Материалдар / "Қолшатыр"

"Қолшатыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған оқу-қызмет конспектісі
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қолшатыр

Мақсаты: балаларды қалыпты (трафарет) пайдаланып, басу әдісі бойынша сурет салуға үйрету. Безендіру үшін өрнекті өздері таңдап алуларына мүмкіндік беру. Қылқаламның ұшымен сурет салу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Шығармашылық қиялды дамыту. Бір-біріне көмектесу, қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Керек құралдар: Ақ парақтар, бала санына жеткілікті қалыптар, гуашь, палитра, поролон қиындылары, қылқалам, салфеткалар, су құйылған құты, тәрелкелер.

Барысы: Балалар, бүгін таңертен маған Буратино телефон шалды. Ол өте көңілсіз. Кеше кеште сабақта Мальвина екеуі қыдырып жүрсе кенеттен жаңбыр жауып кетіпті. Қолшатыр сатып алуға жүгіріп дүкенге кірсе, барлық қолшатырлар сатылып кетіпті. Мальвина қатты қапаланса керек. Бірақ Буратино оған қолшатыр сатып әперуге уәде беріпті. Бүгін барлық дүкендерді аралап шықса еш жерде қолшатыр жоқ екен. Ол енді не істерін білмей менен кеңес сұрады.

-Балалар мен Буратиноға көмектесуге уәде бердім. Көмектесеміз бе?

-Ия

-Қалай көмектесеміз?

-Біз оларға арнап қолшатырлардың суретін саламыз.

Балалар, су ретке қарап айтыңыздаршы қолшатырлардың қандай түрлері болады?

-Ер адамға, әйел адамға, балаларға арналған

-Олардың түстері мен өлшемдері бірдей ме?

-Жоқ

Олар кімге арналғанына байланысты ерекшеленеді.

Асанәлі, әйел адамдарға арналған қолшатырды көрсетші. Сен неге олай ойлайсың?

(бал-дың жауабы)

Айғаным, ерлерге арналған қолшатырды көрсетші.

Аяна, балаларға арналған қолшатырды көрсетші.

Бәрекелді! Жарайсыңдар. Дұрыс анықтадыңдар. Қолшатырлар әртүрлі өлшемді және түрлі-түүсті болады екен. Олар су өткізбейтін арнайы материалдан дайындалады. Су жиналмай жылжып ағу үшін қолшатырдың төбесі күмбез тәрізді болып келеді. Қолшатырдың тұтқасынан ұстаймыз.

Бойымызды сергітіп алу үшін сергіту жаттығуын орындайық.

Сергіту сәті

Буратино созылды

Кілтін таппай шамалы

Оң жағына бұрылды

Сол жағына бұрылды

Көтеріліп жоғары

Тал басынан табады

Жарайсыңдар!

Енді үстел үстінде жатқан заттарға қараңдар қалып,паралон қиындылары, қылқалам мен гуашь. Солардың көмегімен біз бүгін қолшатырдың суретін саламыз. Таза парақ бетіне барлық бұрышын келтіріп қалыпты қоямыз, паралонды алып ұшын гуашьқа батырамыз және қалыптың бетіне ақырын басамыз қалыпты жылжымайтындай етіп ұстаймыз. Енді қалыпты қағаз бетінен мұқият аламыз. Қолшатырдың жоғарғы жағы пайда болды. Қолшатырдың тұтқасын қылқаламмен саламыз. Жоғарыдан төмен қарай түзу сызып төменгі ұшын шамалы дөңгелектейміз. Қолшатыр дайын, ол әдемі болу үшін оны тамшылар, гүлдермен безендіруге болады.

Жұмысты қалай орындау керектігі түсініктіме?

-Ия

-Ендеше жұмысқа кірісіңіздер

(Балалар өз беттерінше жұмыс жасауға кіріседі)

Жарайсыңдар жұмыстарың өте әдемі болды.

Балалар, біз ненің суретін салдық?

-Қолшатырдың

Жұмыс барысында нені пайдаландық?

-Қалып, паралон,қылқалам

Мейірбек саған қай қолшатыр ұнады? Неге?

(өз пікірін айтады)

Аманжол саған кімнің қолшатыры ұнады?

Ал маған барлық жұмыстар ұнады. Себебі олар өте ұқыпты орындалған және әртүрлі өрнектермен безендірілген. Буратино мен Мальвинаға өте ұнайды деп ойлаймын.

ЖИ арқылы жасау
23 Қараша 2020
881
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі