық
сайысына береміз.
2-кезең: Кім
жылдам? Бұл сайыста 30 секунд ішінде берілген
сұраққа жауап беру
керек. Әр топқа 10 сұрақтан
қойылады. Әр жауап 10 ұпаймен
есептеледі.
«Шебер» қыздар
тобына
1.Тігін машинасының неше түрі
бар? (3)
2.Сүттен дайындалатын тағам түрі?(айран, қатық, кілегей т.б)
3.Мақта неше жылдық өсімдік?(1)
4.Қалталы аң?(коала)
5. Тігін машинасының ең алғаш жобасын ұсынған кім?(Леонарда до
Винчи)
6. Көкөністерден жасалған тағам?(салат)
7.Қамырдан ас дайындау үшін не қажет? (ұн)
8.Қалыңдықтың бас киімі? (сәукеле)
9. Зығыр неше жылдық өсімдік? (бір жылдық өсімдік)
10. Зығырдың неше түрі бар? (үш түрі
бар)
«Жұлдызды» қыздар
тобына
1. Матаның оң және теріс беттерін қалай ажыратуға болады?
(суретіне, жылтырлығына, тегістігіне қарай)
2.Шайдың отаны қай ел? (қытай)
3. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (мәсі, етік т.б)
4. Бәрін тойдырады, ал өзі жемейді? (қасық)
5. Жарқылдаған қос қылыш, қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)
6.Үшкір және өткір заттарды басқа біреуге берген кезде қалай беру
керек? (ұш жағын өзіңе қаратып беру
керек.)
7. Технология сөзі қандай
мағына береді? (techne-«өнер, шеберлік, іскерлік» және
logos-«білім, ғылым, сөз»)
8.Нәруыздар дегеніміз? (адам
денесін құраушы материал)
9. Тағамды дайындау нұсқауы
(рецепт)
10. Жіп, бисер және
әшекейлеудің басқа элементтері арқылы ою-өрнекпен бұйымдарды
әшекейлеу техникасы (кестелеу)
Қазақ халқы
тілге бай, айтатын ойын астарлап,
мақал-мәтелдеп жеткізетін дана халық. Мақал
мәтелмен жас ұрпақтың бойына ізгілік
нұрын сеуіп, әдептілікке, жауапкершілікке, адамгершілікке,
еңбекқорлыққа баулыған. Бұл бөлімде
оқушылар айтылған сөздерге байланысты
мақал-мәтелдер айту.
3-кезең: Ойлан
тап: Бұл сайыста
интерактивті тақтадағы суретке байланысты
мақал-мәтелдер құрап айту.
1-сұрақ. Үй
2-сұрақ. Гүл 3-сұрақ. Домбыра 4-сұрақ. Тас
5-сұрақ. Кітап 6-сұрақ. Ешкі 7-сұрақ.
Тал 8-сұрақ. Қоян 9-сұрақ. Балық
10-сұрақ. Доп 11-сұрақ. Ине 12-сұрақ. Еңбек еткен
адам
Әр жауапқа 20 ұпай
беріледі.
Ал,қанеки,қыздар,ойнайық,
Ойнайық та,
ойлайық
Қандай жұмбақ болса
да,
Шешпей оны
қоймайық.
Ал енді
келесі 4-кезең
«Сен білесің
бе?» кезеңін бастаймыз. «Сен
білесің бе?» кезеңінің шарты: Бұл кезеңде әр түрлі
пәндерден сұрақтар беріледі, ұяшықтардан санды таңдай отырып, соның
жауабын дұрыс тапсаңыздар, өздеріңізге ұпай болып қосылады, сан
астында пән сұрақтары жазылған.Сонымен төртінші «Сен білесің бе?»
бөлімін бастаймыз.
1. Спорт – 10
ұпай
Серуен, жорық деген не?
(Саяхаттау)
2. Тарих – 10
ұпай. Желтоқсан оқиғасы қай жылы
болды? Биыл қанша жыл толып отыр?
(1986ж 30 жыл толып
отыр)
3. Биология – 10
ұпай. Кемірушілер отрядына жататын сүтқоректі
(тиін)
4. География – 20
ұпай. Ең алғаш глобус жасаған кім?
(Неміс ғалымы:
Бенхайм)
5. Әдебиет – 20
ұпай. Қазақтың ұлы ақыны? (Абай Құнанбайұлы)
6. Сурет – 20
ұпай Графика дегеніміз не?
(бір түсті бояу)
7. Математика – 30
ұпай. Ауданның өлшем бірлігі (м )
8. Арнайы сұрақ –
30 Суретіне қарай түрлі-түсті әр
түрлі өлшемді мата қиындыларымен өңдеу
түрі. (жапсырма)
9. Өнер – 30 ұпай.
Киізден жасалаған ыдыс салатын әшекейлі дорба?
(Аяққап)
Көп тіл білсең көкжиегің
кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп
төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл
дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген
жөн болар.
Сайысымыздың келесі
кезеңі 5-кезең:
«Тіл -
өнері», бұл сайыста тапқан
сөздеріңізді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтасыздар, әрбір
табылған сөзге 10 ұпайдан қосылады. Егер екі тілде дұрыс айтса 20
ұпай, үш тілді толық айтса 30 ұпай жинайсыздар, «Не?»деген жерге
керекті сөзді қоясыздар.
1.Жаңбырмен не
көгерер(жер,земля,earth)
2.Не қорқақ, қол
батыр(көз,глаза,eye)
3.Қанша жуан болса да жалғыз не үй
болмас(ағаш,дерево,tree)
4.Кейбіреудің қолы не?(өнер,исскуство,art)
5.Туған жерге неңді
тік(ту,флаг,flag)
6.Адамды адам еткен
не?(еңбек,рыба,jich)
7.Не басынан шіриді? (балық, рыба,
fish)
8.Шебердің саусағы қандай?(алтын,золото,gold)
9.Бүгінгі істі қашанға
қалдырма(ертең,завтра,tomorrow)
10.Жақсыдан үйрен, жаманнан не?(
жирену,отвращение,away)
11.Не отбасынан басталады, (Отан, Родина,
Motherland)
12.Өнер алды қызыл
не?(тіл,язык,language)
Шебер көп бұл заманда кілең
керім,
Болмайтын ажыратып
түр-өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма
ғасырлардан
Әжемнің оюындай жыр-өрнегім...
–деп біздің келесі 6-кезеңіміз
«Тауып
сөйлесең-күміссің» деп аталады. Сөзді
дұрыс жазып, орналастырыңдар.
1-топ: «Шебер
қыздар»
ГЕКЕРЕ ЕКТПЕН-кереге,кетпен
ДЫСЫ ШЫАҚЙ -қайшы,ыдыс
ДЫҚСАН АЛБАТ-сандық,балта
2-топ: «Жұлдызды
қыздар»
ЫШПАҚ САТҰ-пышақ,ұста
РБО РЕКҮК-күрек,бор
ҮРСІГ ОМЙҚА-оймақ,сүргі
Өнер білім
негізінен,
Өтеді енді
сынақтар.
Мазалайтын, ойланатын
Қойылады сұрақтар
дегендей – Біздің келесі соңғы
7-кезеңіміз «Жүйелі сөз-жүйесін
табады» деп аталады. Бұл кезеңде
сайысымызды қорытындылау мақсатында екі топқа
да «Қолөнер»-деген сөз беріледі бұл
сөзден сөйлем құрайсыздар.
Қорытынды. Сайысты қорытындылауға
әділқазы, алқаларына сөз кезегін
береміз.
Мұғалім:
Білім –теңіз
мектепті кеме
дейміз.
Білім теңіз
оқу егіз, неге
дейміз.
Әдебі мен
тәлімі үндесетін
Жастарды болашаққа
жетелейміз.
Жеңістермен
жеңілістен тұратын
Өмір күрес,
жеткіземе мұратын.
Жеңбедім деп,
жеңілдім деп
ренжімегін,
Қатысуда бір
жеңіс, жан болсаң сен
ұғатын.
Қош дейміз
әлі талай сайыстар
бар.
Өнерлерің өрлей берсін,
қалыспаңдар.
Ойлы орта кеңесін күннен
күнге,
Өскен елдің жұртынан
қалыспаңдар.- дей келе
бүгінгі «Қолөнерден сыр ұққан
шебер қыздар» атты технология
пәнінен
ұйымдастырылған сайысымыз өз мәресіне жетті. Сау
болыңыздар!
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы А.Назарбеков
ауылы Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебінің технология
пәнінің мұғалімі
Исатаева Арайлым
Белқожақызы
«Ә.Молдағұлова атындағы
негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Бекітемін:
Мектеп
директоры:
________М.Тойшыбеков
«__» ___
2017жыл
Технология (қыздар) пәнінен
апталық
Өткізген:
А.Б.Исатаева
2016-2017 оқу
жылы