Қонақ күту дәстүрі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қонақ күту дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 28.10.2020 ж

Бөлім атауы

Мектеп: Ғани Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Мұғалімнің аты-жөні

Амирешова Айжан Зейловна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қонақ күту дәстүрі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5.2.1.1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5.3.5.1.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақ мақсаттары:

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсініп,анықтайды.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Бағалау критерийі:

- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсініп,анықтайды.

- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырады

- жинақы мәтін жазу.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Отбасы, мереке, қонақ, мейман

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қонақ келсе, құт келер. Қонақ - қойдан жуас.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қонақты біз қалай күтеміз?

  • Неге қонақты қойдан жуас деп айтқан?

  • Ол туралы не білесіңдер?

Не себепті ... деп ойлайсыз?

сөздер көп түрлі мағына береді

Ишара: Қош келдіңіз! Төрлетіңіз...

Құндылықтарға баулу

Отбасы құндылықтары, отбасы тәрбиесінің дұрыс берілуі, қонақ күту мәдениетін қастерлеуге жетелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, музыка, шешендік сөз, информатика

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану және талдау, жоғары

Алдыңғы оқу:

«Тұсау кесу» туралы.

Жоспар

Жоспар -

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

10 минут





Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен сәлемдесу; ә) оқушыларды түгелдеу.

«Отбасы», «Мереке», «Қонақ» болып топтасады.

«Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. (жеке жұмыс)

  • Қонақты біз қалай күтеміз?

  • Неге қонақты қойдан жуас деп айтқан?

  • Ол туралы не білесіңдер?


слайд


Ортасы

30 минут

1 тапсырма. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі.Мәтін мазмұнын оқып, негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды.

Қонақ күту

Қонақ күту – қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі. Келген қонаққа қонақжайлылық көрсету мәдениеттің, адамгершіліктің, сыйластықтың белгісі. Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң- ырысың қашады", «Қонақ келсе қой егіз табады» деген мақалдар бар. Қонақтың түрлері: Қыдырма, қылтима, құдайы қонақ, т.б.

Қонақ арнайы шақырумен де, шақырусыз да келеді. Келген қонақты жылы шыраймен қарсы алу керек. Арнайы шақырған қонақты үйге жақындағанда күтіп алу керек.. Амандасып, жол сілтеп үйге шақырған. Әр қазақ қонаққа төрден орын беріп, дастарқан басына шақырады. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі ең алдымен сусын, қымыз - қымыран ұсынған. Әлдебір себептермен кешігіп келетіндер де болады. «Неге кешіктің?» деп сөкпеген қазақпыз. Кешіккенге тиісті сыбағасын сақтап қойған.




Қонаққа сынық ыдыспен ас бермеген. Үлкен кісілерге ас берерде сол үйдің жасы кіші балалары қонақтардың қолына су құйған. Қонақтардың жасы мен құрметіне қарай мүшелі табақтар тартылады. Тамақтан соң асқа бата береді. Қонақтың талап-тілегін орындап, сый-құрмет көрсетіп, шығарып салған.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат



Дискриптор:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді.

  • Тақырып туралы мәліметтерді біледі.

  • Мәтінге сай ақпаратты анықтайды.

  • Мәтін арқылы қосымша ақпарат анықтайды.

ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.

2 тапсырма. «Сипаттамалы жазба» әдісі. Оқылым мәтіні бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Дискриптор:

  • мәтін бойынша негізгі ақпараттарды сақтайды

  • жинақы мәтін жазады

ҚБ. «Басбармақ» әдісі

«Кім жылдам?» әдісі (ауызша)

Қонақтың қандай түрлері бар?

Сөз

Сөздіктегі анықтамасы

(күтілетін жауаптар)

Сөзді пайдалана отырып құрылған сөйлем

Арнайы қонақ

Ол – әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-көлем, құда құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.


Құдайы қонақ

Бұлар – алыс жерден жолаушылап келе жатып көлігі бұзылып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған бейтаныс қонақ.


Қыдырма қонақ

Үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, ерігіп, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.


Құтты қонақ

Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген нақыл бар. Бұл қонақ – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.


Ерулікті қонақ

Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атаған.



























Кеспе қағаздар










дәптер

Соңы

5 минут

Кері байланыс

Үйге тапсырма:қонақ, қонақжайлылық туралы төрт, бес мақал-мәтелдер жазып, ішінен ықпалдың түрлерін табады



Қосымша ақпарат:

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушыны білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)







Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.

2.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2020
692
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі