Қоқыс өңдейтін құрылғы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоқыс өңдейтін құрылғы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің облыста тұрмыстық қоқыс мәселесі ең өзекті мәселе болып табылады. Халықтың санитарлық-гигиеналық ережелерге сәйкестігін, неғұрлым мұқият және үнемді қарым-қатынас жасау қажеттілігін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды түсіну маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қоқыс өңдейтін құрылғы

Қазақстанның табиғаты керемет бай, жерінің байлығы әр қилы, бірақ сол байлықтың ішінен менің жаныма жақын жер бар. Ол менің туып өскен жерім Маңғыстау облысы, Мұнайлы елді мекенім. Қазір жаңа заманның азаматы өзінің туған жеріне, өзін қоршаған табиғатына, тұрып жатқан жеріне,көшелерге, өз үйінің ауласына қалдықтарды тастайды. Осындай қалдықтар күннен күнге жалғасын табуда.

Осыған байланысты жобамның тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған, ол тек қана үлкен елді мекендерге арналған маңызды, өзекті тақырып емес, сонымен қатар кішігірім біздің елді-мекенімізге де маңызды ой қозғарлықтай мәселе.

Менің қоқыс өңдейтін құрылғым экологияға да, жалпы адам тіршілігіне пайдасы өте зор деп ойлаймын. Құрылғыны ауылдық жерлерге, аулаға жол жанына, адамдар көп шоғырланатын жерлерге орнатса болады.

Құрылғыға қоқыстың әр түрін жеке салу қажет, өйткені қоқыс түрі көп: пластик, қағаз, резеңке, тамақ қалдықтары т.б. Құрылғыда күннен заряд алатын батареясы болады. Ол қоқыс нығыздалынатын кіші контейнердің қаңқасында орналасады.

Құрылғының жұмыс жасауы: қоқыс салғышқа қоқыс салынғанда ол нығыздаушы контейнерге түседі, дәл сол жерде сақталып, толғаннан кейін ғана оны нығыздайды. Нығыздалған қоқыстар тасымалдау жылжымалы конвейіріне түседі, одан кіші контейнерге түседі. Ол жерге келген қоқыс айына жиналып алынып тұрады. Жиналған қоқыс қоқыс өңдеу орындарына жеткізіліп отырады, өңдеу орындарынан кейін қоқысқа екінші өмір беріледі, өңделіп басқа затқа айналады.

Бұл қоқыс өңдеуші құрылғының мақсаты: Жалпы шығын шығармау, қаржы және жер ресурстарын үнемдеу, қоқыс полигондарын азайту, бизнеске жол ашу, қоқыс полигондарын босатып, басқа мақсатта пайдалану, табиғатты тазарту, экологиялық жағдайды реттеу.


қоқыс жәшігі,қоқыст темір қорабы, эн. көзі күн көзінен энергия жинайтын батареялар, нығыздағыш

Қорытынды

Біздің облыста тұрмыстық қоқыс мәселесі ең өзекті мәселе болып табылады. Халықтың санитарлық-гигиеналық ережелерге сәйкестігін, неғұрлым мұқият және үнемді қарым-қатынас жасау қажеттілігін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды түсіну маңызды.

ҰСЫНЫСЫМ:

1. Арнайы жабдықталған қоқыс үйінділерін уақытында алып тастау;

2. Қоқысты жағуға тыйым салу;

3. Аулалық сенбіліктерді өткізу;

4. Аулалардың аумақтарынан немесе арнайы жабдықталған аудандардан қоқысты үнемі алып тастау;

5. Қоқыс контейнерлерін көбейту;

6. Жастарды көше, аула, қала, теңіз жағалауында қоқысты тастамауға және тастауға жол бермеуге, таза ұстауға ат салысуға шақырамын!!!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2021
584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі