Кіріспе Тәрбиешінің міндеті-балада
шығармашылықтың қандай түріне
ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету"
Мағжан Жұмабаев
Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Әр жас ұрпақ, өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Шығармашылықты дамыту, тәрбиелеу туралы ойлар көзқарастар ұлы ойшылымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайда ерекше толғандырған, сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын қабілеттерін дамытуды үнемі сөз етіп отырған.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілетінің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіруі эмоционалды көңіл-күй туғызады. Сондықтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субьективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Бала сурет салуды бейнелеу оқу қызметі арқылы жас ерекшелігіне сай қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады.
ӨТШТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) технологиясы – сурет салудағы тиімді әдістеме.
ӨТШТ – балалардың неғұрлым ерте логикалық және абстракты ойлау қабілетін қиялын дамытып, зейін қоюға үйретеді.
Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыруда бейнелеуге қызықты да, әдеттен тыс сипат беруге үйретуде сурет салудың триз әдістері (үрлеу арқылы сурет салу және жіп графикасы, картон бастырмасы, ермексазбен сурет салу) енгізеді. Бейнелеу өнерінің бұл әдістерін енгізу барысында балалар өздері ойлап, өздерін шығармашыл ретінде сезінетіндіктерін байқауға болады. Мұнда балалар өз қабілеттерін көрсетуге толық мүмкіндік ала отырып, өз жұмыстарының нәтижесін көріп, қол жеткізген жетістіктерін сезінеді.
Ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру кезінде балалар жауапкершілікке, өзара көмекке, өзіне және құрдастарына деген сенімділікке, серіктік қатынасқа тәрбиеленеді.
ӨТШТ әдістерін қолданудың бір ерекшелігі – балалар нәтижеге тез қол жеткізеді.
Оқу қызметінде бұл әдістерді қолдану арқылы мынадай нәтижелерге жетуге болады.
- Баланың қорқынышын жоюға көмектеседі.
- Өз күшіне сеніп, дербес жұмыс жасай білуі артады.
- Баланың зейіні қалыптасады және ойлау есте сақтау және танымдық қабілеті дамиды.
- Бала өз қиялын еркін бейнелеуді үйренеді, шығармашылық қабілеті дамиды.
- Бала түрлі материалдармен жұмыс жасауды үйренеді.
- Баланың түсті, пішінді, көлемді, кеңістікті ажырата білу, композицияны тақырыпқа сай құрастыра білу сезімі дамиды.
- Баланың тілі дамиды.
- Ұсақ қол моторикасы жаттығады.
- Балада шығармашылық іздену және нәтижеге жету әрекет қалыптасады.
- Баланың жағымды көңіл-күйі артады.
- Жұмыс кезінде бала эстетикалық қанағаттану сезімін қалыптасып, бейнелеу өнеріне қызуғышылығы артады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту
Балалардың бейнелеу шығармашылығы қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Олар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңғалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа адамды қалыптастыру оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған. Сондықтан, сұлулықты сезіну, жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру, өнер туындысын, туған табиғаттың сұлулығын түсіну және бағалауды жетілдіру қажет.
Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, өзіндік қайталанбас бейне жасауға үйрету. Дұрыс техникалық дағды бала бойында сабақ сайын дамып, қалыптасып отырады. Балалар сурет салу тәсілдерін құрғақ түсіндіргеннен емес, өздері тәжірибе жасаудан үйренеді. Балалар бақшасында сурет салу үшін көптеген құралдар беруге болады, түрлі-түсті және қара қарындаштар акварель, гуашь бояулар, борлар, фломастерлер, акварель борлар, пастель, көмір, сангина, тушь, пластилин т.б. Балаларды үйрету барысында оларға ұсынған түрлі заттар қызығушылықты арттырады. Балалар сурет салу құралдарын игергеннен кейін, оларды саналы түрде материал таңдауға әкелеміз. Бұл жердегі маңыздысы баланың өзіне қажет құралды дербес таңдап алу қабілеті. Сабақ соңында бала өз еңбегін көргенде бейнені шешудің алуан тәсілдерін көреді. Сонда ғана келісі жолы бояу таңдауда шешімі өзгеруі мүмкін. Бұл оның шығармашылығының дамуына мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда балалар бақшасында балаларды көркем өнерге баулуда дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен бірге бейнелеу құралдарының да көптеген түрлері пайдаланады. Солардың біразына тоқтала кетейік.
"Палитра -саусақтар" – саусақпен сурет салу. Қол астында қылқалам жоқ па? Ештеңе етпейді. Бір саусағымызды көк бояуға батырамыз, келесісін сары бояуға, үшіншісін қызыл бояуға маламыз палитрадан несі кем!". Бұл барлық жастағы балаларға ұнайтын қарапайым да оңай әдіс.
Келесі техника - "Алақанмен" сурет салу. Бұл әдіс кішкентайлар тобындағы балалаларға өте ұнайды. Себебі балалар бояуды көріп қана қоймайды, оны сезінеді.
Балалармен жұмыс жүргізгенде пайдаланатын келесі әдіс – сызықтармен (штрихтармен) сурет салу. Сызықтардың көмегімен заттың сапасы, оның қасиеті туралы біліп суреттегі бейнені, оны қоршаған ортаға қатысын ашуға болады. Сонымен бірге саусақтармен сурет салу, саусақтардың бұлшық еттерін дамытып қолды жазуға жаттықтырады.
Сонымен бірге дымқыл қағазға сурет салу әдісі де өте қызық. Бұл әдіс ересектер тобындағы балалармен жұмыс жүргізуде пайдаланады. Балауыз бор, май шам және акварельмен сурет салу халық шеберлерінің пайдалануымен ертеден келе жатқан әдіс. Балаларға жаңа талпыныс әкелетіні, олардың қызығушылықтарынан белгілі.
Жаңа техника граттажды пайдаланып балалар "Қысқы орман" "Түнгі ертегілер" "Саябаққа серуен" тақырыбына суреттер салады.
Майлау арқылы бояу балаларға өте ұнайды. Балалардың жағу әдісін игеруі әртүрлі болғандықтан бұл әдіс те бос уақытта көп жаттығуды, әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Қазіргі таңда сәнге айналған монотопия жен диотопия (баспа техникасы) әдістері де өте қызықты. Бұл әдіс қиялды елестетуді, түс пен пішінді сезінуді жетілдіруге көмектеседі. "Су жағасындағы талдарды салуда жарты суреттер тұтас суреттің жасалуы балаларға өте ұнайды.
Пластилинмен сурет салу баланың төзімділікті бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін табандылықты талап етеді.
Дәстүрден тыс тағыда басқа әдістер бар. Мысалы: бормен сурет, көмір және сангинамен сурет салу, табиғи заттарды пайдаланып сурет салу, жіптің көмегімен салу, құммен сурет салу т.б.
В.А.Сухомлинский айтқандай, баяндамамды қорытындылай келе, алға қойған мақсатым мынадай:
Мектеп жасына дейінгі оқыту үрдісінде бейнелеу өнері жұмыстарында жаңа технологияларды тиімді қолданып, балалардың шығармашылық қабілетін одан әрі жетілдіру.
«Қолшатыр» оқу қызметі
(ортаңғы топ)
Мақсаты: балаларды қалыпты (трафарет) пайдаланып, басу әдісі бойынша сурет салуға үйрету. Безендіру үшін өрнекті өздері таңдап алуларына мүмкіндік беру. Қылқаламның ұшымен сурет салу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Шығармашылық қиялды дамыту. Бір-біріне көмектесу, қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Ақ парақтар, бала санына жеткілікті қалыптар, гуашь, палитра, поролон қиындылары, қылқалам, салфеткалар, су құйылған құты, тәрелкелер.
Барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін таңертен маған Буратино телефон шалды. Ол өте көңілсіз. Кеше кеште сабақта Мальвина екеуі қыдырып жүрсе, кенеттен жаңбыр жауып кетіпті. Қолшатыр сатып алуға жүгіріп дүкенге кірсе, барлық қолшатырлар сатылып кетіпті. Мальвина қатты қапаланса керек. Бірақ Буратино оған қолшатыр сатып әперуге уәде беріпті. Бүгін барлық дүкендерді аралап шықса еш жерде қолшатыр жоқ екен. Ол енді не істерін білмей менен кеңес сұрады.
Тәрбиеші:-Балалар мен Буратиноға көмектесуге уәде бердім. Көмектесеміз бе?
-Қалай көмектесеміз?
Балалар, суретке қарап айтыңыздаршы, қолшатырлардың қандай түрлері болады? (Ер адамға, әйел адамға, балаларға арналған)
-Олардың түстері мен өлшемдері бірдей ме? (Олар кімге арналғанына байланысты ерекшеленеді.)
-Асанәлі, әйел адамдарға арналған қолшатырды көрсетші. Сен неге олай ойлайсың?
-Айғаным, ерлерге арналған қолшатырды көрсетші.
-Аяна, балаларға арналған қолшатырды көрсетші.
-Бәрекелді! Жарайсыңдар. Дұрыс анықтадыңдар. Қолшатырлар әртүрлі өлшемді және түрлі-түсті болады екен. Олар су өткізбейтін арнайы материалдан дайындалады. Су жиналмай жылжып ағу үшін қолшатырдың төбесі күмбез тәрізді болып келеді. Қолшатырдың тұтқасынан ұстаймыз.
Сергіту сәті
Буратино созылды,
Кілтін таппай шамалы.
Оң жағына бұрылды,
Сол жағына бұрылды.
Көтеріліп жоғары,
Тал басынан табады.
Жарайсыңдар!
Енді үстел үстінде жатқан заттарға қараңдар қалып, паралон қиындылары, қылқалам мен гуашь. Солардың көмегімен біз бүгін қолшатырдың суретін саламыз. Таза парақ бетіне барлық бұрышын келтіріп қалыпты қоямыз, паралонды алып, ұшын гуашьқа батырамыз және қалыптың бетіне ақырын басамыз. Қалыпты жылжымайтындай етіп ұстаймыз. Енді қалыпты қағаз бетінен мұқият аламыз. Қолшатырдың жоғарғы жағы пайда болды. Қолшатырдың тұтқасын қылқаламмен саламыз. Жоғарыдан төмен қарай түзу сызып, төменгі ұшын шамалы дөңгелектейміз. Қолшатыр дайын, ол әдемі болу үшін оны тамшылар, гүлдермен безендіруге болады. Жұмысты қалай орындау керектігі түсінікті ме?
-Ендеше жұмысқа кірісіңіздер.
(Балалар өз беттерінше жұмыс жасауға кіріседі)
Жарайсыңдар, жұмыстарың өте әдемі болды.
Балалар, біз ненің суретін салдық? (Қолшатырдың)
- Жұмыс барысында нені пайдаландық? (Қалып, паралон,қылқалам)
-Мейірбек саған қай қолшатыр ұнады? Неге?
(өз пікірін айтады)
-Аманжол саған кімнің қолшатыры ұнады?
-Ал маған барлық жұмыстар ұнады. Себебі, олар өте ұқыпты орындалған және әртүрлі өрнектермен безендірілген. Буратино мен Мальвинаға өте ұнайды деп ойлаймын.
«Бауырсақ» ертегісі
(ортаңғы топ)
Мақсаты: Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін арттырып, түстерді білуін үйрету, бір-көп ұғымын бекіту. Дәстүрден тыс сурет салуға, сондай-ақ апликацияға қызығушылығын арттыру. Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білуге үйрету.
Құралдар: үстел үсті театры «Бауырсақ», геометриялық пішіндер, ұзын-қысқа жолақтар, далап, жапсыру құралдары.
Шаттық шеңбері: Армысың, көк Аспан!
Армысың, алтын күн!
Сәлем, менің достарым!
Сәлеметсіз бе, апай!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
-«Шалқан», «Қызыл телпек», «Үш аю»
-Бүгін мен сендерге «Бауырсақ» ертегісін айтып беремін. Ертегі кішкене өзгеше. Бұл ертегіде біз сендермен бауырсаққа көмектесіп, оны атасы мен әжесіне қайтаруымыз керек. Егер сендер көмектессеңдер, орманда жолыққан аңдар оны жемейді. Көмектесеміз бе?
-Ия көмектесеміз.
- Олай болса ертегіні тыңдаймыз (ертегіні үстел үсті театры етіп көрсете отыра, айтып беру).
- Ертеде ата мен әже болыпты.
Бір күні әжеге атасы: - Маған бауырсақ пісіріп берші депті.
Әжесі: -Неден пісіремін, үйде ұн жоқ,-дейді.
Атасы: -Жәшікті қырнап одан шыққан ұнға бір бауырсақ пісіріп берші,-депті.
Әжесі: -Жарайды,- деп ұн салған жәшікті қырнап, одан шыққан ұнды илеп, майға бауырсақ пісіріпті. Бауырсақ суысын деп терезеге қойса, бауырсақ терезеден секіріп, орманға қарай домалап кетіпті.
Бауырсақтың алдынан қоян шығыты.
Қоян: - Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,- дейді.
Бауырсақ: - Жемеші, мен сенің арманыңды орындаймын, балалардың көмегімен, -дейді.
Қоян: - Олай болса, балалар маған тақпақ айтып берсін,- дейді.
1-2 бала тақпақтарын айтады
Қоян: - Рахмет балалар,-деп өз жолымен кете береді. Бауырсақ әрі қарай кете береді. Алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,- дейді.
Бауырсақ: - Жемеші, мен сенің тілегіңді орындаймын дейді. Маған мына балалар көмектеседі,-дейді.
Қасқыр: Олай болса, геометриялық пішіндерді біле ме екен көрейік.
-Үш бұрышты көрсетсін.
-Төрт бұрышты көрсетсін.
-Дөңгелекті көрсетсін.
-Ұзын-қысқа жолақшаларды ажыратып берсін, және геометриялық пішіннен үй құрастыра берсін, үлкен үйге ұзын жолақшалардан жол жасасын, кішкентай үйге қысқа жолақшалардан жол жасап берсін.
Балалар орындайды.
Қасқыр: Сендер ақылды балалар екенсіңдер, рахмет сендерге,-деп кетеді.
Бауырсақ домалап келе жатырса алдынан аю шығады.
Аю: Бауырсақ мен сені жеймін,- дейді.
Бауырсақ: - Жемеші, мен сенің қалаған тілегіңді балалардың көмегімен орындап берейін,- дейді.
Аю: - Олай болса, мен бүлдіргенді өте жақсы көремін, маган балалар себетке менің сүйікті бүлдіргенімді жапсырып және суретін салып берсін,-дейді.
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Бірінші қатар далаппен бүлдірген салып бояйды.
Екінші қатар бүлдіргенді жапсыруға кіріседі.
Аю: Рахмет, сендер өте шебер балалар екенсіңдер, мен бауырсақты жемеймін,-дейді.
Бауырсақ әрмен қарай домалап кете береді. Алдынан өзі сондай сұлу, әрі қу түлкі шығады.
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,- дейді.

Түлкі: - Олай болса, бұл балалар менің сұрақтарыма жауап берсін.
-
Сендер қай елде тұрасыңдар?
-
Қазақстанда тұрамыз.
-
Елбасымыз кім?
-
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-
Елорда қаламыз қай қала?
-
Астана қаласы.
-
Сендер қай қалада тұрасыңдар?
-
Ақтау қаласында
-
Сендердің ұлтың кім?
-
Қазақпыз
-
Балабақшаларың қалай аталады?
-
Қарлығаш балабақшасы
Түлкі: - Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер, мен сендерге сиқырлы қоржын беріп кетейін, мені естеріңе алып ойнап жүрерсіңдер, сау болыңдар!
Балалар: Рахмет, сау болыңыз түлкі бикеш.
Тәрбиеші: Бауырсақ, сен енді ата-әжеңнен қашпа, жарай ма?
Бауырсақ: - Жарайды, мен атам мен әжеме барайын.
«Қызықты қыс» оқу қызметі
(ересектер тобы)
Мақсаты: қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, қысқы ойындарды, қысқы табиғатты толық сөйлеммен айта білуін үйрету, жұмбақты шешуге үйрету. Есте сақтау қабілетін арттырып, мәнерлеп оқуға үйрету неше? сонша?қанша? сұрақтарына дұрыс жауап беріп, сандарды ретімен қойып кері және дұрыс санауға үйрету. Берілген тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Құралдар:
Барысы: Балалар орнымыздан тұрып шаттық шеңберін орындайық.
Қара достым жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар
Біздің барлық балалар?
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінде 3ай бар Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан.
-Қазір қыстың қай айы?
-Қазір қыстың Ақпай айы.
-Дұрыс
Тосын сәт. (есік қағылып қонаққа Аққала келеді)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Сәлеметсіз бе?
-Міне қыстың бітуіне де 1ай ғана қалды. Мен сендермен қоштасып кетуге келдім, және жай келген жоқпын, сендерге әкелген тапсырмаларым бар, егер орындасаңдар таңғажайып тосын сый болады. Тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?
-Ия
1-тапсырма. Мен сендерге геометриялық пішіндер әкелдім, сол пішіндерді қолданып "Аққаланы" құрастырыңдар. Балалар алдарыңда тұрған үлкенді кішілі үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, тік төртбұрыштар және сопақшаның ішінен керек пішінді алып, аққала құрастырады.
Аққала аралап шығып:
-Жарайсыңдар, тапсырманы өте дұрыс орындадыңдар.
Уәде еткендей таңғажайып тосын сыйды қабыл алыңдар. Көңілді әуен ойналып, "Ақ ұлпа қар" шашылады.
2- тапсырма. Мен сендерге жұмбақ жасырамын:
Қыста жер бетін басады
Жазда сайға қашады (қар)
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады (аяз)
Суда қалқиды
Жылыда балқиды (мұз)
Қырға сүйреп шығамын
Ойға мініп түсемін (шана)
-Жарайсыңдар сендер 2-ші тапсырманы да орыңдадыңдар.
Сендерге арналған таңғажайып тосын сый, интерактивтік тақтадан сендермен бірге ертегілер елінен қоян мен түлкі билейді.
Сергіту сәті. Музыка әуенімен түлкі мен қоянның қимылын балалар қайталайды.
3-тапсырма. Сендердің алдарыңда әр түрлі жемістердің суреті бар, сол жемістерді санына қарай орналастырыңдар, яғни бірінші ұяшыққа 1 алма, екінші ұяшыққа 2 алмұрт, солай барлық ұяшықты толтырыңдар және астыңғы ұяшыққа санына сәйкес цифрді орналастырыңдар.
-Жарайсыңдар, 3-ші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Бұл жолғы таңғажайып тосын сыйымыз мұзкәмпит. Мен сендердің апайларыңа беремін оқу қызметінің соңында сендерге береді жарай ма?
Келесі тапсырма:
Сендердің алдарыңда ыдысқа құйылған бояу және жіп бар және түрлі-түсті парақтар.
Сол жіпті бояуға батырып, парақ бетіне қоясыңдар да, екінші жағын бүктейміз. Қайтып ашсақ әр түрлі өрнек шығады. Қане, сендер де осы тапсырманы орындап көріңдер.
Балалар, жіпті ыдыстағы бояуға батырып, оны қағаздың жарты бетіне орналастырады. Қағазды бүктеп, қайта ашып, жіпті ақырын алады. Жіптің тұрған жері екі бетіне де басылып ою-өрнек салынады.
-Жарайсыңдар. Сендер тапсырманың бәрін орындадыңдар, ендеше таңғажайып тосын сыйға дайын болыңдар.
Музыка ойналады, түрлі түсті жылтырақ қағаздар жоғарыдан шашылады. Балалар әуенмен билеп, қайта орнына жайғасып, Аққаламен қоштасады.
Тәрбиеші: Қорытынды сұрақтарды қойып оқу қызметін қорытындылайды.
-Бізге қонаққа кім келді?
-Қандай тапсырма берді?
-Жарайсыңдар сендер бүгін тапсырманы түгел дұрыс орындадыңдар. Сендерге үлкен рахмет. Ендеше, Аққаланың мұз кәмпитін берейін.
«Сиқырлы бояулар» оқу қызметі
(ересектер тобы)
Мақсаты: сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту, балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттыру, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасау. Оқу қызметі кезіндегі тәптіп ережелері мен ұжымдық бірлестікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бояулар, қылқалам, поезд, балауыз, шыны, баклажка, валик
Оқу қызметінің барысы:
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Түрлі-түсті бояумен,
Әсемдеп біз жүрейік.
Бізге келген қонаққа,
Иіліп сәлем берейік.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі
-Көктемде неше ай бар?
-Мамыр айында қандай мерекелерді тойлаймыз?
-Жеңіс күнін тойлаймыз.
Жарайсыңдар. Осы Жеңіс күніне орай біз әжемізді құттықтауға ауылға барамыз. Ауылға поезбен барамыз.Поезға мінетін билеттерді алып қойдым.
(Поезға келіп барлығы жолға шығады.)
Тәрбиеші: Жол ұзақ. Әжеміздің үйіне де жақындап қалдық. (Әженің үйіне келеді) Әжеміздің үйі неге сонша түссіз болып кеткен, үйдің іші кемпірқосақтың жеті түсімен көмкеріліп тұратын.
Қылқалам: Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Мұнда неге бәрі көңілсіз?
Қылқалам: Бұрын әжеміз бәрін өзі бояй беретін, ал қазір ол шаршады, мені пайдаланатын ешкім болмай жүр.
Тәрбиеші: Сен қылқалам, мұңайма біздің балалар саған және әжейге көмектеседі. Солай ма балалар, көмектесеміз бе?
Балалар: Иә
Қылқалам: Сендер сурет сала аласыңдар ма? Сурет өнері жайлы не білесіңдер?
Тәрбиеші: Сурет өнерінің жанрлары жайлы тақпақтарын айтып берсін.
(Балалар тақпақтар айтады)
Ал енді әжеміз келгенше барлығын бірігіп бояйық.
Қылқалам: Мен сондай қуаныштымын. Олай болса бояуды ауладан бастайық (бәрі аулаға шығады) Аулада дым жоқ. Ал енді гүлді алаңның суретін салайық. Ол үшін бізге валик керек. Алаңға үлгі бойынша валикпен аққайыңның суретін салады. Жетіспейтін бөлшектерін щеткамен салады.
Қолдарының көмегімен көбелектерді салады. Саусақпен жәндіктер салады. Баклажкамен гүлді салады. Гүлдер пайда болды. Көбелектер өз гүлдерін таппай жылап отыр. Көбелектерге гүлдерін табуға көмектесейік. Ал енді, тауықтарға барайық.
Тәрбиеші: Сен неге мұңайып тұрсың, тауық. Мен сондай сұрықсызбын. Мен өте сұлу болатынмын.
Тәрбиеші: Сен тауық мұңайма. Біздің балалар сұлу етіп салып береді.
Қылқалам: Біз тауықты алақанымызбен саламыз. Сурет салынып біткенде тауық түрлі-түстермен боялып, қуанып кетеді.
Сергіту "цып-цып,цыплятки"
Тәрбиеші: Балалар біз ауланы түрлі түске бояған сияқтымыз. Енді үйге кіріп үйді сәндейік. Өнер орталығында балалар залда ілініп тұрған түссіз суреттерді бояйды. Стол үсті орталығында балалар, әжеге сыйлық ретінде балауызбен гүлдің суретін салады.
Әже: Ой, қандай ғажайып, менің үйім сондай әдемі болып кеткен. Сендерге көп рахмет, балалар.
Тәрбиеші: Біз сізді мамыр мерекесімен құттықтауға келдік. Балаларымыздың осылай күліп жүргені сіздердің сол ұлы соғыс жылдарында көрсеткен ерліктеріңіздің арқасанда емеспе.
Қылқалам: Әже, бізде Жеңіс күнін тойлауға бәрі дайын.
Әже: Жеңіс күні бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-әжелерің күннің ыстығы мен суығына қарамай жауларымызбен соғысып, жеңіс күнін жақындатты.
Тәрбиеші: Балалар енді біз балабақшамызға қайтайық.
(әжемен қоштасып, поезға мінеді)
Қорытынды(рефлексия)
-Әженің үйінде немен айналыстық?
-Немен сурет салдық?
Әжеміз бізге Жеңістің оңай келмегенін түсіндірді. Ал енді сендер бейбіт елді қалай елестетесіңдер соны қағаз бетіне түсірейік. (балалар хеппинг технологиясымен сурет) Жерді неге салдыңдар?
-Жауымыз баспасын деп
-Суды неге салдыңдар?
-Жауымыз суды лайламасын деп
-Күнді неге салдыңдар?
-Күніміз әрқашан ашық болсын деп
-Гүлді неге салдыңдар?
-Әрқашан гүлдей жайнап жүрейік деп
Бұл суретті кімге сыйлаймыз?
«Кішкентай білімділер» оқу қызметі
(ортаңғы топ)
Мақсаты: Тірі және өлі табиғатты танып және ажырата білуге үйрету. Су, топырақтың қасиеттері туралы білімдерін бекіту. Топырақ, су, бояуды қолдана отырып, әртүрлі заттарды жасауға үйрету. Шығармашылығын қалыптастыру. Балалардың білімімен шеберлігін шыңдап, әсемдікке, табиғатты аялап қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тосын сәт, дәстүрден тыс сурет салу тәсілдері (баспа, бүктеу, шашырату, әйнек бетіне түрлі-түсті құммен)
Құралдар: Слайд, топырақтың түрлері, бояу, қылқалам, түрлі-түсті қағаздар, шырша, 3 көлемді қақпақтар, бөгде елдің адамы, алжапқыштар.
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі болғалы тұр. Алдымен келген қонақтармен амандасайық.
Арайлап атқан таңға сәлем!
Шуағын шашқан күнге сәлем!
Күлімдеген достарыма сәлем!
Қонаққа келген апайларға сәлем!
Балалар 2 топқа бөлініп, орындарына жайғасады.
-
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қазір жылдың қыс мезгілі.
-
Қыс мезгілінде неше ай бар?
-
3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
(Осы кезде өзге планеталық ұшып келе жатқан даусы естіледі.)
-
Сәлеметсіздер ме, мен қайда келдім?
-
Сәлеметсіз бе (балалар)!
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе, сіз білімді балалар еліне келдіңіз.
Өзге планеталық Ол қайда, қай ғаламшарда? Мен Марс деген планетадан келдім. Мен тұратын планетада ондай ел жоқ.
Тәрбиеші: Ааа, түсінікті, сіз «Жер» деген планетаға келдіңіз!
Өзге планеталық: Жер планетасын естігенім бар, бірақ жер туралы еш нәрсе білмеймін.
Тәрбиеші: Олай болса жер туралы мағлұматты қысқаша балалар айтып берсін.
Аяжан: Жер – тіршілігі бар планета. Жер планетасында адамдар, жануарлар, құстар, жәндіктер мекендейді. әр түрлі өсімдіктер өсетін жалғыз жасыл, табиғаты керемет планета.
Өзге планеталық (таңқалып): Қызық екен, табиғат деген не екен? Мен жер планетасындағы табиғат туралы білгім келеді.
Тәрбиеші: Жарайды, біздің балалар өздерінің білетін білімін және шеберлігін көрсетеді. Сіз мұқият тыңдаңыз.
-
Балалар бізді қоршаған әлемді қалай атаймыз?
-
Бізді қоршаған әлемді табиғат деп атаймыз.
-
Табиғат туралы түсінігін кім айтады?
(Балалар табиғат 2-ге бөлінетінін, өлі табиғатты және тірі табиғатты атап береді)
Біздің балалар 2 топқа бөлініп отыр, көк лента таққандар су туралы айтып береді, ал жасыл лента таққандар топырақтың қасиетін айтып береді.
-
«Мұхиттар» тобы қане судың қасиетін айтып беріңіздерші?
Балалар: Судың түсін, ащы, тұщы болып бөлінеді. Аязда мұзға айналып, ыстықта буға айналады. Судың бояу салу арқылы түсін өзгертуге және тұз бен қант салғанда дәмін өзгертуге болады.
Тәрбиеші: - Енді «Жасыл ел» тобы, сендер топырақтың қасиеті туралы айтып беріңдер.
Балалар: Топырақ 3 - ке бөлінеді, сазды, құмды және құнарлы топырақ. Сазды топырақтан ыдыстар, мүсіндер жасалады. Құнарлы топыраққа егін егіледі. Құмды топырақты құрылыста пайдаланады.
Өзге планеталық: Балалар өте білімді екен, маған жауаптары ұнады. Мен де балаларға өнерімді көрсетсем бола ма?
Тәрбиеші: Әрине, ол қандай өнер екен.
Өзге планеталық: Мен балалармен бірге билегім келіп тұр.
Тәрбиеші: Жарайды, онда балалар сізбенен билеп, бойларын сергітіп алсын.
Сергіту сәті (музыка ырғағымен).
Тәрбиеші: Ал енді, балалар осы су, топырақтың қасиеттерін қолдана отырып, әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасағысы келіп тұр. Менің сізге ұсынысым бар. Сіз қай топпен жұмыс жасағыңыз келсе, сол топпен жұмыс жасауға мүмкіндік береміз.(Өзге планеталық бір топты таңдайды).
Тәрбиеші: Ендеше сіз таңдаған тобыңыздың қасына барып, балалармен бірге болыңыз.
Өзге планеталық: Ой, Рахмет! (қуанышты үнмен)
Тәрбиеші: Балалар, жұмысқа кіріспес бұрын алжапқышымызды киіп, жұмысқа кірісеміз.
(«Мұхиттар» тобында 2 балаға) Балалар, сендер бүктеу әдісімен бұлттар жасайды, (2 балаға) шашырату әдісімен қыстағы жауып тұрған қарды саласыңдар, ( 3 бала) баспа әдісімен аққаланың суретін саламыз. Тақырыбы: «Қысқы көрініс» сендер мына кішкентай шыршаны құмыраға отырғызамыз, ол үшін екі топырақ түрлері тұр өздеріңе қажетті топырақты, басқа құралдарды ала қойыңдар. («Жасыл ел» тобында 3 бала)
Сендер әйнек бетіне құммен «түнгі қыстың суретін» саласыңдар, бір бала сазды топырақпен аққала мүсіндейді. (3 балаға)
Балалар жұмысы Жұмыс жасалып болған соң 2 топтың топ басшылары қандай тақырыпта сурет салғандарын айтып береді.
Мысалы: «Мұхиттар». Біз «Қысқы көріністі» 3-түрлі сурет салу әдісімен орындадық. Бүктеу, шашырату және баспа әдісін қолдандық.
«Жасыл ел» тобы. Біз құнарлы топыраққа шырша ектік. Ал әйнектің бетіне «Түнгі қыс» тақырыбында құммен сурет салдық, аққаланы сазды топырақтан мүсіндедік.
Өзге планеталық: Балалар, өте ақылды әрі шебер екен. Өкінішке орай, менің өз планетама қайтатын уақытым болды. Мен жерге келіп көптеген нәрсені білдім, рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Балалардан сізге естелік болсын деп сазды топырақтан жасалған көңіл-күйді білдіретін смайликті сыйға береді. Бізді есіңізге алғанда көңіліңіз көтерілсін.
Өзге планеталық: Рахмет, сау болыңыздар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиешу: Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? (Жеке-жеке балалардан оқу қызметі несімен ұнағанын сұраймын)
Балалар жауап береді.
Келген қонақтарға сіздерде оқу қызметінде көңіл-күйді білдіретін смайликтерге өз көңіл-күйлеріңізді білдіріп еріннің суретін салсын (қонақтар салып көрсетеді). Ендеше бүгінгі оқу қызметімізден балалардан сіздерге сыйлық болсын. Сіздерге үлкен рахмет.
Кел, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат, болайық!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Отбасы және балабақша» журналы, №2-2014ж
2.«Отбасы және балабақша» журналы, №5, 2016ж
3.Республикалық «Білімділер сайты»
4.«Бала мен балабақша» журналы, №3, 2016ж
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе............................................................................3
Мектеп жасына дейінгі балаларда сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту.....................................5
«Қолшатыр» оқу қызметі..........................................9
«Бауырсақ» ертегісі..................................................12
«Қызықты қыс» оқу қызметі.................................16
«Сиқырлы бояулар» оқу қызметі..........................19
«Кішкентай білімділер» оқу қызметі....................23
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................29
20
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қолшатыр","Сиқырлы бояулар","Бауырсақ","Кішкентай білімділер"

шағым қалдыра аласыз