Қоныс аудару саясаты-саяси механизмі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоныс аудару саясаты-саяси механизмі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Қазақстандағы қоныс аудару саясатының тарихи кезеңдері мен оның саяси астары талданады. Зерттеу қоныс аударуды тек көші-қон үдерісі емес, ұлттық бірегейлікке, тіл мен мәдениетке әсер ететін саяси механизм ретінде сипаттайды. Автор патшалық Ресей, кеңестік кезең және қазіргі уақыттағы көші-қон саясатының ерекшеліктерін салыстыра отырып, оның этнодемографиялық құрылымға ықпалын көрсетеді. Мақалада тарихи деректер мен ғалымдардың еңбектері негізінде терең талдау жүргізілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ф.Ғ.К.,қауым профессор Тулекова Г.Х.

Смағұлова Нұрбибі

«Тұран» университеті

23241753@turan-edu.kz

Қоныс аудару саясаты-саяси механизмі

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы қоныс аудару саясатының тарихи кезеңдері және оның этнодемографиялық,тілдік және саяси салдары қарастырылады.XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Ресей империясы мен кейінгі Кеңес Одағы Қазақстан аумағында отаршылдық сипаттағы көші-қон саясатын жүзеге асырды.Мақалада Патша үкіметінің реформалары,Столыпиннің аграрлық саясаты,кеңестік индустрияландыру мен ұжымдастыру кезеңдеріндегі халықтың мәжбүрлі көші-қон сипатталған.Сонымен қатар,тың игеру жылдарындағы қоныстандыру үдерісі мен оның қазақ халқының тіліне,мәдениетіне және басқару құрылымына әсері талданады.Зерттеу барысында тарихи деректер мен ресми құжаттарға сүйене отырып,қоныстандыру саясатының ұлттың өзіндік болмысына,тілдік және демографиялық құрылымына тигізген ықпалы көрсетіледі.

Кілт сөздер:Қоныс аудару саясаты,орыстандыру,демографиялық өзгерістер,отарлау саясаты.

Аннотация

В статье рассматриваются исторические этапы политики переселения в Казахстане и ее этнодемографические,языковые и политические последствия.Начиная со второй половины XIX века Российская империя, а затем и Советский Союз проводили на казахских землях колониальную переселенческую политику. В статье рассматриваются реформы царского правительства, аграрная политика Столыпина, вынужденная миграция населения в периоды советской индустриализации и коллективизации. В статье также анализируется процесс заселения на ранних этапах развития и его влияние на язык, культуру и структуру управления казахского народа. Исследование, основанное на исторических данных и официальных документах, продемонстрирует влияние политики переселения на идентичность, языковую и демографическую структуру нации.

Ключевые слова: Переселенческая политика, русификация, демографические изменения, колонизационная политика.

Abstract

The article examines the historical stages of the resettlement policy in Kazakhstan and its ethno-demographic, linguistic and political consequences. Beginning in the second half of the 19th century, the Russian Empire and then Soviet Union carried out a colonial resettlement policy on Kazakh lands. The article examines the reforms of the tsarist government, Stolypin`s agrarian policy, forced migration of the population during the periods of Soviet industrialization and collectivization. The article also analyzes the settlement process in the early stages of development and its impact on the language, culture and governance structure of the Kazakh people. The study, based on historical data and official documents, will demonstrate the impact of the resettlement policy on the identity, linguistic and demographic structure of the nation.

Keywords: Resettlement policy, Russification, demographic changes, colonization policy.

Кіріспе

Қазақстан аумағындағы Ресей патшалығының қоныс аудару саясатын кейбір зерттеушілер «біркелкі емес және қарама-қайшы» деп сипаттаған [1,70 б].Бұл саясатты жүргізуде көзделген басты мақсат-еліміздің аумағындағы демографиялық құрамды өзгерту,халықты Ресей империясының,кейіннен Кеңес Одағының экономикалық,мәдени және саяси бақылауында ұстау болды. Еліміздің президенті Қ.К.Тоқаев тәуелсіздік туралы мақаласында тоталитарлық билік езгісінде ұлтымыз бен тілімізден айрылып қала жаздағанымызбен, олардың тәуелсіздіктің арқасында қайтарылғанын атап өтті[2,12 б].XIX ғасырда Ресей үкіметі қоныс аудару саясатын қазақ жерлерін басып алуда қарқынды түрде қолдана бастады.

Отарлаудың алғашқы қадамы 1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару туралы уақытша ереже» болды.Бұл жарлыққа сәйкес қазақ жерлері Ресей империясының меншігінде деп жарияланып, жергілікті халықтың жерді пайдалану құқығы шектелді,ал қоныс аударушы орыс шаруаларына біріңғай жеңілдіктер енгізілді.Еліміздің аумағына өзге ұлттардың қоныстануы этнодемографиялық салдарларға алып келді.Тарихшы М.Қ.Қозыбаев Патшалық Ресей мен Кеңес Одағының қазақ жерлерінде жүзеге асырған отаршылдық саясаты мен шоқындыру,орыстандыру,әскери күш қолдану секілді басқару әдістерін зерттеу еліміздің болашағы үшін маңызды екендігі туралы пікір білдірген[3,16 б].

Негізгі бөлім

Патша үкіметінің 1860 жылғы реформаларынан кейін Қазақстан аумағына тек казактар ғана емес,шаруалардың көшірілуі басталды.Алайда қоныстандыру саясатының шарықтау шегі 1889 жылғы «Шаруалардың қоныс аударуы туралы ереже» қабылданған кезеңге сәйкес келеді.Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, 1880 жылдың ортасында Қазақстан аумағына қоныс аударушылар көлемі 30 мың адамнан аспайтын болса,1897 жылы бұл көрсеткіш 42 мыңға жеткен[4,27 б]. Мәліметтерге сәйкес,1885 және 1893 жылдар аралығында жүргізілген жер саясаты нәтижесінде Ақмола өңірінің жергілікті тұрғындарынан 251 мың десятина жер ,ал Семей облысында 33 мың десятинадан астам жер көлемі тартып алынып,орыс қоныс аударушыларына берілген[5,54 б].1906–1912 жылдар аралығында П.А. Столыпиннің аграрлық реформасы Қазақстандағы қоныстандыру үдерісін жаңа деңгейге көтерді.Мысалы,ХХ ғасырдың басына дейін қазақ даласына қоныс аударғандардың саны 521 мың шамасында болса, Столыпиннің аграрлық реформасы жүзеге асқан жылдары елімізге 714 мыңнан астам шаруалар көшіп келді[6, 82 б].1917 жылға қарай Қазақстанға қоныс аударған орыстар мен украиндардың саны 1,5 миллионнан асты.Столыпин реформасының салдарынан қазақтар шұрайлы жерлерін жоғалтып,құнарсыз аймақтарға ығыстырылды,көшпелі мал шаруашылығынан отырықшылыққа көшті.Оған қоса славяндардың үлесі артып,қазақтардың санының төмендеуі елдің демографиялық құрылымына елеулі әсерін тигізді.

Патшалық билік құлап,орнына Кеңес одағы орнаған кезде де қоныс аудару саясаты қазақ жерлерін саяси басқарудың құралы болып қала берді. Алайда,бұл кезеңде оның сипаты кеңестік экономикалық саясаттың мақсаттарына бейімделіп,өзгертілді.Кеңес үкіметі 1920 жылы Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануды көздеп,индустрияландыру саясатын жүргізді.Оған 1928 жылғы ұжымдастыру саясаты қосылып,мал-мүлік тәркілену нәтижесінде 1931-1933 жылдары ашаршылық басталды.Осы саясаттардың барлығы қазақтардың азаюы мен шетелдіктерді қоныстандыру саясатын күшейтуге әкелді.1935 жылы Украинаның шет аймақтарынан жұмысшылар қоныс аударды.Қоныс аударушылардың 65% поляктар мен немістерге тиесілі еді.Кейін Ленинград облысынан қуылған 45 мың финнің 7 мыңнан астамы Қазақстанға қоныстандырылды.1936 жылға қарай Қазақстанға шамамен 70 мың адам көшірілген[7, 24 б].

1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасының нәтижесінде елімізге 8 жыл арасында 2 миллионға жуық адам көшірілді, олардың басым бөлігі орыстар,белорустар мен украиндер еді. 1954 жылғы деректерге сәйкес 75 мың қоныс аударылғандардың арасында 45 мың неміс,30 мың шешендер мен ингуштар,4 мың поляк болған[8,69 б].1970 жылғы халық санағының нәтижелері бойынша қазақ даласында өмір сүргендердің арасында 32% қазақ болса,орыстардың үлесі 42% құраған.

Қоныстандыру саясатының айқын салдарларының бірі ретінде орыстандыру саясатын атай аламыз. Бұл кезеңде орыс тілі мемлекетті басқару жүйесінде, білім беру саласында және мәдени салада негізгі тілге айналды.Кеңес одағында орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде бекітілді.1938 жылы Кеңес үкіметі еліміздегі барлық мектептерде орыс тілін оқытуды міндетті етті.1950-1980 жылдары қазақ мектептерінің саны азайды,әсіресе қалалық жерлерде орыс мектептері басым болды.1970 жылдары Алматы, Қарағанды, Өскемен сияқты ірі қалаларда қазақ мектептері жоқтың қасы болды.

Кеңес одағының соңғы жылдарында Қазақстан халқының этникалық құрамы біршама өзгерістерге ұшырады.Қазақ халқының жалпы саны қысқарғанымен, олардың үлес салмағы 1980-жылдардың соңында біртіндеп арта бастады.Орыс, украин, неміс халықтарының бір бөлігі тарихи отандарына қайта көшіп, Қазақстандағы қазақтардың үлесі ұлғайды.1991 жылы Қазақстан халқының шамамен 40%-ын қазақтар, 37%-ын орыстар құрады.Бұл өзгерістер Қазақстанның ұлттық саясаты мен тәуелсіздік жолындағы маңызды факторлардың бірі болды.

Тәуелсіздік жылдарынан соң,Қазақстанға қоныс аудару саясатының сипаты өзгерді.Көші-қонның басты себептері қандастардың елге оралуы,еңбек көші-қоны және шетелдік компаниялардың көбеюімен сипатталады.Қазіргі кездегі көші қон статистикасына тоқталар болсақ,2024 жылғы санақ деректері бойынша Қазақстанға көшіп келген ұлттардың арасында орыстар әлі де көш бастап тұр.Олардың үлесі соңғы жылы шамамен келгендердің 44% құрайды.Сонымен қатар қазіргі кезде елімізде тұратын этникалық топтардың саны артып,көбіне Қытай,Өзбекстан,Моңғолия сияқты елдерден мигранттар келуде.Әсіресе 2000 жылдадан бастап Қытайдан елімізге келгендер саны 176 мың адам болды.Олардың елімізге көптеп ағылуы мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастың нығаюына байланысты.Қытай өнеркәсібінің дамуы туралы есеп бойынша 2023 жылы Қазақстанда 2000-нан астам Қытай компаниясы қызмет етуде.

Қорытынды

Қазақстандағы қоныс аудару саясаты тарихи тұрғыдан ұлттың демографиялық,мәдени және тілдік құрылымына айтарлықтай ықпал етті.Патшалық Ресей мен Кеңес үкіметінің саяси мақсаттарды көздеген көші-қон әрекеттері қазақ халқын өз жерінде азшылыққа айналдыруға тырысты.Бұл саясат қазақтарды отарлау үдерісін жылдамдатып,халықтың тілі мен ұлттық құндылықтарын ұмыттыруға бағытталды.Тәуелсіздік алғаннан кейін қоныс аудару саясаты жаңа мазмұнға ие болды.Кеңес Одағы кезінде елден кеткен этникалық қазақтардың оралуы,еңбек миграциясы,шетелдік өнеркәсіп орындарының салынуы мемлекеттің ішкі саяси жағдайын өзгертті.Қоныстандыру саясатын саяси механизм ретінде қарастыру оның болашақтағы салдарлары мен нәтижелерін анықтап,сараптауға көмектеседі.Өткен тарихты ұмытпау және оның салдарын түсіну арқылы жаңа көші-қон саясатын мәдени және саяси талаптарға сай жүргізу-ұлтымыздың құндылықтарын сақтауда маңызды шарт болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Беликов А.В. Переселенческая политика России после отмены крепостного права и «Положение о заселении предгорий западной части Кавказского хребта кубанскими казаками и другими переселенцами из России» 1862 г.-Вестник Адыгейского государственного университета.Серия 1:Регионоведение:философия,история,социология,юриспруденция,политология,культурология.2007, № 1, с. 69-79.

2.Тоқаев Қ.К «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»//Егемен Қазақстан. 2021.05.01.

3.Қозыбаев,1993-Қозыбаев М.Қ. Аласұрған XX ғасыр//Казахстан в начале XX века. Алматы,1993.225 б.

4. Журнал Совещания о землеустройстве киргиз. ЦГА РК – Ф. 369.Оп.1-Д.8537-Л.5

5.История Казахстана.Очерк. – Алматы:Рауан,1993.

6.Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана(численность,размещение,состав,1870-1914 гг.) Алма-Ата,1981. 109 с

7. Из истории депортаций.Казахстан.1935-1939 гг.Сборник документов. Т.2.-Алматы:LEM,2014.740 с.

8. Государственный архив Акмолинской области.Ф.1.Оп.1.Д.10











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2025
196
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі