Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қоқыс бүгінгі күннің басты мәселесі" тақырыбындағы ғылыми жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Д.А.Қонаев атындағы жалпы білім беретін КММ
Тақырыбы:
" Қоқыс-бүгінгі күннің басты мәселесі"
Секция: экология
Орындаған: 3ә-сынып оқушысы Дүкен Айсезім
Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Дусбаева Нуржамал
Жіңішке ауылы 2024 жыл
Д.А.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3 «Ә» сынып оқушысы Дүкен Айсезімнің
" Қоқыс-бүгінгі күннің басты мәселесі" тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына
Пікір
Дүкен Айсезімнің алып отырған тақырыбы қазіргі кезде өзекті әрі қызықты, құпияға толы құбылыс болып табылады. " Қоқыс-бүгінгі күннің басты мәселесі " экология бойынша оқушылардың зерттеу жұмысында мектептің -сынып оқушысы қоқыстың пайда болу тарихын анықтап, адамзатқа ежелден белгілі болған одан құтылудың жолдарын зерттеді. Жұмыста қазіргі кездегі тұрмыстық қалдықтармен күресу әдістері сипатталған.
Жұмыс туралы толығырақ:
" Қоқыс-бүгінгі күннің басты мәселесі " экология бойынша дайын жобада әртүрлі тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату ерекшеліктері зерттеледі, сондай-ақ қоқыстың әртүрлі топтары мен оларды қайта өңдеумен немесе кәдеге жаратумен байланысты жағдайларға сипаттама беріледі. Оқушы ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, қоқыстың қоршаған ортаға әсер ету мәселесін баяндайды және саналы тұтыну қозғалысының ерекшеліктері туралы айтады.
" Қоқыс-бүгінгі күннің басты мәселесі " тақырыбындағы оқушылардың зерттеу және экологиялық жобасының авторы жер шарымыздың тұрмыстық қалдықтармен ластануына қарсы күрес әдістерін егжей-тегжейлі зерттейді. Жобада қоқыс жағатын зауыттардың жұмысы қамтылған, Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу сипаттамасы берілген. Қалдықтарды кәдеге жаратудың шетелдік тәжірибесі сипатталған.
Дүкен Айсезімнің зерттеу жұмысын жазу барысында көптеген көркем әдебиеттерден, газет-журналдардан, ғаламтордан ізденген. Жұмыс жоспар бойынша жазылып, толық орындалған. Сонымен қатар Дүкен Айсезім көп ізденіп, жұмысын өз жас ерекшелігіне сай орындай білген және де нақты деректер негізінде зерттей білген жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Пікір білдіруші: Д.А.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусбаева Нұржамал
Аннотация
Зерттеу өзектілігі: Экологиялық дағдарыс бүкіл планетаны қамтыды. қоқыс дағдарысы 2017 жылы күшейе түсті.қоқыстың көп бөлігі полигондар мен полигондарға сұрыптаусыз және залалсыздандырусыз жіберіледі. Қалдықтардың тек 3-5% қайта өңделеді. Бұл аумақта 30 млрд. тоннадан астам қалдықтардың болуына әкелді. Қоқыс таулары бүкіл әлемде өсіп келеді. Сонымен, полигондардың саны және оларға бөлінген аймақ өсуде. полигондар алдағы 5 жылда толып кетеді. Полигондардағы улы заттар 17 миллионнан астам адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Олар топырақ арқылы ағып, ауыз суды ластайды. Мұндай суды үнемі пайдалану иммунитеттің төмендеуіне әкеледі, адамдар жиі ауырады. Бірақ қалдықтардың көп бөлігі құнды материалдар.
Мен өз ауылымның көшелерімен өтіп бара жатып, бізді күнделікті қоршап тұрған нәрсеге назар аударамын – бұл қоқыс. Пәтерден қоқысты алып шыққанда, мен оның қайда бара жатқанын білгім келеді. Ол қоршаған ортаға қалай әсер етеді? Оның санын қалай азайтуға болады? Осы сұрақтарды қоя отырып, мен: Д.кен Айсезім 3 «Ә» сынып оқушысы, онымен не істей аламын? Табиғатқа қалай көмектесе аламын?" Мен бұл сұрақтарға жауап тапқым келді. Менің зерттеу тақырыбым осылай пайда болды: Қоқысқа екінші өмір немесе планетамызға қалай көмектесе аламыз?".
Зерттеу мақсаты: қоршаған ортаның тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану себептерін зерттеп, оларды шешудің тиімді жолдарын және қалдықтырды азайтуда тұрғындардың үлесін арттыру шараларын ұсыну.
Жобаның міндеттері:
- Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;
- Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;
- Облысымыздың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;
Зерттеу әдістері: ғылыми зерттеулерге сүйене отырып , тұрмыстық қалдық заттардың құрамын және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу.
Зерттеу нысанасы: тұрмыстық қалдық, қоршаған орта, экология.
Зерттеу мәселелері: тұрмыстық қоқыс, қайта қолдану мүмкіндігі және қайта өңдеу.
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе.............................................................................................................7
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Қалдықтар туралы жалпы түсінік..........................................................11
2.2. Қалдықтардың жіктелуі. Қалдықтардың қоршаған ортаға зияны.......14
2.3. Қоқыс индустриясы. Жасыл экономика.................................................16
2.4. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндіру әдістері....................................18
ІІІ. Қорытынды...............................................................................................21
ІV. Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................23
Кіріспе
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кг қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс қоры жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал еліміздің жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».
Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
ХХ - ғасырдан бастап адамның әрекетімен жасалынған ең қауіпті мәселенің бірі, табиғи қоршаған ортаға өндірістік және тұтыну қалдықтармен кері әсерін тигізіп отыр. Адам баласы өмір сүру кезінде кез-келген ойық немесе сай жерлерге қалдықтарды тастап отыр, бірақ олар оның арты қандай зардаптарға әкелетінін білмейді.
Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды. Олар құнды шикізат көздеріне жатады.
Дүние жүзі тәжірибесінде қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және утилизациялаудың 20-дан астам түрі белгілі. Аталған қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеу әдістерінің көбі өздерінің технологиялық күрделілігі мен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің қымбаттылығына байланысты кең таралуын тапқан жоқ.
Негізгі бөлім
2.1.Қалдықтар туралы жалпы түсінік.
Қоқыстарды зерттейтін сала - гарбология деп аталады. Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты. Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады.
Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы минералдарды, электр энергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады. Кейде ойланбастан көптеген заттар мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әртүрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады.
Кезінде Д.И. Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады» деп айтқан. Сонымен қатар, ол озат өнім алуға технологияның басты мақсаты- пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан, ішінара немесе толығымен қайта өңдеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурс ретінде қарауға болады.
Біздің халық шаруашылығында жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 млрд. тоннадай болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. тонна шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. тоннасы түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады. Егер де қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жердегі шикізат қорын да үнемдейтіні сөзсіз. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың қоры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс қоры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уақыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды жасау және халық шаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану элементтердің 2-3% ғана алынып 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.
Жер бетінде миллиардтаған тонна тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс бар. Жылдан жылға артып келе жатқан қалдықтардың қоршаған орта мен адам денсаулығына қатер төндіруде. Онымен күресу үшін қалдық пен қоқыс өңдейтін зауыттар мен кәсіпорындар да көптеп ашылуда. Соған қарамастан қалдықтар көбеймесе, азаймай отыр. Бұған адамдардың өздері де кінәлі. Қоқысты арнайы жәшіктерге тастамайды немесе басқалай жолмен олардың көзін жоюға талпынбайды. Мұндай қалдықтар мен қоқыстар қанша уақытта өздігінен жойылатыны туралы мынадай қызықты мәліметтер келтіруді жөн көріп отырмын.
Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Ас қалдықтары 1 ай шамасында жойылса, жануарлар мен құстардың саңғырығы мен тезегі өздігінен жойылуы үшін 10-15 күн кететін көрінеді. Газеттің өздігінен жойылу мерзімі 1 айдан 3 айға дейінгі уақытты алады екен. Тауарға қапталатын картонның жойылуы үшін 3-4 ай керек көрінеді. Қурап, үзіліп түскен жапырақ, құрғақ бұта 3-4 айға дейін жойылмайды. Тиісінше сақталмаған құрылыс тақтайларының жойылу мерзімі 10 жылға созылуы мүмкін. Құрылысқа арналған темір арматуралары – 11-13 жылда, ал консерві қалбырларының жойылу мерзімі – 10 жыл. Кірпіш пен бетоннан тұратын қалдықтар мен қоқыстың жойылуы үшін 100 жыл кетеді. Автокөлік аккумуляторы, батарейка, фольга қалдығының жойылу мерзімі – 100 жылдан асады. Доңғалақ қалдығының жойылуына 120-140 жыл кетсе, жиі аяқтың астында оралғы болып жататын тұрмыстық қалдықтардың бірі – қаңылтырлы банкілер жойылуы үшін кем дегенде 500 жыл керек. Шыны қалдықтарының жойылу мерзімі 1000 жылдан асады. Тіпті, 12-15 ұрпақ ауысқанша жойылмай жата беруі мүмкін.
Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.
2.2. Қалдықтардың жіктелуі. Қалдықтардың қоршаған ортаға зияны.
Қалдықтар – өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрмыстық қалдықтар болып бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде бүгінгі жобамыздың тақырыбына тамызық болып отырғаны – тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Өткен жылдан бастап Италия мемлекеті өз тұрғындарына полиэтилен пакетті пайдалануға тыйым салыпты. Өйткені бір адам жылына 400 дана полиэтилен пакет тұтынады екен. Алайда оның пайдалану мерзімі 10-12 минут қана. Ал бір пакеттің табиғи жағдайда жойылуы үшін кемі 400 жыл уақыт керек екен. Яғни оны жер астына көмген күннің өзінде 3-4 ғасыр бойы шірімей жата беретін көрінеді. Статистика бойынша бір адамнан жылына 350-400 келі қалдық шығады. Және ол жылына 5-7 пайызға өсіп отырады екен. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 22 млрд. тонна қалдық бар екен. Оның 6 млрд. тоннасы қауіпті қалдықтарға жатады. 98 млн. тоннасын тұрмыстық қатты қалдықтар құрайды. Елімізде оның 10% қайта өңделсе, біздің облыста 0,05% ғана өңделеді екен. Осы қалдықтар атмосфераны ластап, адам денсаулығына күллі зиян келтіруде. Бұл табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда.
Тұрмыстық қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді:
-
сұйық қалдықтар – тамақты пісіруден қалған жуындылар, дәретханалардың шұңқырынан шығатын сұйық қалдықтар, ыдысты, еденді, кірді жуғаннан пайда болатын кір сулар мен канализация жүйесі арқылы шығатын ағынды сулар;
-
қатты қалдықтар – үйден шыққан қоқыстар, көше сыпырындылары, қоғамдық тамақтану және сауда нысандарының қоқыстары.
Қатты тұрмыстық қалдықтар
Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) компоненттік құрамы әр түрлі болады: қағаз, картон, ағаш, металл, тоқыма заттар, сүйектер, әйнектер, желім, тас, полимерлі материалдар, тамақ қалдықтары және көше сыпырындылары. Қалдықтардың морфологиялық құрамы жылдың мезгіліне және аймақтың климатына байланысты. Бірақ кез келген жағдайда қатты тұрмыстық қалдықтардың көп бөлігі қағаздар (30 %-ке дейін) және тамақ қалдықтары (45 %-ке дейін) болып келеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормасы есептеу бірлігі:
-
көп пәтерлі үй үшін — 1 адамға;
-
мейманхана үшін — 1 орынға;
-
сауда алаңы үшін — 1 шаршы метрге.
Яғни, көп пәтерлі тұрғын үй үшін бір адамға қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасы жылына 210–225 кг, жеке тұрғын үйде 300–450 кг, мейманханада бір орынға – 120 кг, бала бақшада бір орынға – 95 кг, оқу орындарында бір оқушыға – 19 кг, азық-түлік дүкенінде бір шаршы метрге – 160 кг, шипажай, демалыс үйлерінде бір орынға – 250 кг, бекетте, әуежайда – бір шаршы метрге 125 кг. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамында патогенді микроорганизмдер болады және олар санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Олар кеміргіштер мен шыбын-шіркейлерге құнарлы орта болып табылады, ал шіріген кезде жағымсыз иістер пайда болады. Жазғы мерзімде ҚТҚ өрт шығу жағынан өте кауіпті. Сондықтан санитарлык талаптар бойынша ҚТҚ-ды пайда болу орнынан тез шығарып тастау қажет.
Полигондардағы тұрмыстық қатты қалдықтар күннің жылынуы немесе өрттің кесірінен еріп, физика-химиялық және биохимиялық үрдістердің жү-руіне ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, қоқыстарды сақтау барысында сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы химикаттар пайда болады. Ал бұның биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіретіні бәрімізге аян. Қоршаған ортаға келетін биогендік әсердің нәтижесінде жәндіктер, құстар, кеміргіштер арқылы бактериялар мен вирустар алыс қашықтықтарға тарайды.
Сонымен қатар, мамандар сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар топырақ және өсімдік қабатын, жер асты суларын улы заттармен жоғары деңгейде концентрациялайды. Сол себепті, қоршаған ортадағы қоқыстарды қадағалау, оның заңға сай белгіленген орындарға төгілуі мен тазалануын ұйымдастыру жұмыстары аса маңызды.
2.3.Қоқыс индустриясы. Жасыл экономика.
Қазақстанның қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаты «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамада айқындалған. Онда қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы инвестиция тарта отырып, қайталама шикізаттан өнім алу бағыты көрсетілген. Сол арқылы қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға күш жұмсалмақ. Тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай қалдық өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізілуі тиіс.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамыту мақсатында нормативтік құқықтық база жетілдірілді. Атап айтқанда, Экологиялық кодекске түзетулер енгізілді.
2016 жылдан бастап полигондарда құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды; металл сынықтарын; пайдаланылған майлар мен сұйықтықтарды; батареяларды; электрондық қалдықтарды көмуге тыйым салынады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге шектеу қойылды. Осы нормаларды енгізу қалдықтарды өңдеу саласында шағын және орта бизнесті ынталандыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Мысалы, АҚШ, Жапония, Аустралия және Еуропаның басқа да елдері қалдықтарды кәдеге жарату топырақтың қауіпті заттармен ластануы, қала полигондарының артуы нәтижесінде нақты және байыпты мәселеге айналған соң, қоршаған ортаны қалыпқа келтіруге, зиянды заттардың шығарындыларын алдын алу, қалдықтарды қайталама өңдеу немесе сұрыптау бойынша қызметтің дамуына ірі қаржы бөле бастады.
Жапонияда қалдықтың 70%-ы жағылады. Швейцария, Дания, Люксембург тәрізді мемлекеттерде де халықтың тығыз орналасуы мен ЖІӨ жоғары деңгейіне байланысты қоқысты жағу тәжірибесі қолданылады.
Ал АҚШ, Канада, Испания, Норвегия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Португалия және Финляндияда қалдықтардың 60-90%-ы тікелей ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) полигондарына шығарылады. Испания, Португалия және Финляндия қаладан шыққан қоқыстың шамамен 10-20%-ын компостық өңдеу зауыттарына жібереді. АҚШ, Канада және Германияда 10% және одан көп бөлігінен құнды материал алу мақсатында аралық стансаларда сұрыптайды.
Сондай-ақ, Франция, Бельгия және Нидерландыда қалалардан шығарылған қалдықтың жартысынан көбі полигонға жіберіледі, ал 25-40%-ы өртеледі. Қалған бөлігі компастау немесе пайдалы материалдар алу үшін тазартылады.
2.4.Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндіру әдістері.
Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу адамзаттың өзектi проблемасының бiрi болып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнiмдерiнiң 3/1 қайта өңдеуге пайдаланылады. Сондықтан да Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарына кіреді. Шынында да, қазiргi уақытта тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинақтау, жою, өңдеу бүкiл мемлекеттiк мәселеге айналып отыр. Республика экологтарының басты құжаты болып саналатын Стратегиялық жоспарда қоршаған ортадағы ластану деңгейiн кемiту, тым болмаса өсiрмей, тұрақтандыру жайы ерекше назарда тұр.
Әлемде қоқысты болашақ өнімнің әлеуетті шикізаты ретінде қарастырады және ол бизнестің элементі болып табылады. Бірақ қоқысты тиімді пайдалану және өңдеу үшін оларды бөлу кажет, мысалы қағаз қоқысын бөлек, шыны заттарды бөлек, пластикалық бөтелкелерді бөлек, полиэтилен пакеттерін бөлек жинау қажет. Осы қалдықтарды жинау үшін арнайы кәсіпорындар керек. Кәсіпорындар арнайы құрал-жабдықтармен, жинау орынмен, мамандармен камтамасыз етілуі қажет.
Әрине қалдықты 100 пайыз өңдеу мүмкін емес, тек қана 75 пайызын өңдеуге болады, сондықтан қалған 25 пайызын жою үшін қоқыс күйдіретін зауыт қажет.
Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -64%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.
Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.
Статистикалық мәліметтер Қазақстан бойынша денсаулығы нашар адамдардың ішінде тыныс жолдарының қабынуына душар болған жандардың көп екенін көрсетеді. Бұл мәселенің ең алдымен қоршаған ортаның ластануынан туындап отырғаны анық.
Дамыған шет мемлекеттерде көшедегі тазалық мәселесі қатаң қадағаланады. Бейжіңде (Қытай), мысалы, көшеде түкіргені, қоқыс тастағаны, тіпті, итінің бүлдіріп кеткені үшін арнайы айыппұл салынады. Сингапурде сағыз шайнамақ түгілі оны сақтауға, бір-біріне таратуға болмайды. Ол есірткімен теңестірілген және бұл үшін үлкен айыппұл (1000 АҚШ доллары) салынады. Сондай-ақ, тасталған қоқыс үшін 500-ден 1000 долларға дейін, көшеде түкіргені үшін 1000 доллар, жеделсатыда темекі тартқаны үшін 1000 доллар айыппұл қарастырылған. Малайзияда асфальтқа тасталған сағыз үшін 1 ай қоғамдық жұмыс және 500 доллар көлемінде айыппұл салынады. Мұндай салақтық үшін
Ұлыбританияда 90 фунт стерлинг айыппұл белгіленген. Ал, Біріккен Араб Әмірліктерінде көшеде тасталған сағыз үшін кінәлі адам 137 долларға, ал темекі тұқылы үшін 55 долларға айыпталады.
Біздегі жағдайға келер болсақ, қатты тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігі компоненттерге бөлместен, яғни сұрыпталмастан ашық қоқыстарға, қалалық көму полигондарына шығарылады және қоймаланады. Шындап келгенде, олардың 97%-ы ҚР табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сәйкес емес. Көптеген қалада орналастыру мен жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерін бағалаусыз жүзеге асырылды. Ел бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың 5%-ы ғана кәдеге жаратылады.
Осы ретте қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтарды кәдеге жарату зауыты мұнай шламдарын кешенді өңдеу технологиясымен қамтамасыз етілетінін және оның оның қоршаған ортаның ластануына жол бермейтіндігін атап кеткен дұрыс. Мұндай зауыттар құрылыс саласының даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, ірі тонналы қалдықтардан өнім алу технологиясын пайдалану мүмкіндігін береді. Кей дерекке сүйенсек, қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарының химиялық қосылысының бір тоннасынан 20 м3 , тіпті одан да көп метан, пропан секілді әртүрлі газ алуға болатыны расталған.
Қорытынды
Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы қарқынды қадамдармен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз.
Қорытындылай келе, өзіміз әр өнімді пайдаланған соң, оның қалдығына немқұрайлы қарамау керектігін түсінуіміз керек. Сұрыпталған қоқыстың артында экономикалық өсім жатқанын және оның қоғамға келтірер пайдасының мол екенін әркім білуі тиіс. Ал шашылған қалдықтың қоршаған ортаға келтірер зияны – дүниежүзілік дертке айналған экологиялық апаттың алғашқы белгілері. Сол себепті, сұрыптау мәселесіне келгенде көзқарасымызды сана биігінде тоғыстыра алсақ игі...
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. Егеменді Қазақстан, 1997.
2. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.
3. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996ж.
4. Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. Алматы, 1978.-55б.
5. Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.
6. Экологиялық білім берудің педогогикалық негізі. Қазақстан мектебі, 1996.-127б. Нұғыманов И, Орынбеков С.
7. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы, 1999ж.
8. Мамыров Н. Табиғатты пайдалану экономикасы.А: 2003ж.
9. www.google.kz сайттары(stud24.rustrategy2050.kz, utilizacia.top,diapason.kz ).
23